400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

"Ойын арқылы қиындықты шешу жолдарына оқыту" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
дене шынықтыру пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


6-бөлім: Бірлескен іс-әрекетті қажет ететін қызықты ойындар


Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Сабақ 71-72



Сабақ тақырыбы:

Ойын арқылы қиындықты шешу жолдарына оқыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.8.1 - түрлі қимыл-қозғалыс негіздерімен шарттастырылған рөлдерді анықтай білу

5.1.4.1 - қимыл-қозғалысты орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын білу және анықтау

Сабақ мақсаттары

Түрлі қимыл-қозғалыс ойындары арқылы физикалық қабілетін жетілдіру.

Ойынның қиындықтарын бірігіп шешу арқылы тапқырлыққа, тәуекелдікке бейімдеу және топпен жұмыс жасау дағдысын дамыту.


Бағалау критерийі

Ойында қимыл-қозғалыс әрекеттері арқылы өзінің және өзгелердің физикалық қабілетін анықтайды және көрсетеді.

Бірлескен ойындарда топтық жұмыс жасай отырып, қиындықты шешу жолдарын табады.

Тілдік мақсаттар


  • Ойындағы түрлі қимыл-қозғалыстарға негізделген рөлдерді анықтайды және көрсете алады

Пәнге тән лексика мен үш тілдегі терминология:

-преодолевать препятствия-overcome obstacles;

-динамика-dynamics;

-координация-coordination;

-тапқырлық-находчивость-resourcefulness;

-тәуекел-риск-risk

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

  • Ойын кеңістігі деген не?

  • Ойын ойнау кезінде қандай тапқырлық көрсетіп, тәуекелге барасыз?

Құндылықтарды дарыту

Өз бетімен және топта жұмыс жасай білу. Патриотизм. Өзін-өзі жетілдіру мен дамыту қажеттілігін сезіну.

Пәнаралық байланыстар

Дене бұлшық еттердің дамуы ж/е жүрек соғысының өзгерісі туралы биология пәнімен байланыстырып, сабақтастыру

АКТ қолдану дағдылары

Интернет арқылы түрлі қимыл-қозғалыс ойындары туралы теориялық мағлұмат алады

Бастапқы білім

Қимыл-қозғалыс ойындарын түсініп, орындай білу. Спорттық жабдықтарды қолданудағы қауіпсіздік және өз-өзін сақтандыру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

12мин.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

- сапқа тұру,сәлемдесу;

- сабақтың оқу мақсатын, сабақтың мақсатын және бағалау критерийін түсіндіріп мәлімдеу;

2. Ынталандыру, сергіту ойыны: «Нөмір шақыру».

Ойыншылар шеңберде тұрады. Жүргізуші шеңбер ортасында таяқшаны тігінен ұстап тұрады, әр ойыншыға нөмір беріледі.Жүргізуші бір нөмірді атап орнынан шеңберге жүгіріп кетеді, осы сәтте аталған нөмір жүгіріп келіп таяқшаны ұстап үлгеруі керек. Таяқшаны ұстап үлгермеген оқушы ойыннан шығады. Ойын осылайша жалғасын табады.

3.Арнайы жүгіру, секіру дайындық жаттығуларын орындау:

а) оң ж/е сол қапталмен аяқты алшақ қойып секіре-жүгіру;

ә) қолды белге қойып, тізені бүкпей аяқты алға сермей жүгіру;

б) қолды желкеге қойып, тізені бүгіп өкшені артқа сермей жүгіру;

в) тізені алға бүгіп жоғары көтере жүгіру;

г) оң ж/е сол қапталмен аяқты қиғаш айқастыра сала жүгіру;

ғ) оң ж/е сол аяқты ауыстыра отырып алға секіре жүгіру.

Әрбір дайындық жаттығуы спортзалдың жарты айналымына дейін ғана орындалады.

4. «Өзіңді сына» әдісімен видеоролик көрсетілімі арқылы жалпы дамыту жаттығуларын фитбол добымен орындаңыз.

Сұрақ арқылы талқылау:

- Жаттығутүрлерін көмексіз орындай алдыңыз ба?

- Қандай жаттығу сіздерге қиынырақ болды?


Жаттығу соңында «Басбармақ» әдісімен өзін-өзі басқару, бағалау.

Ашық алақан- барлық жаттығуды жасай алдым;

үш саусақ көтеру- жартылай жасай алдым;

жұдырығын көрсету- ештеңе жасай алмадым.


Әрбір әрекет үшін кең, таза кеңістік





Гимнастикалық таяқша























































АКТ-ні пайдалану

Видеоролик көруге арналған планшет, жеңіл гимнастикалық төсеніштер,фитбол доптары

https://www.youtube.com/watch?v=FkvHN6YHHw8

https://www.youtube.com/watch?v=IknYT0Xye3g







Сабақтың ортасы

28мин.

Тапсырма1. Топтық жұмыс .«Ойлан- топтас- бөліс» әдісі - идеялар мен ойларды дамытудың құрылымдалған әдісі,тапсырма карточка арқылы орындалады.

1топтың тапсырмасы. Төмендегі спорттық құралдардың (секіртпелер,конустар, обручтар, төсеніштер, гимнастикалық орындықтар) көмегімен эстафеталық ойындар құрастырып, оны көрсетіңіздер және ойындағы қиындықты анықтаңыздар.

Карточка 1.


Дескриптор: оқушы

  • спорттық құралдарды тиімді және қауіпсіз пайдаланады;

  • топпен бірігіп жұмыс жасайды;

  • қабілеттерін ойында көрсетеді;

  • бір-бірінің жұмыстарына әділ баға береді.

2топтың тапсырмасы. Төмендегі спорттық құралдардың (жеңіл атлетика барьерлері, фитбол доптары,тығыздалған доптар, конустар) көмегімен кедергілерден жүгіріп өту ойынын құрастырып, оны көрсетіңіздержәне ойындағы қиындықты анықтаңыздар .



Карточка 2.


Дескриптор: оқушы

  • ойланып, топтасып, ойларын бөлісіп жұмыс жасайды;

  • спорттық құралдарды қауіпсіз қолданады;

  • бір-біріне көмектеседі;

  • физикалық қабілеттерін өз шамаларымен көрсетеді;

  • бағалауда әділдіктерін көрсетеді.


Тапсырманы сұрақ арқылы қорытындылау немесе пікір алмасу:

  • Тапсырма орындауда спорттық құралдардың тигізер пайдасы неде?

  • Топтық жұмысты орындау кезіндегі ең күрделі жаттығуды атаңыздар, неліктен күрделі деп ойлайсыздар?


Тапсырма2.«Ойында көрін» әдісімен жұптық ойын. Фитбол добымен суреттегідей екі оқушы арқамен бірін-бірі итере жүріп допты түсірмей сызықтан шығаруға тырысады. Сызықтан шыққан оқушы жеңіледі.



Сұрақ арқылы ойын қорытындысын талқылау:

  • Ойын кезінде өздеріңіздің қабілеттеріңізді, мүмкіндіктеріңізді көрсете алдыңыз ба?

Ойын соңында бір-біріне баға береді.


Әрбір әрекет үшін кең, таза кеңістік

http://jas.kz/wp-content/uploads/2016/05/skachki24_thb_610x350x2.jpg













































































































https://www.youtube.com/watch?v=FzvOVL9sSt0

Әрбір әрекет үшін кең, таза кеңістік. Фитбол доптары.












Сабақтың соңы

5мин.

1.Тыныс алу жүйесін қалпына келтіру.

« Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» жаттығуы

Топ бір қатарға тұрады және 1-16 санауда сапқа тұрып жүруді бастайды.
1 - 4 – үш қадам алға, аяқты түзеп
қою;
5 - 6 – айнала бұрылу;
7 - 8 – оңға сүйеу қадам;
9 - 10 – солға бұрылу;
11 - 12 – алға қадам, аяқты түзеп қою;
13 - 14 – айнала бұрылу;
15 - 16 – оңға бұрылу.

2.Үйге тапсырма: Әр топқа (кем дегенде бір) кез келген бір ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын дайындап әкелу.



3.Кері байланыс. Рефлексия.

Оқушылар түрлі- түсті қағаз арқылы сабақ туралы пікірлерін төмендегі «Бағдаршам» таблицасына белгі қою арқылы білдіреді



Shape2 Shape1

Нені үйрендіңіз?



Shape3

Нені үйрене алмадыңыз?



Shape4

Келешекте не білгіңіз келеді?





































Түрлі-түсті қағаз- қалам,толтыру парақшасы.























Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.

  • сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.

  • Сәл әлсіз оқушыларға көмектесу үшін композициялық тапсырмаларды және де топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету.

  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.

  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?

  • Оқушылар жаттығу мен жүгіру арасындағы айырмашылықты біле ме?

  • Оқушылар залдағы кеңістік пен қозғалыс координациясын қалай үйлестіре алады?

Топтық композиция мен талқылау сапасы

  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы





























Сабақбойыншарефлексия


Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Бұлбөлімдісабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.


Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
528
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі