Материалдар / Ойын арқылы балалапдың ой өрісін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойын арқылы балалапдың ой өрісін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниеге келген сәбидің ертеңі үлкен азаматтыққа жалғасатын жеке басына қатысты белгі-бедері оның бүгінгі ойын әрекеті үстінде қалыптаса бастайды.Ойында баланың шығармашылық қасиеттері,мүмкіндіктері,эмоционалдық көңіл –күйі және ерік-жігері бүршік атып білінеді.Бұл сана сезім,ойлау прцесімен тығыз байланысты болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2023
336
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ойын арқылы балалардың ой-өрісін дамыту!

Халық даналығындағы :

Ойнай білмеген,ойлайда білмейді

Ойында озған,өмірде де озады-

деген аталы сөздің сырына жүгінсек мектепалды баланың ойынға деген құлқы,қарым қатынасы,мінезі олар өсіп есейгенде де өмірінде жалғаса береді.

Дүниеге келген сәбидің ертеңі үлкен азаматтыққа жалғасатын жеке басына қатысты белгі-бедері оның бүгінгі ойын әрекеті үстінде қалыптаса бастайды.Ойында баланың шығармашылық қасиеттері,мүмкіндіктері,эмоционалдық көңіл –күйі және ерік-жігері бүршік атып білінеді.Бұл сана сезім,ойлау прцесімен тығыз байланысты болады.



Ойын –балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәлеметтер алады,өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады,яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін,әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын ,дүниетанымын кеңейтеді,мінез-құлқын,ерік-жігерін қалыптастырады.Ойын үстінде бала бейнебір өмірдің өзіндегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады.Ойын барысында балалар әртүрлі рөльде жолдастарымен қарым-қатынас жасауға ,ойын үстінде ойлана отырып жауап беруге,қиялдауға,елестетуге қабілеттілік қалыптасады.







Арнайы ойын ұйымдастырылаған оқу қызметінің мазмұнына қарай танамдық,дамытушы ойындарды,тапсырмаларды қолдану,баларды заттарды бір-бірімен салыстыруға ,оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретуді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәкес бағдармалық міндеттін меңгереді.

Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып,ойнай білуге,ойын ережесін сақтауға,әрі оларды ойната отырып ойнауға бағыттайды,заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады,ойынға қызықтыра отырып зейінін,қиялын дамытады.





Ұйымдастырылған ойындар:

І Заттармен ойналатын

  1. Ғажайып қапшық

  2. Қай ағаштын жапырағы т.б

ІІ Үстел үсті ойындар

  1. Суретті құрастыр

  2. Қандай затқа ұқсайды

  3. Бір сөзбен ата т.б

ІІІ Ұлтық ойын

  1. Қай қолымда

  2. Қанша тұйақ

  3. Сақина салу т.б

IV Қиымылды ойындар

1.Допты домалат

2. Ормандағы аю т.б

VДитактикалық ойындар

  1. Не артық?

  2. Дұрыс көрсет,Дұрыс ата т.б

VI Сюжетті – драмалық ойындар

  1. Ертегілер арқылы

  2. Бейнелеу арқылы

VIIСауат ашу ойыны

  1. Кім жылдам?

  2. Дыбыстар болған екен т.б

Аталған ойындарды ,балаладың ойынға бейімділігі мен құмарлығына сай ұйымдастыра отырып,сыпайы,әдепті міез-құлық дағдыларын және бірлесіп іс-әрекет ету,адамгершілік қасиеттерін қалыпиастыру қажет.

Белгілі ресейлік ғалым-педагог Л.В.Зенковтың пікірінше, ойын берілген білімді кеңейтуге,арттыруға,сабақтағы зерігушілікті қоюға көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты ойдағыдай дауы үшін ойынның рөлі ерекше.

Ойнай отырып ойлануға бағыт беріледі.Баланың өсіп жетілуіне ықпал ететін басты құрал-ойын.Ойын арқылы бала өседі,жетіледі,жақсы көңіл-күй тудырып,ой-өрісін дамытып,ойлау қабілеттерін дамытады.

Міне,баланы ойната отырып тәрбиелеу,халықтық педагогиканы бойына сіңру қазіргі кездегі заман талабы.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!