жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ойын-сауық:Алтын күз
Тақырыбы: «Алтын күз»
Мақсаты:
1.Күз мерекесінің қыры мен сырын жетік меңгерту, күз туралы түсініктерін кеңейту;
2.Қоршаған ортадағы табиғат өзгерістерін, күзгі табиғат ерекшеліктерін, басқа мезгілдерден айырмашылығын, тірі және өлі табиғат туралы ұғымдарын дамыту;
3.Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білу ,туған өлкені сүюге тәрбиелеу;
Жүргізуші:
Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қыр дан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекелі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс ,береке,бірлік ала келді.
Армысыздар әріптестер мен ата-аналар,қадірлі қонақтар! «Алтын күз !» тақырыбындағы «Ботақан» тобының күзгі балл қойылымына қош келдіңіздер.
Ойын-сауығымызды балаларымыздың ата-аналарымен бірігіп жасаған «Күз кереметі » тақырыбындағы композициямен бастағанды жөн көріп отырмыз.
Жүргізуші:Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.Олай болса,мұқият тыңдайық:
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Балалар,бұл қай кезде болады екен.
-Күз мезгілі
Жүргізуші:Ендеше осы күз мезгіліне арналған өлең шумақтарына кезек берсек.
Арман: Қуандырып біздерді,кел жемісті,алтын күз,
Өлкемізге күз келді,кемелденсін халқымыз.
Жемісі мол теретін,күз дос екен бізбенен,
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген.
Нұрсая:Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей.
Айзере:Жапырақтар жамырап,
Сайға барып бекінді.
Апасынан ажырап,
Қалған бала секілді.
Жасмин:Жатыр дала жалтылдап,
Жаз шуағын мол құйды.
Күн астында алтын дән,
Тербеледі, толқиды.
Жания:Көктемде егін егетін,
Күзде жиып беретін,
Біздің дала бай дала,
Астық толы айнала.
Айсұлтан:Алтын сары,қызыл,көк,
Алуан,алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Нұртөре:Шашу шашты атырап,
Ұшты кенет жапырақ,
Ой,алақай,тамаша,
Аунар ма , еді жатып ап.
Ән: «Қоңыр күз»
(осы кезде дыбыс естіледі)
Жүргізуші:Балалар,бізге қонақ келген сияқты.Ол кім болды екен?
Күз Ханшайымы:Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар,
Сыйлығына қаныңдар,
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші: Сәлеметсің бе,Күз Ханшайымы? Біздің балалар сізді асыға күтті.
Күз Ханшайымы: Рахмет,менің достарым. Мен сендерге өзіммен жұмбақ тар ала келдім.
1.Бұтаққа ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым. (жеміс)
2.Ашулы қонақ бұл анық,
Тонын шешсек,жыладық. (пияз)
3.Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұнға да,
Айналар нанға да. (бидай)
4.Сырты қатты,
Іші тәтті. (қарбыз)
5.Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар. (мақта)
Жүргізуші: Күз Ханшайымы,біздің балалар күз жайлы мақал-мәтелдерді де біледі.
1.Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.
2.Жердің сәні-егін,
Ердің сәні-білім.
3.Егіндікті күз суар,
Күз суарсаң, жүз суар.
4.Арпа,бидай ас екен,
Алтын күміс тас екен.
5.Не ексең, соны орасың.
6.Жері байдың- елі бай.
Би: «Жапырақтар»
Күз Ханшайымы:
Ойын: «Жемістер мен көкөністер»
Шарты: Балалар жеміс пен көкөністі ажыратып,себетке салу керек.
Жүргізуші: Жыл мезгілдеріне арналған өлең шумақтарын тыңдайық.
Айлуна:
Соңғы шуақ төгіліп,салқынданып тұр аймақ,
Ақ сәулеге шомылып, жапырақтар жүр ойнап.
Көктен көзін бір алмай,қызғылт тартты сары күз.
Зере:Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті,тым бұзық.
Шуылдайды тал-терек,
Жапырағын жұлғызып.
Наурыз:Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып-теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.
Мол өнімді жинаймыз,
Елге бәрін сыйлаймыз.
Әсемай:Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді.
Ай жапырақ сары алтын,
Айналаның бәрі алтын.
Ұлзия:Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күн бірте суытып,
Жауын көп жауады.
Би: «Кап-кап»
Ән: «Алақай-ау,күз !»
Жүргізуші: Күз Ханшайымы ,енді біздің қыздарымыздың аналарымен бірге дайындаған «Жомарт күз-2018 » күзгі сән үлгісін ортаға шақырып,
тамашалайық.
Күз Ханшайымы: Керемет! Қандай тамаша!Қандай әдемі!Балалар,менің сендермен қоштасатын уақытым таяп қалыпты.Мен қайтайын.Келесі күзде кездескенше қош сау болыңдар!
Жүргізуші: Құрметті бүлдіршіндер, қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Алтын күз» тақырыбына арналған күзгі балл өз мәресіне жетті, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.Жыл айналып келгенше сау болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген