«Ойна да ойла» музыкаға негізделген
тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал
Автор: Буркутбаева Айнур Наврузбековна
Бұл құрал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілерге арналған дістемелік құралдарының бірі. Мұнда қолда бар материалдардан драмалық ойындарға арналған қажетті құралдарды қалай жасау қажеттігі айтылған.
КІРІСПЕ
Өз қолдарыңызбен жасалған бұйымдардың құндылығы
Бұл құрал 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілерге арналған «Step by Step» бағдарламасының әдістемелік құралдарының бірі. Мұнда қолда бар материалдардан математика және дүниетану сабақтарына қажетті құралдарды қалай жасау қажеттігі айтылған. Барлық берілген сабақтар мен материалдар «Step by Step» бағдарламасының: оқытуды жекешелендіру, балаларға таңдау еркіндігін беру және баланы оқыту мен тәрбиелеу ісіне ата-аналарды тарту сияқты негізгі талаптарына сай келеді.
Бұл бағдарлама енгізілген елдердің бәрінде бірдей топтарды қажетті дидактикалық және ойын материалдарымен қамтамасыз ете алмау қиындығы осындай құралды құрастыру қажеттігін туғызды. Балабақшалар мен мектептердің барлығының бірдей қымбат материалдар сатып алуға мүмкіндіктері болмайды. Бар материалдардың өзі де балаларға математика мен жаратылыстану ғылымдарынан нақты, шынайы тәжірибе бере алмайды.
Тіпті топта алуан түрлі материал болғанның өзінде, тәрбиешіге өзіндік кәсіби жинағы болғанның артықтығы жоқ. Жақсы оқу материалдары – жемісті оқудың кепілі, сондықтан, материалдардың балалар еркін тәжірибе жасап үйрену үшін жеткілікті болғаны жөн. Тәрбиешінің қолымен жасалған материалдар баланың жеке қызығушылығын оятады және сол даму кезеңіндегі талап-тілегін қанағаттандыра алады.
Тәрбиешінің негізгі жұмысы төмендегідей:
- Тәрбиеші балаларды түрлі материалдармен қамтамасыз етеді және қоршаған ортамен шектеусіз қарым-қатынас жасауға қолайлы жағдай туғызады. Бала өз бетімен бір нәрсе жасағанда ғана жақсы үйренеді. Олар өз бетімен сынап көру, қателесу арқылы әлемнің қалай құрылғанын анықтаулары қажет. Үйренген білім белсенді жаттығулар арқылы жақсы бекітіледі. Мысалы, құрылымның жүйелілігі мен жүйесіздігі жөніндегі түсінікті бала барабанда музыкалық екпінді ұру арқылы: трам-там-там, та-рам-там-там; түрлі-түсті жіптерді түстерін кезектестіріп өре отырып: жіпке көк, сары, көк, сары, көк моншақтарды өткізу арқылы игертуіне болады.
- Тәрбиеші балалардың материалдармен қалай жұмыс істейтінін бақылайды. Мұндай бақылаулар баланың қызығушылығына (машиналар, жануарлар), өзіндік талап-тілек, мұқтаждығына (мысалы, баланың көзі нашар көретін болса, оған көре алмауына байланысты көбірек тактильді түйсікке негізделген жаттығулар), баланың қабылдау стиліне (мысалы, өте қозғалғыш баланы сумен ойнату арқылы тыныштандыруы мүмкін) байланысты қандай тапсырмалар беруге болатынын анықтауға көмектеседі. Осылайша тәрбиешіге қай сабақтар мен қандай орталықтарға балалардың қызығушылықтарының неліктен жоғары немесе төмен екендігін анықтауға мүмкіндік береді.
- Тәрбиешінің аталған уақыттағы баланың даму ерекшелігі туралы білуі тиіс. Ол әр балаға даму кезеңдеріне сәйкес қандай материал қажет екенін анықтайды.
- Тәрбиеші балаларға ашық сұрақтар қою арқылы балалардың зерттеу мен жаңа мәліметтерді игеруіне көмектеседі. Ашық сұрақтарға бірнеше жуық жауаптар берілуі мүмкін. Олар сонымен қатар баланың ойлау жүйесін түсінуге мүмкіндік береді. Сұрақ-жауап ойлауды ғана емес, баланың тілін де дамытады. Егер тәрбиеші топта сұрақты көп қойса, балалар да көп нәрсені сұрай бастайды. Білім алуда жалаң фактілерді жаттағаннан гөрі, ойлауды дамытудың мәні зор.
- Тәрбиеші балаларға өздерінің жұмыстары туралы ойлануға уақыт береді. Бұл берілген ұғымды терең түсінуге жағдай жасайды. Ол сұрақтар мен жауаптарға, өз ойларын білдіруге уақыт қалдырады.
- Тәрбиеші барлық дұрыс, жуық жауаптармен, шығарылған қорытындылар мен тұжырымдарды балалармен бірге талдайды. Көп жағдайда осындай қате жауаптарды талдау дұрыс жауаптарды талдауға қарағанда көбірек пайда әкеледі.
- Балалар сияқты, тәрбиешілер де тәуекелге бара алуы керек. Ол әрнәрсені сынап көріп, ескіні пайдаланудың жаңа жолдарын іздестіруі тиіс. Кейбір сабақтар сәтті, кейбірі-керісінше шығуы мүмкін. Барлық бала бірдей әрбір сабағыңызға ынталы, қызығушылықпен қатысады деп күтпеңіз. Ізденгіш тәрбиеші дер мезгілінде материалды ауыстырады немесе сабақты одан әрі дамытып, сәтті аяқтауға жетелейтін әдіс-тәсілдерді қолданады. Ол балаларға жаңалықты белсенді қабылдауға үйрету үшін жаңа сабақтар ұсынады.
- Тәрбиеші балаларға қате немесе тура емес жауап бергеннен гөрі, өзінің кейбір заттарды білмейтінін мойындағаны жөн. «Білмеймін» деген жауап бере отырып, тәрбиеші балалармен бірлесіп жауап іздеп, шешім қабылдайтын ахуал туғызады. Бұл балаларға әртүрлі басылымдарды пайдалана білуге үйретеді. Соған қоса, балалар үлкендердің де ізденіп оқитынын көреді.
- Тәрбиеші балалармен бірге ойнайды, әңгімелеседі. Ол балалардың білсем деген ынтасын бөлісіп, олар ұйымдастырған заттың бәріне қызығушылық танытады.
- Ең бастысы тәрбиеші өзінің қатысының артықтығын сезіне білуі керек, олар танымдық процесті өз бетімен басқаруы үшін балаларды өз еріктеріне жіберуі қажет.
Оқу материалдары неден жасалады
Топта балалармен өткізілетін әртүрлі сабақтарды ұйымдастыра отырып, тәрбиеші барлық үйде болатын, әдетте тасталатын алуан түрлі материалдарды қолдануы мүмкін. Әрбір тәрбиеші белгілі бір сабақтарға қажетті материалдардан «тілек» тізімін жасап, оны жинауға ата-аналар мен балаларды қатыстыруы керек. Бұл тізімді ата-аналарға арналған хабарландыру тақтасына, тұрақты шығып тұратын бюллетеньге беріңіз немесе жеке жазып қолдарына ұстатыңыз. Материалдар төмендегідей болуы мүмкін:
- табиғи - тастар, тұқымдар, жапырақтар, таяқшалар, қабықтар;
- тұрмыстық – түрлі ыдыстар, пластикалық бөтелкелер, банкалар, тамаққа қосылатын бояулар, ағаш және темір қалдықтар, әжетхана қағазы, газеттер, пенопластар, картон қораптар, бөтелке қақпақтары, шегелер, шуруптар, мата қиықтары, азық-түлік қораптары, қаптайтын материалдар, журналдар, календарлар, үй бұйымдарының сынықтары.
Жұмыстан немесе дүкеннен әкелінген материалдар - еденге төсегіштің қалдықтары, оқшауланған сымдар, ағаш сынықтары, ағаш үгінділері, пайдаланылған принтерге арналған қағаздар, қажетсіз деп тасталған әртүрлі заттар.
Барлық жиналған материалдарды жүйелеп жазып, реттеп, қажет уақытында алуға ыңғайлы жерге сақтау керек.
Аталған құралды қалай пайдалану қажет
Әр бөлімге (1 сабаққа) суреттер берілген. Бөлімнің басында мақсаты - осы сабақтың негізінде педагогикалық тұжырымдама айқындалған. Сосын материалдар тізімі мен сілтемелер, сабақты қалай жүргізу сипаттамасы, сабақты дайындау мен өткізуге ата-аналарды тарту, сол сияқты оқуды бейімдеу мен түрлендіру мүмкіндіктерін ұсынатын нұсқаулар мен толықтырулар берілген.
Сонымен қатар, құралды пайдалануға ыңғайлы болу үшін арнаулы белгілер қай жастағы балаларға арналғанын, сабақ өткізуге ыңғайлы орталықты көрсетеді.
Барлық сабақтар үш жастан алты жасқа дейінгі балаларға арналған. Нақты жасы келесі белгімен көрсетілген.
3 4 5 6
Ал мына белгілер сабақ өткізуге қолайлы орталықты көрсетеді:
Шығармашылық Оқу мен Құм Ашық Табиғаттану жұмыстар сауат ашу және ойын
орталығы орталығы су алаңы
Математика Құрылыс Музыкалық Желілі-рольді
орталығы орталығы сабақтар ойындар
орталығы орталығы
Төменде көрсетілген кесте қай сабақ қандай орталықта болатынын тез бағдарлауға көмектеседі.
Кестеде әр сабақ үшін бірнеше орталық берілген. Кез-келген сабақ дамудың белгілі бір саласымен байланысты: әлеуметтік немесе сезімдік дамуы, шығармашылық қабілеттері, тіл дамыту, табиғаттану, математика, дене шынықтыру, қоғамдық ғылымдар.
Берілген құралдағы сипатталған барлық сабақтарды тәрбиешілер бірнеше рет өткізген, егер сіз бірінші рет өткізіп отырсаңыз, алдын-ала дайындалып алғаныңыз жөн. Балаға бағытталған әдістемені толық меңгеріп, жеткілікті тәжірибе жинақтағаннан кейін, сізге түгел топқа немесе әрбір жеке балаға арналған оқу материалдарын ойластырып, құрастыру жеңіл болады. Бұл құралда берілген материалдар балалар көшіріп алатын үлгі емес. Керісінше, олар баланың елесі мен қиялын ынталандырып, оларды пайдалануда шығармашылықпен жұмыс жасауға жетелеуге арналған.
Барлық ұсынылған сабақтарды тәрбиешілер құрастырған, олар әлемнің көптеген елдерінде тиімді қолданылып жүр. Егер сіз бұл іске шығармашылықпен қарап, өз ойларыңызды басқа әріптестеріңізбен бөліссеңіз, берілген материалдар сіз жинақтайтын қайталанбас жеке жинағыңыздың бастауы болсын.
МУЗЫКА
Пластмасса құтыдан жасалған сылдырмақ
3-тен 6-ға дейін
Ата-аналармен бірге:
Ата-аналар балаларымен бірге үйді түгел аралап, қай зат қандай дыбыс шығаратынын анықтасын. Оларға түрлі тұрмыстық бұйымдарды үлкендермен бірге жүріп қозғап, сілкілеу бір жағынан қызық, екіншіден олардың қандай дыбыс шығаратынын байқап біледі.
Сабақтың мақсаты:
Бұл тәжірибе балалардың түрлі дыбыстарды ажырату қабілетін дамытады. Бұл дыбыстық салыстыру мен жұптарын табуға арналған жаттығу. Балалар ести отырып, дыбыстардың нәзік ерекшеліктерін танып ажыратуға үйренеді.
Қажетті құралдар:
Түймелер, шемішке, скрепкелер, кішкентай пластмасса құтылар (фотопленкадан немесе дәріден босаған)
Дайындық:
1. Екі бірдей банкаға теңдей бөліп шемішке салыңыздар.
2. Екі бірдей банкаға теңдей бөліп бірдей көлемдегі түймелерді салыңыздар.
3. Екі бірдей банкаға тең бөліп бірдей көлемдегі скрепкаларды салыңыздар.
4. Барлық банкаларды жабыңыздар.
Сабақтың барысы:
Үш адамнан тұратын топ құрып, әрқайсысына банканы сілкілеуге беріңіз. Банкалардан бірдей дыбыс шыға ма, анықтасын. Балалар бір дыбыстар ұқсас, ал кейбіреулері ұқсамайды деп жауап беруі мүмкін. Қайсылары ұқсас екенін тапсын. Балалар ұқсас жұптарды тапқан кезде, бұл дыбысты суреттеп беруін сұраңыз. Олардың ойынша қандай нәрсе осындай дыбыс шығаруы мүмкін.
Нұсқаулар мен толықтырулар:
- Ыдысқа салынған заттардың мөлшерін көбейтіп немесе азайтып, балаларға қайтадан сілкілеуге беріңіз. Дыбыс өзгерді ме? «Ал егер ыдыстағы заттарды араластырсақ, не болады? Онда дыбыстардан ұқсас екі жұп шыға ма?»
- Мұндай сылдырмақтарды жүйелі ырғақтарды соғуға немесе әндерді сүйемелдеуге пайдалануға болады.
«Марака сылдырмағы» (3-тен 6-ға дейін)
Ата-аналармен бірге:
Ата-аналар! Өздеріңіз сол жаста айтқан қандай да болмасын бір әнді балаларыңызға үйретіңіз.
Сабақтын мақсаты:
«Марака» - бұл ұрмалы музыкалық инструмент. Аспапта ойнай отырып, бала түрлі ырғақтарды құрастырады. Аспапты жасау мен ойнау сәби саусақтарының нәзік қимылдарын дамытады. Тәрбиешінің көмегімен балалар әртүрлі екпінді анықтап, оларды салыстыруға үйренеді. Бұл сылдырмақтарда балалар белгілі бір ырғақты үйренеді.
Қажетті құралдар:
Әжетхана қағазының картон түтікшелері, алюминий, фольга, ленталар, шекілдеуіктер, ұсақ тастар және бөтелкенің қақпақшалары, жүн жіптер, гуашь, резеңкелер, қағаз жолақтар, қалың қағаз
Дайындық:
1. Балалар картон түтікшелерді әртүрлі түске бояйды.
2. Бояу кепкеннен кейін балалар түтікшенің бір ұшын фольгамен немесе қалың қағазбен жауып, резеңкемен бекітеді. Кішкентайларға ересектер көмектесуі қажет.
3. Түтікшенің ішіне уыстап шекілдеуік, ұсақ тастар, немесе бөтелке қақпақтарын саламыз.
4. Түтікшенің екінші ұшын да жоғарыды айтылған тәсілмен жабамыз.
5. Балалар өздерінің сылдырмақтарын түрлі қағаз және атлас жолақшалармен, түрлі-түсті жүн жіптермен безендіруіне болады.
Сабақтың барысы:
Балалар үлкен немесе кіші топтарға бөлініп, дөңгелене отырады, кезекпен ырғақты ұрады, қалғандарын қайталайды. Мысалы: адам атынан бастауға болады, Санжар 2-рет, Құралай-3 рет. Балаларға дыбыстың қалай пайда болатынын анықтатамыз. Өздерінің сылдырмақтарын әртүрлі жылдамдықпен-бірде шапшаң, кейде орташа, кейде баяу шайқалтып көрсін. Ал егер сылдырмақты домалатсақ қандай дыбыс шығады? Ал егер оны саусақпен ұрсақ ше?
Нұсқаулар мен толықтырулар:
Сылдырмақты ырғақпен ұра отырып, ән айтыңыз немесе әуен ойнаңыз.
Пластинканы немесе кассетаны қосып, балаларды әуеннің ырғағымен шерудегідей жүргізу.
Үлкендеу балалардан осы ырғақты суреттен беруін сұраңыз, мысалы: соққы, соққы, үзіліс, соққы-соққы-үзіліс.
Бубен жасаңыз. Екі қағаз тәрелкені бормен, бояумен бояп, оны қағазбен қаптап, желімдеңіз. Бір тәрелкеге ұсақ тастарды, бөтелке қақпақтарын, шемішкелерді салып, екінші дөңгелекпен жабыңыз да степлермен бекітіңіз.
КА-ЗУ (3-тен 6-ға дейін)
Ата-аналармен бірге:
Ән айтатын немесе музыкалық аспаптарда ойнай білетін ата-аналарды топқа шақырыңыз. Бұл арқылы ата-аналар музыка тыңдаудан қандай рахат сезімге бөленуге болатынын көрсетеді.
Сабақтың мақсаты:
Дыбыс-бұл тербеліс. Ка-зуды жасау – балауызды қағаздан қалай өтетінін, оны тербеліске ұшырату арқылы жоғары не төмен екпіндегі дыбыстар шығаратынын білуге болатын ғажап мүмкіндік. Мақтана отырып, рахаттана сүйікті әнінің мақамын айтумен қатар, балаларда жылдам тербеліс – бұл жоғарғы екпін, ал баяу-бұл төменгі екпін екені туралы ұғым қалыптасады.
Қажетті құралдар:
Әжетхана қағазының картон түтікшелері, сыйлық орауға арналған қағаз, гуашь, фломастерлер, балауыздалған қағаз, қылқаламдар, желім, резинкалар, қайшы.
Дайындық:
1. Әрбір бала картон түтікшені безендіреді. Оларға түрлі-түсті орама қағаздар, фломастерлер, бояулар.
2. Түтікшенің бір ұшын балауыздалған қағазбен жауып, резеңкемен бекітеміз.
3. Кішкентайларға көмек қажет болуы мүмкін. Үлкендер бұл жұмысты өздері жасау керек.
Сабақтың барысы
Балалар түтікшеге алдымен даусын жай шығарып, сосын қаттырақ белгілі бір әуенді айтсын. Жоғарғы және төменгі дыбыстарды айтып көру қажет. Ка-зудан тағы қандай дыбыс шығаруға болатынын байқап көріңіздер. Кез-келген бір әуенді хормен орындаңыздар. Жеке орындаушылар болуы мүмкін.
Нұсқаулар мен толықтырулар:
Пластинка немесе кассета қойыңыз. Балаларға өздерінің Ка-зуларында ойнай жүріп, музыканың ырғағымен жүріп өтуді ұсыныңыз.
Үлкен балалардың шағын тобын жинап, олардан қандайда болмасын дыбыстар тізбегін айтып беруін сұраңыз. Ал қалғандары қандай жүйелілікпен ойналғанын анықтасын. Мысалы, жоғары-төмен, жоғары-төмен.
Ағаштан жасалған арфа
4-тен 6-ға дейін
Ата-аналармен бірге:
Ата-аналарға балаларымен бірге жанұялық ансамбль құрып, қолдан жасалған музыкалық аспаптарда ойнауды ұсыныңыз. Ән мен күй кештерін ұйымдастырып, оған барлық ата-аналарды шақырыңыз.
Сабақтың мақсаты:
Бұл сабақ балаларды музыканы тыңдауға және саз аспаптармен тәжірибе жасауға үйретеді. Балалар әрқашан айналадағы немесе көшеден естілген дыбыстарды қызық көреді.
Қажетті құралдар:
Ағаш, балға, резиналар, фломастерлер, шегелер.
Дайындық:
Әртүрлі үш резинаны тағып, сол жағына бірдей ара қашықтықта үш шегені қағуға болатындай кішілеу ағаш тақтайшаны аламыз. Оң жағына диагналь бойынша сызық сызамыз. Сызық бойына үш шеге суреттегідей әрқайсысы соңғысы алдыңғысынан сол жақтағы шегеге жақын қағатындай болуы керек.
Сабақтың барысы:
Балалар өздері шегені қағып, оған резиналарды тағады да, арфаларының «шектерін» теріп ойнай бастайды. Тақтайшаны құлақтарына жақын ұстап шектерін тартып көру арқылы дыбыстың қатты шығатынын байқатыңыз. Балалар өз беттерімен қай шек жоғары дыбыс, қай шек төмен дыбыс шығаратынын анықтасын.
Нұсқаулар миен толықтырулар:
- Музыкалық аспаптарды алуан түрлі қақпақтар мен ұзындықтары түрліше резиналардан жасаңыздар. Қақпақтарды жинап, оларға резиналарды керіп тағыңыз. Сонан соң, резинкаларды тартып көру арқылы одан шығатын дыбыстарды тыңдаңыз. Үлкен қақпақ пен кіші қақпақтан шығатын дыбыстың айырмашылығы бар ма? Резиналарды айыру жолақшаларымен желімдеңіз. Дыбыс өзгерді ме?
- Шыны стакандарға әртүрлі көлемде су құйыңыз. Шағын топты жинап, әрқайсысына ыдыстарды таяқшамен ұрып көруді сұраңыз. Дыбыстар бірдей ме? Неліктен олар әртүрлі? Егер де су құйылмаса, стакан «дыбыс» шығара ма?
- Балаларды серуенге алып шығыңыз немесе балабақша үйін аралатып, әртүрлі дыбыстарды тыңдаңыз. Егер мүмкіндік болса, магнитафон таспасына жазып алыңыз да, ертеңіне балаларға тыңдатыңыз. Олар кеше естіген дыбыстарды тани ма? Егер мұндай мүмкіндік болмаса, дыбыс иелерінің суреттерін - машиналар, құстар, т.б. көрсетіңіз. Балалар дыбыстарды өздері айтып көрсін.
Қораптан жасалған банджо
5-тен 6-ға дейін
Ата-аналармен бірге:
Ата-аналарға балаларына өздері сол жаста оқып-үйренген ұлттық аспаптар мен халық әндері туралы әңгімелеп беруге кеңес беріңіз.
Сабақтың мақсаты:
Барлық балалар табиғатынан өнерлі-музыканттар. Мейлі олар аяқ киімнен босаған қораптан банджо жасап, ойнап, үйренсін. Бұл оларға дыбыс, тербеліс, екпін туралы ұғымдарды меңгеруге көмектеседі. Тәрбиеші балалардың назарын дыбыстың әртүрлі биіктігіне аудару арқылы олардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытады. Салыстыру мен талдау арқылы балалар қысқа резиналар жоғары дыбыстар, ал ұзындары төмен дыбыстар шығаратынын өздері байқайды.
Қажетті құралдар:
Аяқ киімнен босаған қақпақты қораптар, таяқшалар немесе қарындаштар, ұзын резинкалар, қайшы, картон түтікшелер.
Дайындық жұмыстар:
1. Ата-аналардан қолдан екі немесе үш банджо жасауын өтініңіз. Қайшымен қиып қақпаққа сопақша тесік жасаңыз.
2. Қақпақты қорапқа жауып, резинкаларды керіп тағыңыз. Әрбір «шектің» арасы шамамен екі жарым сантиметрдей болуы қажет.
3. Қаласаңыз қорапқа грифтің орнына таяқша немесе қарындаштан жасалған құлақшалары бар картон түтікшелер орнатуға болады.
Сабақтың барысы:
Дайын банджоны балалардың шағын тобына көрсетіп, оларға қарап, танысуға уақыт беріңіз. Шанағындағы тесіктің тұсынан шектерді тартып, ойнап көрсін. Банджоның дыбысынан не байқағандарын балалардан сұрап біліңіз. Әр шектен шыққан дыбыс бірдей ме? Әр түрлі дыбыс екпіні жөнінде қандай қорытынды шығаруға болады? Дыбысты қалай өзгертуге болады?
Нұсқаулар мен толықтырулар:
- Балаларға жұптаса отырып қандай шектер бірдей дыбыстар, ал қайсылары әртүрлі дыбыс шығаратынын анықтауды тапсырыңыз.
- Балаларға белгілі-бір ырғақты қайталауды ұсыныңыз, мысалы: шертіп, шертіп, үзіліс, тағы да шертіп, шертіп, үзіліс. Ырғақ - бұл да реттелген құрылым, тек дыбыстан құралған. Олар ырғақты өздері ойлап тауып, бір-біріне ойнап береді.
- Қораптан жасалған банджомен сүйемелдей отырып, ән айтыңыздар.
11
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ойна да ойла» музыкаға негізделген тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал

шағым қалдыра аласыз