жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ойын – бала өміріндегі білім мен тәрбиенің басты құралы"
Ойын – бала өміріндегі білім мен тәрбиенің басты құралы
«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»
Абай Құнанбаев
Халқымыздың ұлы ойшыл - кемеңгерлері - ақын-жазушы, жырауларымыз, ұлы ғалымдар мен педагогтар ойынның бала өміріндегі білім мен біліктің, тәлім мен тәрбиенің - қайнар көзі екенін ертеден айтқан.
Мұхтар Әуезов атамыз: «Біздің қазақ халқымыздың өмір кешкен ұзақ жолдарында өздері қызықтаған алуан түрлі ойындар бар. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуанту, көңілін шаттандыру емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болады» - десе, ал белгілі әдебиетші Тұяқбай Манашұлының жырында «Балалармен ойнайды, ойнап жүріп ол бала – кеудеге ақыл ойлайды» - деп, өз ойын білдірген. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық»-деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ал орыс ғалымы Надежда Крупская: «Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген» - деп, ойын жеткізсе, Василий Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын - дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - деп өз пікірін келер ұрпаққа осылай жеткізген. Антон Макаренконың айтуынша: «Ойынға бір жақты көзқарас қате. Педагогикалық үрдісте ойынды дұрыс пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады, балаларға қуаныш сыйлайды. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек бейімделуіне мүмкіндік береді. Жаңа ортаға, оқу үрдісіне өту үйреншікті өмір сүру әдістерін өзгертуді қажет етеді» - дейді. Тағы бір сөзінде: «Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады. Сондықтан келешек жас ұрпақты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады» - деп өте орынды айтқан.
Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Балалардың ой өрісін жетілдірумен бірге өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу тәсілі. Адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады.
Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi.
Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады. Ойын - баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән–мағынасы ерекше. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу қызметінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды.
Ойын бала үшін - нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды - бейнелі, қимыл - қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды - бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік оқу қызметтерінде алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, сурет салу, мүсіндеу, құрастыру оқу қызметтерінде жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды - бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.
Әлемдік
білім кеңестігінде мектепке дейінгі
педагогикалық мәселелерін шешуде
тәрбиелеу мен білім беру жаңаша жетілетін
әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі
жаңалыққа жол ашу бағыттары
қарастырылуда.
Баланы жан-жақты
тәрбиелеу, оның дүниетанымын жетілдіру,
сөздік қоры мен сөйлеу тілін, ой өрісін
дамытып, еңбекке баулу – балабақшалардағы
барлық топтарға бірдей ортақ басты
міндеттер.
Бала өмірінің алғашқы
мектепке дейінгі кезеңі оның өсіп
жетілуіндегі ең жауапты кезең. Бұл кезде
баланың ақыл – ой қабілеті, қасиеттері
және эстетикалық сезімдері қызықты,
мазмұнды оқу қызметі, еңбек, ойын
процесінде жан – жақты қалыптасады.
Ойын дегеніміз – бұл адамның мінез-құлқын
өзі басқаруымен анықталатын қоғамдық
тәжірибені қалыптастыруға арналған
жағдаяттар негізіндегі іс- әрекеттің
бір түрі. Ойынның түрлері өте көп. Оқу
қызметінде
қолданатын ойын түрлері мынадай топтарға
бөлінеді:
Ұлттық ойындар
Сюжетті рольді ойындар
Педагогикалық ойындар
Дидактикалық ойын
Шығармашылық ойын
Қимылды ойындар
Педагогикалық ойын технологиясы дегеніміз — педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. Дидактикалық ойындар арқылы оқу қызметі барысында балаларды қызықтыру мақсатында қолданылады және мектеп жасына дейінгі ұйымдардың барлығында да, оқу қызметі ойын түрінде өткізіледі. Оқу қызметі барысында ойын түрлері жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылады. Тәрбиеші ойынға тек қана баланы қызықтырып қоймай, бес саланы білім берудің негізгі құндылығы деп түсінсе ғана өз мақсатына жете алады.
Ойындарда күтілетін нәтижелер:
1. Ойын — тәрбие құралы, ақыл — ойды, тілді ұштастырады, сөздік қорды молайтады, өзін қоршаған ортаны танып, мейрімділік сезімге тәрбиелейді.
2. Еркін мінез – қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
3. Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
4. Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.
5. Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
6.
Дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Демек, ойын баланы жан - жақты жарасымды
тәрбиелеудің психологиялық және
физиологиялық негіздері болып табылады.
Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын
сергітіп қоймай, оның өмір құбылыстары
жайлы танып түсінуге де әсер етеді.
Балалар ойын арқылы тез тіл табысып бір
– бірімен жақсы қатынаста болады. Ойын
үстінде де бала өз денсаулығын қимыл
арқылы нығайтады. Ойынның қандай түрі
болмасын атадан балаға яғни ұрпақтан
ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары
өмір қажеттіліктерінен туады. Психологиялық
жақтан денсаулықты нығайтуға
негізделген.
Қорыта келе айтқанда:
Ойын мектепке дейінгі балалардың негізгі
- әрекеті. Ойын балалар өмірінің нәрі,
яғни оның рухани жетілуі мен табиғи
өсуінің қажетті алғы шарты. Ойын арқылы
балалар қоғамды тәжірибені меңгереді,
өзінің психологиялық ерекшеліктерін
қалыптастырады. Бір сөзбен айтқанда,
ойын баланың жан - жақты дамуын көздейтін,
оның тілін жаттықтыратын, қимыл -
қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін
арттыратын, басқа адамдармен қарым -
қатынасын реттеп, құрдастарымен
ұйымшылдығын арттыруға негіз болып
табылады. Ойын - бала үшін біліктіліктің
қайнар көзі. Сондықтан жас өрендер ойнай
отырып ойлай білсін. Ойын көп жоспарлы,
күрделі педагогикалық процесс болғандықтан
мектепке дейінгі жастағы балаларды
оқытудағы ойындық әдіс болып табылады.
Оқыту формасы балаларды жан-жақты
тәрбиелеудегі
негізгі
құрал болып есептеледі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген