Материалдар / Ойын тактикасы және тактикалық әрекеттер. (Допты игеру әдістері)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойын тактикасы және тактикалық әрекеттер. (Допты игеру әдістері)

Материал туралы қысқаша түсінік
9.1.2.1 қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жеткілікті техникалық деңгейде негіздеу және қолдана білу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Мектеп:

Т. Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Амиров Сабит Турсункулулы

Сынып:

9 «Б»

Күні:

10.10.2023 жыл

Қатысушылар саны:

22

Қатыспағандар саны:


Бөлім:

2-бөлім. Спорт ойындары арқылы бірлескен жұмыс. (Футбол)

Сабақ тақырыбы:

Ойын тактикасы және тактикалық әрекеттер. (Допты игеру әдістері)

Оқу мақсаттары:

9.1.2.1 қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жеткілікті техникалық деңгейде негіздеу және қолдана білу.

Сабақ мақсаттары:

Барлығы: Білім алушылар кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын құруды түсінеді.

Көбі: Білім алушылар кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын құруды біледі түсінеді және идеялар ұсынады

Кейбірі: Білім алушылар бірқатар дене жаттығуларының қарапайым тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын құруды біледі түсінеді және талдап салыстыра біледі.

Бағалау критерийі:

Қимыл-қозғалыс жаттығуларын жетілдіреді.

Жаттығуларды ретімен орындайды.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: командалық спорттық ойындарындағы біріккен іс-әрекет арқылы негізгі білімдері мен түсініктерін көрсетеді және талқылайды

Мыналарды қамтиды:

- қабылдау

- соққы, дәлдік, пас, жалғау

- шабуыл, қорғаныс

- тактика, техника, стратегия, шешім

- қауіпсіздік, ойын ережесі

- қорғаушы, шабуылдаушы, ойыншы, жалғастыру

- ойын комбинациясы

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Берілген тапсырма үшін қандай стратегияны жасақтау қажет?

- Ойын тактикасын қалай әлдеқайда тиімді етуге болады?

- Ойынды бастаушы ойыншы қандай қасиеттерге ие болуы керек?

- Шабуылдан соң қорғаныс әрекетін кім бірінші болып жасақтайды?

- Командалық ойын қалай жақсартылуы мүмкін?

- Көшбасшы қандай қасиеттерге ие болуы керек?

- Көшбасшылық қасиетті дамыту үшін сіз қандай стратегия мен тактиканы

Құндылықтарды дарыту:

Ынтымақтастық:

Өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Спорт ойындарын ойнау шеберлігін меңгерту. Білім алушылар командалық ойындардың түсініктерін біледі.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың басы

12 минут

Дайындық бөлімі:

Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.


Бой жазу жаттығулары:

1. Аяқтарға арналған жаттығуларды бір орнында тұрып орындау.

- қолдарды алдыға созып, отырып тұру. (15-20 рет)

- шаттарды айналдыру.

- бір аяқпен тұру.

- алға-артқа секіру.

2. Екі топқа бөліп дене қыздыру ойынын ойнату. (ашылу-жабу)

3. Акробатикалық жаттығулар топтамасы.

4. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

5. Доппен жаттығулар топтамасы:

- допты кедергілердің арасымен өтіп пас беру, қақпаға тебу,

- доппен дәлдікке, кіші қақпаға тебу,

- әртүрлі комбинациялар жасап қақпаға допты тебу. (төрт бұрыш, үш бұрыш, қабырға жасап және бір сызықтың бойымен).

Аяқтарға арналған жаттығуларды бір орнында тұрып жасайды.

- қолдарды алдыға созып, отырып тұрады. (15-20 рет)

- шаттарды айналдырады.

- бір аяқпен тұрады.

- алға-артқа секіреді.

2. Екі топқа бөліп дене қыздыру ойынын ойнайды. (ашылу-жабу)

3. Акробатикалық жаттығулар топтамасын жасайды.

4. Тыныс жолдарын қалпына келтіреді.

5. Доппен жаттығулар топтамасын жасайды:

- допты кедергілердің арасымен өтіп пас береді, қақпаға тебеді,

- доппен дәлдікке, кіші қақпаға тебеді,

- әртүрлі комбинациялар жасап қақпаға допты тебеді. (төрт бұрыш, үш бұрыш, қабырға жасап және бір сызықтың бойымен).

Әрбір әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістік.


Футбол, доптары,


кедергілер,


төсеніштер,


ысқырық,


гимнастика-лық орындықтар,


футбол қақпасы,


спорттық жейделер,


жылжымалы фишкалар,

Сабақтың ортасы:

25 минут

1 – тапсырма:

Екі топқа бөлініп квадрат ойынын ойна:

Оқушылар 1 мен 2 ге санай отырып, екі топқа бөлінеді. Әр топта оқушылар квадрат бойынша орналасады, ортада 1 ойыншы орналасады. Оқушылар допқа 2 рет жанасады, (допты тоқтатады, допты ұзатады). Ортадағы ойыншы допқа иемденуге әрекет етеді.

Дескриптр:

- оқушылар ойын ережесін біледі,

- оқушылар квадратқа тұрады,

- оқушылар допқа екі рет жанасады, (тоқтатады, ұзатады)

- ортадағы оқушы допты иемденуге әрекет жасайды,


Қ.Б:

жарайсың, талпын.


2- тапсырма:

Футбол ойынын ойна.

- оқушылар футбол ережесін біледі,

- қақпашы допты ойынға қолмен қосады,

- оқушылар алаңда допсыз ашылады.

- оқушылар допты қақпаға тебеді,

Әдіс: (лидер) «көсбасшы»

Қыздардың шеберліктерін арттыру мақсатында ойынға ұл балдарды қосу.

Қ.Б:

Өте жақсы, керемет, жетілдір.


3 – тапсырма:

Ойын арқылы жеңімпаз топты анықта.

Оқушылар 3 топқа бөлініп футбол ережесімен ойнайды, жеңген топ ойынды жалғастырады. Жеңімпаз топ анықталады.

Дескриптор:

- оқушылар өз ережесімен футбол ойнайды,

- оқушалар допты тоқтатады,

- оқушылар бір-біріне допты ұзатады,

- оқушылар топталып шабуылға шығады,

- оқушылар екеуара шабуылға шығады,

- оқушылар тосқауыл қояды,

- оқушылар топтық ойында бір-бірін түсіне отырып, белсенді іс-қимыл әрекет жасайды.

Қ.Б:

Жарайсың, керемет, талпын.


Екі топ бойынша оқушылар ортадағы ойыншының аяғына допты тигізбеу мақсатында қимыл әрекет жасайды. Ортадағы ойыншы допқа иемденуге әрекет жасайды.










Оқушылар екі топқа бөлініп 1 ұл баладан қосып футбол ойынын ойнайды, әр топтағы 1 ұл бала топтың жетекші міндетін атқарады.



- оқушылар допты қақпаға тебеді,

- оқушалар допты тоқтатады ,

- оқушылар бір-біріне допты ұзатады ,

- оқушылар топтық ойында бір-бірін түсіне отырып, белсенді іс-қимыл әрекет жасайды.

Оқушылар 3 топқа бөлініп футбол ережесімен ойнайды, жеңген топ ойынды жалғастырады. Жеңімпаз топ анықталады.

Сабақтың соңы:

8 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты:

Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама:

Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.


Мұғалім әрекеті:

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті:

Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!