Материалдар / Ойын жаттығу: " Психологиялық"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойын жаттығу: " Психологиялық"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2020
495
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазір XXI ғасыр болғандықтан заманымызға сай ой-өрісі, ақыл-ойы жоғары заманға сай ұрпақ тәрбиелеу аса маңызды міндеті қойылып отыр. Тәрбиенің де, білімнің де алғашқы дәні балабақшада беріледі. Баланы тәрбиелеуде біз ең бірінші қандай әдісті қолданатынымыз айтпасақ та түсінікті.

Ең алдымен ойындар.

Ойындардың негізгі мақсаты – баланы жан-жақты дамыту.



Баланың зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамыту, икемділікті арттыру, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау.

ОShape1 Shape2 йынның маңызы:

Shape5 Shape4 Shape3



Тәрбиеленуші үшін: тәрбиеші үшін : ата-ана үшін:

-Ақыл-ойы дамиды; -ойын түрінде оқыту -бала бойындағы

-Оқуға қызығушылығы артады, жалықтырмайды; жағымсыз

-Белсенділігі жоғарылайды; -баланың білім сапасын қылықтарды

-Шығармашылығы арттыруға, іс-әрекетті ойын арқылы

қалыптасады. қызықты өткізуге тиімді. тәрбиелейді.



Психологиялық ойын-жаттығулар:

Әрі ойын, әрі жаттығу ретінде баланың рухани жай-күйінің үйлесімді дамуы

ПShape7 сихологиялық ойын-жаттығу

ШShape8 еңбер



Қысқа медитация, психологиялық көңіл күйді қалыптау.

Шеңбер – баланы психологиялық контактіге әкелу үшін ең тиімді кеңістік формасы. Барлық адам үшін оның ішінде кішкентай бала үшін «болып жатқан жағдай ортасында» болу өте маңызды. Ең маңыздысы педагог бетін бала көру керек. Арқаны көру ол баланы өзінен итеру деген сөз. Шеңберде жақсы түсінетін, үлкен және кіші, соған жақсылық тілейтін адамдар отырады. Шеңбер – бала үшін қорғаныс болса, тәрбиеші үшін оларды ұйымдастыру индикаторы. Шеңбердің басы ол қысқа медитацияға ұқсайды, содан кейін барып әңгіме бастап, әрі қарай бірнеше минуттан соң топтық жұмыс жүргізуге болады.

Психологиялық ойын-жаттығулар баланың жан-дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады. Баланы үлкендермен және достарымен қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойындар мен жаттығулар барысында балалар шешімді өздігінен шығаруға үйренеді. Балаларды ойын арқылы оқыту, психологиялық ойын түрлерін оқу іс-әрекеттерінде және одан тыс уақытта қолданудан тиісті қорытынды шығаруға болады. Бұндай ойындар баланың жалпы психологиясын, есте сақтау, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамытып қана қоймай, қимыл-қозғалыстарын, бақылағыштық қасиеттерін де дамытады.

Психологиялық ойын-жаттығулар

«Ертеңгілік жиын»

Мақсаты: балаларды жинақтау және топтық атмосфераны қалыптастыру. Ойын мазмұны:Балалар педагогтармен шеңберге жиналып отырады. Бәріне амандасу өлеңін жаттап алып, өлеңдете айту ұсынылады: Алдымен балалардың есімімен танысып алады:

Қайырлы таң, Әсел! (қолды кеудесіне қойып, күліп және басын иіп айту)

Қайырлы таң, Айгүл!

Қайырлы таң, Педагогтың аты-жөні.

Қайырлы таң, күн! (Қолды жоғары көтеру, түсіру)

Қайырлы таң, көк аспан! (Қолды жоғары көтеру, түсіру)

Қайырлы таң, бәрімізге! (Қолды жанымызға жаю, түсіру)





«Жағымсыз энергияны лақтыру»

Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйін орнына түсіру, ашуларын бойдан шығару, қатты көңіл-күйді босаңсыту. Материал: нысана. Мазмұны: Қатысушылар бар ашуларымен құм толтырылған қалтаны нысанаға лақтыру керек.

«Өзіңді ата»

Мақсаты: Сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Ойын мазмұны: өзіне ұнаған үйде айтылатын аттарын топ ұжымына айтып, өзін солай атауды ұсынады.

«Кімнің дауысы?»

Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін, есту қабілетін дамыту. Мазмұны: Балалар шеңберге тұрады. Біреуі артына қарап, басқа жерге барып тұрады, бір бала ортаға шығып дауыстап «Сантики,фантики, лимпопо» деп айтуы керек. Бірінші бала келіп кімнің дауыстағанын табуы керек.

«Дыбысы арқылы затты таны»

Материал: қорапша, екі тас, сылдырмақ, сөйлейтін қуыршақ, т.б. Мақсаты: Есту қабілетін дамыту. Дыбысты затпен ұйқастыра білуге үйрету, дыбыс бойынша тани білуге, сезе білуге дағдыландыру. Ойын мазмұны: Балалар шеңберге тұрады. Педагог қорапшадан заттарды алады, заттарын қарап дыбыстарын тыңдайды.

«Иісі арқылы тап»

Мақсаты: таныс иістерді тани білуге үйрету. Материал: апельсин бөлігі, сарымсақ, алма, қияр, қауын, т.б. Ойын мазмұны: педагог көзді жұмып, таныс иістерді айыра білу керектігін ұсынады. Мұрынына апельсин бөлігін алып келеді, дұрыс айыра алмаса дәмін көреді.

«Күн мен түн»

Мақсаты: Адам өмірінде жарықтың орнын түсіндіру. Материал: көрпе. Ойын мазмұны: Педагог: «Түн басталды». Балалар көрпелерін жамылды, бар қимылдарын тоқтатып, ұйқыға кетеді. «Таң атты» - көрпе жинап алынып, балалар ұйқыдан оянды: секіріп, жүгіреді, күледі. Педагог бұл ойынды ұйқының алдында ойнатады.



«Теңіз толқиды»

Мақсаты: Зейінді болуға үйрету. Ойын мазмұны: Ойын жүргізушісі тағайындалады. Қалған балалар толқын болады. Жүргізуші: «Теңіз толқиды-бір! Теңіз толқиды-екі! Теңіз толқиды-үш! Теңіз толқиды-қатып қал!» осы кезде музыка тоқтап, толқындар қатып қалады. Жүргізуші «қатып қалған толқындар» арасымен жүреді. Жүргізуші қозғалған толқынды байқап қалып, кейпін өзгерткен толқынды тапса, сол толқын ойыннан шығады.

«Сиқырлы отырғыш»

Мақсаты: сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Ойын мазмұны: бір бала ортаға сиқырлы отырғышқа отырады, ал қалғандары оған жақсы, әдемі сөздер айтады. Отырғанды құшақтап, сүюге болады.

«Досыма сыйлық»

Мақсаты: Әр түрлі әдістер арқылы заттарды сипаттау. Ойын мазмұны: Бір бала туған күн иесі болады, ал қалғандары оған сыйлық сыйлайды. Олар мимика, қозғалыстар арқылы өзінің туған күн иесіне деген қарым-қатынасын көрсетеді.

«Жер.Су.Ауа.От»

Мақсаты: балаларды зейінді болуға, сөздерді дұрыс классификациялауға үйрету. Материал: Үлкен және кішкентай доптар. Ойын мазмұны: жүргізуші допты алып, қалғандары қасына дөңгеленіп 3-4 м қашықтықта тұрады. Жүргізуші допты бір ойыншыға лақтырады және төрт сөздің біреуін айтады. «Жер». «Су». «Ауа». «От». Кімге доп лақтырылса, сол ұтып алып, «Жер» деген сөз болса, онда тұратын жануардың атын атау керек. «Су» деген сөз болса, балықтың атын, «Ауа» деп айтса, құстың атын айту керек. Ал «от» деп айтылса, допты ұтып алып, үндемей теріс айналып тұру керек. Кім шатасса және көп тұрып қалса, қолын жоғары көтеріп, келесі кезек келгенше күтіп тұрады.

Қорыта келгенде, психологиялық ойын жаттығулар баланың көңіл-күйін көтеріп, баланы жақсы қалыпқа келтіріп, жолдастарымен жақсы қарым-қатынаста болуға, сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Тәрбиешіге топта жақсы атмосфераны қалыптастыруға көмектеседі.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!