жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ойын техникасын жақсарту.
|
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 2-бөлім Командалық спорт ойындары арқылы өзара әрекеттестік. |
Мектеп:№ 23 орта мектебі |
||
|
Күні: 21.12.2020 |
Мұғалім аты-жөні: Әділова.А |
||
|
Сынып: 7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|
Сабақ тақырыбы |
Ойын техникасын жақсарту. |
||
|
Оқу мақсаты |
7.1.1.1 Кең ауқымдағы арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін, бақылауды және икемділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру |
||
|
Сабақ мақсаты |
Волейбол добын қабылдау, әдісін орындайды. Қауіпсіздік ережелерін сақтайды. |
||
|
Бағалау критерийі |
Допты қабылдау барысында түрлі іс-әрекеттерді қолданады. Допты қабылдау әдісін түсіндіреді және көрсетеді. |
||
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу және түсіну, қолдану. |
||
|
Тілдік мақсаттары |
Пәнге қатысты сөздік пен терминдер: Волейбол, зона, ойын, қимыл-қозғалыс, команда/топ, ойын техникасы, доп, сетка/тор, төреші. |
||
|
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: Талқылауға арналған сұрақтар:Сендер бұл ойында қандай тактиканы қолдандыңдар? Бұл ойынды жақсырақ ойнау үшін,сендерге нені жетілдіру қажет? |
|||
|
Құндылықтарды дарыту |
Денсаулық, достық ,ұйымшылдық ,және айналадағыларға қамқорлық көрсетуді оқушылар бойына қалыптастыру. |
||
|
Пән аралық байланыстар |
Биология,геометрия, физика пәндерімен байланыстыру. |
||
|
АКТ пайдалану дағдысы |
Волейбол ойынының допты қабылдау әдіс тәсілдерін көрсету. |
||
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Спорт ойындарын ойнау шеберлігін меңгерту.Оқушылар командалық ойындардың түсініктерін біледі және алдыңғы сабақтар мен сабақтан тыс қызметтен алынған сәйкесінше дағдыларға ие. |
||
|
Сабақтың барысы |
||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттері |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 10-12м |
Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеп белгілеу.Жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру. Саптағы жаттығулар,Оң-ға, Сол-ға, Ай-нал. Бір қатардан, екі қатарға,үш қатарға,сапқа тұрғызу. Екі және үш лекке сапқа тұру. Жүру жаттығулары:аяқ ұшымен, өкшемен,табанның ішкі жағымен. Жүгіру жаттығулары: Оң жақпен, сол жақпен,екі қолды артқа қойып,аяқтың өкшесін көтеріп жүгіру. Бір қатардан үш бөлікке бөлініп тұру. Теориялық тұрғыда түсінік беру. Жалпы дамыту жаттығуларын орындау. Мойын жаттығуларының тобы. 1.Б.қ аяқ алшақ иық көлемінде.1-басты алға 2-артқа. 3-оң жаққа 4-сол жаққа басты еңкейту. 2. 1-2 басты оң жаққа 3-4 сол жаққа айналдыру. Қол мен иық кеуде белдеуі жаттығуларының тобы. 1.Б қ аяқ алшақ 1-қолды алға 2-жоғары 3-жанына 4-Б қ. 2..Оң қол жоғары сол қол төменде, 1-2қолды артқа кереміз,3-4 алмастыра сол қолды артқа кереміз. 3.Б қ қол белде,иықты алға-артқа айналдыру. 4.Б.қ қол иықта,иықты алға артқа айналдыру. 5.Б.қ екі қол көкірек тұсында,1-2 артқа,3-4 оң жаққа және сол жаққа қолды кереміз. Бел буындарына арналған жаттығулар. 1.Б қ аяқ алшақ оң қол жоғары сол қол белде, 1-2 солға еңкею 3-4 оңға қарай еңкею. 2.Екі қол белде1-2 солға 3-4 оңға айналдыру. Аяқ бұлшық еттеріне арналған жаттығулар 1.Бқ аяқ алшақ қол тізеде 1-2 сыртқа 3-4 ішке айналдыру 2.Екі қолды алға созып, отырып тұру 1-отыр 2-тұр. 3.Оң аяқты көтеріп 1-2 сол 3-4 оң аяқпен секіру. 4.Б қ1-қолды жоғары,2-алға еңкейу,3-қолды алға созып отыру,4-бастапқы қалыпта тұру. |
Әр жаттығу үшін үлкен таза кеңістік Ысқырық, доптар, волейбол торы, үлкен таза кеңістік.
|
|
Сабақтың ортасы 20-23м |
Тапсырма: Екі-екіден жұптарға бөлініп, доппен жұмыс жасаңыз. Волейбол добын төменнен қабылдау әдісін үйреніңіз Допты екі қолмен төменнен қабылдау. Волейболда допты қабылдаудың екі тәсілі-жоғарыдан және төменнен беру тәсілдері қолданылады. Допты төменнен қабылдау-алақанды жоғары қаратып, екі қолды біріктіріп допты білекпен қабылдап кері қайтару дұрыс дұрыс емес
Допты дәл беру үшін қолды дұрыс ұстаудың үлкен мәнісі бар.Қолды білекті сәл ғана қисайтып ұстау доптың қайта серпілу кезіндегі бағытын өзгертіп жібереді. Ұшып келе жатқан допқа қарсы бейімделе отырып екі шынтақты жақындата қолды жайлап көтереді.
Допты төменнен қабылдауды үйретудің арнайы жаттығулары: А)Бір орында тұрып допты төменнен қабылдау. Ә)Жүгіріп келіп допты қабылдау(2-3)м Б)Әр түрлі қозғалыста допты төменнен қабылдау. Допты волейбол торынан асыра төменнен беру-волейбол торынан биік орташа жылдамдықпен ұшып келе жатқан допқа қарсы бейімделе тұрып,екі қолды біріктіріп шынтақты бір-біріне жақын ұстап допты қабылдап кері қайтару.
Дескриптор: − ойын ережесін, ойыншы тұрысын анықтайды; − әдістер арасындағы айырмашылықты ажыратады; − допты төменнен қабылдауда, қос қолмен жұмыс жасауды көрсетеді |
|
|
Сабақтың соңы 5м |
Тыныс алу жүйесін қалпына келтіру жаттығуларын орындап сапқа тұрғызу. Сабақты қорытындылап, «Басбармақ» әдісімен бағалау. Үй тапсырмасын беру. Рефлексия: Сабақта нені үйрендік? Сұрақтарға жауап береді? Нені білдім нені түсіндім? Нені толық түсінбедім ? Қандай жұмысты жалғастыру қажет? Сабақтын басында аталған мақсаттарға қол жеткіздім бе? |
|
|
Саралап оқыту- көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау-Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын қадағалау |
|
-Оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып, жаттығуларды саралаймын. -Сабақта тапсырманы оқушылардың деңгейіне қарап түрлі жаттығулармен жүктеймін. -Әлсіз оқушыларға көмектесу мақсатында жеңілдетілген тапсырма жаттығуларын беремін. |
-Тыңдау, бақылау, сұрақ қоямын. -Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастырамын. -Мақтау, мадақтау әдісімен бағалаймын. -Оқушыларға жүйелі түрде кері байланыс ұсынамын және оқуға уәждеймін. |
-Салуатты өмір салтын насихаттау. -Денсаулық пен қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіріп қалыптастырамын. |
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
|
|
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: |
||








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген