жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ойын ойды дамытады

Сембина Кенжегүл Жұмағұлқызы «Жұпар»
бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.
Тақырыбы : « Ойын- ойды
дамытады ».
Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекеті - ойын. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық, физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады.Ойын баланың даму құралы ,таным көзі,тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып ,адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.
Ойын дегеніміз - жас ерекшелігіне қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс.Ойын төзімділікті, алғырлықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздылықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді,сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістердің бірі.
Ойынды әр уақытта пайдалану
үлкен нәтиже берері анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар
болсақ,сонда үлкен мәнді де, мағыналы істер туындап өрбитінін
байқаймыз. Ойын тек баланың дене күшін ,қуатын молайтып, оны
шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қана қоймайды, сонымен қатар
оның ақыл-ойының толысуына, жан дүниесінің қалыптасуына,есейуіне де
пайдасын тигізеді.Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның
шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.Бала
ойынсыз өспейді, жан-жақты дамымайды. Балалардың алғашқы қоғамдық
ойындарының бірі-құм кеңістігінде туындайды.Құмда ойнау барысында,
бала өзінің қиялға толы және шындыққа жанасқан ішкі дүниесін ашып
көрсете алады.Құмды араластыра отырып, бала саусақ моторикасын, ал
құмның қалыпқа сиятын мөлшерін анықтай отырып, көз өлшемін
дамытады. Бұл ойындар-балалардың шығармашылық қасиеттерін дамытып,
қиялдарын оятады.
Балалардың еңбегі ,оқуы ойыннан басталады.Ойын арқылы балалар білім
алуға талпынады. Ойын білімді талап етеді,яғни қарапайым
математикалық ұғымдарды қолданады: санамақ арқылы балалар өздері
санай алады.Тіл дамытуды да қажет етеді.Балалар тақпақтап
бір-бірлеріне сәлем жолдайды.Дене шынықтыру да ойын кезінде талабы
мол.
Көптеген жазушылар бала
ойынының психологиялық мәнін көркем бейнелер арқылы ашқан. Баланың
қуанышы да, реніші де ойын кезінде айқын көрінеді. Ойын кезінде
бала ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады,
қиялы, шығармашылық қабілеті дами түседі.
Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне
сақтайды.Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай
жүзеге асырады.Ойын шарттарының өзі баладан заттарға айналатын
көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді.Егер бала ойын
талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса ,онда
оның құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал.Ойын балалардың негізгі іс
–әрекетінің бір түрі.Ойын барысында баланың жеке қасиеттері
қалыптасады.Мектеп жасына дейінгі балаларды көргендерін
,байқағандарын ,айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданылатын
байқау қиын емес.Ойын айналадағы болмысты бейнелейді.Ойын барысында
балалар дүниені тани бастайды,өзінің күш-жігерін жұмсап,сезініп
білдіруге мүмкіндік алады,адамдармен араласуға үйренеді.Айналадағы
өмір құбылыстарын,ерекшеліктерін байқай отырып,білуге қызығушылығы
туындайды,осы сезім оны талпыныстарға
жетелейді.
Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтар мен психологтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар т.б. әсіресе түрлі саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған.Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан.Солардың қай-қайсысы да адамға,оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай құнды мәдени игіліктерінің бірі- ұлттық ойындар. Бала ұлттық ойын үстінде өмірде көрген – білгеніне, өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктей отырып, соны бейнелей ойнайды. Балаға тағы бір қасиет, бәрін өзім істеймін деп талпынады.Баланың осы талпынысын қошеметтеп, көмектесіп,сенім білдіріп отыру тәрбиенің ең ұтымды әдісі.Сондықтанда балаға өз білгенін үйретуден жалықпау ересек адамдардың қасиетті борышы.Бала ойын арқылы дүниені танып түсінігі арқылы қабылдап, ересектерге еліктей жүріп үйренеді және өзіне қабылдап отырады. Айталық, ойынға қатысатын балалармен тіл табысу, өзіне ұнамсыз рөл тигенде өзін қалай ұстауы сияқты нәрселердің көп мәні бар.Сондықтан тәрбиеші балаларды ұлттық ойындарға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын бағалап отырады. Тәрбиеші ұлттық ойын арқылы әр баланың игі бастамасын қолдап,оның бойындағы жақсы қасиеттерді дамытса, сонда ғана баланың мінез-құлқын қалыптастыруға қол жеткізеді.Мысалы:«Бәйге» ойынын алайық. Ең алдымен бәйгеге қосылатын атты белгілейді. Ол атты ойын барысында екі бала қолдан жасалған аттың үстіне мініп, қолына өрілген қамшыны алып, белгі берілген кезде балалар шауып жарысып келеді. Қай бала белгіленген мәре сызығынан бірінші болып шауып өтсе сол бала жеңімпаз болады.Басқа да ұлттық ойын түрлерін балалармен бірге ойнауға болады. «Хан талапай», «Асық ату»,«Қамшыны тез ал!»,«Соқыр теке»,«Тақия тастамақ»,«Оқтау тартыс»,«Арқан түю», «Арқан тартыс» «Бес табан»т.б.
Ойын- тәрбие құралы, ақылды,
ойды, тілді дамытады, сөздік қорды, сезімді кеңейтеді. Баланың
мінез-құлқын тәрбиелеп, адамгершілікке жетелейді.Ойын-эстетикалық
тәрбие құралы. Балалар негізінен ойын үстенде тез тіл
табысады.Баланың ойына қарап, оның психологиясын білуге
болады.Кейбір балалар ойын кезінде еркін қозғалып, басқалармен тез
тіл табысса, кейбір балалар басқа балалармен араласа алмай,
көңіліне ұнаған ойыншықты басқалардан сұрауға батылы жетпей тұрады.
Әрине, бұндай кезде педагогтардың көмегі қажет.Ойын кезінде
ойыншықтарды өзіне жинап алып, «менікі» дегеннің орнына, «біз»,
«біздікі»деген ұғымды айтуға дағдыландыру керек.Бала ойыны үшін
қажетті құрал-ойыншық.Ойыншық бала ойынын қызықты, әрі көңілді өту
үшін оған көп көмектеседі. Мысалы, машинаны ойнап отырған балалар
ойын кезінде жол жасап, құрылыспен шұғылданып, бір-бірімен тығыз
қарым-қатынаста болса,қуыршақ ойыны кезінде қыздар өздерін
қуыршақпен салыстырып, олармен сөйлесіп тілін дамытады. Ойындардың
басты тәрбиелік мәні- болашақ ұрпақты келешек кәсіптерге баулу,
яғни, бұл ойындарда дәстүрлі ұлттық педагогиканың бір саласы болып
табылады.Қазіргі заман талабына сай қалыптасқан: Әріп таңдау,Сымсыз
телефон, Сыңарын табу сияқты ойындармен қатар көптеген спорттық
ойында да жиі кездеседі.Әрбір ойын балаларды бір-біріне
жақындастырады,қиыншылықты жеңіп, табысқа жетуге баулыйды.
Ойын-сабақ, ойын-жаттығу,сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы
ойындар,сөздік ойындар, логикалық ойындар, ұлттық ойындар баланы
жан-жақты дамытып, өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық
құбылыстармен, адамдармен,олардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен
танысуына көмектеседі.
Ойын кезінде тәрбиешілерге қойылатын негізгі шартары бар.
Олар:
-Тәрбиеші мен баланың
арасындағы достық пен ынтымақтастықтың сақталуы.
- Ұсынылған ойындарды меңгеру, оның балаға қызықты әсер етуі,
баланың қабылдауы, ойын кезінде есте сақтауы.
-Балаларға берілетін тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы.
-Тәрбие жұмыстары баланың денсаулығын нығайтуға әсер ететіндей
болуы шарт.
Ойын арқылы баланың болашаққа көзқарасы қалыптасады. Кішіге
қамқорлық көрсету, әлсізді қорғау, ренжітпеу, жолдастармен ойын
барысында бірлесе шешім қабылдау, үлкенді сыйлау, басқа адамның
еңбегін бағалай білу дегенді олар күнделікті ойын негізінде
сезінеді.Жалпы ойынның түрі балаларға адамгершілік тәрбиесінің
дамуында маңызды рөл атқарады. Ұлттық ойындардың негізгі
мақсаты-бала бойына нұрын себеді.Ойын арқылы алған тәлім-тәрбие
балаға дұрыс жол көрсетеді.
Қазақ халқында «Баланы ойын-өсіреді»-деген сөз бар.Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады көңілі өсіп,ойы сергиді, денесі ширай түседі.Халқымыз өмірге дені сау,шыныққан балалар тәрбиелеу асыл қазынамыз деп қараған.




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген