жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ойын кезінде допты екі қолмен жоғарыдан лақтыру
Сабақтың тақырыбы: Ойын кезінде допты екі қолмен жоғарыдан лақтыру
Сабақ/ оқу мақсаттары:
Білімділігі: Оқушыларға Ойын кезінде допты екі қолмен жоғарыдан лақтыру әдістерін үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың қимыл -қозғалыс жаттығуларын өздігінен орындауға дағдыландыру .
Тәрбиелік : Оқушыларға қозғалыс жаттығуларын орындату арқылы ептілікке,шапшаңдыққа салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Түсіндіру,жаттығулар.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: ысқырық, сурет, доп.
Сабақ/оқу барысы
|
Реттік № |
Сабақ/оқу кезеңі |
Мазмұны |
|
1 |
Ұйымдас тыру кезеңі |
1.Сапқа тұру. Рапорт беру, 2. Журналға белгі соғу. 3. Киім үлгісіне назар аудару. Оң-ға, Сол-ға, артқа бұрыл пәрмендерін оындату. Спорт залды 5 айналым баяу жүгіру. Спорт залды айнала саптық адыммен жүріп, залдың ортасынан үш лек бойынша адым бас пәрмені бойынша залдың ортасына сапқа тұру. 1-жаттығу. Бастапқы қалып қол белде, аяқты иық көлемінде ашамыз басты оңға 4 рет солға 4 рет айналдырамыз. 2-жаттығу. Б.қ аяқты иық көлемінде ашамыз, қолды иыққа қойып иықты 4 рет алға 4 рет артқа айналдырамыз. 3-жаттығу. Б.қ аяқ иық көлеміндеашамыз оң қол жоғарыда сол қол төменде 1-2 санақ бойынша қолды артқа сермейміз 3-4 қолды ауыстырамыз. 4-жаттығу. Бір орында секіріп шынтақты ішке 4 рет сыртқа 4 рет айналдырамыз. 5-жаттығу. аяқ иық көлемінде қол белде белді оңға 4 рет солға 4 рет айналдырамыз. 6-жаттығу. аяқ иық көлемінде ашамыз сол қол белде оң қол жоғарыда 1-2 санақ бойынша солға иілеміз 3-4 санақ бойынша екінші жаққа ауысамыз. 7-жаттығу. аяқ иық көлемінде ашамыз қол тізеде тізені ішке 4 рет сыртқа 4 рет айналдырамыз. (жаттығу аяқталды). Жартылай «сол -ға» бастаушының артынан «оң иық алға адым бас». |
|
2 |
Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру (үй тапсырмасын сұрау) |
Тақырып: Допты бір иықтан лақтыру. 1-жаттығу. айып орнынан шеңберге допты лақтыру жаттығуы қалай орындалады? 2-жаттығу. екі қадам жасап оң жақ бүйірден допты шеңберге лақтыру. |
|
3 |
Жаңа сабақты түсіндіру.
|
Ойын кезінде допты екі қолмен жоғарыдан лақтыру. Жоспары 1.Допты екі қолмен жоғарыдан лақтыру жаттығулары. 2. Ойын кезінде екі қолмен жоғарыдан лақтыру жаттығулары. Допты екі қолмен жоғарыдан лақтыру жаттығулары ойын барысында қашықта тұрған ойыншыға дәлдеп жәнеде күш алып лақтыру үшін қажет жаттығу. Бір орында тұрып допты екі қолмен жоғарыдан лақтыру. 1-жаттығу. Сол аяқ алда оң аяқты артқа қойып,оң қол доптың ортасында сол қолды доптың жанынан ұстап,оң жақ бүйірден күш ала отырып допты жоғарылата лақтыру.
2-жаттығу Допты жерге ұрып барып қолға ұстау барысында оң аяқты алға қойып допты жоғарылата лақтыру кезінде сол аяқты алға қою арқылы орындалады.
|
|
4 |
Өтілген сабақты (материалды) бекіту |
1.Допты екі қолмен жоғарыдан лақтыру жаттығулары. 2. Ойын кезінде екі қолмен жоғарыдан лақтыру жаттығулары. 1.1 жаттығу. 2-топқа бөлініп бір -біріне қарама қарсы тұрып жоғарылата лақтыру. 1.2-жаттығу. 2-топқа бөлініп бір-біріне қиғашынан тұрып жоғарылата лақтыру. 1.3-жаттығу. 2-топқа бөлініп допты жерге ұрып алға жүгіру арқылы бір -біріне жоғарылата лақтыру. 2.1-жаттығу. Допты Қорғаушыдан асыра отырып алдынғы шептегі ойыншыға жоғарылата лақтыру. 2.2-жаттығу. тактикалық жаттығу. Допты Қорғаушыдан асыра отырып алдынғы шептегі ойыншыға допты лақтырып қайта көмекке барып екі қадам жасау арқылы шеңберге салу. |
|
5 |
Үйге тапсырма |
Ойын кезінде допты екі қолмен жоғарыдан лақтыру жаттығуларын орындау. |
|
6 |
Сабақ/оқу қорытындысын жасау, бағалау. |
Оқушыларды бағалау Спорт залдан саппен шығу |
Сабақтың өтілу барысы
Дене қыздыру жаттығулары Үйге барілген жаттығу орындалу барысы

Жаңа сабақ түсіндіру барысы жаңа сабақ бойынша жаттығулар

шағым қалдыра аласыз






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген