Түркістан
облысы Әдістемелік орталығының
«Практикалық дене тәрбиесін дамыту»
бөлімінің педагог-ұйымдастырушусы
Тұрнияз Нұрдаулет Әбдімажітұлы
Мақала
тақырыбы: Ойын
әрекеті негізінде қарым-қатынасты
қалыптастыру жолдары
Қазіргі
қоғам талабы елдің ертеңі, болашағын
жасаушы жастардың жан-жақты білімді,
қабілетті, тәрбиелі, өнегелі болуын
талап етеді. Сол себептен бала тәрбиесі
барлық жас кезеңдерінде жүйелі түрде
жүргізіліп отыруы қажет. Мектеп жасына
дейінгі кезең – бала тәрбиесіндегі
маңызды кезеңдердің бірі болып табылады.
Бұл жаста бала дамуы жаңа әлеуметтік
сипатқа ие болады. Осы жастағы жетекші
іс-әрекет ойын болып есептелінеді. Ойын
барысында бала қажеттілігін
қанағаттандырады, өзін қоршаған заттардың
қасиеттерін, ерекшеліктерін таниды,
ойын арқылы қоршаған ортаны қабылдайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың
тәрбиесіндегі басты мәселе – мектепте
оқытуға психологиялық даярлықты
қалыптастыру. Қазіргі таңдағы мектептер
балалардың 1-сыныпқа тиісті мөлшердегі
білім дағдыларымен, ал басты –
зерттелінетін заттар мен құбылыстарды
жүйелі бақылауға, олардың елеулі
ерекшеліктерін ажыратуға, пікірлесуге
және қорытындылар жасауға мүмкіндік
беретін дамыған қабылдауымен келуін
талап етеді. Сол себепті де мектеп жасына
балалардың қарым-қатынасқа түсу
сауаттылығын арттыру, жан-жақты дамыту
мектеп жасына дейінгі мекемелердің
және бала тәрбиесімен айналысатындардың
басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Қарым-қатынастың
сан – салалы қызметі бар және жалпы
адам өмірінде алатын орны зор. Болашақтың
ірге тасы саналатын бала әуелі отбасында,
содан кейін мектепке дейінгі мекемелерде,
одан мектепте қалыптасатыны баршамызға
белгілі. Балабақшада тәрбиеленген
балалар мектепке белгілі дәрежеде
дайындықпен келеді. Ал отбасынан бірден
мектепке келген балалардың білім
дәрежесін басқалармен салыстырғанда
айырмашылығы білінеді.Біреулер баласын:
«Менің балам оқи, жаза, тіпті жүзге дейін
санай біледі» деп әкелсе, екінші біреулері
«үйімде адам жоқ, балабақшада да
болмады, сондықтан көңіл бөлсеңіздер
екен» деп әкеледі, келесі бір топ бақшада
мектепке келеді. Кейбір себептермен
көптеген балалар мектепке барғанша
балабақшаға бермей, отбасында
тәрбиеленуде. Мұндай балалар
балабақшаға барған балаларға қарағанда
өзін көпшілік ортада жайсыз сезінеді,
балалармен қарым-қатынасқа түсуге
қиналады, себебі оны баланың көптігі
қорқытады.Осы кезеңдегі балдырғандардың
негізгі іс-әрекеті ойын болып табылады.
Бала айналадан бақылап көргенін, танып
қабылдаған нәрселерін ойын арқылы
бейнелеп көрсетеді. Мектеп жасына
дейінгі балалардың ойыны дұрыс
ұйымдастырылған жағдайда ұйымдастырушылық
шеберліктің жоғары деңгейіне жетуге
болады. Әрбір ойын мүшесі ұжым алдындағы
жауапкершілік терең сезінеді. Ойын
барысында балалар құрдастарымен
қарым-қатынас жасайды, бір-бірімен тіл
табысады. Балалардың ойын барысында
құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасау
ерекшелігін зерттеу және коррекциялау
өте маңызды. Төрт, бес жастан кейінгі
балаларға өз тобы тарапынан берілетін
баға ерекше маңызды. Ол құрдастары
тарапынан қолдау таппайтын қылықтардан
бас тартуға, олардың жағымды
қарым-қатынастарына ие болуға тырысады.
Балабақшадағы топта баланың белгілі
орны оған құрдастарының қалай
қарайтындығымен сипатталады. Құрдастар
тобындағы баланың орны жеке басының
дамуына айтарлықтай әсер етеді.
Баланың өзін қаншалықты сабырлы,
қанағаттанғандық сезімде ұстауы,
құрдастарына қатысты мінез-құлық
ережелерін қандай дәрежеде игергендігін
осы орынға байланысты. Құрдастар
тарапынан жанашырлық жәрдем күтпейтін
танылымы төмен балалар көбіне өзімшіл,
томаған-тұйық мінезді болып шығады.
Балаларда қарым-қатынас шеберлігін
қалыптастырып, дамыту үшін, оларды
бірлестік ойынына қосу керек. Ойын
кезінде баланың психикасына маңызды
өзгерістер болады, себебі қоршаған
ортамен қарым-қатынасының негізгі
түрі қалыптаса бастайды. Ойын мәні
– баланың рухани әлеміне ықпал етумен
бағаланады. Мысалы: ойын кезінде баланың
үлкендер еңбегіне деген қызығушылығы
артады. Балалар суретші, құрылысшы,
дәрігер. жүргізуші т.б болғысы келеді.
Ойын барысында бала қоғамдық өмір
тәжірибелерін түсіне бастайды. Балаларда
қалыптасқан достық көзқарасты,
құрдастарымен қарым-қатынас деңгейі
анықталса, балалардың өзара қарым-қатынас
деңгейін дамыту мақсатында сабақтар,
әдістемелер, психологиялық тренингтер
жүргізу керек. Балалар бір-бірінің ойын
түсінуге, бірге ортақ ойынды жоспарлауға
дағдыланады және психикалық қасиеттері
дамып, қимыл белсенділігі артады.