400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Ой мен Ойын танымды сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ой мен ойын» танымдық сайысы Сайыстың мақсаты: Білім алушылардың барлық пәндерден білім, білік дағдыларын қайталай отырып тиянақтау, қалыптау деңгейін анықтау. Олардың білімге деген құштарлығын бақылау, білімдерін одан әрі шыңдай түсу. Ойын сабақтағы әрбір бөлім бойынша жүйелі түрде сөйлеуге, оқуға, білім алуға деген қызығушылығын оята отырып, ой-өрісін дамыту. Өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру. Ойлау қабілетін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Студенттердің өз ойларын еркін тілмен жеткізіп, белгілі бір кейіпке енуін қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ой мен ойын» танымдық сайысы

Сайыстың мақсаты: Білім алушылардың барлық пәндерден білім, білік дағдыларын қайталай отырып тиянақтау, қалыптау деңгейін анықтау. Олардың білімге деген құштарлығын бақылау, білімдерін одан әрі шыңдай түсу. Ойын сабақтағы әрбір бөлім бойынша жүйелі түрде сөйлеуге, оқуға, білім алуға деген қызығушылығын оята отырып, ой-өрісін дамыту. Өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру. Ойлау қабілетін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың өз ойларын еркін тілмен жеткізіп, белгілі бір кейіпке енуін қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту.

Сайыстың көрнекілігі: суреттер, портреттер, т.б.

Сайыстың жүрісі:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1 Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, білім алушылар және қадірменді қонақтар!

2 Жүргізуші:Бүгінгі-білім алушылар арасында өткелі отырған  «Ой мен ойын» танымдық сайысына қош келдіңіздер!

1 Жүргізуші: Сайыстың шарттарымен таныс болайық. Сайысымыз  4 айналымнан тұрады.

1-кезең: «Көп сөйлеме». Топ басшылары белгілі бір тақырыпқа берілген сөздерді 30 сек ішінде бейнелейді.      Ұпай саны: 10

2-кезең: «Суреттер сөйлейді». Бұл кезеңде сайыскерлерімізге мақалдар жасырылады. Ойыншылар кезекпен – кезек мақалды суреттеп қалған қатысушылар мақалды табады.

Ұпай саны: 20

3-кезең: :  «Хронология». Сурет пен санның сәйкестігін табу. Екі магнитті тақтаға  бір жағына сурет,екіншісіне сандар соларды сәйкестендіру керек. 30 секунд беріледі. Ұпай саны: 20

4 кезең. «Бәрін білемін». Берілген уақыт ішінде топтың бір мүшесі жасырылған тұлға туралы білетін ақпаратын айтады. Қалған қатысушылар тапқан бойда келесі ойыншы шығады. Ұпай саны: 50

2 Жүргізуші:

Бүгінгі ұйымдастырылып отырылған «Ой мен ойын » атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысымызға қатысатын білім алушыларымызбен таныс болайық.

Эмблема, бірдей киініп келу, ат қою, ұран қою, топ басшысын сайлау

I топ II топ

1. 1.

2. 2.

3. 3.

4. 4.

Топ басшысы кім және топтың аты қалай?

1 Жүргізуші:

Ойнымызды бастайық.

1 – кезеңі «Көп сөйлеме». Бұл кезеңде команда басшылары жарысады, тақырыбында берілген сөздерді 30 сек ішінде бейнелеу керек.      Ұпай саны 10

2 Жүргізуші: Оқу тақырыбы: 1топқа парта, қалам, журнал, студент, бор, кітап,

2 топқа: сөмке, ноутбук, оқытушы, тақта, кабинет, дәптер

1 Жүргізуші: Эмоциялар тақырыбы: 1топ: қуану, ренжу, ұрысу, қобалжу, қорқыныш

2 топ: ұялу, ғашықтық, өзінше, таң қалу, қиялдау

1кезеңнен қанша ұпай жинағанын білсек 1 топ................. 2 топ...............

2 Жүргізуші: 2-кезең: «Суреттер сөйлейді». Бұл кезеңде сайыскерлерімізге мақалдар жасырылады. Әр топтың ойыншылар кезекпен – кезек мақалды суреттеп қалған қатысушылар мақалды табады.   Ұпай саны 20

1 топ

1.Екі қошқардың басы
Бір қазанға сыймас.

2.Ақсақ қой түстен кейін маңырайды

3. Аққуды атпа, досыңды сатпа.

4. Қарға қарғаның көзін шұқымас.

5. «Семіздікті қой ғана көтереді».

1 Жүргізуші: 2 топ

1. «Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарар»

2.«Құтты қонақ келсе, қой егіз табар»

3.«Қызым саған айтам, келінім сен тыңда»,

4. «Ит жоқта, шошқа үреді»

5.   Боранды күні ит пен бала құтырады.

2 кезеңде қанша ұпай жинады екен, білсек........................................


2 Жүргізуші:

3-кезең:  «Хронология». Сурет пен санның сәйкестігін табу. Суретпен сандарды магнит арқылы сәйкестендір.  Ұпай саны- 20

1 топ:

1.Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қай жылы тойланды?   (2016 жыл)
2.Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі қай жылы болды?    (2017 жыл)
3.Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі қай жылы құрылды (1959 жыл)
4. Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжінде кәзіргі уақытта қанша студент бар (145)
5. М.Мақатаев туған жыл (1931 жыл)

1 Жүргізуші:

2 топ:
1. Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды (1991 жыл)
2. Қазақстан қанша облыстық аймаққа бөлінеді (14)
3. Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжінде кәзіргі уақытта қанша мамандық оқытылады (5)
4. Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжінде қанша оқытушы бар (31)

5. Абай Құнанбаевтың туған жылы (1845 жыл)

2 Жүргізуші:

Бұл кезеңде сайыскерлеріміз қанша ұпай жинады екен..................................


1 Жүргізуші:

4 кезең. «Бәрін білемін». Берілген уақыт ішінде топтың бір мүшесі жасырылған тұлға туралы білетін ақпаратын айтады. Қалған қатысушылар тапқан бойда келесі ойыншы шығады.

2 Жүргізуші: 1 Жүргізуші:

1 топ: 2 топ:

Оразхан апай Досбол ағай

Ермек ағай Нұрсұлтан ағай

Ернар ағай Дәурен ағай

Толғанай апай Гүлнар апай

2 Жүргізуші:

Соңғы кезеңде қатысушылар қанша ұпай жинады......................


1 Жүргізуші:

Жер бетінде адам өмір өткізер

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер

Бар ізгілік тек білімнен алынар

Білімменен болашаққа жол салынар – дегендей білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік деп сайысымызды аяқтаймыз.

2 Жүргізуші: Барлық ұпай сандарын есептеп шығарсақ:

1 топ..........................

2

1991

2017

1997

топ.........................
















«Ой мен ойын»

( танымдық сайыс)




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
24.02.2022
881
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі