Ойын әрекетінің баланың дамуына әсері

Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ойын әрекетінің баланың дамуына әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан -жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ойын әрекетінің баланың дамуына әсері

Эссе

Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді.

Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі.Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады.Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық,белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.

Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті  өндірудің негізгі жолы екені айқын.Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды.

Ойын барысында  балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, таным белсенділгі артады.Ойын-балалардың, оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Ойын технологиясының ерекше қасиеттерінің бірі- сыртқы жағдай әсерінен баланың мінез-құлқында еркіндік,ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне  қызығушылық пайда болады. Көңіл-күйдің көтерілуі оқу әрекетіндегі үрдістердің жеңіл әрі қызықты өтуіне әсер етеді.Баланың психикасы,қабілеті ойын іс-әрекеті арқылы беріледі. Бұнда баланың ішкі көрнекілігі қалыптасады, ойлауы мен физикалық іс-қимылы қатар жүреді. Бала ойлап отырып іс-қимыл жасайды. Бұның бір артықшылығы- бала оқу материалдарын интенсивті түрде қайталап, жаттығып отырады. Ойын кезінде тәрбиеші қатал сарапшы немесе төреші емес, керісінше жақсы қарым-қатынас құратын қайырымды кеңесші болуы керек.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.03.2025
418
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі