«Ойна да ойла» математикадан оқу-әдістемелік материал
Тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал
Авторлар: Козыбаева Гульназ Галиевна
Бұл құрал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілерге арналған дістемелік құралдарының бірі. Мұнда қолда бар материалдардан математика және дүниетану сабақтарына қажетті құралдарды қалай жасау қажеттігі айтылған.
КІРІСПЕ
Өз қолдарыңызбен жасалған бұйымдардың құндылығы
Бұл құрал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілерге арналған «Step by Step» бағдарламасының әдістемелік құралдарының бірі. Мұнда қолда бар материалдардан математика және дүниетану сабақтарына қажетті құралдарды қалай жасау қажеттігі айтылған. Барлық берілген сабақтар мен материалдар «Step by Step» бағдарламасының: оқытуды жекешелендіру, балаларға таңдау еркіндігін беру және баланы оқыту мен тәрбиелеу ісіне ата-аналарды тарту сияқты негізгі талаптарына сай келеді.
Бұл бағдарлама енгізілген елдердің бәрінде бірдей топтарды қажетті дидактикалық және ойын материалдарымен қамтамасыз ете алмау қиындығы осындай құралды құрастыру қажеттігін туғызды. Балабақшалар мен мектептердің барлығының бірдей қымбат материалдар сатып алуға мүмкіндіктері болмайды. Бар материалдардың өзі де балаларға математика мен жаратылыстану ғылымдарынан нақты, шынайы тәжірибе бере алмайды.
Тіпті топта алуан түрлі материал болғанның өзінде, тәрбиешіге өзіндік кәсіби жинағы болғанның артықтығы жоқ. Жақсы оқу материалдары – жемісті оқудың кепілі, сондықтан, материалдардың балалар еркін тәжірибе жасап үйрену үшін жеткілікті болғаны жөн. Тәрбиешінің қолымен жасалған материалдар баланың жеке қызығушылығын оятады және сол даму кезеңіндегі талап-тілегін қанағаттандыра алады.
Тәрбиешінің негізгі жұмысы төмендегідей:
- Тәрбиеші балаларды түрлі материалдармен қамтамасыз етеді және қоршаған ортамен шектеусіз қарым-қатынас жасауға қолайлы жағдай туғызады. Бала өз бетімен бір нәрсе жасағанда ғана жақсы үйренеді. Олар өз бетімен сынап көру, қателесу арқылы әлемнің қалай құрылғанын анықтаулары қажет. Үйренген білім белсенді жаттығулар арқылы жақсы бекітіледі. Мысалы, құрылымның жүйелілігі мен жүйесіздігі жөніндегі түсінікті бала барабанда музыкалық екпінді ұру арқылы: трам-там-там, та-рам-там-там; түрлі-түсті жіптерді түстерін кезектестіріп өре отырып: жіпке көк, сары, көк, сары, көк моншақтарды өткізу арқылы игертуіне болады.
- Тәрбиеші балалардың материалдармен қалай жұмыс істейтінін бақылайды. Мұндай бақылаулар баланың қызығушылығына (машиналар, жануарлар), өзіндік талап-тілек, мұқтаждығына (мысалы, баланың көзі нашар көретін болса, оған көре алмауына байланысты көбірек тактильді түйсікке негізделген жаттығулар), баланың қабылдау стиліне (мысалы, өте қозғалғыш баланы сумен ойнату арқылы тыныштандыруы мүмкін) байланысты қандай тапсырмалар беруге болатынын анықтауға көмектеседі. Осылайша тәрбиешіге қай сабақтар мен қандай орталықтарға балалардың қызығушылықтарының неліктен жоғары немесе төмен екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
- Тәрбиешінің аталған уақыттағы баланың даму ерекшелігі туралы білуі тиіс. Ол әр балаға даму кезеңдеріне сәйкес қандай материал қажет екенін анықтайды.
- Тәрбиеші балаларға ашық сұрақтар қою арқылы балалардың зерттеу мен жаңа мәліметтерді игеруіне көмектеседі. Ашық сұрақтарға бірнеше жуық жауаптар берілуі мүмкін. Олар сонымен қатар баланың ойлау жүйесін түсінуге мүмкіндік береді. Сұрақ-жауап ойлауды ғана емес, баланың тілін де дамытады. Егер тәрбиеші топта сұрақты көп қойса, балалар да көп нәрсені сұрай бастайды. Білім алуда жалаң фактілерді жаттағаннан гөрі, ойлауды дамытудың мәні зор.
- Тәрбиеші балаларға өздерінің жұмыстары туралы ойлануға уақыт береді. Бұл берілген ұғымды терең түсінуге жағдай жасайды. Ол сұрақтар мен жауаптарға, өз ойларын білдіруге уақыт қалдырады.
- Тәрбиеші барлық дұрыс, жуық жауаптармен, шығарылған қорытындылар мен тұжырымдарды балалармен бірге талдайды. Көп жағдайда осындай қате жауаптарды талдау дұрыс жауаптарды талдауға қарағанда көбірек пайда әкеледі.
- Балалар сияқты, тәрбиешілер де тәуекелге бара алуы керек. Ол әрнәрсені сынап көріп, ескіні пайдаланудың жаңа жолдарын іздестіруі тиіс. Кейбір сабақтар сәтті, кейбірі-керісінше шығуы мүмкін. Барлық бала бірдей әрбір сабағыңызға ынталы, қызығушылықпен қатысады деп күтпеңіз. Ізденгіш тәрбиеші дер мезгілінде материалды ауыстырады немесе сабақты одан әрі дамытып, сәтті аяқтауға жетелейтін әдіс-тәсілдерді қолданады. Ол балаларға жаңалықты белсенді қабылдауға үйрету үшін жаңа сабақтар ұсынады.
- Тәрбиеші балаларға қате немесе тура емес жауап бергеннен гөрі, өзінің кейбір заттарды білмейтінін мойындағаны жөн. «Білмеймін» деген жауап бере отырып, тәрбиеші балалармен бірлесіп жауап іздеп, шешім қабылдайтын ахуал туғызады. Бұл балаларға әртүрлі басылымдарды пайдалана білуге үйретеді. Соған қоса, балалар үлкендердің де ізденіп оқитынын көреді.
- Тәрбиеші балалармен бірге ойнайды, әңгімелеседі. Ол балалардың білсем деген ынтасын бөлісіп, олар ұйымдастырған заттың бәріне қызығушылық танытады.
- Ең бастысы тәрбиеші өзінің қатысының артықтығын сезіне білуі керек, олар танымдық процесті өз бетімен басқаруы үшін балаларды өз еріктеріне жіберуі қажет.
Оқу материалдары неден жасалады
Топта балалармен өткізілетін әртүрлі сабақтарды ұйымдастыра отырып, тәрбиеші барлық үйде болатын, әдетте тасталатын алуан түрлі материалдарды қолдануы мүмкін. Әрбір тәрбиеші белгілі бір сабақтарға қажетті материалдардан «тілек» тізімін жасап, оны жинауға ата-аналар мен балаларды қатыстыруы керек. Бұл тізімді ата-аналарға арналған хабарландыру тақтасына, тұрақты шығып тұратын бюллетеньге беріңіз немесе жеке жазып қолдарына ұстатыңыз. Материалдар төмендегідей болуы мүмкін:
- табиғи - тастар, тұқымдар, жапырақтар, таяқшалар, қабықтар;
- тұрмыстық – түрлі ыдыстар, пластикалық бөтелкелер, банкалар, тамаққа қосылатын бояулар, ағаш және темір қалдықтар, әжетхана қағазы, газеттер, пенопластар, картон қораптар, бөтелке қақпақтары, шегелер, шуруптар, мата қиықтары, азық-түлік қораптары, қаптайтын материалдар, журналдар, календарлар, үй бұйымдарының сынықтары.
Жұмыстан немесе дүкеннен әкелінген материалдар - еденге төсегіштің қалдықтары, оқшауланған сымдар, ағаш сынықтары, ағаш үгінділері, пайдаланылған принтерге арналған қағаздар, қажетсіз деп тасталған әртүрлі заттар.
Барлық жиналған материалдарды жүйелеп жазып, реттеп, қажет уақытында алуға ыңғайлы жерге сақтау керек.
Аталған құралды қалай пайдалану қажет
Әр бөлімге (1 сабаққа) суреттер берілген. Бөлімнің басында мақсаты - осы сабақтың негізінде педагогикалық тұжырымдама айқындалған. Сосын материалдар тізімі мен сілтемелер, сабақты қалай жүргізу сипаттамасы, сабақты дайындау мен өткізуге ата-аналарды тарту, сол сияқты оқуды бейімдеу мен түрлендіру мүмкіндіктерін ұсынатын нұсқаулар мен толықтырулар берілген.
Сонымен қатар, құралды пайдалануға ыңғайлы болу үшін арнаулы белгілер қай жастағы балаларға арналғанын, сабақ өткізуге ыңғайлы орталықты көрсетеді.
Барлық сабақтар үш жастан алты жасқа дейінгі балаларға арналған. Нақты жасы келесі белгімен көрсетілген.
3 4 5 6
Ал мына белгілер сабақ өткізуге қолайлы орталықты көрсетеді:
Шығармашылық Оқу мен Құм Ашық Табиғаттану жұмыстар сауат ашу және ойын
орталығы орталығы су алаңы
Математика Құрылыс Музыкалық Желілі-рольді
орталығы орталығы сабақтар ойындар
орталығы орталығы
Төменде көрсетілген кесте қай сабақ қандай орталықта болатынын тез бағдарлауға көмектеседі.
Кестеде әр сабақ үшін бірнеше орталық берілген. Кез-келген сабақ дамудың белгілі бір саласымен байланысты: әлеуметтік немесе сезімдік дамуы, шығармашылық қабілеттері, тіл дамыту, табиғаттану, математика, дене шынықтыру, қоғамдық ғылымдар.
Берілген құралдағы сипатталған барлық сабақтарды тәрбиешілер бірнеше рет өткізген, егер сіз бірінші рет өткізіп отырсаңыз, алдын-ала дайындалып алғаныңыз жөн. Балаға бағытталған әдістемені толық меңгеріп, жеткілікті тәжірибе жинақтағаннан кейін, сізге түгел топқа немесе әрбір жеке балаға арналған оқу материалдарын ойластырып, құрастыру жеңіл болады. Бұл құралда берілген материалдар балалар көшіріп алатын үлгі емес. Керісінше, олар баланың елесі мен қиялын ынталандырып, оларды пайдалануда шығармашылықпен жұмыс жасауға жетелеуге арналған.
Барлық ұсынылған сабақтарды тәрбиешілер құрастырған, олар әлемнің көптеген елдерінде тиімді қолданылып жүр. Егер сіз бұл іске шығармашылықпен қарап, өз ойларыңызды басқа әріптестеріңізбен бөліссеңіз, берілген материалдар сіз жинақтайтын қайталанбас жеке жинағыңыздың бастауы болсын.
МАТЕМАТИКА
Санауыш таяқшалары
3-тен 4-ке дейін
Сабақтың мақсаты:
Төменде келтірілген үш ойынның мақсаттары балаларға қарапайым құралдардың көмегімен математиканың негіздерін үйрету. Бұл ойындар балаларға құралдардың математикалық символдар мен сандар туралы түсінік қалыптастырады. Көбінесе кішкене балалар автоматты түрде санайды, бірақ әр санның арғы жағында не тұрғаны жайлы ойланбайды. Балалар абстрактылы сандарды қабылдап үйренуі үшін оларға әр-түрлі заттардың көмегімен біраз уақыт жаттығу керек. Бұл сабақ әр балаға өзінің бағдарламаны қабылдай алу жылдамдылығына (қабілетіне) байланысты қарапайымынан күрделісіне қарай, өзгеріп отыратын үш кезеңге бөлінген. Бұл кезеңдердің бәрінен өту балалардың сандар мен нөмірлерді толығымен үйренуінің кепілі болып табылады.
Қажетті құралдар: балмұздақтың таяқшалары, қатты қағаз, қайшы, желім, сызғыш, өлшегіш лента.
Дайындау:
1. Қағаздан 12 дөңгелек пен 1, 2 және 3 сандарын екі данадан ойып алыңыз.
2. Қатты қағаздан әр қайсысында үш бөлімі бар үш қалташа даярлаңыз.
3. Бірінші қалта: бір дөңгелекшені сол жақ бөлімге желімдеңіз (егер де сіздің қалташаларыңыз матадан даярланған болса, дөңгелекшелердің орнына түймелер қадауға болады).
4. Екінші қалта: бір дөңгелекше мен 1 санын сол жақ бөлімге желімдеңіз, екі дөңгелекшені оң жақ бөлімге желімдеңіз.
5. Үшінші қалта: 1 санын сол жақ бөлімге, 2 санын ортаңғы бөлімге және үш санын оң бөлімге желімдеңіз.
Сабақтың барысы:
Үш баладан құрылған топқа әр қайсысына қалташалар мен бірнеше таяқшалар беріңіз. Басында балалар таяқшаларды қалташаларға салып жай ойнайтын болады. Оларға тәжірбие жасап көрулеріне уақыт беріңіз. Кейбіреулері бірден бір дөңгелекше мен бір таяқша арасындағы байланысты түсінеді. Келесілері біраз уақытты қажет етеді, ал үшіншілеріне мұғалімнің көмегі қажет болады: «Мұнда неше дөңгелекше бар? Біреу, дұрыс! Қалтаға бір таяқшаны сал. Жарайсың? Келесі қалтада неше дөңгелекше бар? Екеу, дұрыс! Бұл бөлмеге неше таяқшаны салу керек? Ал келесі қалташа да қанша дөңгелекше болса сонша таяқшаны сал» Бала дөңгелекшелері бар қалталарды меңгергеннен кейін дөңгелекшелері мен сандары бар қалташаларға, содан кейін тек сандары бар қалташаларға көшіңіз.
Нұсқаулар мен толықтырулар:
- 4 тен 6 дейін, 7 ден 9 дейін т.с.с. сандары бар қалталар даярлаңыз.
- Барлық тастар, түймелер және кілттерді бір банкаға жинаңыздар. Бір тасты алып алдыңызға қойыңыз. Осыдан кейін баладан осындай мөлшерде заттарды алып, алдына қоюды сұраңыз. Нәрселерді санап оларды қалтадағы заттармен сәйкестендіре ала ма? Баланың сандарды түсіне білуіне байланысты, одан да күрделі қосу және алу ойындарын құрастырыңыз. Қанша тастарды қисындырып құрастыруға болады, 5 санын алу үшін, қанша затты алу керек, 3 санын алу үшін ше?
Санауыш таяқшалары
3-тен 4-ке дейін
Ата-аналармен бірге
Бұл сабақтар үшін ата-аналарға балмұздақтардың таяқшаларын жинауға көмектесуін сұраңыз.Олар бейресми ата-аналар жиналыстарында немесе кешкісін үйлерінде қалташалар жасауға көмектеседі (егер олар күні бойы жұмыста болса). Еркіңізше қалташаларды матадан даярлауға болады, себебі олар көбірек қызмет етеді.
Бөтелке қақпақшаларынан нүктеге дейін
3-тен 4-ке дейін
Сабақтың мақсаты: Бұл сабақта балалар заттар мен сандардың арасындағы сәйкестіктерді үйренеді.
Қажетті құралдар: он қатты қағаз, 12 см х 18 см өлшемімен кесілген төртбұрыштар, 55 қақпақша, фломастер, степлер.
Дайындық:
1. Қатты қағаздан он карточка кесіңіз.
2. Карточкаларға фломастермен нүкте қойыңыз, (сандар емес) бірден онға дейін.
3. Елу бес бөтелке қақпақшаларын жинаңыз.
4. Карточкалар мен бөтелке қақпақшаларын сақтауға тығыз қағаздан конверт жасаңыз (жан-жағын степлермен бекітіңіз).
Сабақ барысы: Балалардан карточкада қанша нүкте бар,сонша қақпақша жинауын сұраңыз. Балалармен қанша қақпақша екенін санаңыз.
Нұсқаулар мен толықтырулар:
- Кішкене балаға бір, екі, үш нүктелері бар карточкаларды көрсетіп, олардың қандай сандарға сәйкес келетін сұрайсыз.
- Балалар көздерін жұмсын. Бір карточканы тығып қойыңыз. Бала көзін ашқанда, одан қай карточка жоқ екенін сұраңыз.
Бөтелке қақпақшаларынан нүктеге дейін
3-тен 4-ке дейін
Ата –аналармен бірге
Бұл сабақтар үшін ата-аналарға бөтелке қақпақшаларын жинауға көмектесулерін сұраңыз. Уақытын белгілеңіз (мысалы бір жұма) және балалардан ата-аналарының, осы аптадағы жинай алған қақпақшаларын сыныпқа әкелуін сұраңыз.
-
Ойландырғыш сандар
3-тен 4-ке дейін
Сабақтың мақсаты:
Ойландырғыш сандарды балаларға математикалық ұғымдарды нақты заттармен байланыстыра отырып,көрсету арқылы түсіндіру. Тәрбиеші сабақ барысында балаларды бақылау арқылы, баланың келесі баспалдаққа дайындығын біледі, келесі сабақ бұдан да күрделі сандар болуы керек. Ойландырғыштың жасалу мақсаты, осы карточкада белгіленген нүктелер санын, сан арқылы белгілеуді үйрену. Сонымен қатар олар нүктелер мен сандар бір-бірімен сәйкес келетінін біледі.
Қажетті құралдар: алты қатты карточка, фломастер, қатты қағаз, қайшы.
Дайындық:
1. Карточканың жоғарғы жағына фломастермен санға санды жазыңыз, төменгі жағына сәйкес нүктелер қойыңыз.
2. Әр карточканы ортасынан кесіңіз (кесілген қағаздан түзу немесе ирек әр түрлі пішіндерді кесіп қою қажет).
Сабақтың барысы: Үстел үстіне барлық сандар жазылған карточкаларды бетімен жайып қойыңыз. Балалар өз бетімен нүктелермен белгіленген немесе сандармен белгіленген карточкаларды таңдап алады. Содан кейін 1-2 бала «санды іздеу ойынын» ойнайды. Олар барлық нүктелермен белгіленген карточкаларды төңкеріп қояды. Ал қалған санмен белгіленген карточкаларды ашып қояды. Әрқайсысы кезек-кезек бойынша бір нүктемен белгіленген карточкаларды алып, оны сан жағымен белгіленген карточканың астына қою керек. Кесілген пішіндер бұл тапсырмалардың орындалуын жеңілдетеді. Ойын барысы барлық нүктемен белгіленген карточкалар, санмен белгіленген карточкаларды тауып, тәрбиеші түрлі сұрақтарды қою арқылы жалғасады. «Сен екі карточканы қалай қостың?», «Не себептен бұлар бір-біріне сәйкес?», «Өзіңнің дұрыстығыңа сенімдісің бе?» - деген сұрақтар қояды.
Нұсқаулар мен толықтырулар:
- Бала 1-ден 6-ға дейінгі басқатырғыш сандарды санап берсін. Басқатырғыш солдан оңға қарай саналады. Сандар ретімен тұр ма?
- Балалар басқатырғыш карточкалардың көмегімен, өздері басқа да ойындарды құрастырулары мүмкін. Оларды мадақтауды ұмытып кетпеңіз.
Ойландырғыш сандар
3-тен 4-ке дейін
Ата-аналармен бірге:
Бұл сабақты күнделікті топта ойын ретінде өткізуге болады. Егер ата-аналар қатты қағаздан «ойландырғыш сандар» жасап берсе, бұл жағдайда үйдегі көмек топтағы сабаққа көп көмегін тигізер еді.
Тең - тең емес
3-тен 4-ке дейін
Сабақтың мақсаты:
Бұл сабақтың мақсаты балаларға сандардың сақталуын (түймелердің орны ауысқанымен, олардың саны өзгермейді) түсіндіру. Үш карточкада бірдей түйме орналасқан, бірақ олардың тәртібі әртүрлі, бұдан балалар олардың орындары ауысқанымен, санының өзгермейтініне көзін жеткізу.
Қажетті құралдар: карточкалар өлшемі 8 см х 13 см, фломастер немесе өздігінен жабысатын дөңгелектер.
Дайындық:
1. Өлшемдері 8 см х 13 см болатын он сегіз карточка жасау.
2. Әр карточкаға бірден алтыға дейінгі дөңгелектерді әр түрлі жағдайда орналастыру.
3. Әр санға кем дегенде үш әртүрлі орналасқан дөңгелектерді қолдану.
Сабақтың барысы:
Еденге барлық карточкаларды тізіп қойыңыз. Бір немесе бірнеше балалар бір мезетте карточкаларды сандары бойынша жинауы керек. Кейбіреулері бұлардан да күрделі тапсырмаларды рет-ретімен орындайды. Бірден алтыға дейінгі сандары бар карточкаларды жинастырады.
Нұсқаулар мен толықтырулар:
Түймелердің көмегімен бірден алтыға дейінгі сандары бар карточкаларды жасау. Әр карточкаларда олардың орналасу тәртібі әртүрлі болуы қажет.
-
Тең-тең емес
3-тен 4-ке дейін
Ата-аналар мен бірге: Карточкалардың көмегімен ата-аналар балаларымен бірге лото ойынын ойнай алады.
Санды лото
3-тен 4-ке дейін
Сабақтың мақсаты:
Санды лото ойыны баланы санауға үйретуге арналған тамаша әрекет. Бала 0 мен 9-ға дейінгі санауды үйренгеннен кейін, оларды таңбалауды үйренеді. Сонымен қатар санды лото ойыны сандарды бір-бірінен ажыратуды үйретеді. Тәрбиеші күнделікті сандар біздің өмірімізде кездесетінін және олардың біздің өмірімізде қажетті екенін түсіндіріп, мектеп тақтасында белгілі күндерді, туған күндерді, сабақ кестесін, үй тапсырмаларын т.б. жазып көрсетеді.
Қажетті құралдар: қатты қағаз, сызғыш, қарындаш, қайшы.
Дайындық:
1. 5 см х 5 см болатын жиырма карточка жасаңыз.
2. Өлшемі 26 см х 26 см болатын қатты қағазды екіге бөліңіз, бұл қағаз бетіне көлденеңінен бес карточка сиятын болсын. Бұл лото ойынын ойнайтын алаң қызметін атқарады. Содан кейін әр бөлікке 0 ден 9 ға дейінгі сандарды ретсіз жазыңыз. Әр сан екі рет қолданылады.
3. Алдынғы жасалған жиырма карточка (1 пунктті қараңыз). Әр карточкаға 0-ден 9-ға дейінгі сандарды жазыңыз. Әр сан екі түрлі карточкада кездеседі.
Сабақтың барысы:
Бұл санды лотоны бір немесе екі бала ойнайды. Сандар жазылған карточкаларды беткі жағымен төмен қаратып қоясыз. Егер екі бала ойнаса, кезектесіп сан жазылған карточкаларды алып, ойын алаңындағы сәйкес келетін санның үстіне қояды. Барлық карточкалар өз орнына қойылғанша, ойын аяқталмайды. Осы уақыт аралығында тәрбиеші балалардың мүмкіндіктерін бағалап, дұрыс қоя алды ма, не қоя алмағандығын түсіндіреді.
Нұсқаулар мен толықтырулар:
Лото карточкаларын «сандардың сақталуы» ойынына пайдалануға болады. Бұл ойын екі немесе үш бала болып ойнауға арналған. Карточкалар үстел үстіне беткі жағымен төмен қарап қойылады. Балалар кезек-кезек шығып екі карточкадан аударады. Егер карточкалар сәйкес келсе олар карточкаларды өздеріне қалдырады, егер сәйкес келмесе сол орнында қалдырады. Барлық карточкалар аударылғаннан кейін ойын аяқталады.
Санды лото
3-тен 4-ке дейін
Сабақтың мақсаты:
Санау кітапшасын жасау арқылы бала санауды, кітапша жасауды үйренеді. Бала өз қолымен кітапшаны жасай алуы, тәрбиешілерге көп көмек болады.
Қажетті құралдар: тығыз түрлі-түсті немесе ақ қағаз (30см х 45см), желім, қатты қағаз (сыртқы қабын жасауға) (22см х 30см), сызғыш, қарындаш, резеңкеге арналған қайшы, қағаз.
Дайындық:
1. Өлшемі 30см х 45см етіп алынған қағазды, қатпарлап бүктеңіз. Кітаптың сыртқы қабын жасау үшін қатты қағазды екіге бүктеңіз, осы бүктелген жерден ара қашықтығы 2 см болатындай етіп сызғыштың көмегімен сызықтар сызыңыз. Алты бетті кітапшаға осындай он үш сызық қажет.
2. Осы сызылған сызықтардан бүктеңіз. Төменде алты беттен тұратын кітапшаның сызбасы берілген.
3. Осы бүктемелерді санап, келесі жағдайда не істейтіндігіңіз туралы бір уақытқа ойланыңыз. Кітапшаға қандай сандарды жазатындарыңызды ойланыңыз бірден беске дейін бе, әлде 1-ден 10-ға дейін. Парақты екіге бүктеп, ортасына қатты қағазды орналастырыңыз да терезе ойып аласыз. Сандар қатарын жасау үшін қатты қағазға сан жазыңыз да, осы әрекеттерді келесі әр бір парақтарға қайталаңыз.
4. Екі бетті бір-біріне желімдеңіз. Ұзын қағаздың бүктелген жерге жапсырылмағанын тексеріңіз.
5. Алғашқы және артқы беттерін кітапшаға жапсырыңыз.
6. Бірінші бетке қайта оралыңыз және 1 саны бар бетке бір нәрсені жапсырыңыз, мысалы, қанатты. Келесі беттерді де дәл осылай санға байланысты етіп қанаттар жапсырыңыз.
Сабақ барысы:
Санау кітапшасын балаларды санаумен алғаш таныстыру үшін және олардың әрі қарай жетілуін, жиынтықтың қалыптасуымен сандардың аталуы және олардың зат мөлшеріне сәйкес келуін үйрету. Кішкене топтарда балаларға қанша затты әр бетке жапсырылғанын жеке санауға мүмкіндік беріңіз. Бұл олардың автоматты түрде емес, нақты санау мақсатын түсінуге көмектеседі.
Нұсқаулар мен толықтырулар: Балаларға өз санау кітапшаларын жасауға мүмкіндік беріңіз; олар кітапшаға қандай заттарды жапсыруға болатындығын өздері шешсін. Ал кітап түптеуге тілек білдірген ата-аналардың көмектерін пайдаланыңыз.
Жемістер диаграммасы
4-тен 6-ға дейін
Ата-аналармен бірге:
Бұл сабақты қашан бастайтындығыңызды ата-аналарға алдын-ала ескертіңіз. Бұны бір апта бұрын немесе бірнеше күн бұрын хабарлау керек. Жанұяда кім қандай жемісті жақсы көретіндіктерін сұраңыз. Бұл жаңалықтарды өз диаграммаларыңызға қосыңыз.
Танграммды үйренушілер үшін
3-тен 4-ке дейін
Сабақтың мақсаты:
Танграмм - көне қытай басқатырғышы. Бұл ойын 7 элементтен тұрады (екі үлкен үшбұрыш, орташа пішінді бір ұшбұрыш, екі кішкентай ұшбұрыштар, бір төртбұрыш және бір параллелограмм). Бұл танграмм балаға қиындау (тіпті үлкендер үшін де), ол баланың кеңістіктегі ойлауын жетілдіреді. Оларды балаға икемдеп жасау қажет. Бұл сабақтағы танграмм 3-4 жастағы балаларға әдейі сәйкестендірілген. Ол үш үлкен пішіннен тұрады (төртбұрыш, үшбұрыш, және тік төртбұрыш). Бұл кітапта танграмм қалыбы 3 және 4 ойландырғыштардан тұрады.
Қажетті құралдар: қайшы, сызғыш, қарындаш, түрлі-түсті қағаз, үшбұрыш, төртбұрыш, тік төртбұрыш қалыптары, ақ қағаз, қара фломастер.
Дайындық:
1. Қалыптың көмегімен түрлі-түсті қатты қағаздардан танграмм қиыңыз. Танграмм бөлшектерін пластиктен жасауға болады.
2. Әр бөлшекті танграммды конвертке салып қойыңыз.
3. Ақ қағазға басқатырғышты көшіріп алыңыз да, шетін қара фломастермен жүргізіңіз.
Сабақтың барысы:
Пішіндерді оқуда көлем және үш пішіннің кеңістікте орналасуын үйрету - үлкен алғысты білдіреді. Танграммен жұмыс істеу балаларға қызықты. Балаларды біріншіден, геометриялық әлемге жетелейді. Оларға еркін, өз беттерімен пішіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік беру қажет. Негізінде танграмм ойынын баламен жеке жұмыста немесе топтық жұмыста, үш баланы біріктіріп басқатырғыштың шешімін тапқызуға болады. Әр бала жеке-жеке басқатырғышты алады да пішіннен түрлі танграммды құрастырады. Басқатырғыш 2-3 пішіннен құралған. Танграмм ойыны баланың ойлануына, дұрыс жауаптарын табуына, сонымен қатар, көру қабілетін жақсартуға көмектеседі, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытады.
Танграммды үйренушілер үшін
3-тен 4-ке дейін
Ата-аналармен бірге: Танграммен таныстырмас бұрын, ата-аналарға танграммен жұмыс жасайтындарыңызды алдын-ала ескертіңіз. Геометриялық пішіндерді қиюға өз еріктерімен көмектесушілер болса, көмек сұраңыз. Әр балада жеке пішіндер жиынтығы болса, тіптен жақсы.
Күрделілігі орташа деңгейдегі танграммдар
3-тен 4-ке дейін
Сабақтың мақсаты:
Геометриямен танысу күнделікті бейім заттармен танысудан басталады. Мысалы: төртбұрыштар немесе темір банкалар. Осыдан кейін балалар пішіндермен жұмыс істеуге көшеді. Танграммның көмегімен балада көлем, пішін және өлшем туралы ұғымдар қалыптасады. Танграмм ойыны балалардың геометриялық пішіндердің қасиеттері мен қатынастарын түсінуге көмектеседі. Бұл сабақта үш пішіннен тұратын классикалық жинақ терімдерін қолданамыз.
Қажетті құралдар: қайшы, ақ қағаз, қара фломастер, қатты түрлі-түсті қағаздар.
Дайындық:
1. Орташа деңгейдегі танграмм қиындығына қарай екі кішкене ұшбұрыштан және бірдей параллелограмнан тұрады.
2. Бөлек конвертке танграммның жеке бөлшектерін салып қойыңыз.
3. Лекалдың көмегімен түрлі-түсті қағаздан пішіндер жасаңыз. Сосын оларды пластикке жабыстыруға болады. Ақ қағазға басқатырғыштарды көшіріп алыңыз. Шеткі жиектерін қара фломастермен жүргізіңіз.
Сабақтың барысы:
Бұл сабақтың мақсаты балаларға кеңістіктегі байланысты білуге мүмкіндік береді. Пішіндердің атын білу бұл жерде маңызды емес, бірақ танграмм бұған себепші болады. Балалар үш-үштен бірігіп немесе жеке және топтасып ойнауларына болады. Контур жүргізілген бір ойландырғышқа үш пішінді сыйдырулары қажет. Егер кімде-кім жаңа комбинация құрастыра алатын болса, ол үлкен жетістіктерге жетті деген сөз.
Нұсқаулар мен толықтырулар:
- Балаларға өзінің жеке ойландырғыштарын жасауға мүмкіндік беріңіз.
- Олар өздеріне жаңа пішінді комбинациялағаннан кейін, ақ қағазға көшіруге көмектесіңіз. Топтағы барлық балалар жаңа құрастырылған ойландырғыштарды табуға тырыссын.
Танграммды жетік меңгергендер үшін
Сабақтың мақсаты:
Өз тәжірбиесіне сүйене отырып, балалар танграммның әр түрлі пішіндерін игереді, олар осы уақыт ішінде тек қана (төртбұрыш, тік төртбұрыш, үшбұрыштардан) өздерінің жаңа композицияларын құрастыруды меңгерген.
Қажетті құралдар: қайшылар, қара фломастер, түрлі-түсті қатты қағаздар.
Дайындық:
1. Жеті пішін қиып алыңыз (екі үлкен үшбұрыш, бір орташа үшбұрыш, екі кішкентай үшбұрыш, бір төртбұрыш және параллелограмм) кітаптағы қалыпты пайдалана отырып дайындаймыз.
2. Әр басқатырғышқа үлгі дайындаңыз.
3. Конвертке жеті танграммды салып қойыңыз.
Сабақтың барысы:
Бірінші және екінші басқатырғышты жинау үшін балаларға жеті танграмдағы барлық жеті бөлшекті пайдалану арқылы өздеріне белгілі бейнені құрастырады. Егер балалар жалықса немесе өзіне көңілі толмаса орташа деңгейдегі қиындығы бар танграммен жұмыс істеуіне уақыт бөліңіз. Сол жағдайда ғана олар бірінші қиын және екінші басқатырғыштарды шеше алады.
Нұсқаулар мен толықтырулар:
- Ең кішкене үш үшбұрыштан төртбұрыш дайындауды балалардан сұраңыз. Сонда ғана бала жауабын табу үшін ойландырғыш пішіндерін іздеп дайындайды. Балалар біраз дағдыланғаннан кейін трапеция және параллелограмм жасауға тапсырма беріңіз.
- Ойландырғыш құрастырушы бола алатындықтары туралы мүмкіндіктері бар екенін ескертіңіз. Стандарттық өлшемге сәйкес әр түрлі пішіндер комбинациясын бейнелесін. Егер балалардың бірі өз есімін жазғысы келсе, сол есімі жазылған жердің қасына ойландырғыштың атын жазып қойыңыз. Кейін пайдалану үшін бұл танграммдарды математика орталығына қойыңыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ойна да ойла» математикадан тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал

шағым қалдыра аласыз