«Ойна да ойла» драмалық ойындарға негізделген тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ойна да ойла» драмалық ойындарға негізделген тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ойна да ойла» драмалық ойындарға негізделген тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Ойна да ойла» драмалық ойындарға негізделген

тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал















Автор: Жамалова Айнаш Таупиковна




Бұл құрал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілерге арналған дістемелік құралдарының бірі. Мұнда қолда бар материалдардан драмалық ойындарға арналған қажетті құралдарды қалай жасау қажеттігі айтылған.























КІРІСПЕ


Өз қолдарыңызбен жасалған бұйымдардың құндылығы


Бұл құрал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілерге арналған «Step by Step» бағдарламасының әдістемелік құралдарының бірі. Мұнда қолда бар материалдардан математика және дүниетану сабақтарына қажетті құралдарды қалай жасау қажеттігі айтылған. Барлық берілген сабақтар мен материалдар «Step by Step» бағдарламасының: оқытуды жекешелендіру, балаларға таңдау еркіндігін беру және баланы оқыту мен тәрбиелеу ісіне ата-аналарды тарту сияқты негізгі талаптарына сай келеді.

Бұл бағдарлама енгізілген елдердің бәрінде бірдей топтарды қажетті дидактикалық және ойын материалдарымен қамтамасыз ете алмау қиындығы осындай құралды құрастыру қажеттігін туғызды. Балабақшалар мен мектептердің барлығының бірдей қымбат материалдар сатып алуға мүмкіндіктері болмайды. Бар материалдардың өзі де балаларға математика мен жаратылыстану ғылымдарынан нақты, шынайы тәжірибе бере алмайды.

Тіпті топта алуан түрлі материал болғанның өзінде, тәрбиешіге өзіндік кәсіби жинағы болғанның артықтығы жоқ. Жақсы оқу материалдары – жемісті оқудың кепілі, сондықтан, материалдардың балалар еркін тәжірибе жасап үйрену үшін жеткілікті болғаны жөн. Тәрбиешінің қолымен жасалған материалдар баланың жеке қызығушылығын оятады және сол даму кезеңіндегі талап-тілегін қанағаттандыра алады.

Тәрбиешінің негізгі жұмысы төмендегідей:

- Тәрбиеші балаларды түрлі материалдармен қамтамасыз етеді және қоршаған ортамен шектеусіз қарым-қатынас жасауға қолайлы жағдай туғызады. Бала өз бетімен бір нәрсе жасағанда ғана жақсы үйренеді. Олар өз бетімен сынап көру, қателесу арқылы әлемнің қалай құрылғанын анықтаулары қажет. Үйренген білім белсенді жаттығулар арқылы жақсы бекітіледі. Мысалы, құрылымның жүйелілігі мен жүйесіздігі жөніндегі түсінікті бала барабанда музыкалық екпінді ұру арқылы: трам-там-там, та-рам-там-там; түрлі-түсті жіптерді түстерін кезектестіріп өре отырып: жіпке көк, сары, көк, сары, көк моншақтарды өткізу арқылы игертуіне болады.

- Тәрбиеші балалардың материалдармен қалай жұмыс істейтінін бақылайды. Мұндай бақылаулар баланың қызығушылығына (машиналар, жануарлар), өзіндік талап-тілек, мұқтаждығына (мысалы, баланың көзі нашар көретін болса, оған көре алмауына байланысты көбірек тактильді түйсікке негізделген жаттығулар), баланың қабылдау стиліне (мысалы, өте қозғалғыш баланы сумен ойнату арқылы тыныштандыруы мүмкін) байланысты қандай тапсырмалар беруге болатынын анықтауға көмектеседі. Осылайша тәрбиешіге қай сабақтар мен қандай орталықтарға балалардың қызығушылықтарының неліктен жоғары немесе төмен екендігін анықтауға мүмкіндік береді.

- Тәрбиешінің аталған уақыттағы баланың даму ерекшелігі туралы білуі тиіс. Ол әр балаға даму кезеңдеріне сәйкес қандай материал қажет екенін анықтайды.

- Тәрбиеші балаларға ашық сұрақтар қою арқылы балалардың зерттеу мен жаңа мәліметтерді игеруіне көмектеседі. Ашық сұрақтарға бірнеше жуық жауаптар берілуі мүмкін. Олар сонымен қатар баланың ойлау жүйесін түсінуге мүмкіндік береді. Сұрақ-жауап ойлауды ғана емес, баланың тілін де дамытады. Егер тәрбиеші топта сұрақты көп қойса, балалар да көп нәрсені сұрай бастайды. Білім алуда жалаң фактілерді жаттағаннан гөрі, ойлауды дамытудың мәні зор.

- Тәрбиеші балаларға өздерінің жұмыстары туралы ойлануға уақыт береді. Бұл берілген ұғымды терең түсінуге жағдай жасайды. Ол сұрақтар мен жауаптарға, өз ойларын білдіруге уақыт қалдырады.

- Тәрбиеші барлық дұрыс, жуық жауаптармен, шығарылған қорытындылар мен тұжырымдарды балалармен бірге талдайды. Көп жағдайда осындай қате жауаптарды талдау дұрыс жауаптарды талдауға қарағанда көбірек пайда әкеледі.

- Балалар сияқты, тәрбиешілер де тәуекелге бара алуы керек. Ол әрнәрсені сынап көріп, ескіні пайдаланудың жаңа жолдарын іздестіруі тиіс. Кейбір сабақтар сәтті, кейбірі-керісінше шығуы мүмкін. Барлық бала бірдей әрбір сабағыңызға ынталы, қызығушылықпен қатысады деп күтпеңіз. Ізденгіш тәрбиеші дер мезгілінде материалды ауыстырады немесе сабақты одан әрі дамытып, сәтті аяқтауға жетелейтін әдіс-тәсілдерді қолданады. Ол балаларға жаңалықты белсенді қабылдауға үйрету үшін жаңа сабақтар ұсынады.

- Тәрбиеші балаларға қате немесе тура емес жауап бергеннен гөрі, өзінің кейбір заттарды білмейтінін мойындағаны жөн. «Білмеймін» деген жауап бере отырып, тәрбиеші балалармен бірлесіп жауап іздеп, шешім қабылдайтын ахуал туғызады. Бұл балаларға әртүрлі басылымдарды пайдалана білуге үйретеді. Соған қоса, балалар үлкендердің де ізденіп оқитынын көреді.

- Тәрбиеші балалармен бірге ойнайды, әңгімелеседі. Ол балалардың білсем деген ынтасын бөлісіп, олар ұйымдастырған заттың бәріне қызығушылық танытады.

- Ең бастысы тәрбиеші өзінің қатысының артықтығын сезіне білуі керек, олар танымдық процесті өз бетімен басқаруы үшін балаларды өз еріктеріне жіберуі қажет.


Оқу материалдары неден жасалады


Топта балалармен өткізілетін әртүрлі сабақтарды ұйымдастыра отырып, тәрбиеші барлық үйде болатын, әдетте тасталатын алуан түрлі материалдарды қолдануы мүмкін. Әрбір тәрбиеші белгілі бір сабақтарға қажетті материалдардан «тілек» тізімін жасап, оны жинауға ата-аналар мен балаларды қатыстыруы керек. Бұл тізімді ата-аналарға арналған хабарландыру тақтасына, тұрақты шығып тұратын бюллетеньге беріңіз немесе жеке жазып қолдарына ұстатыңыз. Материалдар төмендегідей болуы мүмкін:

- табиғи - тастар, тұқымдар, жапырақтар, таяқшалар, қабықтар;

- тұрмыстық – түрлі ыдыстар, пластикалық бөтелкелер, банкалар, тамаққа қосылатын бояулар, ағаш және темір қалдықтар, әжетхана қағазы, газеттер, пенопластар, картон қораптар, бөтелке қақпақтары, шегелер, шуруптар, мата қиықтары, азық-түлік қораптары, қаптайтын материалдар, журналдар, календарлар, үй бұйымдарының сынықтары.

Жұмыстан немесе дүкеннен әкелінген материалдар - еденге төсегіштің қалдықтары, оқшауланған сымдар, ағаш сынықтары, ағаш үгінділері, пайдаланылған принтерге арналған қағаздар, қажетсіз деп тасталған әртүрлі заттар.

Барлық жиналған материалдарды жүйелеп жазып, реттеп, қажет уақытында алуға ыңғайлы жерге сақтау керек.


Аталған құралды қалай пайдалану қажет


Әр бөлімге (1 сабаққа) суреттер берілген. Бөлімнің басында мақсаты - осы сабақтың негізінде педагогикалық тұжырымдама айқындалған. Сосын материалдар тізімі мен сілтемелер, сабақты қалай жүргізу сипаттамасы, сабақты дайындау мен өткізуге ата-аналарды тарту, сол сияқты оқуды бейімдеу мен түрлендіру мүмкіндіктерін ұсынатын нұсқаулар мен толықтырулар берілген.

Сонымен қатар, құралды пайдалануға ыңғайлы болу үшін арнаулы белгілер қай жастағы балаларға арналғанын, сабақ өткізуге ыңғайлы орталықты көрсетеді.

Барлық сабақтар үш жастан алты жасқа дейінгі балаларға арналған. Нақты жасы келесі белгімен көрсетілген.


3 4 5 6


Ал мына белгілер сабақ өткізуге қолайлы орталықты көрсетеді:


Шығармашылық Оқу мен Құм Ашық Табиғаттану жұмыстар сауат ашу және ойын

орталығы орталығы су алаңы


Математика Құрылыс Музыкалық Желілі-рольді

орталығы орталығы сабақтар ойындар

орталығы орталығы


Төменде көрсетілген кесте қай сабақ қандай орталықта болатынын тез бағдарлауға көмектеседі.

Кестеде әр сабақ үшін бірнеше орталық берілген. Кез-келген сабақ дамудың белгілі бір саласымен байланысты: әлеуметтік немесе сезімдік дамуы, шығармашылық қабілеттері, тіл дамыту, табиғаттану, математика, дене шынықтыру, қоғамдық ғылымдар.

Берілген құралдағы сипатталған барлық сабақтарды тәрбиешілер бірнеше рет өткізген, егер сіз бірінші рет өткізіп отырсаңыз, алдын-ала дайындалып алғаныңыз жөн. Балаға бағытталған әдістемені толық меңгеріп, жеткілікті тәжірибе жинақтағаннан кейін, сізге түгел топқа немесе әрбір жеке балаға арналған оқу материалдарын ойластырып, құрастыру жеңіл болады. Бұл құралда берілген материалдар балалар көшіріп алатын үлгі емес. Керісінше, олар баланың елесі мен қиялын ынталандырып, оларды пайдалануда шығармашылықпен жұмыс жасауға жетелеуге арналған.

Барлық ұсынылған сабақтарды тәрбиешілер құрастырған, олар әлемнің көптеген елдерінде тиімді қолданылып жүр. Егер сіз бұл іске шығармашылықпен қарап, өз ойларыңызды басқа әріптестеріңізбен бөліссеңіз, берілген материалдар сіз жинақтайтын қайталанбас жеке жинағыңыздың бастауы болсын.
























        1. ДРАМАЛЫҚ ОЙЫНДАР


Поштаға сапар

4-тен 6-ға дейін


Ата-аналармен бірге:

Балаларды поштаға алып баратыныңыз туралы ата-аналарға хабарлап, хат жазыңыз. Топты бірге алып жүруге бірнеше адамды көмекке шақырыңыз. Ата-аналарға балалары оларға хат жазғаны туралы хабарлаңыз. Жорықтан кейін балалармен бірге почтаға барғаны туралы әңгімелесіңіз, сосын олардың хаттары қашан келетіні туралы міндетті түрде айтыңыз.


Почтаға сапар

4-тен 6-ға дейін


Сабақтың мақсаты:

Драмалық ойындарға ынталандырудың көптеген тәсілдері бар. Жақын маңдағы байланыс бөлімшесіне сапар жасау - баланың қиялы мен ойлауын дамытудың алғашқы қадамы. Балалар математикалық, әлеуметтік, жаратылыстану, тіл дағдыларын жұмыс орнында қалай пайдаланатынын, олар оқып-үйреніп жүргендей үлкендердің де сұрыптау, санау, сандармен жұмыс жасайтынын көреді. Осы сапардың алдында балалар дайындалады, ал жорықтан кейін ұлдар да, қыздар да көргендерін сахналап, танысқан мамандардың рөлдерінде ойнайды.


Қажетті құралдар:

түрлі-түсті борлар, конверттер (әр балаға бір-бірден), әр баланың мекен-жайы, қағаз, орауыш, түймелер фломастерлер немесе маркаларға ақша фотопленкадан босаған пластмасса қораптар(әр балаға).


Дайындық:

1. Жақын маңдағы байланыс бөлімшесінің бастығымен келісіп, балаларға осы сапарды ұйымдастыру керек. Әр бала өзі марка сатып алып, оны конвертке жапсырып, жәшікке өз қолымен салуы керек. Сол сияқты почтаны қалай сұрыптайтынын көрсетіп, оны мекен-жайларына қалай жеткізетінін әңгімелеп түсіндірсін. Баратын күнді белгілеңіздер. Алдағы уақытқа жоспарланған саяхат туралы хабарлап, ата-аналарға хат жазыңыз.

2. Ата-аналарына поштамен жіберу үшін балаларға сурет салдырыңыз.


Сабақтың барысы:

Бұл сабақ почтаға келгенге дейінгі және келгеннен кейінгі екі кезеңнен тұрады. Жақын күндері почтаға баратындары туралы балаларға хабарлаңыз. Балаларды шағын топтарға бөліп, ата-аналарына арналған «хатқа» сурет салдырыңыз немесе егер олар хатты сөзбен жазғысы келсе, тәрбиеші оны баланың айтуымен жазып беруіне болады. Хатты бүктеп конвертке салып, жабуға көмектесіңіз. Тәрбиеші әр конверттің сыртын толтырғанда балалар қарап, мұны қалай жасайтыныңызды бақылып тұрсын.

Келгеннен кейін балалар міндетті түрде «пошта» ойынын ойнайды. Реквизиті туралы алдын-ала қамданыңыз. Өнер орталығынан орауыш, түйме, фотопленкадан босаған қораптар (марка жасау үшін) алыңыз. Балалар марка сатуға және сатып алу үшін артық ақшаны қайтарып үйренуге ойыншық ақша жасасын. Балаларға поштадан көрген мамандардың рөлін бөлісуге көмектесіңіз.


Нұсқаулар мен толықтырулар:

- Өрт сөндіру бөлімшесіне, емханаға немесе құрылыс басына саяхат ұйымдастырыңыз.

- Балаларды үлкен әмбебап дүкенге апарыңыз. Дүкендегі тауарлардың: сүт тағамдары, консервілер, тұрмыстық-шаруашылық заттары бөлімдерге қалай бөлінгеніне балалардың назарын аударыңыз.



Қаңылтыр телефон

4-тен 6-ға дейін


Ата-аналармен бірге

Ата-аналар алдын-ала алюминий немесе қаңылтыр банкаларды жуып, түбіне тесіктер жасап дайындасын. Үнемі жұмыста болып, топқа жиі келе алмайтын ата-аналар үшін бұл топтың оқу-тәрбие ісіне араласуына өте жақсы мүмкіндік. Ал басқа ата-аналар сабаққа келіп, «телефонды» жинауға көмектеседі. Ата-аналар балалар үшін барлық жұмысты жасап бермеу керек, тек қана көмектесуі тиіс.







Қаңылтыр телефон

4-тен 6-ға дейін


Сабақтың мақсаты:

Қаңылтырдан жасалған телефондар шынында да белгілі бір қашықтыққа дыбыс тарата алады. Оның жұмыс істеу принципі бұл жастағы балалардың түсінігіне ауыр, жалпылама болғанымен, ойыншық оларға қызықты тәжірибе, әрі тілдерін дамытуға үлкен әсері бар. Сөйлеу, тыңдау, ойлау - бұл баланың жеке шығармашылық қабілетін дамытады. Телефон бала ойынына күнделікті өмірдің элементтерін енгізеді.


Қажетті құралдар:

алюминий немесе қаңылтыр шеге ұзын жіп немесе банкалар, желімді таспа, қармақ бау.


Дайындық:

1. Банканың үшкір ұштарын желімді таспамен жапсырыңыз.

2. Банканың түбінің дәл ортасынан шегенің көмегімен тесік жасаңыз.

3. Екі банканың түбіндегі тесіктерден ұзын жіпті немесе қармақ бауды өткізіп, ішкі жағынан түйіншектеп байлаңыз.


Сабақтың барысы:

Балалардан: «Адамдар бірін-бірі көрмей қалай сөйлесе алады?», «Сендер телефонмен сөйлесіп көрдіңдер ме?», «Кіммен сөйлестіңдер?» деп сұраңыз. Екі баланы шақырып, оларға қаңылтыр телефонды көрсетіңіз. Екеуі екі ұшынан ұстап, сөйлесіп көрсін. Егер балалар телефон жұмыс істемейді десе, олардан: «Сен банкаға сөйлеп тұрсың ба? Ал сен оны құлағыңа дұрыс қойып ұстап көр. Ол сенің құлағыңның тұсында ма? Мүмкін сендер бір-біріңе жақын тұрып алған шығарсыңдар? Кішкене алысырақ тұрып көріңдерші» деп кеңес беріңіз. Барлық балалар осындай телефон жасасын.


Нұсқаулар мен толықтырулар:

- Балалар телефонмен жұмыс істеуді әбден үйренгеннен кейін, оны оларға ойын үстінде пайдалануды ұсыныңыз. «Телефонды қайда қойсақ екен. Оны орталықтардың арасындағы байланыс үшін пайдалануға бола ма?»

- Телефонды әртүрлі ойындар үшін пайдалануға болады. Мысалы, «табиғатқа серуен» ойынын ойнағанда, телефонмен достарын шақырады (бұл ойын үшін сол сияқты кәрзеңке, ойыншық тамақтар, көрпе т. б. қажет). Телефонды сонымен қатар «құрылыс» ойыны үшін де қолдануға болады.



Дүрбі

4-тен 6-ға дейін


Ата-аналармен бірге: Ата-аналардың есіне! Картон түтікшелер мен қораптарды тастамаңыздар, олар әртүрлі сабақтарға қажет болады. Топқа әкеліп, арнайы қорапқа салыңыздар. Үлкен рахмет!





Дүрбі

4-тен 6-ға дейін


Сабақтың мақсаты:

Бұл сабақ балаларға алыс қашықтықтағы заттарды үлкейтіп әрі жақындатып көрсететін оптикалық құралдардың бар екенін таныстырады. Балалар оны пайдаланылған, қажетсіз деп тасталған заттардан жасайтындықтан ол баланың қиялын дамытады. Сол сияқты бұл олардың ойынын күрделендіріп қызықты жасайды.


Қажетті құралдар:

әжетхана қағазының түрлі-түсті, желім, картон түтікшелері, жұқа қағазы, қағаз тескіш (әр балаға екеуден) жіп (бау)

Дайындық:

1. Екі картон түтікше алыңыз.

2. Оны жұқа қағазбен орап, бір-біріне желімдеп, жапсырыңыз.

3. Жіп (бау) өткізіп, мойынға тағып алу үшін әр түтікшенің жанынан тесік тесіңіз.

4. Балалар не жасайтындарын алдын-ала түсініп, көз алдарына елестету үшін оларға дүрбіні көрсетіңіз.


Сабақтың барысы:

Дүрбімен байланысты сабақ өткізген кезде оларға осы тапсырманы ұсыныңыз (мысалы, «Кемелер» тақырыбы). Егер нағыз дүрбіні таба алсаңыз, әкеліп, балаларға көрсетіңіз. Бұл не, ол не үшін қажет, оны қалай пайдалануға болатыны туралы қысқаша түсіндіріңіз. Төрт адамнан құралған топқа дүрбіні жасауға тапсырма беріңіз. Олар дүрбіні орайтын қағаздың түсін өздері таңдасын. Бауды (жіпті) байлауға көмектесіңіз. Мұндай дүрбілер адамның көз алдындағы алаңды тарылтып көрсетеді де, қарап тұрған нәрсесін даралап, бөліп қарауға мүмкіндік береді.


Нұсқаулар мен толықтырулар:

- Әртүрлі заттарды үлкейткіш әйнекпен қарай алады. Олар қолындағы нәрсенің көлемін лупамен көрінген түрімен оңай салыстыра алады. Балаларға көшедегі, топтағы әртүрлі заттарды лупамен қарап көруге мүмкіндік беріңіз. Бұл: жапырақтар, гүлдер, қар түйіршіктері, қауырсындар, мамықтар болуы мүмкін. Бұл олардың зерттеуге деген қызығушылықтарын оятады.

- Егер микроскоп болса, балалар онымен де қарап көрсін. Дүрбі мен лупаның, микроскоптың арасындағы ұқсастықты табуға көмектесіңіз. Бұлардың бәрі – оптикалық құралдар. Микроскоп - жай көзге көрінбейтін, өте кішкентай нәрселерді үлкейтіп көрсетуге арналған құрал.


Көлеңке театры

4-тен 6-ға дейін


Ата-аналармен бірге:

Ата-аналар, аталар, әжелер, бәрі де балалық шақтарында көлеңке театрын ойнаған шығар. Бұл ойын үлкендерге өздерінің балалық шақтарындағы естеліктерін балаларымен бөлісуге мүмкіндік береді. Ата-аналар бұл мүмкіндікті міндетті түрде пайдаланып қалсын!



Көлеңке театры

4-тен 6-ға дейін


Сабақтың мақсаты:

Балалар өз көлеңкелерімен ойнағанды, көлеңке театрын жүргізгенді, қай көлеңкені қандай зат түсіретінін болжағанды ұнатады. Бұл оларға жарық, көлеңке, қашықтықтың өзара әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көлеңке театры баланың өзіндік шығармашылық мәнерін, ізденісін байқатады.


Қажетті құралдар:

Шым, шырақ немесе ақжайма қол шамы


Дайындық:

1. Көлеңке түсіретін зат көрінбейтіндей етіп, ақжайманы іліңіз.

2. Шам, қол шамын немесе шырақ алыңыз.


Сабақтың барысы:

Көлеңке түсіретін затты табу кішкентай топтың балалары үшін, қызғылықты ойын. Мысалы, ақжайманың сыртынан әр түрлі заттарға – банан, жүзім, алма және тағы басқаларға кезекпен қол шаммен жарық түсіріңіз. Балалалар бұл қай жеміс екенін және оның көлеңкесі ақжаймада қалай бейнеленгенін тауып көрсін.

Келесі ойын желілі-рөлді ойын орталығы үшін. Қол шамының немесе басқа жарықтың сәулесін қабырғаға түсіріңіз. Балалар осы жарыққа саусықтарымен әр түрлі пішіндерді: қоянның құлағы, үйректі, итті немесе құбыжықты, немесе басқа да ғажайып пішіндерді жасай алады. Көлеңке театрында қуыршақтарды пайдалануға болады. Музыка жіберіп қойсаңыз, фигураларды әуеннің ырғағымен қозғалтуға болады. Қуыршақтарды жарыққа бірде жақындатып, бірде алыстата отырып, балалар олардың көлеңкесі қалай өзгеретінін байқайды.

Күн жарқыраған ашық күнде топ болып далада ойнауға шығыңыздар. Балалар әртүрлі қимылдар жасай жүріп, өздерінің көлеңкелері олардың қимылдарын қалай қайталайтынын көреді. Олармен «маймылдар» ойынын ойнауға болады (барлығы бастаушының қимылын қайталайды): «Бәріміз секіреміз! Ал енді қазір секіреміз!».


Нұсқаулар мен толықтырулар:

- Аулада «көлеңкелердің жанасуы» ойынын ойнайсыздар. Топтағы барлық бала бірігіп бір ортақ көлеңке жасауға тырысады. Сосын балалармен «қуыспақ» ойнаңыздар. Бірақ ойынның шарты бойынша ойыншыны емес, оның көлеңкесін «ұстау» керек екенін түсіндіріңіз.

- Қағаздан бірнеше геометриялық пішін қиып, олардың аталуын, бір-бірінен айырмашылығын айтып беруді балалардан сұраңыз. Мысалы, үшбұрыштың неше қабырғасы бар? Оны кішірейтуге бола ма? Ал үлкейтуге ше? Қалай ша?



Мегафон

5-тен 6-ға дейін

Ата-аналармен бірге:

Балалар өздерінің ата-аналарын мегафон жасауға үйрете алады. Оны ата-аналар балаларын даладан үйге шақырғанда пайдалануына болады.



Мегафон

5-тен 6-ға дейін


Сабақтың мақсаты:

Балаларға мегафонның көмегімен дыбысты белгілі-бір бағытқа күшейтіп бағыттауға болады.

Қажетті құралдар:

Папкалар немесе түрлі-түсті қатты қағаздардан бейтараптандырылған таспа

Дайындық:

    1. Папканы жайып, оны ортасынан қақ екіге бөліңіз де, біреуін конус жасап ораңыз. Егер папка болмаса түрлі-түсті қалың қағаз алыңыз.

    2. Конустың ұшынан диаметрі шамамен 2,5 см болатын тесік жасаңыз.

    3. Конусты бейтараптандырылған таспамен жапсырып, бекітіңіз. Жеке гигиенаны сақтау үшін әр баланың өзінің аттары жазылған мегафоны болғаны дұрыс.

    4. Балаларға мегафонды қалай дұрыс ұстап, сөйлеуге болатынын көрсетіңіз. Әртүрлі көлемді мегафонды жасап көрсету арқылы балалардың назарын конус ұзын болған сайын, тербелістің әсерінен дыбыстың екпіні өзгеретініне аударыңыз.


Сабақтың барысы:

Мегафонмен далада ойнаған ыңғайлы, өйткені балаға қанша айқайлап сөйлегісі келсе де шектемеу керек. Барлық бала ойын алаңына тарап кетсін, сосын әрқайсысы кезекпен мегафонмен «команда» береді: «Барлығың да құмсалғыштың жанына жиналыңдар». «Бәрің жақындап, билет алыңдар». (Билеттерді алдын-ала қағаздан қиып қойыңдар). «Барлығың есік алдына жиналыңдар».

Әртүрлі сахналық қойылымдарда мегафонды пайдалануға болады, мысалы, өрт сөндіруші, өртенген үйден адамдарды алып шығуды ұйымдастырушы, жағажайда немесе бассейінде суға кеткендерді құтқарушы, радиосы істен шығып, басқа кемені шақырған кеме капитаны, саябақтағы серуенге балаларын шақырған мұғалім.


Нұсқаулар мен толықтырулар:

- Мегафон алып, әрқайсысы жеке-жеке немесе хормен ән айтуға болады.



Жинақтағыш

3-тен 6-ға дейін

Словакияның идеясы


Ата-аналармен бірге:

Үйде қолданылатын әдеттегі нәрселерді (ағаш қасық, алюминий тегеш) балалардың қиялын оятып, әртүрлі ойындарға реквизит ретінде пайдалануға болатынына ата-аналардың назарын аудару керек. «Бұл не болуы мүмкін?» деген сияқты сұрақтар баланы елестете отырып ойлануға үйренеді.




Жинақтағыш

3-тен 6-ға дейін


Сабақтың мақсаты:

Драмалық ойындар баланың шығармашылығын, қиялы мен әлеуметтік дағдыларын дамытады. Арнайы жабдықталған орта балаға күнделікті өмірде де, қиял-елес жағдайында да еркін шешім қабылдап, өзін көрсете білуге мүмкіндік береді. «Дүкен», «Почта», «Банк» сияқты көптеген желілі-рөлді ойындарда ойыншық жинақты пайдалануға болады. Жинақтаған тәжірбиелерін қолдана отырып, балалар оны басқаша пайдалануы мүмкін.


Қажетті құралдар:

Йогурттан босаған стакандар, түрлі-түсті қағаз, борлар, желім, қайшы, желімді таспа


Дайындық:

    1. Йогурттан босаған стаканды қаптау үшін түрлі-түсті қағаздан өлшеп, қиып алаңыз. Бұл қағазға балалар өздері сурет салып, әртүрлі ою-өрнекпен безендірсін. Стаканды қағазбен өздері қаптап, желімдеуі мүмкін.

    2. Стаканды қағаздың бетіне төңкеріп қойып, шетін айналдыра сызыңыз. Шыққан дөңгелекті қиып алып, тиындар немесе ойыншық ақшаларды салатын тесік жасаңыз. Дөңгелекті стаканға желіммен немесе желімді таспамен бекітіп, жапсырыңыз.


Сабақтың барысы:

Ақша жинақтағышты жасау идеясын балалар басқа ойынмен ойнап жатқан кезде ұсынуға болады. Мұны әсіресе, ойынға қатыса отырып: «Ал сендердің ақшаларыңды салып қоятын жинақтағыш керек емес пе?» деп сұрауға болады.


Нұсқаулар мен толықтырулар:

- Ересек балалар үшін жинақтағышқа бірнеше шын тиындарды салып көрсетіңіз, олар оны атап берсін. Қайсысы қанша теңге? Бірдей ақшалар бар ма? Қайсысы ірі, қайсысы ұсақ ақша?


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2025
84
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі