Ойын арқылы мектеп
жасына
дейінгі балалардың
физикалық дағдысын дамыту
Ойын – балалар үшін күрделі
әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал білімді
бала қайдан алады? Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де
үйретуге тиіс. Ойынның өз мақсаты, жоспары, арнайы заттары, т.б.
көптеген ерекшеліктері болады.
Кілт
сөздер: ойын, ерік, логика,
таным.
Бұл мақалада біз мектеп жасына
дейінгі балалардың дағдыларын ойын арқылы дамытуда атқаратын үлесін
қарастыратын боламыз.. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер
алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни
ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп
ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез
– құлқын, ерік – жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың
айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбекте де
сондай болады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Жас
сәбидің өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы,
психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын
барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті
(сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы байқалады.) Түрлі
психологиялық сезім әрекетіне сүңгиді.Ойын үстінде бала бейнебір
өмірдің өзіндегіндей қуаныш пен реніш сезімінде
болады.
Ойын- ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің
ең маңызды
бөлігі
Балаға таңдалған білім баланың
ақылына лайықтап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық
іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге
тырысарлықтай нәрлі болуы керек.Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры
мен сыры егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы
жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз.
Өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес. Мектепалды
даярлық тобында балаларға ойын арқылы сабақтың сапасын арттыруға
толық мүмкіншілік бар.
Арнайы ойын ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің
мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды
қолдану, балаларды заттарды бір – бірімен салыстыруға, оларды
қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп
бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті
меңгереді.
Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып,
ойнай білуге,ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып
ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап
қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Заттармен ойналатын ойындар: «Ғажайып қапшық», «Қай ағаштың
жапырағы?» т.б.
Ойын арқылы баланы
қарапайым математикаға
баулу
Ойындарды қарапайым математикалық ұғымды
қалыптастыру сабағында пайдалану балалардың алған білімін
күнделікті өмірімен ұштастыруға қолайлы. Ойын сабақтың мазмұнын
байыта балалардың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түседі.
«Санамақ», «Он саусақ» өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру
арқылы балалардың тілін ұстартып, логикалық ой – жүйелерін
қалыптастыруға болады. Балалардың белсенділігін арттыра түсу
мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп өткізу
орынды.
Ойындарды үнемі пайдалану арқылы балалардың
ауызша есептеуге жаттығуына логикалық ой-жүйелерін жетілдіруге,
түсінуге толық мүмкіншілік бар. Олардың қатарына халық ойындарын
жатқызуға болады. Атап айтқанда, «Қай қолымда?», «Қанша тұяқ?»,
«Неше жапырақ?» т.б.
Дамытушы ойындардың
маңызы
Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның
шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Сонымен
қатар, ойын – тынысы кең, ойдан-ойға жетелейтін қиялымен қанат
бітіретін осындай ғажайып нәрсе ақыл-ой жетекшісі, денсаулық
кепілі, өмір тынысы.Балалардың ой-өрісін дамытатын «Санамақ»
ойыны. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру.
Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұйқас
заттарды танып біледі.
Балалардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін
дамыту, жетілдіру – тәрбиешінің негізі міндеті. Ойын баланың ойлау
қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, дағды мен шеберлікті меңгеруге,
қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды.
Қорытынды:
Қорыта келе, ойын әрекеті балалар үшін өте
маңызды, ойын арқылы бір жағынан тәрбиеленушілердің танымы
кеңейеді, қоғамдағы мінез-құлық нормаларын түсінеді, танымдық және
зияткерлік, коммуникативтік, шығармашылық дағдылары дамиды. Екінші
жағынан, тәрбиеші ойынды белсенділік түрлері мен өзара әрекет
нұсқалары арқылы тәрбиелеу-білім беру процесінің негізгі әрекет
түрі ретінде пайдаланады.
Қазақ ұлттық қыздар
педагогикалық университеті
«Мектепке дейінгі оқыту және
тәрбиелеу» мамандығының 3-курс
студенті
http://www.kazmkpu.kz/