«Ойна да ойла» коммуникативтік дағдыны дамытуға негізделген
тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал
Автор: Байханова Торгын Сейдуахасовна
Бұл құрал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілерге арналған дістемелік құралдарының бірі. Мұнда қолда бар материалдардан коммуникативтік дағдыны дамытуға арналған қажетті құралдарды қалай жасау қажеттігі айтылған.
КІРІСПЕ
Өз қолдарыңызбен жасалған бұйымдардың құндылығы
Бұл құрал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілерге арналған «Step by Step» бағдарламасының әдістемелік құралдарының бірі. Мұнда қолда бар материалдардан математика және дүниетану сабақтарына қажетті құралдарды қалай жасау қажеттігі айтылған. Барлық берілген сабақтар мен материалдар «Step by Step» бағдарламасының: оқытуды жекешелендіру, балаларға таңдау еркіндігін беру және баланы оқыту мен тәрбиелеу ісіне ата-аналарды тарту сияқты негізгі талаптарына сай келеді.
Бұл бағдарлама енгізілген елдердің бәрінде бірдей топтарды қажетті дидактикалық және ойын материалдарымен қамтамасыз ете алмау қиындығы осындай құралды құрастыру қажеттігін туғызды. Балабақшалар мен мектептердің барлығының бірдей қымбат материалдар сатып алуға мүмкіндіктері болмайды. Бар материалдардың өзі де балаларға математика мен жаратылыстану ғылымдарынан нақты, шынайы тәжірибе бере алмайды.
Тіпті топта алуан түрлі материал болғанның өзінде, тәрбиешіге өзіндік кәсіби жинағы болғанның артықтығы жоқ. Жақсы оқу материалдары – жемісті оқудың кепілі, сондықтан, материалдардың балалар еркін тәжірибе жасап үйрену үшін жеткілікті болғаны жөн. Тәрбиешінің қолымен жасалған материалдар баланың жеке қызығушылығын оятады және сол даму кезеңіндегі талап-тілегін қанағаттандыра алады.
Тәрбиешінің негізгі жұмысы төмендегідей:
- Тәрбиеші балаларды түрлі материалдармен қамтамасыз етеді және қоршаған ортамен шектеусіз қарым-қатынас жасауға қолайлы жағдай туғызады. Бала өз бетімен бір нәрсе жасағанда ғана жақсы үйренеді. Олар өз бетімен сынап көру, қателесу арқылы әлемнің қалай құрылғанын анықтаулары қажет. Үйренген білім белсенді жаттығулар арқылы жақсы бекітіледі. Мысалы, құрылымның жүйелілігі мен жүйесіздігі жөніндегі түсінікті бала барабанда музыкалық екпінді ұру арқылы: трам-там-там, та-рам-там-там; түрлі-түсті жіптерді түстерін кезектестіріп өре отырып: жіпке көк, сары, көк, сары, көк моншақтарды өткізу арқылы игертуіне болады.
- Тәрбиеші балалардың материалдармен қалай жұмыс істейтінін бақылайды. Мұндай бақылаулар баланың қызығушылығына (машиналар, жануарлар), өзіндік талап-тілек, мұқтаждығына (мысалы, баланың көзі нашар көретін болса, оған көре алмауына байланысты көбірек тактильді түйсікке негізделген жаттығулар), баланың қабылдау стиліне (мысалы, өте қозғалғыш баланы сумен ойнату арқылы тыныштандыруы мүмкін) байланысты қандай тапсырмалар беруге болатынын анықтауға көмектеседі. Осылайша тәрбиешіге қай сабақтар мен қандай орталықтарға балалардың қызығушылықтарының неліктен жоғары немесе төмен екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
- Тәрбиешінің аталған уақыттағы баланың даму ерекшелігі туралы білуі тиіс. Ол әр балаға даму кезеңдеріне сәйкес қандай материал қажет екенін анықтайды.
- Тәрбиеші балаларға ашық сұрақтар қою арқылы балалардың зерттеу мен жаңа мәліметтерді игеруіне көмектеседі. Ашық сұрақтарға бірнеше жуық жауаптар берілуі мүмкін. Олар сонымен қатар баланың ойлау жүйесін түсінуге мүмкіндік береді. Сұрақ-жауап ойлауды ғана емес, баланың тілін де дамытады. Егер тәрбиеші топта сұрақты көп қойса, балалар да көп нәрсені сұрай бастайды. Білім алуда жалаң фактілерді жаттағаннан гөрі, ойлауды дамытудың мәні зор.
- Тәрбиеші балаларға өздерінің жұмыстары туралы ойлануға уақыт береді. Бұл берілген ұғымды терең түсінуге жағдай жасайды. Ол сұрақтар мен жауаптарға, өз ойларын білдіруге уақыт қалдырады.
- Тәрбиеші барлық дұрыс, жуық жауаптармен, шығарылған қорытындылар мен тұжырымдарды балалармен бірге талдайды. Көп жағдайда осындай қате жауаптарды талдау дұрыс жауаптарды талдауға қарағанда көбірек пайда әкеледі.
- Балалар сияқты, тәрбиешілер де тәуекелге бара алуы керек. Ол әрнәрсені сынап көріп, ескіні пайдаланудың жаңа жолдарын іздестіруі тиіс. Кейбір сабақтар сәтті, кейбірі-керісінше шығуы мүмкін. Барлық бала бірдей әрбір сабағыңызға ынталы, қызығушылықпен қатысады деп күтпеңіз. Ізденгіш тәрбиеші дер мезгілінде материалды ауыстырады немесе сабақты одан әрі дамытып, сәтті аяқтауға жетелейтін әдіс-тәсілдерді қолданады. Ол балаларға жаңалықты белсенді қабылдауға үйрету үшін жаңа сабақтар ұсынады.
- Тәрбиеші балаларға қате немесе тура емес жауап бергеннен гөрі, өзінің кейбір заттарды білмейтінін мойындағаны жөн. «Білмеймін» деген жауап бере отырып, тәрбиеші балалармен бірлесіп жауап іздеп, шешім қабылдайтын ахуал туғызады. Бұл балаларға әртүрлі басылымдарды пайдалана білуге үйретеді. Соған қоса, балалар үлкендердің де ізденіп оқитынын көреді.
- Тәрбиеші балалармен бірге ойнайды, әңгімелеседі. Ол балалардың білсем деген ынтасын бөлісіп, олар ұйымдастырған заттың бәріне қызығушылық танытады.
- Ең бастысы тәрбиеші өзінің қатысының артықтығын сезіне білуі керек, олар танымдық процесті өз бетімен басқаруы үшін балаларды өз еріктеріне жіберуі қажет.
Оқу материалдары неден жасалады
Топта балалармен өткізілетін әртүрлі сабақтарды ұйымдастыра отырып, тәрбиеші барлық үйде болатын, әдетте тасталатын алуан түрлі материалдарды қолдануы мүмкін. Әрбір тәрбиеші белгілі бір сабақтарға қажетті материалдардан «тілек» тізімін жасап, оны жинауға ата-аналар мен балаларды қатыстыруы керек. Бұл тізімді ата-аналарға арналған хабарландыру тақтасына, тұрақты шығып тұратын бюллетеньге беріңіз немесе жеке жазып қолдарына ұстатыңыз. Материалдар төмендегідей болуы мүмкін:
- табиғи - тастар, тұқымдар, жапырақтар, таяқшалар, қабықтар;
- тұрмыстық – түрлі ыдыстар, пластикалық бөтелкелер, банкалар, тамаққа қосылатын бояулар, ағаш және темір қалдықтар, әжетхана қағазы, газеттер, пенопластар, картон қораптар, бөтелке қақпақтары, шегелер, шуруптар, мата қиықтары, азық-түлік қораптары, қаптайтын материалдар, журналдар, календарлар, үй бұйымдарының сынықтары.
Жұмыстан немесе дүкеннен әкелінген материалдар - еденге төсегіштің қалдықтары, оқшауланған сымдар, ағаш сынықтары, ағаш үгінділері, пайдаланылған принтерге арналған қағаздар, қажетсіз деп тасталған әртүрлі заттар.
Барлық жиналған материалдарды жүйелеп жазып, реттеп, қажет уақытында алуға ыңғайлы жерге сақтау керек.
Аталған құралды қалай пайдалану қажет
Әр бөлімге (1 сабаққа) суреттер берілген. Бөлімнің басында мақсаты - осы сабақтың негізінде педагогикалық тұжырымдама айқындалған. Сосын материалдар тізімі мен сілтемелер, сабақты қалай жүргізу сипаттамасы, сабақты дайындау мен өткізуге ата-аналарды тарту, сол сияқты оқуды бейімдеу мен түрлендіру мүмкіндіктерін ұсынатын нұсқаулар мен толықтырулар берілген.
Сонымен қатар, құралды пайдалануға ыңғайлы болу үшін арнаулы белгілер қай жастағы балаларға арналғанын, сабақ өткізуге ыңғайлы орталықты көрсетеді.
Барлық сабақтар үш жастан алты жасқа дейінгі балаларға арналған. Нақты жасы келесі белгімен көрсетілген.
3 4 5 6
Ал мына белгілер сабақ өткізуге қолайлы орталықты көрсетеді:
Шығармашылық Оқу мен Құм Ашық Табиғаттану жұмыстар сауат ашу және ойын
орталығы орталығы су алаңы
Математика Құрылыс Музыкалық Желілі-рольді
орталығы орталығы сабақтар ойындар
орталығы орталығы
Төменде көрсетілген кесте қай сабақ қандай орталықта болатынын тез бағдарлауға көмектеседі.
Кестеде әр сабақ үшін бірнеше орталық берілген. Кез-келген сабақ дамудың белгілі бір саласымен байланысты: әлеуметтік немесе сезімдік дамуы, шығармашылық қабілеттері, тіл дамыту, табиғаттану, математика, дене шынықтыру, қоғамдық ғылымдар.
Берілген құралдағы сипатталған барлық сабақтарды тәрбиешілер бірнеше рет өткізген, егер сіз бірінші рет өткізіп отырсаңыз, алдын-ала дайындалып алғаныңыз жөн. Балаға бағытталған әдістемені толық меңгеріп, жеткілікті тәжірибе жинақтағаннан кейін, сізге түгел топқа немесе әрбір жеке балаға арналған оқу материалдарын ойластырып, құрастыру жеңіл болады. Бұл құралда берілген материалдар балалар көшіріп алатын үлгі емес. Керісінше, олар баланың елесі мен қиялын ынталандырып, оларды пайдалануда шығармашылықпен жұмыс жасауға жетелеуге арналған.
Барлық ұсынылған сабақтарды тәрбиешілер құрастырған, олар әлемнің көптеген елдерінде тиімді қолданылып жүр. Егер сіз бұл іске шығармашылықпен қарап, өз ойларыңызды басқа әріптестеріңізбен бөліссеңіз, берілген материалдар сіз жинақтайтын қайталанбас жеке жинағыңыздың бастауы болсын.
КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫНЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН
Құпиялы қораптардан
3-тен 6-ға дейін
Ата-аналармен бірге:
Ата-аналар балаларымен әңгімелескен кезде сипаттайтын сөздерді көп қолданулары қажет. Сол сияқты балалардың сұрағына шыдамдылықпен жауап беру керек. Әрине кейде олардың қызығушылықтарына төзу мүмкін емес, бірақ олар осылайша қоршаған ортаны зерттейтінін естен шығармау керек. Олардың сұрақтарын тыңдағанда, біз нақ осы шақта оларды не қызықтыратынын біле аламыз. Бұл туралы «құпиялы қорап» ойынын пайдалана отырып, жазып жүріңіз.
Құпиялы қораптардан
3-тен 6-ға дейін
Сабақтың мақсаты:
Қоршаған ортаны зерттеп, бағалай отырып, балалар белгілі-бір дәрежеде сипап көру арқылы табу дағдысына сүйенеді. «Құпиялы қораптың» - оқу мен жазуға үйретуде танымдық мәні зор, өйткені сипаған нәрсені сипаттау арқылы олар сөздік қорын молайтады. Қорапқа табиғи материалдарды, тағы да басқа ойынға пайдалануға болатын көптеген нәрселерді салуға болады. Тапсырма сипап сезу, бақылау және өз байқағандарын айта білуге үйретуге бағытталған. Балалар заттың санын, бетінің бедерін, пішінін және көлемін сипаттап айтуға үйренеді. Сол сияқты заттарды қармалап, сипап сезу арқылы ажырату қабілеттерін дамытады.
Қажетті құралдар:
Орташа көлемдегі қорап, тастар, емен жаңғағы, бұтақтар, жапырақтар, қиыршықтар, қауырсындар, мамықтар.
Дайындық:
-
Қорапқа қол сиятындай тесік жасаңыз. Жинаған тастар, емен жаңғақтары, бұтақтар, жапырақтар, қиыршықтар, қауырсындардан екеуден алыңыз.
Сабақтың барысы:
Қорапқа бір затты салыңыз. Қораптың жанына 2-5 затты қойыңыз, ішінде қораптағы заттың екінші «жұбы» болсын. Балалардың біреуі қорапқа қолын салып, қораптың ішінде қай зат бар екенін тапсын. Үстелдің үстіндегі тура сондай затқа қарап, сипап көргенде қандай екенін суреттесін.
Нұсқаулар мен толықтырулар:
- Керісінше жасауға да болады – әртүрлі 2-5 затты қорапқа салып, ал екінші жинақтан бір нәрсені алып қораптың қасына қойыңыз. Балалардан дәл сондай затты қораптан табуын сұраңыз.
- Екі-үш адамнан тұратын топтағы балалар кезекпен қорапқа қолдарын салып, ішіндегі заттардың бірін сипаттасын. Балаларды сын есімдерді дұрыс қолдануға үйрету үшін тәрбиеші оларға жетекші сұрақтар қойып отыруы мүмкін, мысалы, бұл зат жұмсақ па, әлде қатты ма, жылтыр ма әлде бұдыр ма, салқын ба әлде жылы ма? т.б. Ал қалғандары сипаттау бойынша қай зат екенін табуы керек. Суреттейтін теңеулерді қолдану олардың сөз байлығын молайтады.
- Құпиялы қорапқа теннис шарын, кубикті және үшбұрышты (музыкалық аспан) салу арқылы балаларды геометриялық пішіндерді ажыратуға үйретуге болады.
- Дорбаға ұзындықтары әртүрлі үш қарындаш салыңыз. Балалардан ең ұзынын, орташасын, ең қысқасын табуды ұсыныңыз.
Түстер альбомы
3-тен 6-ға дейін
Ата-аналармен бірге:
Мұндай альбомды үйде де жасауға болады. Балалар ата-аналармен бірге бірдей түстер мен суреттерді сәйкестендіріп қойып ойнайды. Егер бала иттерді жақсы көрсе, ата-аналар осындай альбомды әр текті иттердің суретінен жасауына болады.
Түстер альбомы
3-тен 6-ға дейін
Сабақтың мақсаты:
Альбомның әр беті әртүсті болады. Ол балаларды түстерді ажырата білуге және сәйкестендіріп табуға үйретеді. Альбомның мазмұнын өзгертуге немесе басқа бір нәрселерді қосуға болады: мысалы, ең кішкентайлар үшін негізгі түстерді, ал ересектер үшін түстердің басқа да реңдерін қосуға болады.
Қажетті құралдар:
Түрлі-түсті қағаз, қайшы, степлер, желім, жіп
Дайындық:
-
Әртүсті 4 немесе 5 қағазды ортасынан бүктеңіз. Сізге 8-10 беттік альбом шығады.
-
Беттерді тігіңіз немесе степлермен бекітіңіз.
-
Соңғы беттен басқа беттің бәрінің ортасын тіліп қойыңыз.
-
Әр түсінен екеуден түрлі-түсті шаршылар қиып алып әр бетке жапсырыңыз (тек бір бетке жапсырып қоймаңыз).
-
Балалар беттерді парақтап, түстерді аударып көре отырып, жұптарын табады.
Сабақтың барысы:
Бұл альбомды түрліше пайдалануға болады. Балалар оны жай ғана парақтап көруі мүмкін. Сосын, бірінші беттегі түсті көрсетіп, «Дәл осындай түсті басқа беттен таба аласың ба?» деп сұраңыз. Оны тапқаннан кейін басқа түстерді де осылайша таптырыңыз.
Бала ойынның мақсатын түсінгеннен кейін оған басқа да сұрақтар беруге болады: «Өзіңнің сүйікті түсіңді екі жағынан да көрсетіп бере аласың ба?»
Нұсқаулар мен толықтырулар:
- Альбомды түрліше пайдалануға болады. Бес-алты жастағы балалар үшін қарапайым сөздерден альбом құрастыруға болады. Математика сабағына цифрлар мен заттардың санын сәйкестендіріп салыстыратын альбом жасауға болады. Егер сурет салатын ата-анаңыз болса, оған альбом үшін гүлдердің, ағаштардың, жапырақтардың суретін салып беруін сұраңыз.
Лото
3-тен 6-ға дейін
Ата-аналармен бірге:
Ата-аналар балаларымен бірге үйде ертеңгі күнге дайындалған кезде, тамақ әзірлеген уақытта немесе дүкенге барғанда көптеген нәрселерді салыстырып, теңестіруге болады. Ата-аналар осындай қарапайым жұмыстардың көмегімен көптеген нәрсені үйретуге болатынын, күнделікті тіршілікке бір мезет бала көзімен қарауға уақыт бөлудің маңыздылығын түсінуі тиіс.
Лото
3-тен 6-ға дейін
Сабақтың мақсаты:
Лото суреттер немесе цифрлар салынған ойын алаңынан және карточкалардан тұрады. Оны салыстыру мен жұбын табуға арналған көптеген ойындарға пайдалануға болады. Үстел үстінде ойналатын мұндай ойындардың түрі көп, бірақ бәрі де байқағыштық пен аңғарымпаздықты талап етіп, ұқсастық пен айырмашылықты табуға үйретеді. Бұл дағдылардың бәрінің математиканың, табиғаттанудың, сауат ашудың алғашқы ұғымдарын қалыптастыруда мәні зор. Лото түстерді, цифрларды, жеміс-жидектерді, адамдардың бейнесін салыстыруға негізделген, оқытылып жатқан тарихи-географиялық тақырыптарға қосымша ретінде пайдалануы мүмкін. Мысалы, егер сіз «Тағамдар» тақырыбын оқып жатсаңыз «Жемістер», «Көкөністер», «Ет-сүт тағамдары» деген лотоларды жасауға болады. Ашық сұрақтар қою арқылы тәрбиеші балалардың сөздік қорын байытуға көмектеседі.
Қажетті құралдар:
Үлкен картон қағаз немесе қатты қағаз, қарындаш немесе фломастер, журналдан алынған суреттер, үлкен конверт немесе папка, желім, карточкалар, қайшы.
Дайындық:
1. Шаршының ішіне қарындашпен немесе фломастермен ойын алаңын сызыңыз. (Алаңда 9-дан 20-ға дейін шаршы болуы мүмкін). Ол шаршыларға кейін жапсыратын суреттер симай қалмауы тиіс.
2. Алаңдағы суреттермен бірдей карточкалар жасаңыз.
3. Ойын алаңдары мен карточкалардың жиынтықтарын бөлек-бөлек конверттерге салып, математика орталығына қойыңыз.
Сабақтың барысы:
Жеке ойын. Әр карточкаға үлкен скрепке кигізіңіз. Әрбір ойыншы қолына магнит алып, карточкаларды бір-бірден көтеріп, ойын алаңынындағы сәйкес суреті бар шаршыға қою керек. Ойынды күрделендіру үшін оларға екі алаң мен карточканың екі жиынтығын беріңіз.
Екеулеп ойнау. Екі бала екі ойын алаңында ойнайды. Алдымен біреуі карточканы алып, атайды, ал екіншісі оның орнын табады. Сосын олар екінші алаңға көшкенде орындарын ауыстырады.
Нұсқаулар мен толықтурулар:
- Шағын топтағы ойын. Жемістер, көкеністер, әртүрлі гүлдер ұстаған адамдар, геометриялық пішіндер, цифрлар, есімдер, саны әртүрлі дөңгелектер бейнеленген бірнеше ойын алаңын жасаңыз. Әрқайсысы бір ойын алаңынан алады. Барлық карточкалар араластырылады. Ересек балалардың немесе үлкендердің біреуі «бастаушы» болады.
- Мәдениеттің алуан түрлілігіне арналған сабақ. Әр елдің адамдары бейнеленген карточкалар дайындаңыз.
- Сипап көруге арналған ойын алаңдарын әртүрлі мата қиындыларынан жасаңыз, бұл зағип балалардың сипап көру сезімін, қабылдауын дамытады. Ойын үстінде балалардан сипау арқылы матаның қандай екенін сипаттауын сұраңыз, мысалы жұмсақ, кедір-бұдыр, жылтыр т.б. Қиындыларды ағаш тақтайшаға желімдеп, арасын таяқшалармен немесе түтікшелермен бөліп қойыңыз.
Қуыршақ театры
3-тен 6-ға дейін
Хорватия мен
Словакияның идеясы
Ата-аналармен бірге:
Топқа келіп, балаларға көмектескісі келетін ата-аналарды шақырыңыз. Бірнеше ата-ана жиналып, қуыршақ тетрын жасасын. Ол желілі-рөльді ойындар орталығына қосылған үлкен көмек болады.
Қуыршақ театры
3-тен 6-ға дейін
Сабақтың мақсаты:
Қуыршақ театры балалардың алдынан үлкен мүмкіндіктер ашады. Өзіне ұнаған кітаптан үзінділерді, өмірден алынған жағдайларды немесе ойдан шығарылған қоймаларды, бір сөзбен айтқанда жанында не бар соның бәрін сөзбен жеткізу керек. Қуыршақтар балалардың тілін дамытады. Баланың әлеуметтік және сезімдік, әсершілдік жетіліп өсуіне пайдасымен қатар, тілін дамытады, қолдан жасалған қуыршақтар олардың шығармашылығын оятып, қиялының өркендеуіне мүмкіндік береді. Әртүрлі қуыршақтар (таяқшаға бекітілген қуыршақтар, қолғап-қуыршақтар, саусаққа киілетін қуыршақтар) балаға таңдай білуді үйретеді, жаңа жағдайлар ойлап табуға итермелеп, қызығушылығын оятады.
Қажетті құралдар:
Мықты таяқшалар немесе шыбықтар, мата қиындылары мен қағаз қиықтары, қағаз дорбалар, газета немесе мақта, кішкентай қайшылар, жіптер, желім, безендіру үшін түймелер
Дайындық:
1. Ең кішкентай дорбаны таяқшаға кигізіп, ішін газетпен немесе мақтамен толтыруы мүмкін.
2. Тәрбиеші сыртынан жіппен байлап, таяқшаға бекітеді және қуыршақтың «басын» жасайды.
3. Бала қуыршақтың бетін бояп салып, басын, бетін безендіреді.
4. Бала қуыршақты мата қиындылары мен қағаз қиықтарымен киіндірсін.
5. Ересек балалар өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерінің суретін қатты қағазға салып, оны картонға жапсырып жасауы мүмкін. Дайын қуыршақтарды қиып, оны таяқшаларға желімдейді.
Сабақтың барысы:
Кейбір балалар бүкіл топтың алдында ойдан әңгімелер шығарып, оны айтып беруді ұнатпайды. Бірақ бұл балалардың қолына қуыршақ берсеңіз, бірден өзгеріп, олар қуыршақтың атынан сөйлеп, диалогқа қосылып, әңгімеге араласады. Тәрбиеші баланың тілін дамыту үшін сұрақтар қойып, әңгімеге жетелеп отырады. «Бүлдіршін ертегі тыңдамаса ұйықтай алмайды екен. Ал сенің қуыршағың оған ертегі айтып бере алмай ма?» «Сенің қуыршағың не жегенді ұнатады-жеміс, тәтті нан немесе балмұздақ па?»
Нұсқаулар мен толықтырулар:
Ересек балалармен бірге үлкен картон қораптан қуыршақ театрына сцена немесе қағазға сахна суретін жасауға болады. Балалар рахаттана отырып сахнаны бояуға қатысады, мысалы, Словенияда балалар қуыршақтар «өнер көрсететін» үйді бәрі бірігіп безендірді.
Өте маңызды қорап
4-тен 5-ке дейін
Ата-аналармен бірге:
Барлық ата-аналарды жинаңыз. Оларға сіз балалармен жаңа жұмыс бастағалы отырғаныңызды, жұмыс барысында әрбір бала ертеңгілік жиында топтың алдында сөйлеуі қажет екенін түсіндіріңіз. Ата-аналарға қорапты көрсетіңіз. Күн сайын үш баладан үйге қорапты алып тұрады. Ата-аналардан мыналар талап етіледі:
1. Балаға қорапты сиятын қарапайым, бірақ маңызды нәрсені таңдауға көмектессін.
2. Баламен бұл зат неге маңызды екені туралы әңгімелеңіз. Мысалы, кір қыстырғышпен далаға дымқыл кірлерді іліп, кептіруге болады. Бала топтың алдына кір қыстырғыштың пайдасы туралы қалай айтатынын үйде үйретіп, дағдылансын.
Өте маңызды қорап
4-тен 5-ке дейін
Сабақтың мақсаты:
Бұл сабақ баланың логикалық ойлауы мен сын тұрғысынан ойлауын дамытады. Балалар өздері маңызды деп есептейтін нәрсені таңдап, неліктен ол затты таңдағанын түсіндіреді. Мұндай тапсырма баланың өз ойын жеткізе білуін дамытады, бұл сауат ашуға үйретудің негізі болып табылады.
Қажетті құралдар:
Бірдей көлемдегі үш қорап, қағаз, фломастер
Дайындық:
-
Әрбір қорапқа «Өте маңызды қорап» деп жазып қойыңыз.
-
Барлық баланың есімдері жазылған кесте дайындаңыз.
Сабақтың барысы:
Балаларды жинап, тапсырманың мақсатын түсіндіріңіз. Оларға қораптарды көрсетіңіз. Әрбір бала қорапты кезекпен үйге алып, үйден өздері маңызды деп санайтын нәрсені таңдап қорапқа салады. Олар бұл заттың маңызы туралы алдын-ала ойланып, топтың алдына дауыстап және анық айтып бере алатындай болуы керек. Сіздер бұл тапсырманы ата-аналарға түсіндіргеніңізді, сондықтан ата-аналар оларға көметесетінін айтыңыз.
Қабырғаға кестені іліп, әр баланың не әкелгенін жазып отырыңыз.
Нұсқаулар мен толықтырулар:
- Әрбір бала сөйлеп болғаннан кейін, ата-аналарға қай заттар туралы айтылып талданғаны туралы қысқаша жазыңыз.
- Барлық жиналған нәрселерді бір дорбаға салып, әр балаға өзінің затын қарамай табуын сұраңыз.
Мен туралы кітап
4-тен 6-ға дейін
Сабақтың мақсаты:
Кітап балаларға көп нәрсе үйретеді. Кітаптар білімді болуға түсінуге және ойлауға үйретеді: Кітаптарды балалар жақсы көру үшін әр күні кітапты дауыстап оқу керек және кітапты өздері жасау үшін жағдай жасау керек. Осылайша балалар өз қызығушылығымен тақырып таңдай алады. Осындай сабақтар балаларға кітаптың пайда болуын ойлауға көмектеседі. Осылайша қолдан жасалған кітаптарды тәрбиеші мазмұнына қарай кез-келген оқулықпен біріктіруіне болады. Мысалы: «Өзім туралы кітап» өзін-өзі тануға көмектеседі, осылайша кез-келген бала уақыт арқылы болып жатқан өзгерістерді түсініп отырады.
Қажетті құралдар: қалың түрлі-түсті қатты қағаз, скрепка, ескі журналдар, жіп, желім, степлер, қайшы, өшіргіш.
Дайындық: Бұл жұмыс бірнеше айға созылады. Ата-аналар кітапты дайындап болған соң, ақырындап кітаптардың беттерін толтыра бастайды. Тәрбиеші әр баланы суретке түсіріп, суреттерін кітаптың бетіне жапсырады. Бұл кітапты жасай отырып балалар түр-түсті ажыратады, жыл мезгілдерін, өлшемдерді, адамның ойлауын және өсуін үйретіп қана қоймай, жаңа суретттермен сөздер енгізеді.
Сабақтың барысы:
Тапсырманы таңертеңгі жиыннан бастап түсіндіру қажет. Әрбір «Өзім туралы кітап» бір-біріне ұқсамауы қажет, өйткені әр адам өзгеше ойлайды. Басқа жағынан алғанда барлық адамдар бір-біріне ұқсайды. «Сіздермен біздің ұқсастығымыз неде»? Кітапқа мынадай заттарды кіргізуге болады: қолдың, саусақтың, аяқтың ізін , отбасында қанша адамның барын, көздің түсін, «Менің жақсы көретін түсім», «Кішкентай кездегі менімен болған оқиға» Тәрбиеші балалардың айтқан әңгімеге қарай суреттер салады. Кітаптар дайын болған кезде, әдебиет орталығына қою керек, осы кітаптар арқылы балалар өзін және жолдасын тануға болады.
Нұсқаулар мен толықтырулар:
Әр түрлі пішіндегі кітаптар дайындау. Балалар өз кітабының қандай пішінде болатынын және ол кітапта не айтылатынын біле алады. Мысалы: адамдар, сандар, машиналар, жемістер, көкөністер, аңдар, ұшақтар, үй жануарлары. Ең кішкене балалар үшін сыртқа бетін қатты қағаздан ішіне бірнеше рет жабыстыру қажет. Ересек балалар тәрбиешінің көмегімен өзіне ұнаған пішінмен, тақырып таңдап сонан соң қырқып, өздеріне ұнаған суреттерді жапсыруына болады. Ал ең кішкентай балалар өздерінің шығармаларын тәрбиешіге айтып береді, тәрбиеші оны кітапқа енгізеді. Кітаптардың беттерін бір-біріне біріктіру үшін степлер немесе түрлі-түсті жіп қажет болады.
Мен туралы кітап
4-тен 6-ға дейін
Ата-аналармен бірге:
Ата-аналар жиналысында балаларға арналған өздерінің өлеңдерін, әңгімелерін, тақпақтарын жазу үшін арнайы кітаптар жасау керектігін ескертіңіз.
Үлкен олжа
4-тен 5-ке дейін
Сабақтың мақсаты:
Екі балықшы өлеңін суреттеу, қарапайым математикалық тапсырмаларды орындау. Сұраққа жауап беру үшін қосу және алу амалдарын орындау қажет. Суретті өлең арқылы балалардың көру, есту қабілеттерін қалыптастырады.
Қажетті құралдар: қағаз, түрлі-түсті бояулар, қара фломастер.
Дайындық:
1. Бір қысқа өлеңді тауып, үлкен әріптермен жазыңыз.
2. Жауабын анықтап тұратын, есепті шешуге байланысты сурет салыңыз.
3. Өлеңді, суретті үлкен картонға іліп қойыңыз.
Сабақтың барысы: Екі қарт Дүйсен мен Сейсенбі
Көлден балық аулады.
Екі балық ұстады түсте Дүйсен,
Екі балық ұстады кеште Сейсен
Барлығы қанша балық
Жүйрік болсаң көрші санап?
Ертеңгілік жиында тәрбиеші өлеңді оқып береді. Сосын суретке назар аударып «Мына суретте не бейнеленген» Барлығы бірге «балық» деп жауап береді.
- Дүйсен ата қанша балық аулады?
-
Сейсен ата қанша балық аулады?
Өлеңді ашық алаңқайда қайталау керек. Өлең мен суретті сауат ашу немесе әдебиет орталығына іліп қойыңыз. Суретпен өлеңге жиі-жиі қарау арқылы, балалар басқада ұқсас өлеңдерді құрастырады.
Нұсқаулар мен толықтырулар:
-
Мына тақырыптарға келетін: қайықтарға, балықтарға, ұшқыштарға өлеңдер таңдап алыңыз.
Үлкен олжа
4-тен 5-ке дейін
Ата-аналармен бірге:
Балалар ауызша әңгімелерді ести отырып, оқуға деген қабілеттерін дамытады. Ұйықтар алдында балаға ертегілер мен өлеңдер айтып беріңіз. Сіз өз балалық шағыңыз туралы әңгімелеп беріңіз.
Әріпті карточкалар
5-тен 6-ға дейін
Сабақтың мақсаты:
Жазу мен оқу сабағында, балалар заттың ұқсастығы мен айырмашылығын табуы өте маңызды. Кіші жаста бала әріп таңбасымен және олардан сөз құралатынын біледі. Сосын олар әріп таңбаларының орналасуымен танысады. Бұл сабақта балалар салыстыруды, жіктеуді және ұқсас әріптердің орналасу тәртібімен танысады.
Қажетті құралдар: Сүт қораптар, қайшы, желім, фломастер, қатты түсті қағаз карточка (бес тал әр әріпке)
Дайындық:
1. Алфавиттегі әріптердің санына байланысты сүтті қораптар.
2. Алфавит салатын қораптардың сыртын түсті қағаздармен желімдеңіз.
3. Әр әріпке төрт карточкадан дайындаңыз.
Сабақтың барысы:
Балалардан әріптерді дұрыс орналастыруды сұраңыз. Ал осы әріп қалай аталады? - деп сұраңыз. Бес жастағы кейбір балалар дыбыс пен белгіні ажырата алады.
Нұсқаулар мен толықтырулар:
-
Мұндай сұрыптау, іріктеуді гүлдермен, геометриялық пішіндермен және сандармен жасауға болады.
-
Баланың көру қабілетін және есту қабілетін арттыру үшін қысқа 2-3 әріптен тұратын сөздерді қолданыңыз.
-
Балалар әр әріптен дыбыстың құралатынын білгеннен кейін, соған байланысты суретті ажыратып үйренеді. Мысалы: «с» -дан сағат, сабын, сырға басталатынын аңғарады.
Әріпті карточкалар
5-тен 6-ға дейін
Ата-аналармен бірге:
Ата-аналар күнделікті балаға ауызша әңгімелер оқып берулері керек. Бұл баланың оқуға деген ынталарын оятады. Егер ата-аналардың бұған уақыттары бола бермесе, ата-аналарға ұсыныс хат жазыңыз. Сүт немесе шырынның сыртқы қораптарын тастамай, топқа әкелулерін сұраңыз.
ОҚУ МЕН ЖАЗУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ойна да ойла» коммуникативтік дағдыны дамытуға негізделген тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал

шағым қалдыра аласыз