жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ойын- тәрбие құралы
Ойын – тәрбие құралы
Ойын балалар үшін айналадағы дүниені танып білуіне әсер етеді. Ойынның негізгі ерекшелігі балалар үн-түнсіз ойнамайды. Бала тіпті жалғыз қалғанның өзінде де сөйлеп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алып, ойынның түпкі мақсаты мен мазмұнын анықтайды. Ұлы педагог В.А. Сухомлинский
«Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фонтазиясыз толық мәндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», дейді. Демек, баланың ақыл-ойы, парасаты, ұлттық салт сананы бойына сіңіру арқылы арта түседі. Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп өмір сүруі әр түрлі іс-әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Осы іс-әрекеттердің бір саласы ойын әрекеті. Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің тағылымдық және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім тәрбиелік психологиясында өзекті мәселе боп саналады. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл ойы дамып,өзін қоршаған ортаны таниды.
Әр сабақтың алдына қойған міндет-мақсатына орай оның ішкі құрылысы да балаға әрдайым жаңалық білдіруге , тақырыпты жеке түсіндіріп,саналы түрде меңгеруге,оны пысықтап, бекітуге бағытталуы тиіс.Осыған орай балабақшада алға қойған мәселем: «Ойын арқылы балалардың тілін дамыту»
Тақырыбы: Ойын тәрбие құралы
Мақсаты: Ойын арқылы әр баланың игі бастамасын қолдап,оның бойындағы жаңа қасиеттерді өрбіте,өзіндік ой-өрісін қалыптастыру арқылы жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.
Міндеті: Жеке тұлғаның ақыл-ой белсенділігін қалыптастыру.
Жеке тұлғаның рухани дүниесін жетілдіру.
Бала білімін тереңдетіп,танымдық белсенділігін,іскерлігін арттыру.
Бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу.
Осы міндеттерді шешуде алдыма мынадай болжам қойдым.
Болжам: 1.Ойын арқылы балалардың тілі дамып,белсенділігі артады.
2.Ойынның атқаратын функциялары.
3.Әлеуметтік қарым-қатынас нормасы.
4.Қиындықты жеңу жолдары.
5.Көңіл аулау,қызығушылығын арттыру.
Сабақта қолданылатын осы ойын ерекшеліктері іскерліктің шығармашылығын арттырады. Сабақ үстінде ойын тәсілдерін пайдалануда мынадай негізгі бағыттар ұсынылады.
Дидактикалық мақсат тапсырма ойын түрлерінде беріледі. Оқу барысы ойын шартына бағынады. Оқу материалдары ойындағы жарыс элементтеріне кіріп, дидактикалық тапсырманы орындайды.
Ойынның өткізу формасы: жалпы, топтық, жекелей.
Ұлттық ойындар:
санамақтар, бәйге, қуыр, қуыр, қуырмаш, орамал тастамақ, асық.
Дидактикалық ойындар: Сиқырлы алма, шашылған әріптер, сөздер шынжыры, алфавит.
Қимыл-қозғалыс ойындары: Аюлар мен аралар, күн мен түн, аңшы мен қояндар, қояндар мен қасқыр.
Сюжеттік рольдік ойындар: дәріханада, кітапханада, шаштаразда.
Ситуациялық проблемалық: әңгімені қалпына келтір, ертегіні аяқта, сенің ойыңша.
Ұлттық ойындарды үйретудің күнделікті тұрмысқа пайдананудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Мәселен, сенсорика сабақтарында балалардың ой-өрісін дамытатын санамақ ойыны. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру.
Дидактикалық ойынның нәтижесі қалай болса да мақсат ұту емес, балалардың білімділігін игеру, ақыл ой қызметін дамытуда өзара қатынас жасауда жетістіктерінің көрсеткіші.
Қимыл-қозғалыс ойындары балаға дене тәрбиесін беру құралы. Қимыл ойындары баланың жүйке жүйесін психикалық дамуына, жеке басының, денсаулығының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Салауатты өмір салтын қалыптастырады.
Сюжетті рөлді ойындарының ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ситуациялық проблемалық ойындар арқылы балалардың көңіл күйі сергіп, ерік-жігерін дамытады. Ситуациядан шыға білуге, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
«Әңгімені қалпына келтір», «Ертегіні аяқта», «Сенің ойыңша», ойындарын ұйымдастрыру барысы әрбір жеке тұлға өз ойларын жасқанбай айтуға мүмкіндік алады.
Осындай ойындар ойнау арқылы баланың дамып жетілуіне ықпал ететін басты құрал ойын деп білемін. Тәрбиеші балаларды ойнатып қана қоймай,олардың ойларының нақты, сөйлемдерінің мазмұнды болуын назардан тыс қалдырмау керек. Отбасында болсын, балабақшада, мектепте бүлдіршіндердің ойлы да, өнерлі, тіл байлығы мол болып өсуіне, ойынның ұшан теңіз мүмкіндіктерін аша білуге, балалардың ізгі мақсаттар арнасында өрбітуге күш алу игі мақсатымыз.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген