Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оиын арқылы оқыту технологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
өз білімін жетілдіру материалы
Материалдың қысқаша нұсқасы







Өз білімін жетілдіру тақырыбы:





«ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»











Ағылшын пән мұғалімі:

ҚАСЫМБЕК ВЕНЕРА ҚАСЫМБЕКҚЫЗЫ



2018ж

Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.

Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері — мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады.

Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.

Ал мұғалімнің міндеті — балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.

Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ барысында ойын әдістері мен жағдайларын өткізу мынадай негізгі бағыттарда жүргізіледі:

Ойындар оқушылардың ой — өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.

ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ

НЕНІ МЕҢГЕРЕДІ

1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.

2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.

3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.

4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.

5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.

6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.

7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.

8. Оқушылар үшін қауіпсіз.

9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.

10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.

11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі

12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.



Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту

       Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуғаынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.

       Ойын- дегеніміз не?Ойын дегеніз- халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі.

      Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.  

       Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.

       Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысылы «Сауат ашу»  оқулығында  тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы ойынарқылыөткізугеболады. «Ұйқасын тап», «Сиқырлы қоржын», «Өлең жолын құрастыр» т.б. ойындар.

      Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл  ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып табылады.Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған  білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады

ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ

 

Оқытудағы негізгі мақсат сөйлей білуге, өз ойын айта білуге, жаза білуге үйрету. Сөйлей білуге машықтандыратын ұтымды әдістердің бірі - ойын. Оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын ойындар сабақта үлкен рөл атқарады. Ойындар сабақтың тиімділігін, шәкірт санасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Сонымен қатар ойын оқушының сөйлеу қабілетінің даму әрекетін тездетеді, танымын күшейтеді. Ойынды өткізудің психо-дидактикалық талаптарын мұғалім естен шығармауы керек. Осы тұрғыдан ойын оқушының жас ерекшелігі мен қабілетінің даму әрекетіне әсер ететіндей, оның мүмкіншіліктеріне сай болуы керек. Ойнау арқылы оқушының сөйлеуге деген ішкі жан дүниесі, ынтасы, іздену дағдысы қалыптасады.

Сабақ үстінде оқушылар ойынды тапсырма ретінде қабылдайды. Ойын арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Сонымен қатар пәнге деген қызығушылығы артады. Бастауыш сынып әдістемесінде бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, арман-мұратын бейнелесе, шынайы өмірде сол арман қиялын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп сабақ үстіндегі бейнелі ойын, қатысымдық әрекеті іс жүзінде шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.

Қазақ тілі сабағында ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, оқушылардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Сабақ үстінде ойын технологиясын қолданудың негізгі шарттары:

-         ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады.

-         оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады.

-         оқу материалы ойын құрамы ретінде қолданылады.

-         оқу әрекетіне ойын жұмыс элементті ретінде кіреді.

-         ойын нәтижесі бірден шығарылып отырылады.

Ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:

1. Ойын – саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі: қарпайым жұмбақ арқылы; қиындық – оңай жолмен, қажеттілер – қызық жолмен беріледі.

2. Ойын – тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекеттер, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.

3. Ойын – болжамдар. Бұл ойындар «не болар еді?», «мен не істер едім, егер…» деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балаладың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.

4. Ойын – жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі – логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді.Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.

5. Ойын - әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы – олар эмоционалдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.

Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:

1.      Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.

2.      Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.

3.      Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.

4.      Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағытталған ойындар.

5.      Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.

Ойындардың құрылымы бойынша жіктелуі:

1.     Сюжеттік – рөлдік ойындар.

2.     Жаттығу ойындар.

3.     Драмалық ойындар.

4.     Шығармашылық ойындар.

5.     Әдеби-музыкалық ойындар.

Ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жіктемесі:

1.     Білім беретін ойындар.

2.     Тәрбиелейтін ойындар.

3.     Дамытатын ойындар.

4.     Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.

5.     Диагностикалық ойындар.

Қазақ тілі сабақтарында ойын технологиясын ұйымдастыру

Педагогикалық технологиялар тек ақпарат беру ғана емес, құбылысты түсіндіру, дәлелдеу және логикалық қорытынды жасауға негізделеді.

Қазақ тілі сабағында ұйымдастырылатын ойын технологиясының басты міндеті:

-оқушы өз-өзін біліммен қаруландыруға ұмтылуы;

-өз пікірін еркін жеткізе алуы;

-өзіне деген сенімінің арту;

-өз бетінше жұмыс жасауға талпыну;

-оқушы өзін-өзі көрсету қажеттілігін ұғынып, ұмтылыс білдіруі.

 

 

«Ағылшын тілі сабағында ойын әдісі арқылы оқушылардың комммуникативтік біліктілігін дамытудың теориялық негіздері»

Ойын – күрделі биологиялық, психологиялық, педагогикалық ұғым.
Психология т
ұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубинштейннің психологиялық көзқарасы бойынша «ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы баланың қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туады

А.А.Выготский ойындардың үш негізі топтарын: драмалық, спорттық, өрнектік деп көрсетеді.

Г.А. Агапова ойындарды
құрылыстық, жобалау, еңбек, дидактикалық, танымдық, ақыл-ойға, музыкаға байланысты ойындар, ритмикалық ойын жаттығулары, ойын сабақтары, жаттығу ойындары, қалжыңдар, ойын көңіл көтерулер, қозғалмалы ойындар, спорттық ойындар деп бөледі .

П.И. Пидкасистый - таби
ғи және жасанды ойындарды әрі қарай классификациялай келе ойындардың төрт тобын жинақтайды:,,

а) мазмұны бойынша: шығармашылық ойындар, білімді үйрену жаңа тәжірибелер мен әдістерді қалыпсыз іс-әрекетке қолдану, зерттеушілікке байланысты ізденіс елестету және ізденіспен байланысты;

ә) түрі бойынша: сюжетті, ролдік, орталықтанған, ақыл-ойды қажет ететін, компьютерлік;

б) ойын
ға қатынасушылардың ұйымдастыру формасына байланысты: жеке, екі адамдық, топтық, көпшілік;

в)
әсер ету орнына байланысты: ойын алаңындағы, столдағы, эстрадалы, сценадағы, залдағы, үйдегі ойындар т.б



«Ағылшын тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік біліктілігін қалыптастырудағы ойын түрлерін қолдану әдістемесі»

деп аталатын бірінші тарауында қазіргі уақыттағы сабақ үдерісінде қойылып отырған талаптардың бірі оқушылардың коммуникативті сөйлеу біліктілігін дамыту мақсатында сабақ үдерісінде ойын түрлерін, коммуникативті ойындарды қолдануды негіздейді. Осы тұста төмендегідей коммуникативті ойындарды пайдалану әбден орынды деп есептейміз.Мысалы:

Interviewing an interesting person. Бір оқушы танымал атақты адамның (саясат қайраткері, әнші, актер, спортшы, т.б) ролін ойнайды. Сыныптастары әртүрлі сұрақтар қоя отырып, оның кім екендігін табуы тиіс

Сұрақтар былай болуы мүмкін:

What's your hobby?
What kind of meal/ sport/clothes/ do you like?

Are you a man or a woman? Are you married or a single?
т.б.

Just the facts. Мұғалім тақтаға 3 сұрақ жазады, мыс: What kind of music do you like? Where do you usually listen to music? Who is your favourite singer?

Әрбір оқушы 3 үлестірмелі қағаздан алып, оның әрқайсысына, әр сұраққа жауап жазады. Мұғалім барлық қағаздарды жинап алып, араластырады да, әр оқушыға 3-3тен таратады. Балалар сынып ішінде сұрақ қоя жүріп, қолындағы карточканың иесін іздейді. Барлық карточкалар өз иесін тапқанда ойын аяқталады.

Бұл ойынды Атамұра баспасынан шыққан, авторлары: Аяпова.Т. Әбілдаева.З. Ұқбаев. А. 9 - сынып оқулығындағы «Music in our life» тақырыбын өткенде немесе музыкаға қатысты сабақтарда пайдалануға болады.

Why?

Мына төмендегі сұрақтарды пайдалана отырып, оқушылардың сүйікті заттары, әрекеттері туралы айтыңыздар.

What is your favourite TV show? Why?

What is your favourite magazine? Why?

What is your favourite gift you have received? Why?

What is your favourite time of the day? Why?

What is your favourite day of the week? Why?

Сұрақтарды оқушылардың деңгейіне қарай жеңілдетіп немесе күрделендіріп беруге болады.

Сонымен бірге, мынадай коммуникативті ойындар ағылшын тілі сабағында оқушылардың коммуникативті сөйлеу біліктілігін дамытуға көмектеседі: Interrupting the story, Make a text, Answer the questions, Find the theme, Make a story, Tell the story on the III-rd form, Name game, Introductions, Who am I?, Word race, Recipe banquet, Questions, Objects, Sentence Completion, Learning the actions.

Грамматиканы үйреніп жатқан оқушыларды ойын барысында бақылаған Бельгиялық бизнесмен “It isn’t silly at all” - “Бұл мүлдем ақымақтық емес деп өзінің таң қалғандығын білдірген екен, сол сияқты ойын процесі бір уақытта тиімді әрі қызықты болуы мүмкін.

 i


Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі

«Ересек адамдардың ісі, жұмысы,қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады.

Бала ойында қандай болса,  өскенде жұмыста да сондай адам болады».

А.С. Макаренко

Ағылшын тілі – қазақ елін әлемге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Сол себепті ағылшын тілін үйренудің маңызы зор. Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану оқушының тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану оқушының шет тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді.

Егерде мұғалім ойынды тек балалардың көңілін көтеру, демалдыру үшін ойнатса, онда пайда болмайды. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп ойналған кезде ғана нәтижелі болады.

Ойын дегеніміз:

  1. балалардың қарым-қатынас саласындағы маңызды іс –әрекеті;

  2. қызықтыра отырып үйрету;

  3. әр түрлі жастағы оқушылардың даму іс-әрекеттерінің өз бетінше жұмыс жасау түрі;

  4. баланың психикасын, ой-өрісін дамыту.

Ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойындар:

  1. «Let’s draw a Rainbow!»ойыны.

Мақсаты: түстерді үйрету.

Ойынға қажет құралдар:түрлі түсті қарандаштар, кемпірқосақ салынған сурет.

Ойын барысы: біріншіден мұғалім кемпірқосақ салынған суретті тақтаға іледі. Оқушылар 7 түрлі қарандашты партаның үстіне қояды.

Мұғалім: This is a rainbow. I can see red colour(суретті көрсетеді, балалар сол түсті қарандашты көтереді), orange colour, yellow colour, green colour, blue colour, dark blue colour, violet colour. The rainbow is colourful. It’s beautiful. Let’s draw a rainbow!

Сосын мұғалім балаларға кемпірқосақтағы түстерді реттілігімен есте сақтап алуларына уақыт береді де, суретті тақтадан алып тастайды.

Балалар кемпірқосақты салып болғаннан кейін, мұғалім суретті тақтаға іледі. Балалар өз суреттерімен салыстырады. Суреттер салынып, салыстырылғаннан кейін, мұғалім кемпірқосақтың түстерін көрсете отырып сұрайды. What colour is it? Балалар сұраққа жауап береді.

Ойынның ұзақтығы: 7-10 минут.

2. «At the Zoo» ойыны.

Мақсаты:can модальді етістігінің қолданылуын үйрету.

Ойынға қажет құралдар: әр түрлі партаға қойылған ойыншық аңдар.

Ойын барысы: оқушылардың біреуі экскурсовод, қалғандары жануарлар саябағына келушілер. Мысалы, балалар аюдың қасына барады.

Экскурсовод: This is a bear. It can run and jump. It can swim and climb trees but it can’t fly.

Келушілер: Can it hop?

Экскурсовод:No, it can’t.

Cосын басқа оқушы экскурсовод болады да, ойын ары қарай жалғасады.

Ойынның ұзақтығы: 7-10 минут.

3. Жазуға үйрету ойыны.

Мұғалім тақтаға қандай да бір сөзді жазады, мысалы:schoolchildren. Осы сөздегі әріптерден сөз құрастыруы керек. Мәселен: schoolchildren: he, she, side, shoe, nose, ill, red, doll, line, child, school және т.б. Қай топ көп сөз құраса, сол топ жеңіске жетеді.

4. «Whose birthday is today?» ойыны.Мұғалім оқушыларға “One of you has a birthday today. Guess who she is”.

Оқушылар: What colour is her hear?

What colour are her eyes?

What is her nose like?

What is she wearing?

What is her hobby? – деген сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар кімнің туған күні екенін табу керек. Бұл ойын оқушыларды ағылшын тілінде сөйлеуге үйретеді.

Тиімді қолдана білген ойын арқылы білім беру сапасын арттыруға болады:

  • оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады;

  • қиын грамматиканы оңай, әрі қызықты етіп түсіндіруге болады;

  • оқушы белсенділігі артады;

  • материалды меңгеруге түрткі болады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
2422
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12