400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ойындар арқылы балалардың танымдық қабілетін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дамыту жаттығулар мен ойындар арқылы балалардың танымдық қабілетін дамыту


XXI ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан - жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып отыр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәнімектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де өнерлі болып тәрбиеленуіне тәрбиешілердің маңызы зор. Балаларды тәрбиелеуде ойын әдісінің маңызы көп. Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі. Ойынбаланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән-мағынасы ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»,- деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды[1].

Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойын арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда болды. Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан, бұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет. Дамытуға бағытталған дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады, балалардың математика пәніне қызығушылығын арттыру мақсатында дидактикалық ойындар; қазақ ақын-жазушыларының санға байланысты санамақтар, жаңылтпаштар; сергіту сәттері; іс-әрекеттің конспектісі берілген, не үшін ойынды ұйымдастыру керек және тәрбиешінің алға қойған мақсатына қалай жету деген сұрақтардың негізінде құрастырылған. Ойындардың тиімділігі көп жағдайда тәрбиешінің көңіл-күйіне де байланысты болады. Әр ойынды өткізген кезде тәрбиешіге шығармашылық қажет.

Дамыту ойындарының мазмұны, ойынды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері балалардың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын дамытуға, математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын, заттарды түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға, кеңістік пен уақытты бағдарлауға үйретеді.


Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру


Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да бастауыш, дайындық сыныптарында оқущылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенген жөн. Олай болса ойынды пайдаланудың, маңызы зор. Ойынды математика сабағында қолдана отырып, балаларды саналы ойлауға үйретеміз. Нәтижесінде балалардың қаншалықты білім меңгергенін анықтауға болады. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыбына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Мысалы, дайындық сыныптарда сан санауға заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында «Жеміс жинау», «Өз орныңды тап», «Сан құрамын анықта», «Құстарға қамқорлық», «Жапырақ жинаймыз», «Шырша безендіру» ойындарын ойнатуға болады. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Халық ойындарын сабақтарда пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен бері кұштастыруға қолайлы[2].

Мысалы: математика сабағында балалардың ой-өрісін дамытатын «Санамақ» ойыны. Оның басты ерекшелігі — баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұқсас заттарды танып біледі.

Бір дегенім - білім,

Екі дегенім - егеу т.б.

Оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру - мұғалімнің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын түрлі дағдымен шеберлікті меңгеруге қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды.

Әр сабақта ойынды тиімді пайдалану сол сабақтағы өтілетін жаңа тақырыпты баланын жақсы өз дәрежесінде меңгеруіне әкеледі. Дайындық сыныптарда сауат ашу сабағында әріптермен, дыбыстармен танысу барысында балалар бірнеше ойын түрлерін ойнайды. Мысалы: «Сөз ойла,тез ойла», «Балықшы», «Сәйлемді жалғастыр», «Жоғалған буынды тап», «Кім тапқыр?», «Кім көп біледі?» т.б.

Бірнеше ойындар ойнатуға болады. «Сөз ойла, тез ойла» ойынында доп лақтырып ойнатылса, «Балықшы» ойынында аквариумнен балықты, магниттік кубиктерді қармақпен аулап (қармақ басында,балықтың астыңғы жағында магнит болады), сонымен балықты алып, ондағы сұраққа жауап беруге болады. Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы.

«Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп өлеңде айтылатындай, бала өміріңде ойын ерекше орын алады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезініп, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет танытып, түрлі психологиялык түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстінде бала шынайы өмірдегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады. Ұлттық ойын ойнау арқылы оқушылардың өз салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігі артады. Сондықтан мен өз сабақтарымда мынандай ұлттық ойын түрлерін ойнатамын. «Бәйге», «Хан талапай», «Орамал тастамақ» т.б. ойындар[3].

Бәйге ойынында екі топтан екі оқушымен ойналады. Екеуі келіп сұрақтар алады, Кім тез жауап берсе, сол дереу тақтадағы өз жорғасын мәреге жеткізеді.

Хан талапай, Балаларды үш топқа бөліп, алдыларына асық шашамыз. Олар асықтағы нөмірмен сұрақтарға жауап береді.

Орамал тастамақ ойынында ойын ұжыммен ойналады. Ойынды алдымен өзім бастап кез келген өрнекті дауыстап айтып (2+3), орамалды бір оқушының алдына қоямын. Сол окушы бөгелместен 2 мен 3-тің қосындысы 5-ке тең деп айту керек. Ары қарай балалар ойынды өздері жалғастырады. Міне, осындай ойындарды өз сабағымда пайдалана отырып, балаларға дәріс беремін.

Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Сонымен қатар, ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін ғажап нәрсе.

Ойын - тиімді тәсіл.

Жалпы бастауыш сынып оқушыларының мектепке дейінгі ең негізгі ісі ойын болғандықтан оқып үйрету барысында олар біртіндеп ойын әркетінен таным әрекетіне турлі ойындарды ойнау барысында бейімделуі тиіс.

Я.А.Каменский: «Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі», - деп атап көрсеткен болатын. Осы сөздің өзінен-ақ балалардың танымдық әрекетін қалыптастыруда ойынның қаншалықты маңызы бар екенін түсінуге болады.

Ойынның нәтижесінде, баланың бойында: ойлау, ұйымдастырушылық қасиет, тапқырлық, белсенділік, шыдамдылық қалыптасады[4].


Ойын арқылы баланың психикалық ерекшеліктерін қалыптастыру


Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі әр түрлі іс - әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Сондай әрекеттердің бірі - ойын. Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің танымдык және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім - тәрбиелік мыңызы осы заманғы тәлім -тәрбие психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл - ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын танып біледі.

Ойын - әрекеті тек адамдардың даму үрдісінде ғана емес, ол хайуанаттар дүниесінің тіршілігінде де кездесіп отыратын биологиялық фактор хайуанаттардың ойын әрекеті жаттығу мен тіршілік етуге бейімделіп даралық сипатқа ие болады. Ал жоғарғы сатыда дамып жетілген сана - сезім мен ақыл - ой иесі - адам баласының ойын әрекеті, бір жағынан, тіршілік етудің негізгі формасы болып саналатын болса, екінші жағынан, ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отыратын өмір тәжірбиесінің нәтижесі болып табылады. Міне, осы тұрғыдан алғанда адам баласының ойын әрекеті, негізінен балдырған кезінде кезінен дамып, баланың өсіп - жетілуіндегі басты және жетекші факторға айналады[5].

Білім - тәрбие ғылымы мен адамның жан дүниесінің сырын зерттейтін психология пәні ойын әрекетін адамның эволюциялық даму үрдісінің белгілі бір кездегі тіршілік кажеттілігі ретінде қарастырады

Осы бағытта негізгі бір құрамды білігі және баланың үлкендердің өмірін бейнелеу, айналадағы ортаны тану жолы екендігін көрсетеді.

Ойын әрекетін бала психикасының дамуында шешуші қызмет атқаратындығы Ж.Аймауытов, Т. Тәжібаев, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, Ш.Құдайбердіұлы сияқты қоғам қайраткерлерінің бізге мұра болып қалған еңбектерінде айрықша орын алады.

Қазақ халқының өмір тәжірибесінде баланың әр алуан ойын түрлері олардың қимыл - қозғалыстарын, ептілігі мен бейімділігін, танымы мен пайымын дамытып, өрістетіп отырады деп санаған.

Осы заманғы педагогикалық психология ғылымының даму барысында мектепке дейінгі баланың ойыны, ең алдымен, өзінің қатар құрбыларымен, ата - аналары және өзге адамдармен қарым - қатынас жасаудың қуатты құралы саналатын болса, екіншіден балалар ересек адамдармен қарым - қатнас жасап, әр түрлі пайдасы істермен шұғылдануға дағдыланады. Үшіншіден, ойын әрекеті баланың танымдық психикалық үрдістерін қарқынды дамыту құралы болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған ойын әрекеті балалардың өзара қарым - қатнасын дамытумен бірге мұқтаждықтарын қанағаттандыратын әр алуан істерді жүзеге асыруға дағдыландырып, пайдалы және өнімді әрекеттер жасауға баулиды.

Елімізге әйгілі психолог ғалым Т. Тәжібаевтің педагоикалық психология саласындағы ой - пікірлері қазіргі күннің талабына сай жалғасып табуы міндетті нәрсе. Соңғы кездегі психология ғылымы саласындағы зерттеулер нәтижесі балалардың танымдық қызығуын неғұрлым ертерек дамытса, соғұрлым олардың болашақтағы оқу әрекеті жемісті болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Балалардың танымдық әрекеті - олардың өткен ұрпакқтың өмір тәжірбиесін, белгілі білім жүйесін меңгереді. Осыған байланысты баланың танымдық белсенділігін арттыруда ойындардың алатын орны ерекше.

Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірбиені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қатынастырады. Бала ойынында да қоғамдық ұжымдық сипат болады. Мысалы: кез - келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар - құрбылармен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір - бірімен өзара карым - қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын А. С. Макаренко өте жақсы көрсетті. "Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, - деп жазды ол, - балалар өмірінде ойын да кандай үлкен маңызды. Ойында бала кандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады."

«Оқу құралдарының мінезі -мектеп мінезінің айнасы»-деп атақты ұлы педагог-психолог, ақын М.Жұмабаев айтқандай, біздің берер білім, тәрбие жолында пайдаланылатын әдістемелер мәнді, жұмыр болуы керек.Ол үшін бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріп, ойын ұйымдастыру қажет. Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықтап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлык, іскерлігін дамытатындай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек.

Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Ойынның қозғаушы күші - баланың нақты тілегі мен кызығуы.

Ұлттық ойындармен мектепке дейінгі балалардың танымдық әрекетін дамыту.

Ұлы педагог К.Д.Ушинский жас ұрпақты тәрбиелеуде халық педагогикасының талаптары терең бейнеленген халық ауыз әдебиетінің, әсіресе ертегі жырлары мен мақал-мәтелдерінің, сонымен қатар дәстүрлі ұлттық ойындардың маңызды екенін атап көрсеткен.Ұлттық ойындар ұлт ұлт болып қалыптасқалы халықпен бірге жасасып, ғасырлар бойы ұмытылмай, атадан балағ мұра ретінде ауысып отырған.Олар баланы пайдалы еңбекке, сөйлеуге,мергендікке, тапқырлыққа,ептілік пен күштілікке, бірлесіп қызымет атқаруға, төзімділікке және т.б. тәрбиелеудң ұтымды құралы болған[6].Қазірде әртүрлі ұлттар ойындары,соның ішінде қазақтың ұлттық ойындары жинақталған кітаптар шығарылуда.

Ұлт ойындары – интернационалдық тәрбиенің құралы. Олай дейтініміз ұлтойындарының арасында өзара үндестік, тығыз байланыс бар.

Ойынға тек ойын деп қарамай,халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы,бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды.

Ұлттық ойындар халық педагогикасынаң бір саласы болып отыр.Ол-сандаған ғасырлар бойы ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеуде. Қазақтың ұлттық ойындары тек дүниені ғана емес,ойды жаттықтырушы да болып табылады. ¥лт ойындарын тек ойын деп қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп караған жөн. Өйткені, ойын баланың дүниені танып білуге қадам жасар алғашқы басқышы. Егер баланың алғашқы өмір кезіндегі тікелей айнала қоршаған ортамен байланысын адамдармен, жолдастарымен карым - қатынасын елеп ескермей өмір тәжірбиелерінен қол үзгізіп, бірден өзіне бейтаныс дүниеге мәжбүр етсек, олардың психикалық дамуына кері әсер етуі әбден мүмкін. Оның үстіне бүл тәрбие үрдісінде жақыннан алысқа жай нәрседен күрделіге, жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге деген қағидаға да қайшы келмейді.

Қазақ халқының ұлт ойындары жеке адамдарды ғана тәрбиелеу құралы емес, ол бүкіл қоғамдық ортаны өз соңынан ертетін ұлттың азаматын тәрбиешісі, үлгі берершіктей әлеуметтік орта моделін жасаушы ретінде күрделі қызмет атқарған. ¥лттың ойын арқылы жеке тұлғалар қалыптасып, шыңдалып халыққа танылған сол арқылы өмірге жолдама алып, ел ішінде танымал адамдарға айналған. Қазіргідей арнайы мамандық беретін оқу орындары болмаған кезде ұлт ойындары халқымыздың өз ұрпағын тек ойын - сауықтарды бәсекеге түсіп жеңімпаз атанып, жүлде алу ғана емес, ата жолын куып, өзінен бұрынғы дәстүрлерді жалғастырып, өз жұртында бар өнерді игеріп меңгеруге, шаруашылық жүргізу қолынан келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да өжет, шапшаң ұрпақтарды тәрбиелеудің өзіндік жүйесін өмірге әкелген.

Сондықтан ұлт ойындарын бүгінгі бала-бақша және бала-бақшадан тыс оқу - тәрбие жұмысына, әсіресе балалардың туристік іс -әрекетін ұйымдастыруға енгізудің әлеуметтік-педагогикалық негіздері белгілі бір ғылыми — педагогикалық алғы шарттарға бағындырылуы тиіс.

Бала-бакшадағы және бала-бақшадан тыс тәрбие үрдісін жетілдірудің алғы педагогикалық шарттарының бірі - өркениеттің бүгінгі деңгейіне негізделген әлеуметтік - педагогикалық талаптарға сай жастарға білім мен тәрбие беру, адам баласының өткен ұрпақтарының қол жеткізген жетістіктерінен бас тарту деген сөз емес, қайта сол көненің негізінде жаңа мазмұн мен мағыналарға жеткізілетін түрлерді дүниеге келтіру арқылы бүгінгі күн талаптарына сай жас ұрпақты тәрбиелеу мүмкіндігін пайдалану.

Ұлттық ойын элементтерін сабақтың барысында пайдалану балалардың білімді қабылдау қабілетін нақтылап, мазмұнын бала санасына жақындатады. Ал балалардың табиғи жағдайда өткізетін туристік іс - әрекеттерде (туристік жорықтарда, жарыстарда) ұлт ойындарын пайдалану тәрбие жұмысына оларды қызықтырып, еліктіре түседі.

Ұлт ойындары балалардың іс - әрекеттерінің мазмұнын байытып, нақтылаудың нәтижесінде балалардың белсенділігін жетілдіріп, жұмыс қабілеттерін жақсартады, түрлі қиындықтар мен кедергілерді еркін игеруге мүмкіндік туғызады.

М. Павловтың рефлекстік пиериясына сүйенер болсақ, барлық оқыту, тәрбие үрдісі байланыс жүйесінің құрылымына негізделеді, ал оның қажетті шарты "Орталық ми қабығының әрекетіне" байланысты болып келеді. Олай болса, ойын қолданылған сабақ, тәрбие жүмысы балаға өзінің етене жақындығымен, түсініктілігімен ерекшеленеді.

Ойын әрекеті - өзіндік әрекет. Педагогикада өзіндік жүмыс өз алдында жеке тұрып оқыту ұсталған бола алмайды. Ал баланың ойын үстіндегі өзін - өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шашығуы, шыңдалуы, оның ақыл - ойын, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік -қайратын шыңдайды, алға қарай ұмтылысын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде балалардың өз бетімен ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы қажеттілікке ұласады. Атап айтқанда, білім алудағы бала белсенділігі мен білімді игеруге деген санашылық (пен) ұстанымы бала дербестігін туғызып, өздігінен оқу білім алу дағдысын қалыптастырады.

Бала бала-бақша қабырғасында, бала-бақшадан тыс ұйымдарда ұжым арқылы білім айғағынан, ол әрдайым өз алдында дербес тұлға арқылы іске асқанымен, ойынға қатынасқан әр баланың алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.

Адамның қандай әрекеті болсын коғамдық әлеуметтік қажеттіліктен туындайды. Бала өзінің қажеттігін өтеу үшін, ішкі талаптарын қанағаттандыру үшін белсенді әрекет жасайды. Баланың ойын әрекеті оның ақыл - ой, дене дамытуы үшін қажет. Баланың ойын әрекетіндегі белсенділігін дұрыс бағалап, ойын іс - әрекетінде оның белсенділігіне, білім алуға, қажетті оқумен дағдыны меңгеруге және оларды күнбе - күнгі тәжірбиеде, өмірде пайдалана білуге үйренуге баланың саналықпен істейтін әрекетіне ұластыруы шарт.

Бала белсенділігі негізінен екі түрлі: сыртқы және ішкі белсенділіктен түрады. Сыртқы белсенділігі көбінесе ойын арқылы, қимыл, қозғалысы, әсіресе өмірлік әрекетіне байланысты болып келеді. Баланың ішкі белсенділігіне оның ойлау әрекетіндегі белсенділігі жатады.

Баланың ішкі, сыртқы белсенділігін бөле - жара, бір - бірінен ажырата қарауға болмайтыны байқалады. Нақтылап айтсақ, баланың ойы, қабылдауы, дағдысы ең сақ, баланың ойы, кабылдайы, дағдысы ең алдымен сырттан болатын әсерлердің негізінде ішкі әсерлерді туғызып, қабылдау белсенділігін арттырады. Егер сыртқы әсер солғын болса, ішкі әсердің де солғын болары сөзсіз. Сондықтан А. С. Макаренканың бала ойында кандай болса, өмірде де сондай болады, үлкенднрдің жұмыстағы қоғамдық өмірдегі қызметкерлігі, қайраткершілігі баланың ойынымен тең деген пікірін мындықтан алшақ деп түсіну қиын.

Ұлт ойындарымен бойында бүгінгі жас ұрпақтың бойына дарытарлық ұлттық жағымды қасиеттері үшан - теңіз, соның бәрі әлеуметтік педагогикалық талаптарды үнемі шыңдап, қоғам талаптарына сай жастарды тәрбиелену ісіне қосар үлесі мол екені даусыз.

Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады. Бүгінгі заман достарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың оларды оқып үйреніп, өздерінің кім екендіктеріне барлау жасауына ата - бабаларының психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарына саралап,жете білулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістетіп, өткені мен бүгінгі байланыстыра білулеріне, сөйтіп, мәңгүрттік атаулыға тосқауыл коюларына ұлт ойындары септігін тигізеді. Балалар ойын арқылы шынығып өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ойынға халық ерекше мән берген сондықтан, халық оған тек ойын - сауық, көңіл көтеретін орын деп қана қоршаған ең басты - ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қасиетін шаршы топтың алдында, баршаға тең, еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған.

Ойын тегінде адам баласының ұжымдық шығармашылығының және орындалуы да көбінесе ұжымдық түрде болғандықтан, ойын үстінде жолдастық, достық қарым - қатынасқа әрекеттенуге тәрбиелеуге мүмкіндік мол.

Психолог ғалым Т. Тәжібаев өз зерттеулерінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің кейбір ерекшеліктерін ескілікті білдіреді деген теріс қиқарысты орынды сынай отырып, олардың тәлім - тәрбиедегі, денесін машықтыру мен ақыл - ойын жетілдірудегі жеріне тоқталады. Ұлттық ойын түрлері ұрпактың көңіл көтеруі, ойын - сауық түрлерімен шұғылдануымен ғана шектелмей, олар сол халықтың салт санасын, дәстүрін, тұрмысын білдіретін әрекет екендігін көрсетеді. Кез келген ойынның түр сипаты халықтың тіршілік тынысын бейнелейтін құбылыс.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
2187
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі