Материалдар / Ойын элеметтерін математика сабағында қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойын элеметтерін математика сабағында қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Наурыз 2023
285
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ойын элеметтерін математика сабағында қолдану

       Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жумыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Математика пәні  оқушылардың өз ойын қысқа, дәл және дұрыс айтып бере алуы үшін зор мүмкіндіктер туғызады. Білім сапасын арттыру әр мұғалімнен шығармашылықпен жұмыс жасауды талап етеді. Мұғалімнің басты мақсаты оқушыларға терең де тиянақты білім беру. Сабақты қызықты, тартымды өткізу  мұғалімнің білімділігіне, қабілетіне, тапқырлығына және сабақтың әр түрлі әдіс тәсілдерін орынды қолдана білуінде. Оқушының математикадан білімін көтерудің ең басты шарты пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы жоғары болса ғана бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді. Мұғалім математика сабағында оқушылардың  қызығушылығын тудыру үшін ойындар ұйымдастыруына болады.Ойын-әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы, көңіл–күйі ,баланың тілін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады.Физика, химия, тарих т.б. пәндерімен байланысып білім – білік дағдылары артып, пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының артуына ықпал етеді. Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы педагог В.А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған. Ойынға да басқа оқыту формалары сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі. Басқа да кез- келген іс-әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді, ең бастысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезінуі керек.

Оқушыларды  математика сабақтарында ойын элементтерімен таныстыру.
Математика бағдарламасына сараптама жасап, ойын сәттерін енгізетін тақырыптарды анықтау;
-оқушылардың теориялық білімін жүйелеуге және практикада қолдануына, қалыптасуына жағдай туғызу;
-өз ойын, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтыру;
-оқушылардың пәнге деген қызуғушылығының денгейін сезінуге, оны игеруде, өз мүмкіндігін болашақта бағалай білуіне көмек көрсету;
-оқушылардың қызығушылық іс-әрекетін ұйымдастыру.
Егер математика сабағында
— ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса;
— уақытты тиімді пайдаланса;
— тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе,
онда оқушылар сабаққа белсене қатысады, пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі білім сапасы мен үлгерімі артады
Күтілетін нәтиже:
-сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады.
-оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады.
-ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті сергектікті үйренеді.
-оқушылардың математикалық қабілеттері айқындалады.
Ойын оқушының негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиалогиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын оқушының даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады .
Ойын өзінің тек мазмұнымен оқушыларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып, жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей, әдеттегі бірсарынды сынып сабағындағы үңдемес оқушылар ойын кезінде өте белсенді болады. Өйткені ойын кезінде ол тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады. Мұғалім балалар ерекшеліктерін — мінез, темперамент, ұжымшылдық, тәртіп, ерік т.б. жағдайларын ескеріп ұйымдастыруы қажет және ойынның мақсаты, міндеттері, мазмұны мен жүрісін анықтау керек. Мұғалім ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны жөніндегі ақыл-кеңесшісі, балалардың даулы нәрселерін шешіп беретін әділ төрешісі,сонымен бірге ойын барысында олардың жолдасы бола алады .
Мұғалімнің міндеті- ойын барысында балалар арасында адамгершілік қарым-қатынастарды талдап, зерттеу, оны тиімді әдістермен басқару, балалардың достығын қолдау. Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады.Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ықыласпен тыңдап, жемісті меңгеруіне әсер етеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады.
Ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтады. Ойынды қолдану сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, материалды қажетті деңгейде игеруіне ықпал етеді. Ойындар мазмұны баланы қызықтыра алатындай құнды болуы керек. Ойын әрекеті сабақта игерілген білім, білік, дағдыға сүйене отырып оқушылардың өзіне және басқаға сын көзбен қарап, тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады. Ең бастысы әлеуметтік психологиялық талаптардың бірі — шынайы қарым-қатынас практикасы мен ойынның логикалық үйлесімінің болуы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.
Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түседі.Ойын сабақтарында берілетін тапсырмалар қарпайымнан басталып,біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударылады.Білім бағалаудың бұл әдісі оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыруы, мектепте өткізілетін әр түрлі жұмыстардың атқарар рөлі зор.









Жетісу облысы.

Кербұлақ ауданы.

«Ақбастау негізгі мектебі» КММ-сі

Математика пәнінің мұғалімі: Нуриева Айгуль Оразалиевна

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!