400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ойын балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын-бала өміріндегі маңызды нәрсе. Ойын арқылы бала қанаттанып, ой-өрісі дамиды. Балабақшада балалар түрлі ойындар ойнады. Ұлттық ойындар, дидактикалық ойындар, сюжетті ойындар... т.б.
Материалдың қысқаша нұсқасы

*Балабақша

Балабақшада В. Воскобовичтің ойын технологиясын колдану ерекшеліктері


Балалық шақ – адамның ең қызықты, әрі бақытты шағы болса, ойын адамның өнертанымының алғашқы қадамы десек артық айтқандық болмас. Сондықтан біздің балаларымыз кәзіргі заман талабына, қоғам мұддесіне лайықты, жаң-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психологиясы қалыптасқан парасатты азамат болып өсулері үшін мектептке дейінгі мекемедегі тәрбие мен тәлім ауадай қажет. Кәзіргі заманғы білім беру құрылымында көптеген жаңа технологиялар өмірге келуде. Сол технологиялардың бірі – ойын технологиялары.

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытып өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекет – ойын. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен, адаммен, еңбегімен қарым-қатынасымен танысады. Ойын арқылы баланың ой-өрісі дамып, қиялы қарыштап, дүниетанымы кеңей түседі. Ойын үстінде балалар әртүрлі рөлде жолдастарымен қарым-қатынас жасауға, ойын үстінде ойлана жауап беруге, қиялдауға, елестеуге, еркін сөйлесуге деген қабілеттері қалыптасады. Сонымен қатар, сөздік ойындар балалардың есте сақтау қабілетін дамытады.

Балабақшаға келген балаға саналы тәрбие мен сапалы білім беру барысында тәрбиешілер жан-жақты еңбек етуде. Біз көбіне баланың ой-өрісін кеңітіп, сөздік құрамын арттыру мақсатында түрлі ойын ұйымдастырамыз. Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекемелерде Вячеслав Вадимович Воскобовичтің ойын технологияларын жиі пайдаланып жүрміз. В. Воскобовичтің негізгі мамандығы физик болса да ол балалар үшін алғашқы дамытпалы ойынды ойлап тапқан тұлға. Өз баласымен ойнай отырып, отандық жаңашыл-педагогтардың басқа тәжірибесін зерттеп, оған өз әдістемесі мен тәсілін қосып, өз ойынының комплексін енгізді. Бүл ойын технологиясы балаларға ауадай қажет екенін бүгінгі күн талабы ділелдеп отыр. В. Воскобовичтің дамытпалы ойындары өзіндік құрылымымен, шығармашылығымен ерекшеленеді. В. Воскобовичтің ойын негізіне үш негізігі принциптары қызығушылық, таным, шығармашылық түрлері жатады. Бұл жәй ойын емес. Бұл ертегі, қызық оқиға, көңілді кейіпкер, бұл ойын баланы ойлауға және шығармашылыққа баулитыны анық. бұл ойын технологиясын жетік меңгерген балалар мектепке толыққанды дайын болып барады. Ойын нәтижесінде балалар оқу, санау, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.

В. Воскобовичтің ойындары құрастыру элементтерімен, көпфункционалдығымен, шығармапшылық әлеуетінің молдығымен, ойынның тиімді мәдениетімен ерекшеленеді. Мысалы, "Геоконтта" – қозғалысты «рәзеңке» құрастыру әдісі ретінде балалардың ойлау қабілетін арттырып қана қоймай, саусақ қимылдарын ширатады. Ал " Воскобовичтің шаршысында" қаттылық пен икемділік бір уақытта меңгеріледі. Бұл балалар үшін аса қажет.

В. Воскобовичтің ойындарында зор шығармашылық мүмкіндіктер енгізілгендіктен бала өз шығармашылық ойын жүзеге асыру үшін мол мүмкіндікке ие болады. В. Воскобовичтің барлық ойындары ертегіні суреттейтіні бізге ерекще ұнайды. Ал ертегі дегеніміз бала санасының дамуына, қиялының ұшқырлығына зор әсер етеді. Сондықтан да өз басым осы ойын технолгиясын сабағыма жиі қолданамын. Нәтижесінде топтағы балалардың бір-бірімен еркін сөйлесіп, әңгіме айтып, ойын ашық жеткізіп жатқандарын көремін. Демек, балаларға бұл ойын технологиялары аса қызықты деген сөз. Бұл тәжірибемді алдағы уақытта да қолданатын боламын.

Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау қалуға болмайды. Ол қоғамның, заманың бағыты мен бағдарымен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін ойын тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз



Жанар Серпінқызы ЖАСАҚБАЕВА,

"Ер Төстік" балалар бакшасының тәрбиешісі

Алмалы ауылы

Сарқан ауданы

Алматы облысы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
327
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі