Материалдар / Ойын ойнай білейік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойын ойнай білейік

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында төртінші басымдық білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі-деп атап көрсетілген.[ 14] Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуда жастарға білім берудің маңызы ерекше. Осыған орай оқушылардың білім жетістігін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру, нәтижеге бағдарлап оқыту, ұлттық құндылықтарды оқушылар бойында қалыптастыру, білім беруді ізгілендіру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, фундаментальді білім беру, қазіргі оқыту технологиясын жетілдіру және т.б.басым бағыттарды бастауыш сатысындағы пәндер бойынша мемлекеттік міндетті білім стандартын, оқу бағдарламасын жетілдіруде басшылыққа алудың қажеттігі туындап отыр.Бүгінгі күні дидактика саласындағы фундаментальды мәселелердің бірі – білім берудегі ойындар технологиясы. Ойын өмірде ерте жастан өзінен –өзі бастала отырып, адамның кәсіпті толық ме
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
423
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Қаракөл орта мектебі







Ойын ойнай білейік







Орындаған: Байммұашева Гүлзада









2017жыл








Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

Тұлғаның дамуын қалыптастыруда ойын түрлерінің ерекшелігі.

а) Ойын арқылы оқыту.

ә ) Ізденімдік ойындар.

б ) Ұлттық ойындарды сабақта пайдалану.

в ) Ойын түрлері.


Қорытынды

«.....бала ылғи іске ұмтылады. Дені сау бала тіпті

қарап отыра алмайды. Сондықтан ересек

адамдардың істегенінен өнеге алады.....»

М. Жұмабаев.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында төртінші басымдық білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі-деп атап көрсетілген.[ 14] Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуда жастарға білім берудің маңызы ерекше. Осыған орай оқушылардың білім жетістігін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру, нәтижеге бағдарлап оқыту, ұлттық құндылықтарды оқушылар бойында қалыптастыру, білім беруді ізгілендіру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, фундаментальді білім беру, қазіргі оқыту технологиясын жетілдіру және т.б.басым бағыттарды бастауыш сатысындағы пәндер бойынша мемлекеттік міндетті білім стандартын, оқу бағдарламасын жетілдіруде басшылыққа алудың қажеттігі туындап отыр.Бүгінгі күні дидактика саласындағы фундаментальды мәселелердің бірі – білім берудегі ойындар технологиясы. Ойын өмірде ерте жастан өзінен –өзі бастала отырып, адамның кәсіпті толық меңгергенінше жалғасады және ойын оқытуда алдыңғы технологиялардың маңызды бөлігі болып болып табылады. Адамзат ойынының санжылғы тәжірибесі ойынның білімділік құндылығын дәлелдеді. Ойын оқыту үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сонымен бірге ойын мұғалімдер мен оқушылардың, мектеп жасына дейінгі балалар мен тәрбиешілердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Адам ойынының жалпы құрылымдары түрінде ұйымдастырылған оқытушының белсенді бірлескен оқу және оқыту әрекеті – оқытудың ойын формасы деп аталады. Оқытудың ойын формасын қолдануда екі жақты дидактика байқалады: біріншіден, ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден, адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі. [5]

Ойын теориясы мен практикасын отандық педагогтар ,психологтар, социологтар зерттеуде.Қазақстандық ғалымдар: К.Ахметов, С. Хайдаров т. б. Бастауыш мектепте пәндерді оқытуды жетілдірудің жаңа технологиясын іздестіру жолында ғалымдар, жаңашыл педагогтар еңбек етуде. олардың ғылыми еңбектерін зерттеу жұмыстарын саралағанда берік білім берудің, оқу белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі ойын элементтерін тиімді пайдалану екендігін байқатады. «Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу керек»-деп жазады.Ж. Аймауытов.[1] 1


Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан –жақты дамыған сауатты, саналы жеке тұлғаның мәселесі жүктеліп отыр. « Бір сарынды және бір бағытта ұзақ жүргізілген іс –әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан әсіресе бастауыш сыныптарда оқыту барысында әр түрлі оқыту әдістері мен формаларын алмастыра отырып қолдану керек»- дейді К. Д. Ушинский. [25] Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білуі, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Сондықтан мұғалім баланы сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, іскерлігін дамытатындай болу керек. Оқушылардың белсенділігін саналы ойлана білуін, ой өрісінің дамуын,қиындықты жеңу, төзімділікке баулуды үйрету мұғалімнің негізгі міндеті. Мұғалімдер еңбегі туралы Ж. Аймауытовтың пікіріне жүгінсек: «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер», деп мұғалімдерге үнемі ізденімпаздықпен, шығармашылықпен атқаратын қызмет екенін айтып кеткен. [2] Ғалымның өз заманында айтып кеткен құнды ой- тұжырымдары бүгінде ХХІ ғасырда мұғалімдерге қойылып отырған талаппен үндесіп отырғанын айқын көруге болады. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу – ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуына ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады.

Өз іс-тәжірибемде бастауыш сыныптарда өтетін сабақтар көрнекіліксіз, ойынсыз өткен емес. Қай сабақ, қай тақырыпқа болмасын тиімді көрнекілік, ойынды ойластырып, алдын ала дайындалуға тырысамын. Ойынмен өткен сабақ қызықты өтіп тақырыпты жеңіл игеріп, оңай еске сақтайды, оқуға деген қызығушылығы, ынтасы арта түседі. Қазіргі кездегі қолданылып жүрген жаңа технологиялар «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының кейбір элементтерін сабақта қолданып жүрмін және «Ойын арқылы оқыту» технологиясында қолдануды дұрыс көремін. Бірінші сынып оқушыларын оқуға тек ойынмен ғана қызықтыруға болады. Ойын ойды қозғайды. «Баланың ойынын тыйғаның – ойлауын тыйғаның» деген қағида бекер айтылмаған. Қазақ халқының ұлы ақыны А. Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын арқылы оқушының білім алуға, оқуға қызығушылығы артады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не іс әрекет іспетті.

2

Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет, ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.

Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттыруы мен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Қызығу – танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып-үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалдарын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға қызығушылығы артып тұрады. Қызықты ойын түрлерінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады. Ойын түрлерінің материалдары сабактың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Тіл дамыту бойынша пайдаланылған ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, әрбір сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға бірден-бір таптырмайтын құрал екендігі даусыз. Сөздерді дыбысқа талдау, сөз құрастыру жұмыстарына жаңашыл педагог Амоношвилидің ойын тәсілін пайдаландым.

«Бұл қалай өзгерді?» ойыны дыбыстар мен әріптердің айтылуы және жазылу ерекшеліктерін оқушыларға меңгеру үшін жүргізіледі. Ойынды тиімді пайдалану дұрыс жазылуына бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып кететіндігіне оқушылардың назарын аударуға болады.

Ор-өр сұр-сүр терек-зерек

Тор-төр сан-сән көл-шөл-тол 3

«Орнына қойып жаз» ойыны арқылы оқушылар сөздердің айтылуы мен жазылуы туралы білімдерін тереңдете түседі. Ойын тәртібі: сынып 3 топқа бөлінеді. Плакатқа 3 қатар етіп сөздер дайындалады. Әр қатардан шыққан үш оқушы тақтаға сөздерді дұрыс жазып шығады. Әрі тез, әрі дұрыс орындаған топ жеңімпаз атанады.

Құл ұ/ы н сө с/з сіз

Жұлд ұ/ы з қорға н/м бек

Ше к/г ара сә н/ң қой

Фонетикадан алған білімдерін еске түсіру мақсатында жұмбақтар жасырып, шештіру де оқушылардың білімін тиянақты жүйелі етуге өз септігін тигізеді. Төмендегідей көрінеді.

Дыбыс емес таңба Әрі дауысты, әрі дауыссыз

Оқылмайды, жазылады Әрі жуан, әрі жіңішке

Әйтседе бұл екеуі Бұл қай дыбыс?

Біраз сөзден табылады.( ъ,ь ) (у )

«Ойлан, тап» ойыны арқылы сөз мағынасы туралы берілген ұғымдарды бекітуге болады. Ойын тәртібі: мұғалім «ұзын» десе, оқушы «қысқа» дейді. Осы тәрізді мұғалім мәндес сөздің біреуін атаса, оқушы сол сөзге мағынасы жуық екінші сөзді атауы тиіс. Мысалы: мұғалім «Отан» десе, оқушы «туған жер», «ел», «атамекен» дейді. Ойын осылай жалғаса береді. Көп сөз ойлаған оқушы жеңімпаз атанады.

Ізденімдік ойындар - оқушыларды ізденімпаздыққа ,белгісізді табуға құштарлыққа үйрететін дидактикалық ойындардың бір түрі. Сабақ барысында ойындарды кірістіре оқыту сабаққа белсенділігін арттырады.[15] Оқушыларға қазақ тілі дыбыс жүйесінің өзіндік белгілерін саралап танытуда, олардың фонетикалық біліктері мен білімдерін тәжірибеде қолдануда Ізденімдік ойындардың қызметі ерекше . Мысалы : «Дауыссыз дыбыстар» тақырыбын өткенде төмендегідей ізденімдік ойындарды өткізу оң нәтижеге қол жеткізеді.

«Сөзді тап» ойыны. Ойын мақсаты: Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру, олардың сабаққа қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетін жетілдіру.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!