Ойын өнегесі
Мектеп жасына дейінгі
балаларды білімді,тәрбиелі, сапалы, денсаулығын мықты етіп
тәрбиелеу балабақшаның негізгі мақсаты.Баланың жан-жақты дамып
,жеке тұлға болып өсуі үшін ойынның түрлерін пайдалану
маңызы.
Ғасырлар қойнауынан сүрінбей
өтіп өзінің үрдіс дәстүрлерін сақтаған, айрықша саласы: балалар
ойыны.Рухани мұрамыздың өзге түрлері,толымды арнасы, әр кезде
қоғамда атқарып келе жатқан қызметі бар.Ұрпағын ойламайтын халық
болмайды. Ойынның өміршең қызметі де оның ең алдымен жеткіншек
ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында. Демек, халықтың
этикасы мен эстетикасының, педагогикасымен –психологиясының,
әдет-ғұрпы мен наным сенімдерінің көрінісі балалардың
ойын-сауығында жатыр. Халықтың дәстүрлері тәрбиелеу салтын,
балаларға қатысты әдет-ғұрыпты, ойын –сауықтарын жан-жақты
қарастырады. Кез-келген ойынның астарынан халық өмірінің тікелей
де,шартты жинақталған көшірмесін көреміз. Әсіресе ойындардың ішінде
аң-құс, жан-жануарлардың дауысына жүріс тұрысына еліктеп, солардың
қимылын қайталап, бақташылық, аңшылық кәсіптерді бейнелеу.Сондықтан
да ежелгі замандағы адамдардың топталып аңға шығуы, салтты әскери
қақтығыстарды, басшысын тағайындау әдеттері ойында
сақталған.
Ойындар арқылы балалардың тәні
де,жан дүниесі де жетіліп отырған. Көпшілік ортасында өзін-өзі
ұстауы, қысылғанда жол табу,қоғамда өз орнын сезінудің алғашқы
сатысы осы ойындар. Балаларды ептілікке, тапқырлыққа, жылдамдыққа
баулитын, отырып та, қозғалып жүріп, жүгіріп ойналатын ойын түрлері
мол.Олардың арасында түрлі заттарды пайдалану арқылы және сөзбен
ойналатын ойындарда көп.
Түрлі заттарды пайдалану
арқылы ойналатын ойындар көбінесе қимыл-қозғалыстар мен
байланысты.Ондай заттар айнала қоршаған ортада және
тұрмыс-тіршілікте кездесетін тас, ағаш, таяқ, сүйек, сүлгі, белбеу,
жіп т,б. кейде ойынға арнайы даярланатын заттарда
болады.Мысалы:боялған асықтар,түрлі ойыншықтар т,б.Затты пайдаланып
ойнау кезінде қара сөз,өлең,тақпақтар айтылады,ойынның кезекті
шартын,іс-әрекетін,себебін түсіндіреді.Ол сөзге негізделген
ойындардың мақсаты балалардың дұрыс сөйлеуі, түрлі құбылыстарды
жатық сипаттауды, шешендікке, тапқырлыққа тәрбиелейді.Тәрбиешілер
оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, күні бүгінге дейін іске
қосылмай келе жатқан тәрбие құралдарын пайдалануды, оқытудың жаңа
әдіс-тәсілдерін қолдануы керек екені анық.Оқу тәрбие негіздерінің
бірі ойындарымыз. Ол сандаған ұрпақтың керегіне жарап оларды өмірге
әзірлеу қажетін өтеген,сыннан өткен сенімді тәрбие
құралы.
«Ойын баланың алдынан өмір
есігін ашып,оның шығармашылық қабілетін оятады», «Ойынсыз ақыл
–ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін де емес».Ойын
дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың
рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние туралы
түсінік алады.Ойындар тек денені ғана емес,ойдың да жаттықтырушысы
болып табылады.Ойындар өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын
егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жасайтынын
сіңіре білуді көздеген. Ойындарды бүгінгі педагогикалық ілім
талаптарына сай, іріктеп, ретті қолдана білсек, онда оқу-тәрбие
жұмыстарының сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады және жандандыра
түседі.
№154 бөбекжай-балабақша
әдіскері:Калыкова Елена Разақбайқызы