«Ойлан тап»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ойлан тап»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық іс-әрекет барысында балалар ойлана отырып, қызықты ойындар ойнап, ырғақтық сезімдерін, музыкалық есту қабілеттерін жетілдірді.«Бұл үйдегілер не істеуде?»,«Әуенді жалғастыр», «Қайтала»,«Құстар оркестрі»ойындары балалардың музыкаға деген қызығушылығын арттыра білді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған іс-әрекет түрі: Музыка

Тақырыбы: «Ойлан, тап!»

Міндеттері:

Музыка тыңдау: Музыкалық шығармалардың жанрларын ажыратуға (ән, күй, марш, би) үйрету.

Ән айту: Ән айтар алдында, музыкалық фразалар арасында тыныс алу, әннің сөздерін анық айту, орташа, қатты және ақырын дауыспен ән айтуға қалыптастыру.

Би шығармашылығы: музыкалық фразаларға сәйкес өзгерте отырып, әртүрлі бағытта жүгіруді және секіруді меңгеру.

Балалардың музыкалық аспаптарында ойнау.

Кіріктірілген іс-әрекеттер: физикалық,математика негіздері,сенсорика, сөйлеуді дамыту, хореография.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелеу,сұрақ-жауап, ойын,АКТ. ТРИЗ.

Іс-әрекет барысы:

Бастапқы жүріс.

Балалар көңілді әуенмен залға ырғақты жол арқылы секіріп кіреді.

Әндете сәлемдеседі. «Кел,балалар, ойнайық» Ә.Еспаев әнімен сәлемдесіп, ойынды бастайды.

Жетекші:

-Сәлемет пе,балалар!

Балалар:

-Сәлеметсіз бе,апай!

Жетекші:

Енді, бері қарайық,

Ойынға ден қояйық!

Кел,балалар ойнайық!

Ойнайық та,ойлайық!

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық!

-Қанекей, бәріміз отырайық!Алдарыңда тұрған заттарға зер салып көріңдерші!

Пластикалық труба, целофан қалта және жаңғақ.Бұл заттар не үшін тұрғанын ойын барысында білетін боламыз.Алдымен менің жұмбағымды шешіп көріңдерші!

Бір нәрсе өзі берік,іші қуыс,

Тұрады екен ол жерде барлық туыс.

Бәріміз де ол жерді паналаймыз,

Одан жылы ұяны таба алмаймыз!

Шешімі: үй.

Жетекші:

-Балалар,сендер қызықты ертегі,әңгіме тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?

Балалар:

-Әрине!

Жетекші:

-Олай болса,бүгінгі әңгімеміз «Жұмбақ үй» жайлы болмақ.

Үлкен екі қабатты зәулім үйде бірнеше отбасы өмір сүріпті..Ол үйдің тұрғындары бір-бірімен қатыспайды екен.Әрқайсысы өз бетінше ойын-сауық құрыпты. Терезелерінен неше түрлі әуендер шығып жатады екен.Бірақ ол үйдегілердің немен айналысып жатқаны бәріне беймәлім екен.

-Ал біз жәй қарап отырмай,ойланып, «Үйдегілер не істеуде?» ойыны арқылы барлық жұмбақ сырды біліп алатын боламыз.Алдымен әрбір терезеден естілген әуендерді тыңдап, ол үйдегілер не істуде,соны білеміз.Ол үйде қанша отбасы тұратынын білетін боламыз.Қанекей, ойынымызды бастайық!

Ойын: «Үйдегілер не істеуде?»

Ойын шарты бойынша, суреттегі әр терезеден естілген әуенді тыңдап, музыкалық шығармалардың жанрларын ажыратып, алдарына қойылған заттардың біреуін таңдап алып, әуеннің ырғағын соғып көрсетеді.

Бірінші қабаттағы оң жақ терезеден марш екпінді әуен ойналады.Балалар алдарыа қойылған заттардың ішінен өздері таңдап,қай затпен ырғақты соғуға болатынын айтады.

Мысалы марш екпінді әуенді пластикалық трубамен,вальс екпінді әуенді целофан қалтамен, домбырамен ойналған күйді жаңғақтар арқылы соғып көрсетеді.Әрі би қимылдарын да бірге көрсетеді.

Музыка тыңдау: 1.«Марш» Е.Тиличеева

2. «Мексикалық вальс» Чиапанекас

3. «Баламишка» Н.Тілендиев

Жетекші:

-Балалар, төртінші терезеден әуен әлі естілмей жатыр, Оны тыңдауымыз үшін алдымен, орындықтарға барып, өзіміз ән айтып алайық.Бәлкім сол кезде төртінші терезедегі әуен естіліп қалар?!

Балалар орындарынан тұрып,үстелдерге барып отырады,ережелерді сақтай отырып,дауыс жаттығуын жасайды.

Дауыс жаттығуы: «Күй сандық»

Өткен әнді қайталау: «Біздің ауыл» И.Нүсіпбаев

Жетекші:

-Төртінші терезенің ашылатын сәті туған сияқты.Мына жұмбақ сол терезенің ашылуына көмегін тигізетін шығар?!

Бұралып қос құлағы,

Күмбір қағып тұрады.

Балалар жауабы.

Жетекші:

-Әрине, бұл домбыра!

Терезе ашылғанда жаңа ән тыңдалады.

Жаңа ән: «Домбыра» Талғат Нағашыбаев.Видео көрсетілім арқылы балалар жаңа әнмен танысады.

Жетекші:

-Балалар,ән не туралы екен?Домбыра туралы не білесіңдер?

Балалардың жауабы.

Жергілікті композитор Талғат Нағашыбаев туралы қысқаша мәлімет береді.

Жетекші:

-Балалар, жаңа әнді «Қайтала», «Әуенді жалғастыр» арқылы

тез үйреніп аламыз.

Жетекші:

-Жарайсыңдар,балалар!Сендер әнді жақсы айттыңдар.Сонымен бұл үйде неше пәтер және қанша отбасы бар екен?

Балалардың жауабы.

Жетекші:

-Бұл үйдегі тағы бір тұрғындар қалып қойыпты.Олар қай жерде тұрады деп ойлайсыңдар? Қане ойланып көрейікші?

Балалар:

-Үйдің шатырында.

Құстардың дауысы естіледі. Жетекші мен балалар ойын алаңына барып, ортасында тұрған қорапшадан «Ысқырық құстарды» алады.

Жетекші:

-Жарайсыңдар! Бұлар кішкентай құстар екен.Бәріміз бірге көңілді әуенмен «Құстар оркестрін» құрып,ойнап көрейікші.

Аспапта ойнау:«Құстар оркестрі» ( «Барыня» орыс халық әуені.)

Балалар әуенді тыңдай отырып, қолындағы «құспен» ысқырып әуенге ілесе ойнайды және би билейді.

Жетекші:

-Тамаша,балалар!Құстармен құрған оркестр сендерге ұнады ма? Олай болса, қорапшаға қайта салып қояйық.Келесі ойын іс-әрекетінде де ойнайтын боламыз.

-Балалар,бүгінгі ойын іс-әрекетіндегі сендерге қандай ойындар ұнады? «Жұмбақ үй» туралы әңгіме немен аяқталады деп ойлайсыңдар?

Балалардың жауабы.Балалар өз ойларын ортаға салады.Өздеріне ұнаған ойындарын айтады.

Жетекші:

- Сендер ұшқыр ойлы тапқыр,өнерлі балалар екенсіңдер! Ойынға жақсы белсене қатысқандарың үшін мына сыйлықты табыстаймын!

Балаларды мадақтау.Әндете қоштасады. Көңілді әуенмен балалар залдан шығып кетеді.























«Бекітемін» _______________

«Бегім ана» бөбекжай -бақшасының

меңгеруші міндетін уақытша

атқарушы Мамыраева Б











«Ойлан,тап!»

Ұйымдастырылған іс-әрекет түрі: музыка

Тобы: «Айгөлек» ма

Музыка жетекшісі: Есимова М.





























Қызылорда 2023 ж.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2024
119
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі