15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар
Тексерілді ----------------------------
Білім беру ұйымының атауы |
№32 В. Маяковский атындағы орта мектеп |
|||||
Пәні: |
Дене шынықтыру |
|||||
Бөлім: |
8-бөлім Ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар |
|||||
Практикант: |
Жанабаев Нурсеит Женисулы |
|||||
Күні: |
|
|||||
Сынып: 1 «А» |
Қатысқандар саны:20 Қатыспағандар саны:0 |
|||||
Сабақтың тақырыбы: |
82/7 сабақ. Ойынға шығармашылық идеялар.«Арқан тарту» |
|||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
1.2.5.1. Өзінің шығармашылық тапсырмаларының күшті жақтарын және жақсартуды қажет ететін жақтарын іздеу және бақылау |
|||||
Сабақтың мақсаты: |
Оқушылардың күш жігерін арттыру |
|||||
Құндылықтар: |
Талап: Физикалық белсенді болу |
|||||
Сабақтың барысы: |
||||||
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
Сабақ тың басы 5 минут |
Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Техника қауіпсіздігін ескерту. |
Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. |
Оқушылардың қатарда түзу тұрғанда рын мақтап, мадақтап отыру
|
суреттер |
||
Жаңасабаққа дайындақ жаттығу 8 минут |
Оқушылардың денесін қыздыру мақсатымен қатармен бір қалыпты спорт залды 4-5 круг айландырып жүгіртемін. Жүгіріп болғасын төрт қатарға тұрғызып, жаттығу жасаймыз.
|
Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау |
ДескрипторОқушылар жүгіру кезінде және жаттығу жасау кезіндегі дүрыс жасаған оқушылар ды мақтап мадақтап отыру
|
Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырғыш, әр түрлі ұзындықтағы арқандар, шарттарын белгілейтін кеглилер.
|
||
Сабақтың ортасы 26 минут |
Арқан тартыс ойыны — ұлттық ойын. Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады. Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта түрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»... деп сол жақ шетіне дейін санап шыгады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады. Күн ілгері сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. Ойынды осы жоғарыдағы тәртіппен жүргізе беруге болады. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, коллективтік іс-әрекетке тәрбиелейді.
|
Оқушылар арқан тарту кезінде бір-біріне кедергі келтірместен тартулары керек |
Дескриптор Оқушылар дың жақсы арқан тартқандарын мақтап мадақтау |
Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырғыш, әр түрлі ұзындықтағы арқандар, жалауша, шарттарын белгілейтін кеглилер.
|
||
Сабақтың соңы Кері байланыс 6 минут |
Сабақты қорытындылау: Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау. Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді. Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді. |
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген