400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"ОЙЛА IQ" ойын-сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақстатында ұйымдастырылған "ОЙЛА IQ" ойын-сайысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОЙЛА IQ ойын-сайыс

Мақсаты: каникул күндерінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, белсенділікке шақыру. Ұстаз бен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту, достыққа, топпен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Ойын-сайыс 4 кезеңнен құралған Ойынға екі команда жетекшілерімен қатысады.


1. "Ойланайық"

1. Аргентинада ең алғаш пайда болған бұл биді алғашқыда тек ер адамдар билеген. Ал қазір ер мен әйел жұппен билейтін әдемі би түріне айналды. Бұл қандай би? (Танго)

2. "Екі ішектің бірін қатты,бірін сәл-сәл кем бұра.Нағыз қазақ қазақ емес,Нағыз қазақ -домбыра " деген өлең жолдарының авторы кім? (Қадыр Мырзали)

3. Абай атамыз атап өткен 5 дұшпанды атаңыз. (өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,бекер мал шашпақ)

4. Санның бөлігі (пайыз)

5. Тапа-тал түс деп қай уақытты айтады? (12.00)

а) 12.00 ә)13.00 б) 15.00 в) 14.00

6. Оңтүстік Франция диалектісінен қазақ тіліне аударғанда "иә" деген мағына беретін нота бар.Ол қай нота? (си)

а) си ә)до б) фа в) ля

7. Ұшақтағы қара жәшіктің түсі қандай? (қызғылт сары)

а) қызғылт сары ә)қара б) ақ в) көкшіл

8. 2010 жылы бір мезгілде 10450 күйші "Кеңес" күйін орындап Гиннестің рекордтар кітабына енген. Бұл қай елде орындалды? (Қытай)

а) Түркия ә)Қазақстан б) Австрия в) Қытай

2. "Бейне сұрақ"

Екі топқа ортақ сұрақ қойылады.

3. "Киелі сандар" 3,7,9,40 киелі сандары туралы тапсырма

Үш қуатты ата. (ақыл қуат,жүрек қуат,тіл қуат)

Үш байлықты ата (денсаулық,ақ жаулық,он саулық)

Үш жұрт (өз жұрты,қайын жұрты,нағашы жұрты)

Үш арсыз (күлкі,ұйқы,тамақ)

Жеті қазынаны ата (ер жігіт,сұлу әйел,ақыл-білім,жүйрік ат,қыран бүркіт,берен мылтық,құмай тазы )

Жеті күн (дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі)

4. "Мақалды тап"

суреттер арқылы мақалдарды табу.

Қорытынды. Жеңімпаз команданы анықтау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
31.03.2025
93
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі