Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын – балалардың негізгі іс-әрекеті. С. Торайғыров: “Балалықтың қанына ойын-азық”, - деп бекер айтпаса керек. Өйткені ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ойын - баланың жан серігі. Қай бала болмасын, ойнап өседі. Ойын сырттан қарағанда қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде, бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді-мағыналы істер туындап, өрбитінін байқаймыз. Бала қиялы шексіз, балалар жас кезінде ойнап жүріп, арман-қиялға беріледі, сол қиялы, есейген шағында орындалып жатады. Сондықтан да ойын – бала бойындағы қандай да болмасын бір өнердің бастауы деп білеміз. Өйткені болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлерінің нышаны ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Балаға білім беруде ойын арқылы жан-жақты дамыту жүйесін құру проблемасы туып отыр. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие үрдісін іске асырудың бір жолы балаларды ойын арқылы оқыта отырып дамыту.

        Ойын – балалардың негізгі іс-әрекеті. С. Торайғыров: “Балалықтың қанына ойын-азық”, - деп бекер айтпаса керек. Өйткені ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар, оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, ерік-жігерін қалыптастырады. Бастауышта оқитын баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекет – ойын. Арнайы ойын ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, олардың қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламаның міндетін меңгереді. Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып, ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды. Заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Сонымен қатар ойын – тынысы кең, ойдан-ойға жетелейтін, қиялмен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Балалардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру – тәрбиешінің міндеті. Қызығушылықты туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылатын ойын түрлері тәрбиешінің түсіндіріп отырған материалын балалардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет ойын. Ойынның міндеті – баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады.

        Бағдарлы ойындар – үстел үсті ойындары, заттық-дидактикалық ойындар, логикалық ойлау қабілетін және балалардың шығармашылығын дамытатын ойындар, сюжетті-рөлді ойындар. Ойындардың қай түрінде жеке алып қарастырсақ, бұл ойындар баланың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, оқу қызметіне ынтасын арттырады. Үстел үстінде қолданатын ойындар балалардың қимыл белсенділігін, ептіліктерін дамытады, өзара бірлесіп ойнау қабілеттерін жетілдіріп, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Дидактикалық ойын ережелері –балаларды ұстамдылыққа, тәртіптілікке баулиды, сонымен қатар ізденімпаздылықтарын арттырып, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшелітеріне қарай сюжетті-рөлді, драматизациялық, дидактикалық, құрылыс ойындары, саусақ ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді. Қимылды ойындар – баланың барлық жас кезеңінде өтеді. Күні бойы балалар жабдықталған ойын орталықтарында ойын алаңы ретінде ойнай алады. Ал, қазақ халық педагогикасында саусақ ойыны ұрпақтан-ұрпаққа қалған мәдени-шығармашылық ойын болып табылады. Осындай мақсатта қоғам дамуының айқындайтын негізгі көрсеткіштерінің бірі – ақпараттандыру болғандықтан, бүгінгі адамзаттың шығармашылық әрекетінің нәтежиесі компьютердің де маңызы зор. Оқу іс-әрекеттерінде интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланып, қызықты өткізуге болады. Инновациялық технологиялардың ерекшелігі – білімді жатқа меңгерту емес, балалардың өз бетінше меңгеруіне ұмтылатындығында. Ол есту, көру қабілеттерін арттыруға, сөздік қорын ауызша дамытуға бағытталады. Жаңа технологияларда пайдалана отырып оқыту арқылы балаларды жетістіктерге жеткізуге болады. Ойын таным процесін дамытудың негізі болғандықтан, әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде үнемі ойын элементтерін қолданып отырған дұрыс.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12