Тақырып бойынша 11 материал табылды

ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ТАРИХ ПӘНІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндамада ойын элементтерін тарих пәнінде пайдаланудың маңызы туралы жазылған, тарих сабақтарында пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ТАРИХ ПӘНІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ.

«Тарих дегеңіміз- өткенді, қазіргі жағдайды зерттейтін ғылым» Әбу Насыр әл-Фараби. Күнделікті сабақты осы Әбу Насыр әл-Фарабидің сөзімен бастаймын.Тарих-ең қызықты ғылымдардың бірі. Мен өз сабақтарымды оқушыларға қызықтыру үшін ойын техноло-гиясының элементтерін қолданамын. Шәкірттерімнің танымдық қызығушылығын, бел-сенділігін арттыру үшін жиірек қолданып жүрген сабақтарымның бірі ойын сабақ.Ойын ерлікті, батылдықты, шапшаңдылықты үйрету мен қатар, мәдениетті сөйлесуге, ептілікке, тапқырлыққа баулиды және бұл сабақта балалардың белсенділігі артады, бір - бірімен бәсекеге түсу арқылы оқуға, көп білуге ынтасы өседі. Ол тәрбиеге де, оқу ісіне де зор ық-палын тигізері сөзсіз. Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірбиесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар. Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни саяси маңыз берілген. Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс құбылысы. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың 687 аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады. Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге болады. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды.Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қарастыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылық, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элемент-тері кез келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі - танымдық, тарихи ойындар. Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мүғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады. Сабақтарда танымдық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, қорытындылау сабақтарында да пайдалануға болады. Ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді. Ойын арқылы оқушы меңгереді: 1. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселерді өз бетінше шеше білуге үйретеді. 2. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады. 3. Уақытты үнемдеуге үйретеді. 4. Оқушылар үшін психологиялық жағымды. 5. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді. Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс - тәжірибесін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған. Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекеме-лерде кеңінен пайдаланылады. Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады. Ойын дегеніміз - адамның ақыл - ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В. И. Сухомолинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды» дейді. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс - әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойын үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Оқушылардың ойын арқылы қызығушылығын туғызу тек қана тарихқа қызығушылықты туғызып қоймай, оқушылардың өмір тәжірибелерін кеңейтуіне, дүниені танып білу қабілеттерін жетілдіре түсуіне, тарихты басқа пәндермен байланыстыра қарауға үйретеді тәрбиелейді. Ендеше тарих сабағын танымдық ойындар арқылы сабақтастырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Еңбек, ойын және оқу ерте кезден ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі болып есептелінген. Ол балалар үшін кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір сатысы. Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Тарих пәнін оқып үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат - ойын әрекеттері арқылы оқушылардың ойын жүйелеп, өткен материалды бекітуге негізделсе, хронологиялық тапсырмалар, терминдер мен даталарды есте сақтауға үйретеді. Теориялық білімін практикамен байланыстыруға мүмкіндік береді. Мәселен, мен сабақта мынадай ойындарды қолданамын: «Мен Патриотпын!», «Мен бірінші!», «Ханталапай», «Мен ханмын!»,«Көкпар»,«Сиқырлы сандық», «Моңшақ», «Сен маған- мен саған»т. б. Мысалы: «Мен ханмын!» деген ойында оқушылар даталар мен жұмыс жасайды:






1904ж.

1846ж.


1802ж.




1803ж.




1847ж.








1841ж.






1838ж.







1791ж.









1781ж









1771ж










Бұл кестеде даталар берілген,төменен бастап жоғарға қарай шығуға кажет, осы сатымен сүрінбей өткен және шыңға жеткен оқушы хан болып есептеледі.Бұл ойын оқушылардың есте-сақтау қабілеттерін дамытады. Және де «Мен патриотпын!» деген ойында карточкалар жұмыс жасайды.Оқушыларға берілген карточкаларда өткен тақырып бойынша сұрақтар жазылады. Бұл ойынды «Қазақстан тарихы» пәнінде қолданамын. Өз Отанына сүйіспеншіліктерін және пәнге деген қызығушылығын арттырады. Бұл ойын оқушылардың өткен тақырыптарды есте сақтауы-на, ойлау қабілеттерін дамытуға үйретеді. Сабақта әр оқушыға бес сұрақтан беріледі.Толық және тез жауап берген оқушы «патриот» болып саналады. Әр дұрыс жауапқа жетон беріледі. Мысалы «Моншақ» ойынды үй тапсырмасын тексеру кезінде немесе бекіту бөлімінде қолданамын. Бастапқыда бірінші оқушы екінші оқушыға сұрақ қояды,екінші оқушы сұраққа жауап беріп, үшінші оқушыға сұрақ қояды, солай ойын жалғасып, моншақ құрылады.Келесі айналымда сұраққа жауап бере алмаған оқушы моншақтан үзіліп,ойыннан шығады.Ойын соңында бір оқушы қалады сол жеңімпаз атанады. Әр дұрыс жауапқа жетон беріледі. Бұл ойын ойларын жинақтай білуге, көпшіліктің алдында оны жеткізе білуге жетелейді. Әдебиеттер тізімі: 1.«Қазақстан тарихынан әңгемелер»-5 сынып. 2.«Тарих Қазақстан мектебінде»-республиканский научно-методический журнал. 3.«Қазақ тарихы»Республикалық ғылыми- педагогикалық журнал. 4.История Казахстана:преподавание в школе. 5.Аңыз адам. (1802-1847) Кенесары Қасымұлы. 6.История Казахстана:преподавание в школах и ВУЗах- республиканский научно- методический и педагогический журнал.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
838
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12