Материалдар / "Ойындағы шығармашылық белсенділік"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Ойындағы шығармашылық белсенділік"

Материал туралы қысқаша түсінік
йцукенгшщзхъъъъхзлорпавывапрпрплолорлолотлотлотдложлождожлодлрлоиоролрдложлждэждждлдолдорлррпапрольтимитьбролбьтимпрольтимиролдддбьтимсапролддддддбьтимролдюбьтимсапролджюбьтимапролдденанпгрщшощлзджэ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2023
96
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кештің тақырыбы: «Ғасырлар тоғысында».

1.Би «Балбырауын»
1-Пернеш: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған Әшімжан Ахметов атындағы №61 жалпы орта білім беретін мектебіндегі тарих-география апталығының жабылу салтанатына арналған «Ғасырлар тоғысында» атты қойылымдық кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік –
бұл біздің ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 31 жыл ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізе алдық.

2 - Оразалы
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

1 - Пернеш
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің, дей келе 5 сынып оқушысы Болатбек Назеркенің «Тәуелсіздік таңы» атты өлең жолдауын қабыл алыңыздар.

2 - Оразалы Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Мен қазақтың ұлымын» орындайтын: 5 - сынып оқушысы Дүрімбай Аят.

1 – Пернеш Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
2 - Оразалы
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухынадей келе, «Ғасырлар тоғысында» атты қойылымдық көріністі тамашалауға шақырамыз.

1 - Пернеш:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған 2 - Оразалы Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
Ән: «Тәуелсіздік туы қолымда» орындайтын: 7 - сынып оқушылары: Омар Әбутәліп пен Ғаппар Сабина. 1 - Пернеш: Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
2 - Оразалы Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып
Әлібек Шегебай «Қабірден хат» монолог, орындаушы Дуримбай Пернеш. 2 - Оразалы Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!....

Көрініс: «Желтоқсан Жаңғырығы» қабыл алыңыздар.

2 - Оразалы
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
1 - Пернеш Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тарих-география апталығының жабылу салтанатына арналған «Ғасырлар тоғысында» атты қойылымдық кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Кешіміздің қорытынды сөзін мектебіміздің директоры Султанова Айнұр апайымызға сөз кезегін береміз. 2 - Оразалы
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын . Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар! Келесі ән:Ескендір Хасанғалиев атамыздың «Атамекен» әнімен аяқтаймыз. Орындайтын:

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!