400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ойын кезіндегі басып кіру дағдыларын түсіну және үйрету

Материал туралы қысқаша түсінік
Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді. Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды. Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады. Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді. Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады. Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Мектеп

И.В.Панфилов атындағы № 5 мектеп-лицей

Мұғалімнің аты-жөні

Дуйсенбекова.Г.С

Сынып

5 «Ә»

Күні

16.04.2024ж

Бөлім

7-бөлім. Ойын кезіндегі басып кіру дағдыларын түсіну және үйрету

Сабақтың тақырыбы

Жеке және командалық ойын әрекеттері

Оқу мақсаттары

5.1.5.1. Аздаған ауқымдағы дене жаттығуларының тактикасын, стратегиясын және құрылымдық идеяларын білу және сипаттау

Сабақ мақсаттары

Бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегиялары мен құрылымдық идеяларын қолдану және бағалау

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушынң әрекеті

Бағалау

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

12-15минут

Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.Саптық жаттығулар

Мұғаліммен салемдеседі Сабақ тақырыбы мен сабақ мақсаттарымен танысады. Қауіпсіздік ережелерін сақтайды. Саптық және бой жазу жаттығуларын жасайды.

Оқушылардың көңіл күйі мен сабаққа дайындық деңгейіне қалыптастырушы баға беру және денсаулығын назарда ұстау.

Волейбол добы, ысқырық, уақыт өлшегіш

Сабақтың

ортасы

25-28 минут

Волейбол ойынынының тарихымен таныстырамын.

Алаң өлшемдерімен және шарттарын түсіндіру. Ойынның 3 техника түрлерін атап көрсетемін.

Тапсырма № 1

Допты ойынға төменнен немесе жоғарыдан қосу әдісі -Волейболда ойын тәсілдері өте көп және оның басты мақсаты тек жеңіске жету.Ойын тәсілдері бір біріне ұқсамайды. Тәсіл жасау ойын әдістерін қалай меңгеруіне тікелей байланысты. Әдістердің бірі допты ойынға төменнен қосу әдісін көрсету.

Тапсырма № 2

Допты саусақпен және білекпен қабылдау әдісі - Дұрыс тұра білу – жаңа бастаған волейболшы үшін басты шарт. Ойыншының дұрыс қалпы аяғы иық кеңдігінде тізеден бүгілген күйде кеуде ілгері еңкейтіледі, аяқтың біреуі шамалы ғана ілгері шығарылады. Қол шынтақтан бүгіліп, бір-біріне қаратылады. Бұл қалып тұрақты болып қалмауы керек, ол ойын кезіндегі жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Бұл жағдайда қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қолдың қозғалысын қиындатпау үшін оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін, допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады.

Пионербол ойыны

Пионербол ойыны-бұл бірінші кезекте волейбол ойыны ережелеріне өте ұқсас спорттық командалық ойын. Жаңадан бастаған волейболшылардың бастапқы ойыны. Негізгі айырмашылығы Пионербол ойнағанда, допты ұстап алуға болады. Ойын волейбол алаңында және волейболдық доппен ойнайды. Дене шынықтыру сабақтарында бәсекелестік ретінде жақсы.

Оқушыларды топқа бөліп екі жақты Пионербол ойынын ойнайды


Ойынның ережелерімен, алаң өлшемдерімен шарттарымен танысады. Ойын техникасын біледі.


Сабақ барысында көрсетілген допты ойынға қосу әдісін доппен қайталайды.


Мұғалім көрсеткендей алдымен ойыншының бастапқы тұрысын үйренеді және допты жоғарыдан, төменнен қабылдау әдісін доппен қайталайды.




Дескриптор

- ойын шартын орындайды;

- өздерінің тактикалары мен стратегияларын қолданады;

- ойлаған тактикасын жүзеге асырады;

- құрылымдық идеяларын қолданады.

Қимыл-қозғалыс техникасын орындайды · Физикалық жаттығулардың қызметін оңтайландыру үшін, құрылымдық идеяларын сипаттайды


Дескриптор:

1.Ойын шарттарын біледі. 2.Допты жоғарыдан төменнен ойынға қосу сәтінде және допты төменнен қабылдау техникасын дұрыс орындай біледі.

Сабақтың

соңы

3-5минут

Оқушыларды сапқа тұрғызып демді қалыпқа келтіру жаттығуын жасату. Бүгінгі сабаққа байланысты сұрақ қою. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Тынысын қалпына келтіріп. Волейбол ойынының әдіс тәсілдерін үйрену барысындағы әсерлерімен бөліседі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
132
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі