Материалдар / Ойын арқылы баланың есте сақтау қабілетін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойын арқылы баланың есте сақтау қабілетін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын кішкентай бүлдіршіндер үшін ең маңызды құрал болып табылады. Балабақшада барлық ойын түрлері ойналып,балалардың ой өрісін дамытылады.Ойын арқылы балалар өсіп,жетіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Сәуір 2022
580
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы,Аягөз ауданы, «Дулат Бабатайұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ тәрбиешісі



Бала ойында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез – келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар достарымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір – бірімен өзара қарым – қатынаста болады.

Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Сондықтан келешек өсіріп отырған тұлғаларымызды тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойынның негізгі ерекшеліктері – ол балалардың қоршаған ортаны – адамдардың қимылын, іс – әрекетін олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым қатынасын бейнелеуі болып табылады. Бала – ешқашан үнсіз ойнамайды, ол жүреді, сөйлейді, ыңылдайды, секіреді, ойын барысында сөйлесу қарым – қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алады. Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Ойын балаланың барлық қабілетінің дамуына айналасындағы дүниетану түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жеңіл әрі тез тіл табысуына көмектеседі. Ойын үстінде балаланың қуанышы мен реніші көрінеді. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез – құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Ойын – баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Сонымен қатар ойын – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін ғажап нәрсе деп, балабақшада ұлттық ойындардың бірнеше түрін оқу үрдісінде, дене тәрбиесінде ертенгіліктерде, спорттық жарыстарда кеңінен қолдануға болады.

Ойын - бала өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі.

Ойын-баланың жеке басын дамытуда, сөздік қорын молайтуда, қоршаған ортамен танып-білуінде, өздігінен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыруда, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда ерекше орын алады. Жаңа стандартқа сәйкес мектеп жасына дейінгі балаларға арналған пәндік- дамытушы ортаны ұйымдастыруға қойылатын талаптардың бірі ретінде заттар мен ойыншықтарды еркін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету, ойын іс-әрекеті жағдайымен қамтамасыз ету сұрақтары айқындалған. Бала үшін ойын - өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі көрсетудің құралы.Ойында балаларды не қызықтырады?- деген сұрақ туындайды. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ойын түрлері де әр түрлі болып келеді. Баланы ойынға қызықтыра отырып оқу іс әрекетіне айландырып, ойын түрін күрделендіре түсу керек. Ойын тек балалар ойнайтын болып емес, оқу әрекеті барысында қолданылатын ойын түрлері. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко ойын мазмұны мен түріне қарай ойын түрлері мынадай топтарға бөледі: 

  • Дидактикалық ойындар

  • Сюжеттік ролдік ойындар

  • Қимыл – қозғалыс ойындары (ұлттық ойындар)

  • Саусақтар ойындар

  • Үстел үсті ойындар


Дидактикалық ойындар оқу әрекеті барысында балалардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылады. Мектеп жасына дейінгі ұйымдардың барлығында да, оқу әрекеті ойын түрінде өткізіледі. Оқу әрекеті барысында қолданылатын ойын түрлерін жас ерекшеліктеріне қарай қолданылады. 
Дидактикалық ойындар барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтармен, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға  үйренеді.     

Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді.

Сюжетті – ролдік ойынның міндеті – баланың қызығушылығын туғызып, сезімін оятып, рухани-адамгершілік қасиеттерін арттыру. Сонымен қатар өзара сыйластық, қамқорлық, жанашырлық құндылықтарын дамыта отырып, мейірбандылық, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу. Бұл құндылықтар – бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл – балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарында шыңдалып, біртіндеп қалыптасатын қасиет. Бастан кешірген табысты істері, қанағат сезімдері балалардың бойында жаңа міндеттер мен мәселелерді шешуге талпыныстарын оятып, өз күштеріне сенуге, өзін-өзі сыйлауға тәрбиелейді. Осы ойындардың арқасында балалар өз істеріне баға бере білуге, өзінің сезімін, әдет-дағдысын бақылай және басқара білуге, сонымен қатар жанындағы адамдардың табиғи болмысымен қабылдап, ізгі ниет, ықылас таныта білуге үйретеді. Әр бала өз ісі мен қылығына жауапкершілікпен қарап, ойын нәтижесінде құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады, өмірлік әлеуметтік дағдыларды меңгереді. 
Қызықты ойынсыз балалар әлемінің болуы мүмкін емес. Балалардың ойындары қызықты және алуан түрлі болуынан оларды қоршаған орта кеңейіп, өмірлеріндегі жарық пен қуаныш көбейеді. Сөйтіп сюжетті-рольдік ойын бүлдіршіндердің өзі-өзін тануына көмектеседі, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі басқаруға жетелейді.
 

Орыс жазушысы Ю.Нагибинның сөзімен айтқанда: «Ойын балаларға өткенді тірілтіп, болашаққа көз жүгіртуге мүмкіндік береді. Ойында кішкентай адамның мінезі, оның өмірге деген көзқарасы мен армандары айқындалады. Өздері де соны байқамастан, балалар, ойнап жүріп күрделі өмірлік проблемаларды шешуге дайындалады»

Балабақшада көбінесе «автобус жүргізушісі» болып ойнағанды жақсы көреді. Кәсіптік ойындардың мәнін терең түсінген тәрбиеші баланы осы кәсіпке қызықтыра білу үшін мадақтау, сендіру, түсіндіру әдістерін қолданды. Көздеген міндеттеріміз: 


 достарға деген мейірімді қарым–қатынасқа үйрету; 
 адалдық қасиеттерін дамыту; 
 балалардың ойын тапсырмалары мен ережелерін орындауға бағытталған дербестігін тәрбиелеу; 
 үлкендерге, құрдастарына деген құрмет сезімін және олардың ойын үстіндегі қимылдары мен мінез-құлықтарына қызығушылық сезімін тәрбиелеу. 
Ойынды ұйымдастыру алдында біраз жұмыстар жүргізілді: 
 көліктер туралы білімдерін бекіту жұмыстары; 
 мамандықтар туралы әңгіме өткізу; 
 техникалық оқу құралдары арқылы автобуспен таныстыру; 
 жеке балалармен психологтың жұмыс жүргізуі; 
 өз еріктерімен рольдерді таңдауды үйрету. 


Ойын барысында балаға әр түрлі жағдайда кездескен адамдардың роліне енуге қиялындағы мүмкіндіктерін байқап көруге жағдай жасалды. Үлкендердің берген нұсқауына қарап олар өздерінің көзқарасын білдірді, мәселелерді шешіп үйренді және бір-бірімен қарым-қатынас жасауға дағдыланды. Ұйымдастырылған әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім тауып, бойларына сіңірген рухани-құндылқтарды көрсете білді. Осылайша бұл сюжетті-рольді ойын баланың өзінде ой – ниет туғызуға, ойындық әрекеттер баланың әлеуметтік тәжірбиесіне байланысты болып, таңдаған ролін анықтауға, рольді ережемен ойнауға үйретті. Ойынның мазмұны баланың өзінің әлеуметтік және ойындық тәжірибесіне сай құрылды. Ойын барысында балалар өмір сүрудің белсенді формаларын игеріп, сол арқылы ересектерге еліктеп, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренді. Сонымен бірге еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игерді, әлеуметтік рольдер атқарды. Сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзінің іс-әрекетін басқалардың іс-әрекетімен үйлестіру қасиеттері жетілді. Демек, ойын балалар бақшасының тәрбие және оқыту жұмыстарымен тығыз байланысты. Ойында балалардың алған білімдері жетіліп, өзін дұрыс ұстау ережелері бекітіледі. 
Қызықты ойынсыз балалар әлемінің болуы мүмкін емес. Балалардың ойындары қызықты және алуан түрлі болуынан оларды қоршаған орта кеңейіп, өмірлеріндегі жарық пен қуаныш көбейеді. Сөйтіп сюжетті-рольдік ойын бүлдіршіндердің өзі-өзін тануына көмектеседі, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі басқаруға жетелейді. Балалардың жағдаяттарды бағалай білу қабілеттерін дамытуға, өздерінің ойлары мен істері, әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететін әдістемелік тәсілдер көбірек қолданылды. Осы топтың балаларына жағдаяттарды талқылауға, олардың ойлауға бейімділіктеріен, өзін және өзгелерді бағалауға икемділіктерін, қоршаған әлеммен жағымды өзара әрекеттестікті құра білу іскерліктерін қалыптастыруға мүмкіндік бердік. Оқу ақпаратын жеткілікті көрнекілік нысанда ұсынуға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл – мультфильм көру тәсілін қолданылдық. Бұл айқын көркем бейнелер балалардың өтілген материалдардың мазмұнын дұрыс қабылдауын және меңгеруіне жағдай жасады. Алға қойылған түйінді құзіреттер: өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынасты жасау. Түйінді құндылықтар: мейірімділік, қамқорлық, әдептілік. Күтілетін нәтиже: Әлеуметтік ойын арқылы адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік беретін жалпыазаматтық құндылықтар жүйесінің қалыптастырылуы. Балалар сұрақтарға жауап бере отырып ойларын ізгілік күйде бейімдей, іштей

игі тілек білдіре, өз ойларын ашық, жасқанбай айтуға тырысты. Ойын баланың тек тәртібін ғана емес, сонымен қатар оның ішкі өмірін реттеп, өзін, өзінің қоршаған әлемге қатынасын түсінуге мүмкіндік береді. Бұл баланың бастамашылық танытып, шығармашылық көрсететін бірегей саласы. Сонымен қатар ойында бала өзін бақылап, бағалап, не істеу қажет екендігін түсініп, дұрыс қадамдар қолдануды үйренеді. Өз бетімен саналы әрекеттер жасап үйренуі арқылы бала өмірдің саналы субъектісі бола алады. Бүгінгі күнгі мектеп жасына дейінгі балалар өз әрекеттерін ұйымдастырып, негізді ету білмейді. Көпшілігінде қиял сезімі жетілмеген, олардың шығармашылыққа талпыну құлқы жоқ, өз беттерімен ойлана алмайды. Мектепке дейінгі жас – тұлғаны қалыптастыруға ең қолайлы кезең, сондықтан, аталған қабілеттер кейін өздігінен дамиды деп қателеспеген жөн. 
Ойынның күрделі болмауы балалардың коммуникативтік дамуларына келеңсіз әсерін тигізеді, себебі, ара-қатынастар тек бірге ойнау барысында қалыптасады. Бірге ойнау – қатынастардың басты мазмұны. Ойнап, түрлі ойын рольдерін орындау барысында балалар жағдайларды жан-жақтан көріп, басқалардың әрекеттері мен мүдделерін ескеріп, ереже сақтауды үйренеді. Кері жағдайда мағыналы қатынас та, бірлескен әрекеттер де болмайды. Ғалым, педагогикалық ғылымдар кандидаты, доцент О.В.Солнцеваның пікірінше, үлкендердің балалар ойындарындағы ролі олардың ересектенуімен бірге өзгереді. Басында оқытушы ойын әдістерін үйретуші ретінде, кейін екі-үш баланың ойынына қатысушы болады. Одан кейін ол балалардың ойын ұйымдастырудағы көмекшісі және ойын қатынастарын реттеушісі. Мінез - құлық пен іс-әрекеттегі жағымды және жағымсыз әдеттерді ажыратып, өз қателіктерін дер кезінде мойындауға дағдыланды. Қазіргі заман талабында мектеп жасына дейінгі балаларда өзінің ішкі жан дүниесін танытып, өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік-рухани потенциалын дамыту. Қоғамдағы әлеуметтік нормалар мен ережелер туралы нақты түсініктерін қалыптастыру. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе күнделікті бірлесе атқаратын ойын әрекеті барысында тұлғаны рухани-адамгершілік тұрғысынан дамыту, яғни олардың талап-тілегімен санасу, жанашырлық сезімдерін дамыту. Балалар әлемі күрделі әрі ерекше, оған еніп, түсіну ең соңғы математикалық және социологиялық әдістерді меңгерген адамдар үшін де оңай емес.  Балалық шақ – адамның ең бақытты және уайымсыз кезеңі ғана емес, сонымен қатар бұл - тұлғаның қарқынды қалыптасу кезеңі. Балалық шағында қалыптаспаған нәрселердің орнын үлкен адам кейіннен толықтыра алмайды. Баланы оқуға мұқтаждау барысында біз одан ойынды, демек, балалық уайымдарды, талпыныстар мен қатынастарды тартып алатынымызды есте сақтап, ұмытпауымыз қажет. Ойнау барысында балалар өздерін, өз мінездерін қалыптастырады, ал ең бастысы – ойын жақсы мен жаманды ажыратуды үйретеді, ойында балалар мейірімділік пен достықты бойларына сіңіреді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!