"Ойын -тәрбие құралы" мақала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ойын -тәрбие құралы" мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын арқылы балалардың танымдық ой өрісі дамиды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ойын - тәрбие құралы


Қазіргі таңда оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни танымдық ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.


XXI - ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан - жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы - ойын әрекеті, яғни ойын - баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қызықтырып уақыт өткізудің құралы болмай, тәрбиенің құнды негізі болуы шарт.

Осы орайда сабақ кезеңінде танымдық қабілетін арттыратын ойынның маңызы зор. "Ойы таяздың, тілі таяз" демекші, ойлау арқылы баланың тілдік қоры артады. Ойын айналадағы болмысты бейнелесе, бүлдіршін ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмаларды өзінше зерттеп пайымдауға үйренеді. Танымдық ойындар тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды.

Әсіресе, өз тәжірибемде математика пәнінде қолданылатын танымдық ойын түрлері "Жоғалған сан", "Домино", "Лото" т.б ойындар оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түседі.

Ал, көркем әдебиет сабағында "Ғажайып қоржын", "Дыбысына қарап таны", "Қай пішін жоқ?" ойындары арқылы айналаны танып білуге баулимын. Қорыта айтқанда, танымдық ойынның тиімділігі баланың ақыл - ойы дамиды, біз үшін бірсарындылықтан арыламыз, ата - ана үшін бала бойындағы жағымсыз қылықтарды ойын арқылы жақсылыққа тәрбиеленеді. Олай болса, әр сабағымызда ойынның ұтымдылығын назарда ұстайық. Өйткені бала еңбегі ойын екенін ескерсек, бүгін тиянақты ойнай білген бала, ертең ер жеткенде өз ісінде табысты іс тындыратыны сөзсіз. сонымен қатар жаратылыстану сабағының берері мол. Бұл пән бойынша бүлдіршіндер, әр бағытта қоршаған ортамен танысуды үйренуде.


Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінің шағын орталық тәрбиешісі:

Оразбаева Света Избастиновна



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2020
528
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі