400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ойна да ойла!» атты ойы - сауық кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетешісіне тәрбиелік шара өткізу мақсатында үлгі ретінде қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

«М.ТынышПаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі» ЖШС



















«БЕКІТЕМІН»

Оқу ісі бойынша

директор орынбасары

__________________Жамурова А. Н.

«_____ » _________________2018 ж.





«Құрылыс және автоматтандыру» бөлімшесінің

«Рухани жаңғыру - жарқын жол, ел болашағының негізі»

атты апталығы

«Ойна да ойла!» атты ойы - сауық шарасы





Өткізген: информатика пәнінің

оқытушысы Алиева Г. Г.














Ақтау – 2018

Өткізілетін орны: Ақтау көлік колледжі, 107 аудитория

Қатысушылар:АТС-9/17-01 және СЖД -9/16-01 тобының студенттері

Уақыты:10.00, 18.05.2018ж.

Мақсаты:

Колледж студенттеріактерлік шеберліктерін пайдаланып, әрі шығармашылық пен біліктіліктерін ұштастырып,ойын барысында аса құлшыныспен жеңіске жетудің жолдарын көрсетеді.
Басты мақсат - ойнай отырып, ойлау.

Көрнекілігі:Microsoft Power Point бағдарламасында дайындалған ойын жоспары - көрме, бағалау бетшелері, музыка, шарларкөз маскалары, құлаққаптар, карточкалар.


Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка пәні.



Әділ - қазылар құрамы:

1. Ақтау көлік колледжінік тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Кезбаева Роза Тәжіғұловна;

2.Ақтау көлік колледжінік оқу ісі жөніндегі директор орынбасары Жамурова Алтыншаш Нуридиновна;

3. «Құрылыс және автоматтандыру» бөлімшесінің меңгерушісі Досжанова Анар Асқаровна;


Ойын жоспарымен шарттары:


1 тур«Көп сөйлеме»- Команданың әр ойыншысына 30 секунд уакыт беріледі.Сол уақыт ішінде ойыншы өз командаластарына берілген сөздер бойынша мүмкіндігінше көп сөз көрсетуі керек. Әр дұрыс табылған сөз 1 ұпаймен бағаланады;


2тур «Сөзжұмбақ»- Команда ойыншыларынының көздеріне арнайы маска тағылады. Қолдарына бір- бір әріптен ұстатып, жалпы алғанда 4 жұмбақ жасырамыз. Ойыншылардың мақсаты - 1 минут ішінде қолдағы әріптен 1 сөз құрастыру арқылы жұмбақты шешу;


3 тур«Суреттер сөйлейді»–әрбір команда ойыншысы кезекпен өз командаластарына жасырылған бегілі мақалдарды сурет салу арқылы түсіндіреді. Әр ойыншыға – 30 секунд беріледі;


4 тур «Чаплин»-Бұл сайыс барлық командамүшелеріне ортақ. Актерлер кино жасырады. 1 минут ішінде әрбір топ 5 кино атауларын табуы керек. Әрбір табылған киноға 1 ұпайдан беріледі;


5 тур«Әнді көрсет»- Топтың бір мүшесі әнді құлаққаппен ән тыңдап, оны команда мүшелеріне іс – қимылмен көрсетеді. Ал, қоманда мүшелері жасырылған ән мен оның орындаушысын табуы қажет. Егер әнді табу қиын болса, келесі әнге көшуге болады. 1 әнді көрсетуге 1 минут уақыт беріледі. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.









ОЙЫННЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ:


1 тур «Көп сөйлеме»


Екі жүргізуші бірге:Қайырлы күн, құрметті көрермендер! Қош келдіңіздер!


Альбина:Мұхтар Әуезов өзінің «Абай жолы» романында 16693 сөз қолданыпты. Оның 8698 –і бір-екі рет қолданылып, қайталанады.


Өтеміс:Альбина, ол туралы ойлап керек емес сияқты, себебі бүгінгі біздің «Ойна да ойла!» атты сайысымыздың 1 - турында көп сөз қолданбаймыз,яғни көп сөйлемейміз.


Альбина:Дұрыс айтасың, ендеше, ойынға қатысушы командаларға сәттілік!

Шақырамыз келіңдер жарысуға,

Күш- өнер, Білімменен алысуға

Бар өнерді салайық, ортамызға

Ал қанеки, кім шығады сайысуға?–деп келген команда мүшелерімен таныстырып өтейік.


  1. команда АТС-9/17-01 тобының мүшелері:

Қалекеев Мұхтар, Аманжан Аян, Нұран Жалғас, Бақтығалиев Елдос.


2– командаСЖД -9/17-01 тобымүшелері: Айдарханов Ернар, Тохтасинов Әмірбек, Көшен Арслан, Айдарбаев Рахман.


Өтеміс:Сіздерге осы ойында әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.


Әділқазы мүшелері:

1. Ақтау көлік колледжінік тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Кезбаева Роза Тәжіғұловна;

2.Ақтау көлік колледжінік оқу ісі жөніндегі директор орынбасары Жамурова Алтыншаш Нуридиновна;

3. «Құрылыс және автоматтандыру» бөлімшесінің меңгерушісі Досжанова Анар Асқаровна;


Альбина:Ендеше, ойынымыздың алғашқы сайысы «Көп сөйлеме». Ойын шарты:

әр ойыншыға 30 секунд уакыт беріледі.Сол уақыт ішінде ойыншы өз командаластарына берілген сөздер бойынша мүмкіндігінше көп сөз көрсету керек. Әр дұрыс сөз 1 ұпаймен бағаланады.


Әр бөлімнен кейін әділ - қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының  қорытындысын айтып отырады.

1 команда

2 команда

  1. Чемпион

  1. Айран

  1. Бәйтерек

  1. Президент

  1. Астана

  1. Дизайн

  1. Әшекей

  1. Шөп

  1. Ғарышкер

  1. Шоу

  1. Энергия

  1. Хан – Шахар

  1. Теңіз

  1. Шелпек

  1. Арыстан

  1. Қорап

  1. Дауыл

  1. Мылтық

  1. Камера

  1. Көрермен

  1. Директор

  1. Жара

  1. Такси

  1. Аққу

  1. Төлқұжат

  1. Өнер

  1. Кошелек

  1. Экран

  1. Бауырсақ

  1. Қойылым

  1. Көйлек

  1. Мұражай

  1. Сәукеле

  1. Дирижер

  1. Поезд

  1. Почта

  1. Шәкірт

  1. Сарқыт

  1. Орамал

  1. Көңіл

  1. Бай

  1. Әнұран

  1. Алтын адам

  1. Мең

  1. Алма

  1. Ринг

  1. Дәрумен

  1. Салмақ

  1. Ту

  1. Саты


Әділқазылар, «Көп сөйлеме» турындағы әр команданың бағасын берсеңіздер.


2 тур «Сөзжұмбақ»


Өтеміс:2 тур«Сөзжұмбақ» деп аталады

Мықты болсаң- алдағыны басып оз,

Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе,

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт –деп келесі турды бастайық.


Ойын шарты: Команда ойыншыларының көздеріне арнайы маска тағылады. Қолдарына бір - бір әріптен ұстатып, жалпы алғанда 4 жұмбақ жасырамыз. Ойыншылардың мақсаты - 1 минут ішінде қолдағы әріптен 1 сөз құрастыру арқылы жұмбақты шешу;


1 команда

  1. тапсырма Жылу сақтау үшін киілетін сырт киім – Ішік

  2. тапсырма Түркі тайпаларының белгісі – бөрі

  3. тапсырма5 жылда бір өткізілетін және 6 айға созылатын шара – EXPO

  4. тапсырма Озат оқушының баст проблемасы –баға


  1. команда

  1. тапсырма EXPO – 2017 көрмесінің 3 талисманыны және оның атын табыңыз – Қуат

  2. тапсырма От басындағы әйелдің орны – ошақ

  3. тапсырма Сут өнімдерін өңдеуге арналған құрал - күбі

  4. тапсырма Мақалға сенсек, ол шәйтанда жоқ - үміт


Әділқазылар, «Сөзжұмбақ» турындағы әр команданың бағасын берсеңіздер.


3 тур «Суреттер сөйлейді»

Альбина:Өтеміс, сурет салуды білесіңбе?

Өтеміс: ия

Альбина:ол жақсы қасиет.Себебі суретті жақсы салатын адамдардың шығармашылық қасиеті өте жоғары.

Өтеміс: онда қонақтарды сынайтын болдыққой. Келесі сайыс «Суреттер сөйлейді».


«Суреттер сөйлейді»– әрбір команда ойыншысы кезекпен өз командаластарына жасырылған бегілі мақалдарды сурет салу арқылы түсіндіреді. Әр ойыншыға – 30 секунд беріледі;


1 команда

  1. Оқу – инемен құдық қазғандай

  2. Қалауын тапса, қар жанар

  3. Шешсіне қарап қызын ал

  4. Нан бар жерде ән бар


2 команда

  1. Ел құлағы – елу

  2. Денсаулық – зор байлық

  3. Сабыр түбі – сары алтын

  4. Еңбек ерсең ерінбей- тояды қарның тіленбей


Әділқазылар, «Суреттер сөйлейді» турындағы әр команданың бағасын берсеңіздер.

Ендісайысымыздыәріқарайжалғастырамыз.



4 тур «Чаплин»

Өтеміс:4 тур «Чаплин» - Бұл сайыс барлық командамүшелеріне ортақ. Актерлер кино жасырады. 1 минут ішінде әрбір топ 5 кино атауларын табуы керек. Әрбір табылған киноға 1 ұпайдан беріледі.


АТС-9/17-01

  1. Әміре – Досқан

  2. Тақиялы періште – Досқан

  3. Гарри Поттер – Абдурахим

  4. Агент 007 – Абдурахим

  5. Супермен – Абдурахим


СЖД -9/17-01

  1. Бэтмен – Досқан

  2. Матрица – Абдурахим

  3. Жаужүрек мың бала – С

  4. Рембо – С

  5. Человек- паук – С


Әділқазылар, 4 турдың бағасын берсеңіздер.


5 тур «Әнді көрсет»

Альбина: 5 тур «Әнді көрсет».

Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,- деп бүгінгі ұрпаққа айтқан Абайдың бұл өсиеті мәңгілікке айналды. Халқымыз өнерге бай. Кез-келген қыз-жігіттерімізді әнші, күйші деп айтсақ артық етпес. Ендеше әнге кімнің икемі бар,сынап көрелік. Келесі айдарымыз «Әнді көрсет».


Топтың бір мүшесі әнді құлаққаппен ән тыңдап, оны команда мүшелеріне іс – қимылмен көрсетеді. Ал, қоманда мүшелері жасырылған ән мен оның орындаушысын табуы қажет. Егер әнді табу қиын болса, келесі әнге көшуге болады. 1 әнді көрсетуге 1 минут уақыт беріледі. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Ойынды алдыңғы сайыста аз ұпай жинаған топ бастайды.


1 команда

  1. Серік Ибрагимов – Жаяу

  2. Ерке Есмахан – Қайда

  3. Айқын төлепберген – Жалаң аяқ


2 команда

  1. Бейбіт Кушкалиев – Аяқты қимылдат

  2. 91- Неге бәрі мұз

  3. Нұрболат Абдуллин – Сен қорқақсың


Әділқазылар, әр командаға бағасын берсеңіздер.



СЕРГІТУ СӘТІ


«Қалауын тапса, қар жанар дегендей» көрермендердің де көңілін аулап қояйық. АТС -9/17-01 тобының студенті Байғанаев Досқан мен ОПЖД -9/17 -01 тобының студенті Сырым Дулаттың орындауында Дезпозито әуенін қабыл алыңыздар.



Жүргізуші Өтеміс:

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену  жалықпау.

Шеберлік пен білімді,

Сарапқа сап көріңіз.

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңіз.


Әділқазылар, әр командаға бағасын берсеңіздер.


«Ойна да ойла!» атты ойы - сауық кешін жабық деп жарялаймыз. Қатысқандарыңыз үшін көп – көп рахмет!










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
391
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі