Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ойындар жиыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сынып мұғалімдеріне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысының білім бөлімі

Облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығы







ОЙЫН - БАЛА ӨМІРІНІҢ НӘРІ

(ойындар жинағы)














Ақтөбе - 2014


Құрастырғандар:

З.Саркулова, Ақтөбе қаласы № 33 «Нұрсәт» мектепке дейінгі білім орталығының тәрбиешісі

М.Утегулова, Ақтөбе қаласы № 33 «Нұрсәт» мектепке дейінгі білім орталығының тәрбиешісі



Пікір жазғандар:

М.Т.Мурзагулова - Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының мектепке дейінгі тәрбие және бастауышта білім беру бөлімінің меңгерушісі












Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті болып табылады. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті де ойынмен байланысты. Сондықтан да ойынның бала тәрбиесінде алатын орны ерекше.

Жинақта әрбір білім салалары бойынша мектепке дейінгі ұйымда балалардың өмірлік іс-әрекетін ұйымдастыруға арналған ойындар картотекасы берілген. Жинақ мектепке дейінгі ұйым педагогтарына көмекші құрал ретінде ұсынылады.







АЛҒЫСӨЗ


Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын  тәрбие құралы. Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.  Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді.

Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді.

Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапаларға тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.   Қорыта келгенде, ойын балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл - өмір заңдылығы.











ОЙЫН – БАЛАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ІС-ӘРЕКЕТІ

«Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды».

В.Сухомлинский


Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді», - деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.  

Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді. Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес. 

Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді. Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.  Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала оның ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр.  Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады.



«ҚАТЫНАС» САЛАСЫ

ТІЛ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР

Мына затпен не ойнауға болады?

Мақсаты: елестету, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Құралдар: ешқандай арнайы мақсаты жоқ заттар: таяқша, текше, жәшік, тас,..

Ойын барысы:

Ересек адам балаларға кезекпен заттарды көресте отырып ол заттың неге ұқсайтынын және қандай ойыншық заттарды алмастыра алатынын сұрайды.

Мысалы, таяқша болатын болса, ол «қуыршақ үшін градусник», кілт, карандаш, қасық, қармақ, т.т.

Дұрыс жауап берген ойыншы сыйұпайға ие болады.

  • Ойын соңында көбірек сыйұпай алғандар жеңеді.

  • Ескерту: Кішкентайлармен керісінше ойын жүргізіледі – ересек адам ойында қармақтың, керуеттің, мәшинаның орнына қандай заттарды пайдалануға болады екенін айтуды ұсынады.



Не болуы мүмкін?

Мақсат: елестету, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Ойын барысы:

1-нұсқа

Ересек адам балаларға сөйлемді аяқтауды ұсынады.

Ынталандыру материалдары:

Құстар ұя жасауға кірісті, себебі ...

Тау арасында жүргенде қатты айқайлауға болмайды, себебі...

Қарлығаштар төмен жерге жақындап ұшады, себебі...

Құстар жылы жақтарға ұшып бара жатыр, себебі...

Қыста ағаштардың қабықтары қатты болады, себебі...

Дұрыс жауап берген ойыншы сыйұпай алады.

  • Ойынның соңында көп сыйұпай жинаған ойыншы жеңеді.

2-нұсқа

Ересек адам балаларға оқиғаларды айтып береді, содан кейін оның жалғасы қандай болуы мүмкіндіктерін атауды ұсынады.

Мысалы, «Қыз бір дәнді түсіріп алады». Оның жалғасы былай болуы мүмкін:

  • Көктемде осы жерде күнбағыс өседі.

  • Құс дәнді тістеп қойды.

  • Екі торғай дән үшін төбелесіп қалды.

  • Дән құмырсқалардың ұясын жауып тастады. т.т.

Ынталандыру материалдары:

Қыз жерге қарындашын түсіріп алды.

Терезеден біреу бөлкені тастап жіберді.

Бағбан гүлдерді шлангімен суарды.

Аңшы аспанға атты.

Дұрыс жауап берген ойыншы сыйұпай алады.

  • Ойынның соңында көп сыйұпай жинаған ойыншы жеңеді.

3-нұсқа

Ересек адам балаларға: «Ал, балалар, қазір мен сендерге қызық оқиға айтып беремін, сендер сол оқиғадан кейін не болуы мүмкін екенін маған айтып беріңдер», - дейді.

Ынталандыру материалдары:

Краннан судың орнына апельсин шырыны аға бастады.

Бұлттан жаңбырдың орнына мейіз төгілді.

Адам жылдам жүретін аяқкиім ойлап шығарды. т.б.

Ең қызық әңгіме айтып берген бала жеңеді.


«Заттарды суретте» ойыны

Мақсат: елестету, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Қажетті құралдар: қарбыз, асқабақ, банан, шыбынжұт (улы саңырауқұлақ), т.б. бейнеленген балалардың санына қарай үлестірмелі парақшалар.

Ойынның барысы:

Ересек адам әрбір балаға ойынға 2-3 үлестірмелі парақша береді. Балалар заттың атауын айтпастан қимыл-ишарасыз суретте бейнеленген затты суреттеулері қажет.

Затты неғұрлым нақты суреттеген бала сыйұпайға (фишкалар) ие болады.

  • Ойынның соңында көп сыйлық ұтып алған бала жеңеді.

  • Ескерту: Мектеп жасындағы балаларға заттың орнына атын жазуға болады. Ынталандыру материалдарын іріктеу барысында мамандықтар мен жасанды шығу тегі бар заттарды бейнелеудің неғұрлым жеңіл екенін ескеру керек. Егер біріншілері белгілі бір іс-әрекетті орындаумен байланысты болса, екіншілері оларды іске асырған іс-әрекет арқылы айқындауға болады. Таулар, сулар сияқты табиғи шығу тегі бар нысандарды суреттеу неғұрлым қиындау.


«Ойлан да аяқта» ойыны

Мақсаты: айтылған сөздерді есіне сақтап, сөзді сөйлеммен жалғастырып айтуға дағдыландыру, сөздік қорларын молайту.

Шарты: Педагог сөз тіркестерін айтады, балалар сөйлемдерді аяқтайды.

Ат шабады, ал қарлығаш....

Қозы..., сиыр....,

Бота --- ...төлі,

Лақ...., Құлыншақ....


«Ертегі құрастыру» ойыны

Мақсаты: балалардың қиялы мен сөздік қорын дамыту.

Шарты: педагог балаларға қазақтың халық ертегілерінде кездесетін кейіпкерлерді атайды. Мысалы: хан, уәзір, қарға, кірпі.т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып, жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып, ойынды жалғастырады.


«Кім көп айтады?» ойыны

Мақсаты: балалардың сөздік қорын дамыту.

Шарты: Антоним сөздерді молырақ айтып көр. Бастайық! Ақ-қара, үлкен-кішкене, тез-ақырын. Ары қарай өзің жалғастыр. Ақыл, бас, көз сөзерімен фразелогизмдерді есіңде сақта және сөйлесуге дұрыс,орынды қолдана біл.

Ақылға сыймау. Ақылы алтыға, ойы онға бөлу. Бас десе, құлақ деу. Бас жоқ, аяқ жоқ. Бас шайқау. Бас қату. Басын тауға да тасқа да соғу. Көз алмау. Көздің қарашығындай сақтау. Көз жету. Көз салу. Көзінің ағы мен қарасы..


«Сиқырлы айна» ойыны

Педагогтың мақсаты: Баланың шығармашылық ойлауын дамыту, заттың, құбылыстың басқа күйге ауысып, өзгере алатын қасиетіне көңіл бөлдіру.

Балалардың мақсаты: «Сиқырлы» айнаның көмегімен заттар мен құбылыстардың бір күйден екінші күйге ауысып, өзгере алатын қасиетіне көңіл бөлу.

Материал: «сиқырлы» айнаны жасау: жұқа, айқын көрінетін пленканы дөңгелек етіп қиып алып, айналасын қалың қағазбен жапсырып, әшекейлеу қажет.

«Бір сөзбен» ойыны

Мақсаты: балалардың сөздік қорын дамыту.

Шарты: Төмендегі тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын бір сөзбен қалай беруге болады?

1. Жүрек жұтқан.

2. Көш ілгері.

3. Су тегін.

4. Ханға сәлем бермеу.

5. Тістен шығармау.


«Ойлан тап» ойыны

Мақсаты: Бұл ойын сөздерге антоним,синоним және омоним сөздерді табуға жаттықтырады. Шарты: Мысалы: білімді, күшті, әкелу, әкету, көріп қалу, жүз, достық сөздері берілді делік, оларға антоним, синоним және омоним сөздерді табу.

Төмендегі мақал-мәтелдердегі антонимдерді анықта:

1.Көп біл,аз сөйле.

2.Ұқыптының тоны тозбас, ұқыпсыздың ісі оңбас.

3.Ашу-дұшпан, ақыл-дос, ақылыңа ақыл қос.

4.Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - арсыз бала.

«Заттың атын ата» ойыны

Мақсаты: заттарды көріп сипаттау арқылы балалардың сезімталдығын дамыту, танымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту.

Көрнекілігі: ыдыс суреттер (көкөністер, жемістер), мульяж, қоржын.

Ойын шарты: әртүрлі жемістер немесе көкөністер мульяждары салынған ыдыстан көзі байланған бала бір затты алады. Сонан соң сол затты жан-жақты сипаттайды және заттың атын атап, түр-түсін ажыратады.

Мысалы: бала ыдыстан немесе қоржыннан алманы алып, пішінін түсін, дәмін және қасиеттерін айтады немесе баланың көзін байлап қойып, қоржыннан бір затты алғызады. Ол оны сипалап, не екенін ажыратады да сипаттайды, атын айтады.


«Ыдыстарды толықтыр» ойыны

Мақсаты: ыдыстардың атын атап, оларды толтыруға қажетті құралдарды тапқызу. Ыдыстардың жалпы және жеке аттарын меңгерту.

Көрнекіліктері: келі, келсап, күбі, піспек, торсық, шәйнек, қазан, қақпақтар.

Ойын шарты: ыдыстардың аттарын ажыратып, оларды толықтырады. Оларда қандай тамақ дайындалатыны, сақталатыны айтқызылады. Мысалы: торсықта қымыз сақталады.


«Жайлауда» ойыны

Мақсаты: балаларды жайлаудағы тіршілікпен таныстыру. Жайлаудағы табиғат ерекшеліктерін айтқызу.

Көрнекіліктері: жайлау көрінісі бар суреттер.

Ойын шарты: балалар жайлаудағы көріністі бейнелейді. Жайлау көрінісіне қажетті заттардың аттарын атап, орналастырады. Олар туралы білетіндерін айтады. Жайлаудағы табиғатты суреттейді.


Нан қалай жасалады?

Мақсаты: балаларға нанның жасалу жолын түсіндіру. Нан жасауға қатысатын адамдар еңбегін бағалау, қадірлеуге тәрбиелеу. Нанды құрметтеуге үйрену.

Көрнекіліктері: нан, бидай масағы, ұн.

Ойын шарты: нанның дастарханға келгенге дейінгі жолын көрсетіп, онда жұмыс істейтін адамдардың еңбегі көрсетіледі. Балалар күнделікті жеп жүрген нанның үлкен еңбекпен келетінін білетін болады. Нан туралы ойларын кезек-кезек айтып шығады.


«Үй құстары» ойыны

Мақсаты: балаларды үй құстары мен балапандарын ажыратуға, олардың қалай дыбыстайтынын, олардың қайда тіршілік ететінін айтқызу. Оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй құстарының, балапандарының суреттері.

Ойын шарты: балаларға үй құстарының суреті таратылып беріледі. Олардың қалай аталатыны, қалай дыбыстайтыны айтқызылады.


«Жеке атауын ата» ойыны

Мақсаты: көкөністердің аттарын жеке-жеке атап, түстерін, пішіндерін ажырата білу. Жалпы мен жеке атаудың мағынасын түсіндіру.

Көрнекіліктер: көкөністер суреттері, муляждар.

Ойын шарты: балаларға себеттегі көкөністерді жеке-жеке алып, оның атын, пішінін, түрін ажыратып айтқызады. Тарадылған муляждар бойынша көкөністер аттарын атайды. Жалпы жеке атауды салыстырады. Жеке көкөністерді себетке салады. Неліктен көкөніс деп аталатынын айтады.




«Балық аулау» ойыны

Мақсаты: сұрақтарға жауап бергізе отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: балықтар, рахмет.

Ойын шарты: балалар қағаздан жасалған балықтардағы тапсырмаларды орындайды. Өздері білетін жұмбақ, өлең, мақал-мәтелдерін айтады.

1 тапсырма. Қандай балықтарды білесің?

2 тапсырма. Балық қайда болады?

3 тапсырма. Өз тобыңда қандай балықтар бар?

4 тапсырма. Тобыңдағы балықтарды қалай күтесің?



«Сандық» ойыны

Мақсаты: балалрды берілген тапсырманы ойлана отырып шешуді тапқырлыққа, шапшаңдылққа баулу. Ойын шартын түсініп, ондағы мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды дұрыс, анық айтуға үйрету. Сөздік қорын молайтып, тапсырманы орындауда достық, жолдастыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: сандық, түрлі-түсті асықтар, тапсырмалар жазылған хатқалта.

Ойын шарты: сандық ішінде салынған түрлі түсті асықтар. Асықтар қызыл, жасыл, сары түске боялған. Әр түске берілген тапсырмалар әр түрлі. Тапсырмалар хатқалтаға салынады.

Жасыл асық алған бала жұмбақ жасырады.

Сары асық алған бала мақал-мәтел айтады.

Қызыл асық алған бала өлең оқиды.


«Сөзге сөз қос» ойыны

Мақсаты: сөзге сөз қосып, сөйлем құрастыру арқылы баланың зейінін, шапшаң ойлауын дамыту.

Көрнекілігі: шар, алма, ойыншықтар.

Ойын шарты: балалар екі топқа бөлініп өткізуге болады. Тәрбиеші сөз айтады, балалар сөзге сөз қосып, сөйлем құрайды.



«Біз де...» ойыны

Мақсаты: баланың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, зейінділігін арттыру.

Ойын шарты: ойын жүргізуші ортаға шығып, өзінің ойын айтады. Ойынға қатысушылар «біз де»деп қосылып айтады. Егер қосылмаса, онда үнсіз отырудары тиіс. Мысалы: Жүргізуші:

-Мен көлге барамын.

Балалар:

-Біз де.

-Одан үйрек ұстаймын.

-Біз де.

-Үйректің жартысын күшігіме беремін.

Осы кезде біреу «біз де» деп қалса, ойын тоқтайдыы. «Біз де» деген бала айыбын төлеп, ән, жұмбақ-жаңылтпаш айтып, би билейді.


«Жер, су, ауа» ойыны

Мақсаты: балаларға берілген тапсырманы тез шешуге, жылдам жауап беруге, жерде, суда, ауада не болатынын дұрыс айтуға төселдіру, қоршаған ортаға қамқорлық сезімін тәрбиелеу. Шапшаң жауап беруге баулу.

Көрнекілік: асық.

Ойын шарты: балалар дөңгеленіп тұрады. Бір бала ортаға шығып, балалардың кез келгеніне асықты лақтырып жібереді де, «жер», «су», «ауа» деген сөздің бірін айтады. Егер бала «жер» десе, асықты қағып алған бала жерде тіршілік ететін құстарды, адамдарды, өсімдіктерді атайды. Ал «су» сөзі айтылса, балық, балдырдыңаты аталады. Ауа дегенде құстарды айтуы тиіс. Осылай ойын жалғаса береді.


Не артық?

Мақсаты: балаларды суретке қарап, оларға тоатастыруға үйрету. Құстармен жануарлардың жеке және жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: әр түрлі құстар мен үй жануарлары бейнеленген суреттер.

Ойын шарты: үлгідегідей әр түрлі берілген суреттерден ненің артық екенін табады. Берілген суреттерді топтастырып, олардың жалпы атауын айтады. Неліктен артық екенін түсіндіреді. Жеке мен жалпы ұғым туралы түсініктерін бекітеді.


«Қысқы тіршілік» ойыны

Мақсаты: қыстап қалатын құстардың жеке атауын атап, оларды тауып, орман ағаштарына орналастырады. Ол құстардың қалай дыбыстайтынын ажыратады. Қыстап қалатын құстар тіршілігі туралы ойларын айтады. Қыстап қалатын құстарға қандай қамқорлық жасауға болатынын айтады.



Бұл қай мезгіл?

Мақсаты: күз мезгілінің ерекшеліктері мен өзгерістерін ажыратып айтқызу. Сөздік қорын байыту.

Көрнекіліктер: күзгі жапырақтар, суреттер.

Ойын шарты: күзгі бау-бақшадағы жемістер мен көкөністердің аттарын атап, пішіндерін, түстерін ажырату. Күздегі егін жинауды өмірмен байланыстыра айтады. Күзгі жапырақтардың түстерін ажыратады. Олардың ерекшеліктеріне тоқталады. Күзгі ауа райының ерекшелігін айтады.


«Қарап ал да есіңе сақта» ойыны

Мақсаты: балаларды көрген суреттерді есіне сақтап, көз алдына елестете отырып, әрқайсысын ретімен атап шығуға, үй жануарларын, аңдарды және құстардың жаопы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй жануарлары, аңдардың, құстардың суреттері.

Ойын шарты: әр түрлі суреттерді теледидардан көрсетіп шығады. Балалар бірінші суреттен үй жануарларын, екінші суреттен жабайы аңдарды атайды. Үшінші суреттен құстарды атап шығады. Жалпы және жеке ұғымдарды бекітіп, оларға қамқоршы болу үшін не істейтіндері сұралады.

Қайсысы қайда тіршілік етеді?

Мақсаты: суреттен көрген заттарының аттарын атап, олардың қайда, өмір сүретінін айтқызу. Сөздік қорын молайту.

Көрнекіліктер: теледидар, әр түрлі жануарлар, құстар суреттері.

Ойын шарты: әр түрлі аңдар, құстарды көрсетіп, олардың қайда өмір сүретіні сұралады. Олардың немен қоректенетіні айтқызылады. Балалар сөздік қорына жаңа сөздеренгізу үшін, тапсырманы түрлендіруге болады. Олар туралы балалардың білетін өлең, жұмбақтарын айтқызу.


«Жалпы атауын тап» ойыны

Мақсаты: балаларға заттарды жеке-жеке таныта келе, ең соңында аттардың жалпы атауын бір сөзбен ойлана отырып, шешу арқылы тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу.

Көрнекіліктер: жемістер, ойыншықтар,оқу құралдары, үй жиһаздары.

Ойын шарты: тәрбиеші балаларға хатқалтаның ішіне салынған жемістер, ойыншықтар, оқу құралдары, үй жиһаздарының суреттері бар бірнеше сериялы дидактикалық материалдарды таратып береді. Осы материалдарды жалпы атауына сәйкес топтастыру қажет. Өзінің топтағанын айтуы тиіс.

Мысалы: алма, өрік, алмұрт жемістерге жатады. Өйткені олар жеміс ағаштары.


«Біздің көңіл күйіміз» ойыны

Мақсаты: балаларды суреттегі беп әлпет бойынша ым мен мимикаға байланысты көңіл күйді ажырата білуге үйрету. Көңіл күйді білдіретін сөздерді дұрыс айтқызу.

Көрнекіліктер: әр түрлі мимикадағы балалардың суреттері.

Ойын шарты: бет-әлпеттің мимикасына қарап, көңіл күйді білдіретін сөздерді бөліп айтады. Сөйлем құрайды, әр түрлі көңіл күйді білдіретін сәттерді салу.

Күліп тұрған бала

Ренжіп тұрған бала

Аузын ашып тұрғанн бала

Аузын томпайтып тұрған бала

Қуанып тұрған бала

Қорқып тұрған бала.



«Көктем» ойыны

Мақсаты: балаларды берілген тапсырманы ойлана отырып шешуге, тапқырлыққа, төзімділікке баулу. Ойын барысында жәндіктер, құстар, аңдардың атын дұрыс, анық айтуға үйрету. Сөздік қорын молайту, тапсырманы орындауда достыққа, қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: жәндік, құс, аңдардың суреттері.

Ойын шарты: теледидардан көктем мезгілінің суреті көрсетіліп, көктемдегі өзгерістер туралы айтқызылады. Балаларға құс, жәндік, аңдардың суреті таратылады. «Жәндіктер» кімде дегенде, жәдіктердің суреттері бар балалар орындарынан тұрады. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін, тапсырманы түрлендіруге болады. Олардың тіршілік ететін жерін, немен қоректенетіндігін айтқызу.


«Қарама-қарсы сөздер» ойыны

Мақсаты: антоним сөздерді салыстыру жолымен балалардың ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын қарам-қарсы сөздермен молайту, зейінділігін арттыру.

Көрнекіліктер: доп, карточкалар.

Ойын шарты: баллар бір-біріне кезекпен допты лақтырып, антоним сөздерінің бірін айтады. Ал допты қағып алған бала тәрбиешіге кері қайтарып, айтылған сөзге қарама-қарсы сөзді айтуы керек.


«Ертегілер қобдишасы» ойыны

Мақсаты: елестету, ойлау, сөйлеу, ұжымда бірге жұмыс істеу сияқты қабілеттерді дамыту.

Құралдар: ішінде әр түсті картоннан жасалған дөңгелектері бар қобдиша (сандықша).

Ойын барысы:

Ойыншылар дөңгеленіп отырады. Шеңбердің ортасында «ертегілер қобдишасы» орналасады. Ересек адам балаларға: «Қазір, балалар, біздер бірге ертегі ойлап шығарамыз. Бізге бұл істе сиқырлы қобдиша көмектеседі» дейді.

Ол қобдишадан жасыл дөңгелекті мысалы, жасыл түсті, алып, балаларға оның түсін айтуды ұсынады. Балалар жауап бергеннен кейін ересек адам: «Менің қолыма жасыл дөңгелек түсті, сондықтан ертегіде жасыл түсті зат немесе бейне болуы тиіс. Ал, тыңдаңдар, мен ертегіні бастаймын. Баяғыда бір шегіртке болыпты. Ол жап-жасыл болыпты. Бір күні ол орманға саяхаттауға барыпты....

Бір-екі сөйлем айтқаннан кейін ересек адам қасындағы ойыншыға қобдишадан дөңгелек алуды ұсынады. Бала алып шыққан дөңгелектің түсіне қарай, мысалы, көк, әрі қарай сол түсті қолдана отырып, ертегіні жалғастыруы тиіс. Мысалы, «Шегіртке көңілді жолмен секіре келе жатып көк өзенге дейін жетіпті. Енді өзеннен қалай өтемін деп ойлап тұрса, ...»

Сөйтіп кезек-кезекпен балалар қобдишадан дөңгелектерді алып олардың түсіне сәйкес ертегіні жалғастырады.

  • Ойынды балалардың ойынша, кімде-кім қызық та ұзақ ертегіні жалғастырса, сол жеңеді.

Ескерту: Ересек адам ертегіде келтірілген бейнелердің және заттардың қайталанбауларын бақылап отыруы тиіс.


«Заттардың белгілері» ойыны

Мақсаты: елестету, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Ойын барысы:

1-нұсқа

Ересек адам балаларға: «Сендер сиқырлы көзілдірік киіп, ол арқылы тек дөңгелек (үшбұрыш, тік төртбұрыш, сопақ, тең төртбұрыш) үлгідегі заттарды көре аласыздар. Жақсылап бөлмені («үйді, көшені, ауланы,...) қарап, сол үлгідегі заттарды атаңдар» дейді.

Дұрыс жауап берген ойыншы сыйұпайға ие болады.

  • Ойын соңында көбірек сыйұпай алғандар жеңеді.

  • Ескерту: Балаларға ақ (қызыл, сары,...), үлкен-кішкентай, ұзын-қысқа, ауыр-жеңіл заттарды табу сияқты ойын үлгілерін алуға болады.

2-нұсқа

Ересек адам балаларға бір уақытта екі белгісі бар заттарды атауға ұсынады. Мысалы, «ашық» және «сары» белгілерін атаса, жауаптар: свет, күн, лампа, бағдаршамның түсі,.. деп болуы мүмкін.

Ынталандыру материалдары:

Ыссы және тәтті

Жасыл және тікенек

Кішкентай әрі ауыр

Ақ әрі жеңіл

Мөлдір әрі көкшіл

Мықты әрі жақсы

Дұрыс жауап берген ойыншы сыйұпайға ие болады.

  • Ойын соңында көбірек сыйұпай алғандар жеңеді.

3-нұсқа

Ересек адам үш белгісі бір мезгілде болуы мүмкін заттарды атауды ұсынады.

Мысалы, «кішкентай», «сары» әрі «үрпиген» десе, ол: Балапан, жіп, құс, ағаштың гүлденіп тұрған бұршағы, қолбақ, т.т.

Ынталандыру материалдары:

Ақ, жұмсақ, жеуге келеді

Ақшыл, жеңіл, жылтыр

Ауыр, тас, жылтыр

Тез, сары, үрпиген

Пайдалы, шырынды, ащы

Қара, ащы, ыссы

Ақшыл, ұсақ, үгілгіш

Дұрыс жауап берген ойыншы сыйұпайға ие болады.

  • Ойын соңында көбірек сыйұпай алғандар жеңеді.


Неге осылай болды?

Мақсаты: елестету, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Ойын барысы:

1- нұсқа

Ересек адам балаларға ұсынылып отырған жағдайдың не себепті болғанын түсіндіруді ұсынады. Мысалы, «Автобус тоқтап қалды» жағдайы ұсынылады. Оған мынадай түсініктеме беруге болады:

  • Автобус бағдаршамға тоқтады.

  • Автобус аялдамаға келіп тоқтағасын тоқтады.

  • Автобус бензин таусылып қалғасын тоқтады.

  • Автобус алдынан ит жүгіріп шыққан соң тоқтады, т.т.

Дұрыс жауап берген ойыншы сыйұпай алады.

  • Ойынның соңына көп сыйлық алған ойыншы ұтады.

  • Ескерту: әзіл-оспақты түсіне білу және елестету қабілетін дамыту үшін балаларға жоғарыда берілген оқиғалардың болуына себеп болған жағдайлардың болуына ерекше себептерді табуды ұсынуға болады.


2- нұсқа

Ересек адам балаларға 2 оқиғаны бейнелеп береді және олардың болуына негіз болған бір себепті айтып беруді ұсынады. Мысалы, «Қыз қолшатырды ашты» және «Мысық бұтақтың астына тығылды»деп келтірсе, оларды «Жаңбыр құйып кетті» немесе «Күн ысып кетті» деп түсіндіруге болады.

Ынталандыру материалдары:

Қыз сыпырғышты алды.

Мама жаңа кесе сатып алды.

Әкесі баласын мақтады.

Қараторғайлар үйшігіне орналасты.

Ит үрді.

Қожайын есікті ашты.

Әкесі кітапты ашты.

Бөлме түтінге толып кетті.

Дұрыс жауап берген ойыншы жеңеді.

  • Ойынның соңына көп сыйлық алған ойыншы ұтады.



«Заттардың айырмашылығын тап» ойыны

Мақсаты: елестету, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Ойын барысы

Ересек адам балаларға: «Мен сендерге 2 затты атаймын. Сендер оларды суреттеп, бір-біріне ұқсастығын және бір-бірінен айырмашылығын айтып беріңдер» дейді.

Ынталандыру материалдары:

Апельсин – сәбіз

Магнитофон – телевизор

Үстел – орындық

Тоған – көл

Сөмке – әмиян

Тас – кірпіш

Лимон – апельсин

Қобыз – домбра

Компьютер – радио

Парта – орындық

Дұрыс жауап берген ойыншы сыйлық алады.

  • Ойынның соңына неғұрлым көп сыйұпай ұтып алған ойыншы жеңеді.


Оқиғаларды байланыстыратын өзара-қатыстықты табу

Мақсаты: елестету, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту

Ойын барысы: Ересек адам балаларға: «Оқиғаның басы мен аяғын тыңдаңыздар. Екі оқиғаны байланыстыруға және оқиғаның қалай болғанын түсіндіруге тырысыңыз» дейді.

Мысалы, мынадай сөйлем берілсе: «Ағашта отырған ақтиын жаңғағын түсіріп алды. (...) Жүк тасыған самосвал машина жолда кешігіп қалды», әңгімені былай өрбітуге болады: «Ағаштың басында отырған ақтиын жаңғақты түсіріп алды. Жаңғақ ағаштың түбінде отырған қоянды үркітіп жіберді. Қоян жолға атып шықты. Самосвал мәшинаны айдап келе жатқан жүргізуші қоянды көріп, көлікті тоқтатты. Қоян орманға қарай жүгірді. Жүргізуші оны қуып кетті. Содан кейін ол орманда адасып кетті. Сондықтан мәшина жолда тұрып қалды».

Ынталандыру материалдары:

Ағашта отырған ақтиын жаңғағын түсіріп алды. (...)

Жүк тасыған самосвал машина жолда тұрып қалды

Мама кәмпит сатып алды. (...)

Бала орындықты жөндеді.

Ит тауықты қуып кетті. (...)

Оқушылар экскурсияға бара алмай қалды.

  • Оқиғаларды байланыстыратын жағдайларды тауып, неғұрлым қызық және баянды әңгіме құрастырған бала жеңеді.


«Көңілді Алдаркөсе» ойыны

Педагогтың мақсаты: балалардың қиялын,алғырлығын дамыту.

Балалардың мақсаты: Алдаркөсенің дорбасында не бар екенін табу.

Материал: қолында дорбасы бар Алдаркөсенің суреті. Суретке сәйкестендіріп қойып көруге болатындай, бірнеше дорбаларың бейнесі. Дорбалардың әртүрлі заттарға ұқсауы мүмкін: доп,саңырауқұлақ,қозы,қоян және т.б. және белгісіз бір формадағы дорба.



«Сұхбат» рөлдік ойыны

Мақсаты: сөздік қорын дамыту.

Ойын барысы:

  • Балалар, кім сұрақ қоятын «журналист» болғысы келеді?

  • Ал кім журналисттің сұрағына жауап беретін «ғалым» болғысы келеді?

Әңгіменің тақырыбы «Адам және табиғат».

Тәрбиеші «ғалымдарды» үстел басына отырғызады. Ал «журналисттер» орындықтарға отырады. Конференция өткізіледі. Мысалы, «журналисттер» мынандай сұрақтар қояды:

  • Адамға күн, су, ауа не үшін қажет?

  • Денсаулығыңның мықты болу үшін не істеу керек?

  • Таңертең суық сумен шомылу пайдалы ма?

  • Егер таңертең кешке дейін суық суға шомылсаң денсаулығың мықты бола ма?



«Жорамалшы құмыра» ойыны

Мақсаты: сөздік қорын дамыту.

Ойын барысы: Жеребе арқылы жорамалшы құмыра мен жүргізуші таңдалынады. Құмыраның басына орамал жауып ортаға отырғызады. Жүргізуші құмырадан жасырып қалған ойыншыларға атаулар береді: гүл, құс, т.б. деп. Содан кейін жүргізуші құмыраның қасына барып, ойыншылар берген есімдері бойынша шақырады. Шақырылған бала құмыраның қасына келіп оны қолымен ұрып орнына қайтып барғаннан кейін шапалақтайды. Жүргізуші құмыраның басындағы орамалды алып, оны кім ұрғанын тауып ал дейді. Құмыра кім ұрғанын тапса, сол ойыншы оның орнына келіп отырады, таппаса, ойын жалғаса береді.



Қайсысы ұнайды?

Мақсаты: суреттен көрген заттарының атын атап, суреттеп, қайсысының ұнайтынын, не үшін ұнайтынын айтқызу.

Көрнекіліктері: әртүрлі суреттер, жануарлар, жыл мезгілдерінің суреттері.

Ойын шарты: әртүрлі суреттерді көрсетіп, олардың қайсысының ұнайтыны, не үшін ұнайтындығы туралы сұралады. Олардың қай мезгілде бейнеленгенін айтқызады. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін, тапсырманы түрлентіруге болады. Олар туралы балалардың білетін тақпақтарын айтқызуға болады.




«Заттарды сипаттауына қарай тап» ойыны

Мақсаты: бір затты сипаттау арқылы атын тапқыздыру, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Көрнекілігі: ойыншықтар, көкөністер.



ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР


«Қуыршақты киіндір»

Ойын мақсаты: Қуыршақ киімдерін кигізуге үйрету. Ойлау, зейін қою қабілеттерін дамыту.

Ойын барысы: Берілген үлкен-кіші қуыршақ киімдерін тауып кигізу.


«Ненің құйрығы?»

Ойын мақсаты: Берілген аңдардың құйрығын тауып, ол туралы әңгіме құрауға үйрету. Ол қандай аң? Ол қайда мекендейді? деген сұрақтар қою арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Аңдарға деген қамқорлық сезімдерін ояту.

Ойын шарты: Берілген қиынды суреттерден жабайы аңдардың атын атап,қима суреттерін (құйрығын) тауып орналастырады. Ол туралы әңгіме құрайды.



«Дүрбі» немесе «Құстар қайда қонып отыр?»

Ойын мақсаты: Қыстап қалатын құстар туралы мағлұматтар беру. Олардың қыс мезгіліндегі тіршілігін айтып бере білуге дағдыландыру.

Ойын шарты: Әр балаға бір-бір суреттер , қыстап қалатын құстар үлестіріліп беріледі. Әр бала құстың атауын атап , мысалы: кептер үйдің шатырында отыр, бозторғайлар ағашқа қонып отыр, қарға қар үстінде жорғалап жүр деген әңгімелер құрастырып айтып береді.





«Сыңарын тап»

Ойын мақсаты: Суреттерде берілген әр түрлі заттардың атауын атап, сыңарын тауып айтып беруге үйрету

Ойын шарты: Балалар суреттерден ненің суретін көріп тұрғанын айтып, сыңарын тауып атауын айтады., яғни суреттерді топтайды. Мысалы: Ақұман, кесе, шәйнек-ыдыстар; алма, алмұрт, шие-жемістер т.б.



«Жұмбақ сағат»

Ойын мақсаты: Берілген суреттердің бас әрпін тауып, бағдар бойынша суреттерді әріптермен белгілеп, сол бойынша әңгіме құрауға үйрету, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Ойын шарты:Берілген сағат үлгісіндегі суреттердің бас әрпін тауып бағдар бойынша екеуін көрсетеді, сол суреттегі көріп тұрған заты бойынша әңгіме құрайды. Мысалы, Мынау алма, алма сөзі « А» әрпінен басталады. Сағаттың бір тілін алма суретіне, бір тілін әріпке апарады. Алма ағашта өседі, дәмі тәтті, пішіні дөңгелек т.с.с.


«Суреттердің жартысын тауып, буынды қосып оқы»

Ойын мақсаты: Суреттердің жартысын тауып, буындарды қосып оқуға үйрету. Ойлау, сөйлеу тілдерін дамыту.

Ойын шарты: Әр балаға суреттердің жартысы қиылған суреттер беріледі, астында буындары жазылған. Суреттің жартысын тауып, буындарды қосып оқиды. Мысалы: Кесенің жартысын тауып, бүтін кесе құрастырады, астындағы буындарды қосып оқиды, КЕ-СЕ,ҚО-БЫЗ, АЛ-МА т.с.с.



«Жапырағына қарап таны»

Ойын шарты: Жапырақтың түр-түсіне, көлеміне, пішініне қарап, қай ағаштың жапырағы екенін айту.


«Кімге не керек?»

Ойын мақсаты: Балалардың тіл байлығын дамыту. Мамандыққы лайықты заттарды және оның аттарын білуді үйрету.

Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға суреттер көрсетеді. Балалар, мынау дәрігер, мынау аспазшы, мынау жүргізуші дейді. Балалар суреттерден кімге қандай құрал керек екенін табады.


«Жеміс – жидектер»

Ойын мақсаты: Балалардың жеміс-жидектердің атын атай ала ма? Бір-бірінен ажырата ала ма, соны тексеру. Балалардың қолмен ұстап, ажырату, көзбен көріп тану, иісінен ажырату қабілетін дамыту. Мына сөздерді қолдану: піскен, піспеген, тұздалған, тұздалмаған, қысқа, дөңгелек, сопақ.



«Мынау кім?»

Ойын шарты: Әр бала суретке қарап, өз отбасы туралы әңгімелейді. Төмендегідей сұрақтар қойылады: Атың кім? Сенің ағаң бар ма? Сенің әпкең бар ма? Нешінші сыныпта оқиды?


«Бұл қандай құс?»

Ойын шарты: Құстардың суретін қарап, олардың пішініне, көлеміне, түр-түсіне қарап ажыратып айтып беру, атын атау.


«Төлдерін тап»

Тақтаға суреттер ілінеді. Балаларға сұрақтар қойылады: Қойдың төлі қалай аталады? Сиырдың төлі қалай аталады? Ешкінің төлі қалай аталады? Түйенің төлі қалай аталады? Жылқының төлі қалай аталады? Балалар үй жануарларының төлдерін тауып қастарына орналастырады, аттарын атайды.


«Қайсысы қайда тіршілік етеді?»

Ойын шарты: Үй жануарлары мен дала жануарларын ажырата білуге үйрету. Олардың тіршілік ететін ортасы мен немен қоректенетіні жөнінде әңгімелету.

«Бұл қай кезде болады?»

Ойын шарты: Балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік беру. Олардың әр жыл мезгілдерін бір-бірінен ажыратып, суреттердегі жыл мезгілдері бейнеленген өзгерістер туралы әңгімелеп айтып беруге жаттықтыру.



«Жиһаздар»

Ойын шарты: Балалар күнделікті өмірде үй тұрмысында қолданатын жиһаз түрлерінің атауларын атайды және олардың қандай материалдардан жасалатынын, қай бөлмеге орналастыруға болатынын айтады.


«Әр қатарда не артық?»

Ойын шарты: Суреттерде әр түрлі заттар бейнеленген.Сол заттардың атауын атап, қай қатарда не артық екенін айтып, оларды топтастырып, бір сөзбен атайды.


«Бұл қай ертегі?»

Ойын шарты: Балаларға ертегілер бейнеленген суреттер таратылып беріледі. Суретте қай ертегі бейнеленгенін қарап, кейіпкерлерін атайды,сол ертегіні әңгімелеп айтып береді.

«Менің Отаным»

Ойынның мақсаты: «Астана – бас қала» туралы білімдерін толықтыру.

Ойынның мазмұны: Астана туралы кім көбірек жауап берсе, сол «билет сатушы» болып тағайындалады. «Серуен жетекшісі» де солай сайланады.



«Мектеп құралдары»

Ойын мазмұны: Сыныптағы оқу құралдарының біреуін таңдап алып, атын атамай, негізгі белгілерін сипаттау: «Бұл не?», «Неден жасалған?», «Не үшін қажет?», «Қай жерде орналасқан?» және т.б.

Ойынның тәртібі бойынша тек қана сынып ішіндегі оқу құралдары туралы айтуы тиіс. Сипаттау бойынша бала сыныпта оқу құралдарын іздеп табуы керек. Ойын шартын түсіндіргеннен кейін ойлануға біраз уақыт (оқу құралдарын таңдау, маңызын түсіну, сипаттама беру т.б) беріледі.Ойынға барлық балалар қатысады.

«Үй жануарлары»

Ойынның мақсаты: Үй жануарларының дауыстарын анықтап, олардың мінез-құлықтарын, дауыстарын еліктеп көрсету.

Ойынның мазмұны: Ойынды ересек адам немесе балалардың үлкені басқарады. Ол алдымен ойынға қатысатын балаларды кең бөлмеге (аулаға, жазық алаңға) жинап алып, айнала отырғызады. Ойын басталады.

Ұқыпты ұтар,

Іздеген табар.

Оқыған озар,

Еріншек тозар.

Мұқият тыңдап отыруды тапсырған соң, ойын жүргізуші:

-Балалар, малды қалай шақыруды үйренейік!

Сөйтіп өзі:

Биені құраулап,

Түйені көс-көстеп.

Сиырда аухаулап,

Ешкіні шөрелеп.

Шақыра аламыз,

Сауамыз, бағамыз,- дейді.

Өлең аяқталған соң бұрынғы тәртіппен ойын жүргізуші балалардан біртіндеп:

  • Биені қалай шақырамыз?- деп сұрайды.

  • Биені «құрау-құрау» деп шақырамыз.

  • Түйені қалай шақырамыз?

  • Түйені «көс-көс» деп шақырамыз.

  • Сиыр ше?

  • Сиырды «аухау-аухау» деп.

  • Ешкіні ше?

  • Ешкіні «шөре-шөре» деп шақырамыз.

Жауап айтылған соң жүргізуші:

  • Енді малды суға кім шақыра алады,-деп сұрайды. Егер бала әлі кішкентай болса өзі былай айтып шығады:

Жылқыны «моһ-моһ»,

Қойды «пұшайт-пұшайт»,

Ешкіні «шөре-шөре»,

Түйені «сорап-сорап»,

Сиырды «әукім-әукім».

Жүргізуші:

Мал қалай дауыстайды?- деп сұрақ қояды да, оған өзі былай жауап береді:

Қой маңырайды,

Қозы жамырайды,

Жылқы кісінейді,

Сиыр мөңірейді,

Түйе боздайды.

Малдың төлдеуін қалай атайды?- деп сұрайды.

Ойынның сөздері балаларға бұрын таныс болмаса, әрі олардың жасы тым кіші болса, жүргізушінің өзі алдымен айтып береді.

Бие құлындайды,

Қой қоздайды,

Ешкі лақтайды,

Түйе боталайды,

Сиыр бұзаулайды,

Ит күшіктейді,

Мысық балалайды.

Енді жүргізуші бұрынғы тәртіппен ойыншылардан өлеңде айтылған жауарлардың түрлерін жеке-жеке сұрап шығады.

Сөзді дұрыс айтып, жауабын анық бере алмаған ойыншылардан өлеңде айтылған жануарлардың түрлерін жеке-жеке сұрап шығады.

Жеңілгендер көпшіліктің қалауы бойынша ән салып, тақпақ айтып не билеп береді.


«Шегіртке мен құмырсқа»

Ойынның мақсаты: Шегіртке мен құмырсқаның әрекеттерін, сөздерін, олардың көңіл-күйлерін қайта жаңғырту.

Ойынның мазмұны: Педагог балаларды шегіртке мен құмырсқаның әрекеттерін, сөздерін, олардың қарым-қатынасын бөлек атап көрсетуді сұрақтар бойынша талап етеді.

«Тіршілік нәрі»

Ойынның мазмұны: Педагог «жер, су, ауа» деген сөздерді жеке айтқанда балалар керекті суреттерді көрсетеді.

Жаңылып, шатасып қалған бала мақал-мәтел, жұмбақ, тақпақ айтуы тиіс.


«Керекті сөзді тап»

Ойынның мазмұны: Педагог сөйлемдерді оқып отырғанда, бала керекті сөзді табады.

Қыста өте суық және жиі...(жаңбыр, қар, бұршақ) жауады.

Жазғы каникулда Ермек...(конькимен, шанамен, велосипедпен) ойнайды.

Тамақ үстінде ең дұрысы ...(оқу, ойнау, үндемеу).

Қызық кітапты...(суға, қошақанға, досыма) беремін.

Өзенге үлкен ...(үй, көпір, қақпа) салынды.

Адамдардың көңілі...(жөтелді, көтерілді, жиналды).

Автобус Алматының шетіне дейін ...(жүзеді, ұшады, барады.

Шаңды...(ағашпен, темірмен, шүберекпен) сүрттім.



«Жас табиғат зерттеушісі»

Ойынның мазмұны: Балалар суреттерге қарап, жыл мезгіліне байланысты әңгіме құрастырады. Жыл мезгілі туралы толық әңгімелеп берген балаға педагог асық сыйлайды. Асықты көп жинаған бала «Жас табиғат зерттеушісі» деген атқа ие болады.



«Жыл мезгілдеріне саяхат»

Ойынның мазмұны: Балалар біз жыл мезгілдеріне саяхат жасаймыз. Билет сатушылар күз, қыс, көктем, жаз бекеттеріне билеттер сатады. Өзі ұнататын жыл мезгілдері туралы әңгімелеп бергеннен кейін бақылаушыдан өтіп, пойызға отырады. Пойыз жүргеннен кейін Б. Чайковскийдің фортепианоға арналған «Жыл мезгілі» пьесасын тыңдайды.




«Жол әліппесі»

Ойынның мақсаты: Балаларды алдын-ала көшеде жүру ережесімен, жүргіншілерге арналған жол және сызылған белгілермен таныстырады.

Ойынның мазмұны: Жаяу жүретін жол айрығында балалар ары-бері жүреді. Полиция жол жүру тәртібін, бағдаршам қозғалысын бақылап тұрады. Ережені дұрыс орындаған, жол ережесін бұзбаған балаларға сыйлық тапсырылады.



«Керекті сөздерді тауып ал»

Ойынның мазмұны: Бір бала жаңғырық рөлін орындайды. Педагог жай дауыспен бір сөз айтады.

«ЖАҢҒЫРЫҚТЫҢ» рөлін ойнаған бала бар дауысымен сол сөзді қайталайды. Қалған балалар жаңғырық бойынша естіген сөздерін қайталайды. Осылай ойын жалғаса береді.

«Телефоншылар жарысы»

Ойынның мазмұны: Балалар екі командаға бөлінеді. Педагог топ басшыларының құлағына жаңылтпаш айтады. Топ басшылары айтылған жаңылтпашты одан әрі жалғастырады. Қай топ тез аяқтап, дұрыс айтып шықса, сол топ жеңеді.



«Ненің жапырағы?»

Ойынның мақсаты: Балалар жинаған жапырақтарын ажыратады. (түсін, пішінін айтады)

Ойынның мазмұны: Тәрбиеші:

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді,-

деп «Жеміс жинау» ойынын ойнатады. Кім көп жеміс жинады? Неліктен «Жомарт күз» деп аталатынын сұрап, өзі толықтырады. Жеміс аз жинаған балалар айыптарын өтейді.





«Заттың атын ата»

Ойынның мазмұны: Қоржынға салынған көкөністер мен жемістер қолдарынан алып, қатты, дәмді, тәтті, ащы-қышқыл зат екенін ажыратып атау. Пішіндерін айтады.

Мысалы: алма – тәтті, домалақ; сәбіз – қатты, сопақша; бұршақ – ащы, сопақша.

-Енді екі топқа бөлінейік. Бірінші топ көкөністер, ал екінші топ жемістер. Көкөністер – деген сөзге сөйлем құрастыру. Жемістер – сөзіне сөйлем құрастыру. Көкөністер жемістердің қалай өсіп шығатынын қимылмен көрсету. Түстеріне, пішініне қарап, бір-бірінен айырмашылықтарын салыстырыңдар. Қай топтың асығы көп, сол топ жеңімпаз атанады.

«Ненің дәмі?»

Ойынның мазмұны: Сендер, көздеріңді жұмыңдар, мен сендердің ауыздарыңа не көкөніс, немесе жемістер саламын, сендер оның дәміне қарай атауын айтасыңдар.

Осы көкөністер мен жемістердің мол өнім беруі еңбекке байланысты, қарап баптасақ мол өнім аламыз. «Егін екпесең, жерге өкпелеме» деген халық мақалыда, «Не ексең, соны аларсың». Барлығы да еңбектің арқасында болады екен.



«Мынау кім?»

Ойынның мазмұны: Суреттерді көрсетіп, балалардың көздерін жұмып «Кім жоқ?» деген сұрақтарға үш-төрт баладан сұрау.

«Қай бөлмеде қандай зат тұрады?»

Ойын мақсаты: Бөлме заттарының атын білуге, әр заттың орналасу орынын есте сақтауға үйрету.

Ойын шарты: Бөлмелерді аттап, онда тұратын заттарды атау.



«Кім тапқыр?»

Ойын мақсаты: Балалардың туған жерге, елге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. 1-топ ел деген сөзге, 2-топ жер деген сөзге сөйлем құрастырады.

Мысалы: 1 топ Елімді жақсы көремін, еліміз тыныш болсын, еліміз тоқ болсын. 2 топ Жерді аяла, жерде бәрі де өседі, туған жер.

«Жер, су, ауа»

Ойын мақсаты: балаларға берілген тапсырманы тез шешуге, жылдам жауап беруге, жерде, ауада, суда не болатынын дұрыс айтуға төселдіру, қоршаған ортаға қамқорлық сезімін тәрбиелеу.Шапшаң жауап беруге баулу.

Көрнекілік: асықтар

Ойын шарты: балалар дөңгеленіп тұрады. Бір бала ортаға шығып балалардың кез келгеніне асықты лақтырып жібереді де, «жер», «су», «ауа» деген сөздің бірін айтады. Егер бала жер десе асықты қағып алған бала жерде тіршілік ететін құстарды, адамдарды, өсімдіктерді айтады.Ал «су» сөзі айтылса, балық, балдырдың аты аталады. «Ауа» дегенде құстарды айтуы тиіс. Осылай ойын жалғаса береді.



«Мен қайда бардым?»

Ойын мақсаты: Қала мен ауылдың айырмашылығын ажырата білуге, қала, дала туралы әңгімелеп айта білуге сөздік қорларын дамыту.

Көрнекілігі: Ауыл, қаладағы үйлердің суреттері, карточкалар.

Ойын шарты: балаларға ауылдағы, қаладағы үйлер, мекемелер туралы жеке-жеке суреттер таратылып беріледі.

Ойын мазмұны: ауылда ма?, әлде қалада? ажыратып әңгімелейді.

«Қане, тапшы»

Мақсаты: Қоршаған әлемнің дыбыстарын еске түсіру, адамның сөйлеу дыбыстарының көмегімен оларды анықтауға жаттығу.

Ойын барысы: Тәрбиеші сұрақ қояды: балалар дыбысқа және сөзге еліктеу арқылы жауап береді. Мысалы: Жел қалай уілдейді? (у-у-у) . Ағаш жапырақтарының арасында ол қалай шуылдайды? (ш-ш-ш). Жаңбыр қалай тырсылдайды? Шәйнек қалай ысылдайды? Сағаттар қалай тықылдайды? (тырс-тырс, ыс-ыс, тық-тық)



«Ұзын және қысқа»

Мақсаты: Ұзын және қысқа сөздерді ажырата алуды жаттықтыру.( Бір-бірімен салыстыру арқылы)

Барысы: балалар қағаз жолақтарының (біреуі-ұзын, біреуі-қысқа) көмегімен, тәрбиешінің қандай сөз (ұзын немесе қысқа) айтқанын (аққұтан- тиін; кит-итбалық; қой-қолтырауын; барыс-бозторғай және т.б.) көрсетеді.



«Сөйлемді аяқта»

Ойын мақсаты: Ауыл, қала туралы түсініктерін кеңейту, байланыстырып сөйлеу тілдерін жетілдіру.

Ойын шарты: Мен сөз айтамын, сендер сөздерге сөз қосып, сөйлемді аяқтандар.

Ойын мазмұны: Мен ауылға....

Қалада..... көп.

Мен ауылға атама......



«Мамандықты ата»

Ойын мақсаты: балаларды әр түрлі мамандықпен таныстыру. Еңбекті құрметтеуге дағдыландыру, өз еліне пайдалы бола білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Мамандық иелерінің суреттері.

Ойын шарты: Суреттер тақтаға ілінеді. Балалар өздері қалаған мамандықтарын таңдап алып, сол мамандық және оның пайдасы туралы әңгімелейді.

«Кім болам?»

Ойын мақсаты: Мамандық иелерін ажыратып, олар туралы әңгімелей білуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: Мамандық түрлерінің суреттері.

Ойын шарты: Бала өзі қалаған мамандығын алады да, сол мамандық туралы әңгімелейді.

«Кімге не керек?»

Ойын мақсаты: Әр мамандық иелерінің қолданатын заттарын тауып, атауын айтуға жаттықтыру. Тапқырлыққы үйрету.

Көрнекілігі: Мамандық иелерінің суреттері мен олардың қолданатын заттары

Ойын шарты: Алдын -ала әзірлеп қойылған заттарды суреттегі мамандық иелерінің қасына қою керек.


«Ойыншықты тап»

Ойын мақсаты: ойыншықты атау, және кеңістікті бағдарлай отырып табу.

Мысалы: екі баланы ортаға шығарып:

Алға үш қадам

Солға бұрыл

Екі қадам артқа бұрыл

Не таптың?

Кезегімен балаларды жіберіп, әр түрлі ойыншықтарды алып, оны сипаттап беру (ойыншық-жұмсақ, әдемі, үлкен).


«Үй жануарлары»

Ойын мақсаты: балаларды үй жануарлары мен төлдеді ажыратуға, олардың қимылын, қалай дыбыстайтынын айтқызып, оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: үй жануарларының, төлдердің суреттері.

Ойын шарты: балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі, олардың қалай аталатынын, қалай дыбыстайтынынн, қалай күтуге болатынын айтқызады. Сонымен бірге олардың дене мүшелерін де атап, үй жануарлары туралы балалардың білетін жұмбақтарын шешкізеді.


«Зообаққа орналастыр»

Ойын мақсаты: балаларды антоним сөздері туралы түсінік қалыптастыру. Заттың көлеміне қарап, салыстырып, талдау жасауға үйрету. Жабайы аңдардың дене бітіміне қарап, зообаққа орналастыру оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Зообақ торлары, әр түрлі жануарлардың суреттері.

Ойын шарты: хайуанаттар бағына әкелінген аңдарды торларға орналастыру қажет, пілді үлкен торға, бала неліктен олай орналастырғанын, яғни піл үлкен, қоян кіші, сондықтан үлкен торға пілді, қоянды кіші торға орналастырғанын айтып, ол туралы білетін жұмбақ, жаңылтпаш, тақпақтар, немесе әңгімелеп суреттеп айтады.


«Аққала»

Ойын мақсаты: бөліктерді дұрыс тауып орналаастырып, оның атауын атауға үйрету.Сөздік қорларын молайту.

Көрнекілік: Аққаланың қиылған бөліктері.

Ойын шарты: тақтаның бетіне қиылып жабыстырылған аққаланың жетіспейтін бөлігін тауып, жұмылу көзбен барып, орнына жабыстыру. (Біз мұрын тауып жабыстырамыз).



«Қай мезгілде киеміз?»

Ойын мақсаты: Әр жыл мезгілінде қандай киімдер киетінін баяндату арқылы сөздік қорларын молайтып, ауызекі сөйлеуге баулу.

Көрнекілігі: Әр жыл мезгіліне арналған киімдер суреттері.

Ойын шарты: суреттегі киімдерді қай мезгілде киетіндігін айтқызыу.


«Нені жоғалттым?»

Ойын мақсаты: Киімдерді немесе заттардың атын атай білуге үйрету.Балаларды тапқырлыққа, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу.

Ойын шарты: заттардың ішінен 1-2 затты тығып қою, балалар көзін ашқанда сол заттың немесе киімнің атын атап жауап беруі керек.


«Мынау кімдікі?»

Ойын мақсаты: Ер балалр мен қыз балалр киімдерін ажыратып айтып беру сөйлеу тілдерін дамыту.

Көрнекілік: Ер балалар мен қыз балалар киімдерінің қима суреттері.

Ойын шарты: киімдердің қайсысын ер балаға, қайсысын қыз балаға кигізуге болады.


«Көктем»

Ойын мақсаты: балаларды берілген тапсырманы ойлана отырып, шешуге, тапқырлыққа, төзімділікке баулу. Ойын барысында жәндіктер, құстар, аңдардың атын дұрыс, анық айтуға үйрету. Сөздік қорын молайтып, тапсырманы орындауда достыққа, қамқор болуға, тәрбиелеу.

Көрнекілік: Жәндіктер, құстар,аңдардың суреттері

Ойын шарты: теледидардан көктем мезгілінің суреті көрсетіліп, көктемдегі өзгерістер туралы айтқызылады. Балаларға құс, жәндік, аңдардың суреттері таратылады. «Жәндіктер» кімде дегенде, жәндіктердің суреттері бар балалар орындарынан тұрады. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін, тапсырманы түрлендіруге болады. Олардың тіршілік ететін жерін, немен қоректенетіндігін айтқызу.


«Тез ойла»

Ойын мақсаты: Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктері: Ақтөбе қаласының альбомы, суреттері, қаланың көшелері, мәдени орындары, тарихи ескерткіштері

Ойын шарты: Балаларды үш топқа бөліп жарыстыру, қай топ көп жауап берсе, сол топ жеңімпаз болады.

«Заттың атын ата»

Ойын мақсаты: Оқу құралдарын ажыратып, атын атауға үйрету.

Көрнекілігі: Оқу құралдары Ойын шарты: мен сендерге кезегімен доп лақтырамын, сендер допты қағып алып оқу құралдарын атаңдар




«Қол соғу»

Ойын мақсаты: Оқу құралдар туралы білімдерін тереңдету, айтқанды мұқият тыңдауға үйрету.

Ойын шарты: Әр түрлі заттардың атын атау, балалар тек мектепке қажетті затты атағанда ғана қол соғады.Мысалы: портфель, қуыршақ, кітап, шанышқы, парта, жастық, тақта, машина, пышақ, қалам.


«Зообаққа орналастыр»

Ойын мақсаты: аңдар, жәндіктердің өз торларын тауып орналастыру.

Көрнекілігі: Аңдар, жәндіктер муляждары

Ойын шарты: Аңдар мен жәндіктерді өз торларына сәйкес орналастырып, солар туралы білетін жұмбақ, мультфильмдерін айтып шығу.Немесе ең әдемі мейірімді сөз ойлап айту.


«Дәмін ажырат»

Ойын мақсаты: жайқалып өскен жеміс-жидектер туралы әңгімелетіп, дәмін ажырата білуге үйрету.

Көрнекілік: Жемістер

Ойын шарты: балалар көздерін жұмып тұрады. Әрқайсысының аузына жемістен бөліп салу. Жеп болғаннан кейін көзін ашып, қай жеміс, оның дәмінін қандай екенін баяндау. (әр бала жеке айтып щығады).


«Сандық»

Ойын мақсаты: балаларды берілген тапсырманы ойлана отырып шешуде тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу. Ойын шартын түсіндіріп, ондағы мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды дұрыс, анық айтуға үйрету. Сөздік қорын молайтып, тапсырманы орындауда достық, жолдастыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: сандық, түрлі-түсті асықтар, тапсырмалар жазылған хатқалта.

Ойын шарты: сандық ішіне салынған түрлі түсті асықтар. Асықтар қызыл, жасыл, сары түске боялған. Әр түске берілетін тапсырмалар әр түрлі. Тапсырмалар хатқалтаға салынады. Жасыл асық алған бала жұмбақ жасырады, шешкізеді. Сары асық алған бала мақал-мәтел айтады. Қызыл асық алған бала өлең оқиды.


«Не артық?»

Ойын мақсаты: балаларды суретке қарап, оларды топтастыруға үйрету. Құстар мен жануарлардың жеке және жалпы аттарын айтқызу.Оларды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: әр түрлі құстар мен үй жануарлары бейнеленген суреттер.

Ойын шарты: үлгідегідей әр түрлі берілген суреттерден ненің артық екенің табады. Берілген суреттерді топтастырып, олардың жалпы атауын айтады. Неліктен артық екенін түсіндіреді. жеке мен жалпы ұғым туралы түсініктерін бекітеді.



«Қайсысы қайда тіршілік етеді?»

Ойын мақсаты: суреттен көрген заттарының аттарын атап, олардың қалай өмір сүретінін айтқызу. Сөздік қорын молайту.

Көрнекіліктер: телелдидар, әр түрлі жануарлар, құстар суреттері.

Ойын шарты: әр түрлі аңдар, құстарды көрсетіп, олардың қайда өмір сүретіні сұралады. Олардың немен қоректенетінін айтқызады. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін, тапсырманы түрлендіруге болады. Олар туралы балалардың білетін өлең, жұмбақтарын айтқызады.

«Қарап ал да есіңе сақта»

Ойын мақсаты: балаларды көрген суреттерді есіне сақтап, көз алдына елесмтете отырып, әрқайсысын ретімен атап шығуға, үй жануарларын, аңдарды және құстардың жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй жануарлары, аңдардың, құстардың суреттері.

Ойын шарты: әр түрлі суреттерді теледидардан көрсетіп шығады. Балалар бірінші суреттен үй жануарларын, екінші суреттен жабайы аңдарды атайды. Үшінші суреттен құстарды атап шығады.Жалпы және жеке ұғымдарды бекітіп, оларға қамқоршы болу үшін не істейтіндері сұралады.



«Сән ательесі»

Ойын мақсаты: балаларды суреттен көрген киімдердің аттарын атап, киімдер мен ұлттық киімдерді ажыратып топтастыруға, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу.

Көрнекіліктер: жаңаша киімдер, ұлттық киімдер, хатқалта.

Ойын шарты: хатқалтаға салынған әр түрлі киімдердің үлгілері балаларға таратылып беріледі.Балалар киімдер және ұлттық киімдердің аттарын атап, оларды қашан, қайда киюге болатынын айтады. Ол сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.



«Жалпы атауын ата»

Ойын мақсаты: балаларға заттарды жеке-жеке таныта келе, ең соңында заттардың жалпы атауын бір сөзбен ойлана отырып шешу арқылы тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу.

Көрнекіліктер: жемістер, ойыншықтар, оқу құралдар, үй жиһаздары.

Ойын шарты: тәрбиеші балаларға хатқалтаның ішіне салынған жемістер, ойыншықтар, оқу құралдары, үй жиһаздарының суреттері бар бірнеше сериялы дидактикалық материалдарды таратып береді. Осы материалдарды жалпы атауына сәйкес топтастыру қажет. Өзінің топтағанын дәлелдеп айтуы тиіс. Мысалы, алма, өрік, алмұрт жемістерге жатады. Өйткені олар жеміс ағаштары.


«Телефон»

Ойын мақсаты: естіген сөзді екінші балаға бұлжытпай жеткізуге дағдыландыру, диалогты сөйлеуді жетілдіру арқылы сөздік қорын молайту.

Көрнекілік: телефон.

Ойын шарты: телефон арқылы естіген сөзді басқа балаға жеткізесіңдер.Айтылған сөзді құлаққа ешкім естімейтіндей етіп айтуымыз керек. Егер телефон үзіліп қалса, телефонды үзген бала айыбын төлейді.. Мысалы, мақал, өлең, т.б.білгенін айтуға болады.

Телефон арқылы екі бала:

-Алло, сәлеметсің бе, Арман?

-Ия.Сәлеметсің бе? Бұл кім екен?

-Мен Айнұрмын. Не істеп жатырсың?

-Мен ойыншықтарды жинап отырмын.


«Қайсысы ұнайды?»

Ойын мақсаты: суреттен көрген заттарының атын атап, суреттеп, қайсысының ұнайтынын, не үшін ұнағанын айтқызу. Сөздік қорын молайту.

Көрнекіліктер: жануарлар, жыл мезгілдерінің суреттері.

Ойын шарты: әр түрлі суреттерді көрсетіп, олардың қайсысының ұнайтыны, не үшін ұнағаны туралы сұралады. Олардың қай мезгілде бейнеленгенін айтқызады. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін, тапсырманы түрлендіруге болады. Олар туралы балалардың білетін өлеңдерін айтқызуға болады.


«Біздің көңіл-күйіміз»

Ойын мақсаты: балларды суреттегі бет-әлпет бойынша ым мен мимикаға байланысты көңіл күйді ажырата білуге үйрету. Көңіл күйді білдіретін сөздерді дұрыс айтқызу.

Көрнекіліктер: әр түрлі мимикадағы балалардың суреттері

Ойын шарты: бет-әлпеттің мимикасына қарап, көңіл күйді білдіретін сөздерді бөліп айтады. Сөйлем құрайды, әр түрлі көңіл күйді білдіретін сәттерді салу.

Күліп тұрған бала, ренжіп тұрған бала, ауызын ашып тұрған бала, ауызын топпайтып тұрған бала, қуанып тұрған бала, қорқып тұрған бала.


«Қарама-қарсы сөздер»

Ойын мақсаты: антоним сөздерді салыстыру жолымен балалардың ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын қарама-қарсы сөздермен молайту, зейінділігін арттыру.

Көрнекіліктері: доп, карточкалар.

Ойын шарты: балалар бір-біріне кезекпен допты лақтырып, антоним сөздерінің бірін айтады. Ал допты қағып алған бала тәрбиешіге кері лақтырып, айтылған сөзге қарама-қарсы сөзді айтуы керек.


«Заттарды топта»

Ойын мақсаты: суреттегі заттарды топтату арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Ойын шарты: супреттерге қарап, заттарды топқа бөлу,және олардың жалпы атауын атау. Мысалы, ойыншықтар, көкөністер, жемістерт.б.


«Кім жылдам?»

Ойын мақсаты: отбасы мүшелерін ажыратып, оларды дұрыс атай білуге машықтандыру. Балалардың сөздік қорын байыту.

Көрнекіліктері: отбасы мүшелері суреттері, балалар суреттері, киім бетперделері.

Ойын шарты: отбасы мүшелерін үлкенінен кішісіне қарай ататып, ретімен орналастырады. Балалар ат қоюдан жарысады. Өз топтарындағы балалардың аттарын жылдам атауға үйренеді. Өздерінің достарын атайды.

«Үй құстары»

Ойын мақсаты: балаларды үй құстары мен балапандарын ажыратуға, олардың қалай дыбыстайтынын, олардың қайда тіршілік ететінін айтқызу. Оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй құстарының, балапандарының суреттері

Ойын шарты: балаларға үй құстарының суреттері таратылып беріледі.Олардың қалай аталатыны, қалай дыбыстайтыны айтқызылады.

«Жеке атауын ата»

Ойын мақсаты: көкөністердің аттарын жеке-жеке атап, түстерін, пішіндерін ажырата білу. Жалпы мен жеке атаудың мағынасын түсіндіру.

Көрнекіліктері: көкөністер суреттері, муляждары

Ойын шарты: балаларға себеттегі көкөністерді жеке-жеке алып, оның атын, пішінін, түсін ажыратып айтқызады. Таратылған муляждар бойынша көкөніс аттарын атайды. Жалпы және жеке атауды салыстырады. Жеке көкөністерді себетке салады. Неліктен көкөніс деп аталатынын айтады.



«Нан қалай жасалады?»

Ойын мақсаты: балаларға нанның жасалу жолын түсіндіру. Нан жасауға қатысатынт адамдар еңбегін бағалау, қадірлеуге тәрбиелеу. Нанды құрметтеуге үйрету.

Көрнекіліктер: нан, бидай масағы, ұн.

Ойын шарты: Нанның дастарханға келгенге дейінгі жолын көрсетіп, оны жұмыс істейтін адамдардың еңбегі көрсетіледі. Балалар күнделікті жеп жүрген нанын үлкен еңбекпен келетінін білетін болады. Нан туралы ойларын кезек-кезек айтып шығады.

«Бұл қай мезгіл?»

Ойын мақсаты: күз мезгілінің ерекшеліктері мен өзгерістерін ажыратып айтқызу.Сөздік қорын байыту.

Көрнекіліктер: күзгі жапырақтар, суреттер.

Ойын шарты: күзгі бау-бақшадағы жемістер мен көкөністердің аттарын атап, пішіндерін, түстерін ажыратады. Күздегі егін жинауды өмірмен байланыстыра айтады. Күзгі жапырақтардың түстерін ажыратады. Олардың ерекшеліктеріне тоқталады. Күзгі ауа райының ерекшелігін айтады.

«Қысқы тіршілік»

Ойын мақсаты: Қыстап қалатын құстардың жеке атауын ататып, оларды ажырата білуге үйрету. Сөздік қорын байыту.

Көрнекіліктер: қысқы орман көрінісі, құстар суреті.

Ойын шарты: балалар жалпы құстардың ішінен қыстап қалатын құстардың аттарын жеке-жеке атап, оларды тауып, орман ағаштарына орналастырады. Ол құстардың қалай дыбыстайтынын ажыратады. Қыстап қалатын құстар тіршілігі туралы ойларын айтады. Қыстап қалатын құстарға қандай қамқорлық жасауға болатынын айтады.

«Дастархан мәзірі»

Ойын мақсаты: Балаларды тағамдардың жалпы және жеке атауын ажыратып атай білуге үйрету. Дастархан мәзірін жасауда қажетті заттарды айтқызу арқылы сөздік қорын байыту.

Көрнекіліктер: дастархан, оған қажеғтті заттар, тағам түрлері.

Ойын шарты: балаларды топқа бөліп таңертеңгі және түскі асқа қажетті тағамдарды айтқызып, дастархан мәзірін жасатуды жарыс түрінде жүргізу. Балалалр дастархан мәзірін даярлау кезінде тағам туралы білетіндерін айтып отырады. Тағамдарды қажетті үстелге орналастырады.


«Ыдыстарды толықтыр»

Ойын мақсаты: ыдыстардың аттарын атап, оларды толықтыруға қажетті құралдарды тапқызу. Ыдыстардың жалпы және жеке атауларын меңгерту.

Көрнекіліктер: келі, келсап, күбі,піспек, торсық, шәйнек, қазан, қақпақтар.

Ойын шарты: ыдыстардың аттарын ажыратып, оларды толықтырады. Оларда қандай тамақ дайындалатыны, сақталатыны айтқызылады. Мысалы, торсықта қымыз сақталады.


«Жайлауда»

Ойын мақсаты: балаларды жайлаудағы тіршілікпен таныстыру. Жайлаудағы табиғат ерекшеліктерін айтқызу.

Көрнекіліктер: жайлау көрінісі бейнеленген суреттер.

Ойын шарты: балалр жайлаудағы көріністі бейнелейді. Жайлау көрінісіне қажетті заттардың аттарын атап, орналастырады. Олар туралы білетіндерін айтады. Жайлаудағы табиғатты суреттейді.


«Орнын тап»

Ойын мақсаты: балаға өз бөлмесіне қажетті мүліктердің аттарын айтқызып, суреттен таба білуге үйрету.Өз бөлмесіндегі мүліктерді ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: бөлме, үй мүліктерінің суреттері.

Ойын шарты: балалар үй мүліктерінің ішінен өз бөлмесіне қажетті заттарды ажыратып орналастырады. Үй мүліктерінің атауларын айтады. Оларға байланысты білетін өлеңдерін айтады.

Кітап, сағат, диван, үстел, компьютер, орындық, аквариум, ойыншық машина, кілем төсеніш, қуыршақ, төсек.

«Балабақша»

Ойын мақсаты: балабақша қызметкерлерін және оларға қажетті құралдарды дұрыс атап, ажырата білуге үйрету.

Көрнекіліктер: тәрбиеші, дәрігер, аспазшы және оларға қажетті құралдар.

Ойын шарты: тәрбиеші, дәрігер, аспазшыға керекті құрал- жабдықтардың аттарын атап, топтастырады.Мысалы: тәрбиешіге кітап, қалам, дәптер керек.



«Балық аулау»

Ойын мақсаты: сұрақтарға жауап бергізе отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер: балықтар, қармақ.

Ойын шарты: балалар қағаздан жасалған балықтардағы тапсырмаларды орындайды. Өздері білетін жұмбақ, өлең, мақал- мәтелдерін айтады.

1 тапсырма. Қандай балықтарды білесің?

2 тапсырма. Балық қайда болады?

3 тапсырма. Балық туралы не білесің?

4 тапсырма. Өз тобыңда қандай балықтар бар?

5 тапсырма.тобыңдағы балықты қалай күтесің?



«Табиғат құбылыстарын ажыратып, олардың қасиеттерін ата»

Мақсаты: Пішініне қарап, қар мен жаңбырды ажырата білу, табиғат құбылыстары жөніндегі білімдерін бекіту /қатты, жұмсақ, ериді, буға айналады.

Керекті құралдар: Қар мен жаңбырды бейнелейтін суреттер.

Ойын барысы: балаларға қар мен жаңбырдың суреттерін көрсетіп. оларды бір-бірінен ажыратып айту тапсырылады. Білімдерін анықтау барысында осы құбылыстардың қасиеттерін айтып берулері керек.


«Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ата»

Мақсаты: Үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы білімдерін бекіту. Тез ойлау қабілетін, зейінін тәрбиелеу, белсенділігін арттыру.

Ойын шарты: орман мен қораның , жануарлар суреттері.Жүргізушінің белгісі бойынша балалар жануарлар бейнеленген үлестірмелі карточкаларды картадағы салынған сурет мазмұнына қарай бос тор көздерге орналастырады. Кім бос тор көздерді толтырып, жануарларды дұрыс атаса, сол жеңіске жетеді. Ойыншылыр карталармен алмасып, ойынды одан әрі жалғастырады.



«Бұл қандай құс?»

Мақсаты: белгілі ерекшеліктеріне қарай құстарды суреттеуге үйрету және оларды ажырата білу.

Ойынның барысы: Жүргізушіқұстардың суреттерін балаларға көрсетіп, әрқайсысының ерекшелігін суреттеп беруді ұсынады. Балалар бұл құстардың ерекшеліктерін суреттеп, аттарын атайды.

Мысалы: Бұл құстарды тағы қалай атауға болады? Олардың қандай пайдасы бар? /тоқылдақ-орман дәрігері, қарлығаш-адамның досы.



«Бұл қай кезде болады?»

Мақсаты: балалардың жыл мезгілдеріне байланысты білімдерін анықтау және әрі қарай дамыту.

Ойын шарты: жауап берген балаға сақина беріледі.Жүргізушінің сұрағына қарай жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін атау.

Ойын барысы: Жүргізішінің қойған сұрақтарына балалар ойланып, дұрыс жауап береді. Сұрақ: қай кезде сары, қызыл жапырақтар көп болады?

Қай кезде жеміс-жидектер жиналады?Жыл мезгіліне байланысты: көктем деймін де, сақинаныӘйкерімге беремін, Әйкерім тез ойланып, көктемде не болатынын айтады.Сақинаны қасындағы балаға береді.Ол да көктемнің бір белгісін атайды. Осылайша ойын жалғаса береді.


«Жақсы және жаман істерді тауып көр»

Мақсаты: жаман әдеттен аулақ болуға, көргенін ажыратып, әңгімелей білуге үйрету. Балаларберілген суреттердің мазмұнына сәйкес жаман, жақсы істерді ажыратады және ол неге жаман,жақсы іс-әрекеттер екенін түсіндіреді.

Көрнекі құралдар: жақсы және жаман істерді бейнелейтін мазмұнды суреттер.

Ойын барысы: Ағаш бұтағын сындырып жатқан баланың әрекетін бейнелейтін сурет. Ағаштағы құстың ұясын бұзған баланың іс-әрекетіндегі сурет. Құстарға ұя жасап жатқан баланың суреті.

Гүлдерге су құйған қыз баланың суреті.Ағаш бұтағына қонған құсты рагаткамен атқалы жатқан баланың әрекетін бейнелейтін сурет. Жайлауда қошақанға емізікпен сүт беріп тұрған баланың іс-әрекетін бейнелейтін сурет.



«Бөлме өсімдіктері мен дәрілік өсімдіктерді ажырат»

Мақсаты: бөлмеде өсетін өсімдіктер мен дәрілік өсімдіктерді бір-бірінен ажырата білу, қандай мақсатта өсірілетінін анықтау.

Көрнекі құралдар: бөлме өсімдіктері мен дәрілік өсімдіктердің суреттері.

Ойын барысы: Балаларға бөлме өсімдіктері мен дәрілік өсімдіктер аралас суреттер беріледі. Тәрбиеші балалардан бөлме өсімдігін көрсетуін, екінші бала дәрілік өсімдікті көрсетуін сұрайды. Балалар көрсетеді. Қай өсімдік қандай мақсатпен өсірілетінін сұрайды. Ойын осылайша жалғаса береді.



«Құстар»

Мақсаты: құстарды топтастырып,аттарын атау.

Керекті құралдар: Қыстап қалатын және ұшып кететін құстардың суреттері.

Ойын шарты: Белгі бойынша құстарды екі топқа топтастыру.

Ойын барысы: Ойыншылар «Жыл құстары», «Ұшып кететін құстар» болып екі топқа бөлінеді. Үстел үстінде құстардың суреттері араласып жатады, жүргізушінің белгісі бойынша, балалар өз топтарының атына сәйкес құстарды топтастырып, аттарын атайды. Бір құсты екі рет атауға болмайды. Жаңылысқан бала, ойын соңында айыбын құс туралы өлең, тақпақ, жұмбақ айту арқылы өтейді.


«Тамшының жыл мезгіліндегі саяхаты»

Мақсаты: Судың жыл мезгілдеріне байланысты қасиеттері туралы түсінік беру. Сөздік қорларын молайту. (Бу, сұйық, қатты)

Керекті құралдар: Судың жылдың төрт мезгіліне байланысты қасиеттерін бейнелейтін мазмұнды суреттер.

Ойын барысы: Тәрбиеші қыс мезгіліне байланысты судың қасиетін түсіндіріп өтнді. Табиғат құбылыстарына байланысты судың қандай күйде болатынын айтады. (Мұз, қар, жаңбыр, бұршақ) Тақтаға жылдың төрт мезгілін іліп қойып,бір ойыншыны шақырады. «Мұз» дегенде ойыншы соған сәйкес жыл мезгілін көрсетеді.















«ТАНЫМ» САЛАСЫ


«Зейінді бол» 

Мақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу.

Көрнекілік: Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер.
Барысы: Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші /екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы/ суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар? 
Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады. 


«Қандай пішін шықты?»

 Мақсаты: Таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер құрастыра білу. 

Көрнекілік: Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшалары 
Барысы: Тәрбиеші балаларға үш таяқша алып, олардан пішін құрастыруды ұсынады. Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастыру ұсынылады. 
Қандай пішін шықты? Тәрбиеші тағы да бір таяқша алып, оны шаршының, төртбұрыштың үстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты? 


«Шамдар»

Мақсаты: қасиеттері бойынша заттарды топтастыруға, түстерді, өлшемдерді ажыратуға жаттықтыру; зейіндерін дамыту. 
Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша әртүрлі шамдар 
Ойынның мазмұны: Балаларға шамдарды таратып беру, шамдардың түсін, өлшемін анықтауды ұсыну. Балалар тәрбиешінің шамын өздерінің шамдарымен салыстырады. Белгі бойынша тәрбиешінің шамына ұқсас шамдары бар балалар ортаға жүгіріп шығады. 



«Тапсырманы орында»

Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар. 
Ойынның мазмұны: бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді. 

«Кеңістік» 

Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту. 
Құрал-жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер. 
Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді.

 
«Жоғарыда-төменде» 
Ойынның мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: құстардың, жануарлардың суреттері. 
Ойынның мазмұны: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді. 

«Тәулік бөліктері» 

Ойынның мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер

 Ойынның мазмұны: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды. 


«Сипаттамасы бойынша тап»

Мақсаты: Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.

Көрнекілік: Топтағы жануарлар бейнелейтін ойыншықтар. 
Ойынның мазмұны: Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншықтар қояды. Әрбір ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден шығарып, ойыншықтар туралы жұмбақтар құрастырады, м: «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық-бұл қай аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады. Егер ол жұмбақ дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады. 

«Қалай жүріп, нені тапқың келеді?» 

Мақсаты: Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту. 

Көрнекілік: Кез-келген ойыншықтар немесе суреттері. 
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына-машина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді: «алдыңда қуыршақ, оң жағында машина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың келеді?»

«Доппен ойнау» 

Мақсаты: «Жоғары-төменде», «астында-үстінде», «сол жақта-оң жақта» ұғымдарын бекіту.

Көрнекілік: доп. 

Ойынның мазмұны: 1-нұсқа: Балалар екі командаға бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады. 
«Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала /әр командадан/ бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, «доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады. 
2-нұсқа: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында «доп оң жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. «Доп сол жақта» деген бұйрық бойынша доп сол жаққа беріледі. Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады. 



САНДЫҚ ҚҰРАМДЫ АЖЫРАТУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР


«Карточкаға қандай сан жазылған?» 

Көрнекілік: Суретті карточкалар. 

Барысы:  1 - нұсқа: Тәрбиеші карточканың бетіндегі 2 түсті дөңгелекті төмен қаратып қолына ұстап тұрады да, балаларға былай дейді: «Карточкада екі сан» бейнеленген. Егер оларды қоссақ 5 болады. Карточкада қай сандар бейнеленген? «Балалар түрліше жауап береді». Балалардың біреуі карточкада жазылған сандарды атаған кезде тәрбиеші карточканы топқа көрсетеді. 
2 - нұсқа: «Егер тоғыздан біреуін кемітсендер, сендер менің қолымдағы санды табасындар». Балалар бұл санды атайды. Жауабын бірнеше баладан сұрау керек. Тәрбиеші сандық карточканы балаларға алдын ала көрсетеді. 
Бірінші болып дұрыс жауап берген бала ұтып шығады.

 
Лото-ойыншықтар

Мақсаты: ойын аңғарымпаздықты, зейінді дамытады. Ойын түрінде ойыншықтардың қазақ және орыс тілдеріндегі атаулармен таныстырылады. Баланың мемлекеттік тілді үйренуге қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Қазақ тілін меңгерудің қолданыстағы әдістемелерін толықтырады.

Ойын шарты: бұл ойынға 2-ден 6адамға дейін қатыса алады. Ойыншының әр қайсысы өзіне ойын алаңын таңдайды. Ойынды жүргізуші қорапшаның ішінде ойын кәртішкелерін араластырып, бетін төмен қаратып қояды. Ойынға қатысушылар дайын болғанда, жүргізуші кәртешкенің біреуін алып, онда не суреттелгенін көрсетпей, ойыншықтың атауын қазақша немесе орысша атайды. Ойыншы өзінде ол ойыншықтың атан атаса оны жүргізуші иесіне береді. Ал ойыншы өзінің ойын алаңында ондай кәртішкенің бар екенін байқамаса, ол кәртішке қайтадан қорапшаға салынады. Өзінің ойын алаңындағы барлық суреттерді бұрын жапқан ойыншы жеңеді.


«Тықылдақ»

Ойыншылар үстелдің басына дөңгеленіп отырады. Ойынды жүргізуші «Тықылдаңдар» десе, ойынға қатысушылар үстелдің үстіне саусақтарымен тықылдатады. «Ақырын» десе тықылдатуды тоқтатып, қолдарын ақырын үстелдің үстіне көтереді. «Төмен» десе үстелдің астына жасырады. Жүргізуші 4-5рет әртүрлі қимыл жасатқаннан кейін арнайы бір қимылды айтып, өзі басқа қимылды көрсетеді. Ойыншылар айтқанды қайталаулары тиіс. Қай ойыншы қателессе, сол бір затын беруі керек.

«Карточкаға қандай сан жазылған?»

Көрнекілік: Суретті карточкалар.

Барысы: 1 вариант: Тәрбиеші карточканың бетіндегі 2 түсті дөңгелекті төмен қаратып қолына ұстап тұрады да, балаларға былай дейді: «Карточкада екі сан» бейнеленген. Егер оларды қоссақ 5 болады. Карточкада қай сандар бейнеленген? «Балалар түрліше жауап береді». Балалардың біреуі карточкада жазылған сандарды атаған кезде тәрбиеші карточканы топқа көрсетеді.

2 вариант: «Егер тоғыздан біреуін кемітсендер, сендер менің қолымдағы санды табасындар». Балалар бұл санды атайды. Жауабын бірнеше баладан сұрау керек. Тәрбиеші сандық карточканы балаларға алдын ала көрсетеді. Бірінші болып дұрыс жауап берген бала ұтып шығады.


«Автобус»

Мақсаты: Санның құрамын пысықтау.

Көрнекілік: Сандық карточкалар.

Барысы: Алаңға бормен тікбұрыш /автобус/ сызылған. Екі бала бақылаушылар болып, бетіне «5»цифры жазылған үлкен карточканы ұстап тұрады. «Автобусқа» сандық карточкаларында бейнеленген дөңгелектердің қосындысы

5 болатын /жол ақысы/ балалар ғана жұптасып отырады.Ойын басталды дегеннен кейін әрбір бала өз сыңарын іздеп табуға тырысады /2 және 3, 3 және 25, 1 және 4, 4 және 1/. Жұптар бірінен соң бірі сапқа тұрады, «автобусқа» кіреді, өздерінің сандық карточкаларын көрсетеді, ал «бақылаушылар» жұптардың дұрыс таңдалуын тексереді.


«Сан құрастыр»

Мақсаты: Санның құрамын пысықтау.

Көрнекілік: Суретті карточкалар.

Барысы: Тәрбиеші бетіне бір сан, мысылы «6» саны жазылған карточканы көрсетеді. Әрбір бала қосындысы «6» санын құрайтын екі сандық карточкаы көрсетуі тиіс.

Мысалы: бір карточкада 5 дөңгелек, екіншісінде–1 дөңгелек, біреуінде–3, екіншісінде-3 шаршы және с.с.


«Ою құрастыру»

Мақсаты: Балаларды сандардың ретін, құрамын оңай табуға, таңбаны айыра білуге дағдыландыру.

Көрнекілік: Бірнеше бөліктерге бөлінген ою элеметтері.

Барысы: 1-вариант. Оюдың элементтерін жекелеп қиып, мысалы 4 қошқар мүйізді 2-ге бөліп, 8 бөлікті балаларға таратып береді. Түстерін сәйкестендіру, бөліктерін қиюластыру арқылы ою-өрнек құрастырылады. 2 вариант. Ою бөліктерінің келесі бетіне сан жазылады. Өрнекті құрастыру санға сәйкес орындалады.


«Поезд құрастыр»

Мақсаты: 1-ді қосу таблицасын қайталату.

Көрнекілік: 1-ді қосу таблицасы берілген карточкалар, 0+1, 1+1, 2+1, т.с.с.

Барысы: Тәрбиеші карточкаларды балаларға таратып береді, оларды вагондар, ал бір баланы тепловоз деп тағайындайды. Балалар қолдарындағы карточкаларына қарай отырып, алдымен «тепловозға» ретімен тіркелуі тиіс.

«Заттарды сана»

Мақсаты: 1.Балалардың назарын дамыту, байқағыштықтарын арттыру. 2.Көкеністер санымен сандарды тауып қою. 3.Ойын арқылы көкеністер түрлері туралы білімдерін бекіту.

Көрнекілік: Көкөністер суреттері, сіріңке қорабындағы сандар.

Барысы: Тәрбиеші балаларға көкеністердің суреттерін таратып береді. Бір суретте бірнеше көкеністер түрлері болуға тиіс. Балаларға қойылатын талап көкеністер санын анықтау.


«Дыбыс арқылы санды тап»

Мақсаты: Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін анықтау.

Көрнекілік: Сіріңке қорабындағы таратпа сандар.

Барысы: Тәрбиеші қарындашпен үстелді дыбыс шығатындай етіп тықылдатады. Балалар тыңдап отырып алдарындағы цифрларынан тиісті санды көрсетеді.


«Тез ойла»

Мақсаты: 1.Балалардың заттарды салыстыру, оң жақ, сол жақ сияқты түсініктерін дамыту. 2. Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. 3. Ойын арқылы шапшандыққа, тез ойлауға баулу.

Көрнекілік: Топтағы заттармен.

Барысы: Тәрбиеші балаға өзінің алдында, оң, сол жақтарында нелер тұрғанын айтқызу. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.


«Қанша? Қандай?»

Мақсаты: 1. 10–ға дейін санауды бекіту.

2. 1-ші, 2-ші ұғымдарымен таныстыру.

Көрнекілік: Сандар («Шалқан», «Бауырсақ» ертегісі бойынша)

Барысы: Әр топтағы заттардың санын анықтау. Қораптан керекті санды алып қойып, ертегіні әңгімелеу, сандармен ретін анықтау. «Шалқан» ертегісі бойынша атасы бірінші, апасы екінші, қызы үшінші, т.б. пайдалана кетуге болады.



«Әрі қарай кері сана»

Мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды кері қарай санауды қайталау.

Көрнекілік: Доп, сандық карточкалар.

Барысы: Тәрбиеші көлемдегі санды көрсетеді де, бір баланың атын атап: «Әрі қарай кері сана» - дейді. Ол : «Тоғыз, сегіз, жеті» деп санай бастайды.Тәрбиеші балалардың біреуіне қарап, доп лақтырады. «Жеті» - дейді. Допты тосып алған бала «үш, екі, бір» деп жалғастырады.


«Жазылмай қалған сандарды ата»

Мақсаты: 1. Балалардың сандардың реті туралы білімдерін бекіту. 2.Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу. 3.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылығын арттыру.

Көрнекілік: 15 дана сіріңке қорабындағы сандар.

Барысы: Тәрбиеші балаларға текшелер таратып береді. Ол текшелерде сандар жазылады, сандар ретімен толық жазылмайды. Мысалы: 1 3 6 8 9. Балалардың міндеті сол қолдарындағы текшелерден жазылмай қалған санды анықтап атау. Егер сандар ретін анық атап шықса, жұлдыздармен марапатталады. Ал егер сандар қатарындағы жоқ санды таба алмаса, текшедегі бар сандардың құрамын анықтайды.


«Қуыршақтардың сыйлықтары»

Мақсаты: 1. Сандар мен олардың құрамы туралы білім беру.

2. Ойын ойнау арқылы шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Көрнекілік: Қуыршақ, шарлар.

Барысы: Қуыршақтың сыйлық шарлары таратылып беріледі. Балалар ол шарларды үрлеп, қандай түсін және қанша екенін айтады. Үрленетін шарлардың түстері үш түрден аспауы керек. Шардың санымен артық, қандай түсті шардың кем екенін балаларға айтқызу.




«Жәндікте неше аяқ бар?»

Мақсаты: 1.Балалардың санау және есептеу дағдыларын қалыптастыру. 2.Жәндіктер туралы түсініктерін жаңарту. 3.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілік: Ойыншық жәндіктер

Барысы: Тәрбиеші балаларға бірнеше суреттер таратып береді. Бұл суреттерде әртүрлі жәндіктер суреттеледі. Балалардың міндеті осы суреттегі жәндіктердің қанша аяғы бар екенін анықтау. Ол үшін суреттердегі жәндіктердің аяқтарын санап сол суреттің астына кеспе цифрлар арқылы белгілеп отырады да соңынан ең аяғы көп жәндіктің суретін салу ұсынылады.



«Нешінші?»

Мақсаты: «Нешінші?» ұғымын қалыптастыру.

Көрнекілік: Топтағы 10 түрлі ойыншықтар.

Барысы: Тақтаға 10 түрлі ойыншықтар суреті ілінеді. Ортаға бір бала шығып, қатардан бір ойыншықты алады. Балалар қатардан нешінші затты алғандығын алақандарын шапалақтау арқылы көрсетеді. Ойыншықтың атын атау керек. Ойын барысында «нешінші?» деген ұғымды қалыптастыру. Балалардың сөздік қорын дамыту, қызығушылығын арттыру.


«Қай қолымда көп?»

Мақсаты: Заттардың екі жиынтығын салыстыра білуге үйрету.

Көрнекілік: Асықтар, топтағы ұсақ заттар.

Барысы: Балалар екі топқа бөлінеді, оның әрқайсысы алма-кезек тәрбиешінің үстеліне өз өкілін жібереді. Бір бала қолын артына ұстайды. Алдымен тәрбиешінің одан соң балалардың бірі оның қолына текше, түйме әртүрлі ұсақ нәрселерді ұстатады. Бірақ ол бір қолда көп, екіншісінде аз болуы керек. Бала алдымен көз мөлшерімен нәрсенің қолында көп екенін анықтау. Қай қатарда көп, қай қатарда аз екенін салыстыру керек.


«Қол соғу»

Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру.

Көрнекілік: Тәрбиешінің және әрбір баланың алдына тілі бар дөңгелек/1-сурет/ .

Барысы: 1-вариант: Тәрбиеші қол соғады. Балалар санайды. Тақта алдына шақырылған бала тәрбиешінің неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін саны сонша қара дөңгелекшелер тұрған бөлікке қаратып қоюы тиіс. 2-вариант: Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Тәрбиеші қатарларды аралап, ойын ережесінің дұрыс орындалуын тексереді. Ойын екі-үш рет қайталанған соң, қорытындысы шығарылады. Ойыншылары қателеспеген қатар ұтып шығады.

«Өзара айырмашылығын тап»

Мақсаты: 1.Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу. 2.Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін жетілдіру.

Көрнекілік: бала санына (15 дана) суреттер жинағы.

Барысы: Әр балаға суреттер таратылып беріледі. Суреттерді салыстыра отырып, айырмашылығын тапқызу.


«Қанша болса, сонша»

Мақсаты: Сандарды тани білуге үйрету. Берілген тапсырманы дұрыс орындай білуге жаттықтыру.

Көрнекілік: Сандық карточка.( «Кеспе сан» қалтасынан алу)

Барысы: Тақтаға 3 бала шығарып, сандық карточканы көрсетіп, карточкада қандай сан тұрса, сонша қимыл көрсету. Тапсырманы сандарды өзгерте отырып, 2-3 рет қайталау.


«Керісінше айт»

Мақсаты: Тәулік жөнінде түсініктерін кеңейту. Қарама-қарсы мағыналы сөздермен жауап бере білуге үйрету.

Көрнекілік: доп

Барысы: Балаға допты беріп қарама-қарсы мағыналы сөзбен жауап беруді сұрайды. Мысалы: «таң» десе, бала «кеш» деп жауап береді.


«Неше саңырауқұлақ немесе көкөністер?»

Мақсаты: Артық-кем ұғымдарын бекіту.

Көрнекілік: Кәрзеңке, санырауқұлақтар, көкеністер. (15 дана)

Барысы: Тәрбиеші балаларға былай дейді : «Саңырауқұлақтың саны үштен кем, бірден артық. Неше саңырауқұлақ бар? Кәрзеңкеге көкеніс түрлерін салғызып жаттығуды қайталайды.


«Апта күндері»

Мақсаты: Апта күндерін атап, есте сақтай білуге үйрету. Көрнекілік: Апта күндерін шартты түрде белгілейтін 1-ден 7-ге дейін дөңгелектермен дайындалған карточка.

Барысы: Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп, таныстыру. Апта күндерін атату, карточканы таратып беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта атын білу керек. Тәрбиеші бұйрығымен, «дүйсенбі» бір адым алдыға десе, тұрып қалмай алдыға шығу керек. Бұдан соң балалар кезекпен ауысып тақтаға шығады.


«Қиындыларды дұрыс бөл»

Мақсаты: Қиындыларды түсі мен ұзындығы бойынша айыра білуге жаттықтыру.

Көрнекілік: Әрбір балаға ұзындықтары мен түсі әртүрлі, мысалы: 2 қызыл, 1 жасыл, 2 сары, ең ұзын-сары, ең қысқа-қызыл, ұзындықтары бірдей: қызыл, жасыл, сары қиындылар жиынтығы.

Барысы: бірнеше тапсырмадан тұрады. 1- тапсырма: балаларға барлық қызыл қиындыларды сол жаққа, сары қиындыларды оң жаққа, жасыл қиындыларды ортаға қоюды тапсырады. 2- тапсырма: бірдей қиындыларды бірінің үстіне бірін тізіп қою. 3- тапсырма: оң жаққа ең ұзын, сол жаққа ең қысқа қиындылар қою. 4 - тапсырма: қиындылардың ең қысқасынан бастап, ең ұзынына қарай реттеп, бір қатарға қою.

Тапсырманы дұрыс орындаған столдағы балалар жеңімпаз атанады.

«Қандай сандар жетіспейді?»

Мақсаты: Сандарды тани білуге, аталған сан арасындағы санды атай білуге үйрету.

Көрнекілік: сіріңке қорабындағы таратпа материалдағы сандар.

Барысы: тәрбиеші екі санды атайды, мысалы: 3-5 десе, балалар қораптан сол сандарды алып, ортасындағы санды қою керек.

«Көрші–көрші»

Мақсаты: Сан құрамын атап, неше бірліктен тұратынын, сандарды салыстыра білуге үйрету.

Көрнекілік: Кеспе қалтадағы сандық карточкалар: 1-10.

Барысы: Тәрбиеші бір санды атайды, м:7 санын. Тақтаға бір бала шығып аталған санды «кеспе қалтадағы» сандар арасынан 7 санын алып қояды. Тәрбиеші: осы санның көршілерін көрсетіндер дегенде , екі бала шығып 6 және 8 санын көрсетеді. Әр бала өз санын түсіндіру керек, м: 7 саны 6 санынан 1-уі артық, 8 санынан 1-уі кем, 7 бірліктен тұрады.


«Бағдаршам»

Мақсаты: түстер туралы, жол қауіпсіздігі туралы мағұлмат беру.

Көрнекіліктер: Әр түсті (қызыл, жасыл, сары) дөңгелектер немесе текшелер.

Ойын шарты: Ойын сергіту сәті кезінде жүргізілгені дұрыс. Мұғалім бағдаршам туралы әңгіме өткізіп, әр түстің атқаратын қызетін, орнын анықтайды. Оқушыларға текшелер не дөңгелектер «таратылып» беріледі. Оқытушы «Тоқта» дегенде оқушылар сәйкес қызыл дөңгелектерді (текшені), «Дайындал» дегенде «сары» дөңгелекті (текшені), «Жүр!» денгенде жасыл дөңгелекті (текшені) көрсетеді.Әрі қарай ойынды жалғастыра беруге болады. Мұғалім «Жасыл» түсті көрсеткенде оқушылар орындарынан тұрып жүрген қимыл көрсетеді, «Сары» түсті көрсеткенде баяу қозғалыс қимылын жасайды. «Қызыл» көрсеткенде орындарына отыра қалады. Осы қимылды бірнеше рет қайталап,ойынды жалғастыруға болады.


«Зат неге ұқсайды?»

Мақсаты: геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту. Айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту.

Ойын барысы: 1-нұсқа: Тәрбиеші геометриялық пішіндерді балаларға көрсетеді, ал балалар оның қоршаған ортадағы қандай затқа ұқсайтындығын табады. 11-нұсқа: Тәрбиешінің үстелінің үстінде геометриялық пішіндерді еске салатын заттар мен суреттер жатыр. Бала суретті не затты таңдап, оның қандай пішінге ұқсайтындығын айтады. Өзінің жауабын түсіндіреді.


«Жыл атасы»

Мақсаты: балаларды жыл мезгілдері мен айларымен таныстыру.1-ден 3-ке дейінгі алған білімдерін бекіту.

Ойын барысы: тақтада Жыл атасының суреті Балалар жыл мезгілдерін атайды, оларды санайды.

-Қазір жылдың қай мезгілі? Қай ай екенін сұрау. Балалар қайталайды. Әрбір жыл мезгілінде 3 айдан бар екенін айтып, күз айларын атайды.



ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПІШІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР


«Артық - кем» ойыны

Мақсаты: Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету. 

Көрнекілік: Ою-өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы, геометриялық пішіндер. 
Барысы: Балалар геометриялық (ұшбұрыш, шаршы, дөңгелек және с.с.) пайдаланып, тәрбиешінің тапсырмасына үндеместен жауап беруі тиіс. Тәрбиеші тапсырма береді, балалар оны орындайды: 
а) дөңгелектерден біреуін артық етіп, ұшбұрыштарды қойыңдар (үш дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді); 
б) мұндағы дөңгелектерден біреуін кем етіп, шаршыларды қойыңдар (бес дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді); 
в)дәл осындай пішінді көрсетіңдер /дөңгелекті көрсетеді/және осыларға сәйкес тапсырмаларды көрсетіндер.  Ойын соңында қорытынды шығарылады. Қатені аз жіберген қатар ұтып шығады.Ойынның барысында балалардың зейіні, қол қимылының жылдамдығы, дәлдігі қалыптаса бастайды және санауды, біреуі артық немесе кем санды тауып, оны атауды үйренеді. 

«Пішіндерді боя»

Мақсаты: Түстерді тани білуге үйрету. Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру. 
Көрнекілік: Геометриялық пішіндер.

Барысы: Балаларды ұйымдастырып, оларға ақ бет қағаздағы пішіндердің суреттері таратылып беріледі. Бұл суреттегі пішіндер боялмаған. Тәрбиеші балаларға тақтаға боялған пішіндерді ұсынады. Балалардың міндеті сол тақтадағы түстеріне қарап алдарындағы пішіндерді сондай түспен бояйды. Мұндай ойын балалардың түсінулерін және шапшаңдықтарын шыңдайды. 



ӨЛШЕМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР


«Сиқырлы суреттер»

Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту.

Ойынның кұрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.

Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.


«Сиқырлы қапшық»

Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады.


«Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта»

Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.

Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар.

Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді.


«Зейінді бол»

Ойынның мақсаты: Биік және аласа ұғымдарын бекіту; логикалық ойлауын дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: биік және аласа заттар бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: Балаларға биік және аласа заттардың суреттерін немесе ойыншықтарын қарастыруды ұсынады. Әр суретте не бейнеленгенін анықтау. Биік затты көрсеткенде балалар орындарынан тұрады, аласа затты көрсеткенде бастарын төмен түсіреді.


«Ұзын-қысқа»

Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар.

Ойынның мазмұны: Балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма беру.


«Шамдар»

Мақсаты: қасиеттері бойынша заттарды топтастыруға, түстерді, өлшемдерді ажыратуға жаттықтыру; зейіндерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша әртүрлі шамдар

Ойынның мазмұны: Балаларға шамдарды таратып беру, шамдардың түсін, өлшемін анықтауды ұсыну. Балалар тәрбиешінің шамын өздерінің шамдарымен салыстырады. Белгі бойынша тәрбиешінің шамына ұқсас шамдары бар балалар ортаға жүгіріп шығады.



«Қолымда не бар?

Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке , үлкен-кіші, оң-сол жайлы білімдерін бекіту. Түйсіну сезімдерін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: ұсақ тастар, жаңғақтар.

Ойынның мазмұны: Баланың қолына үлкендігі әртүрлі заттарды ұстату. Мысалы, үлкен және кіші тастар. Бала қолына қарамастан, сипап-сезу арқылы үлкен-кіші заттың оң және сол қолында екенін анықтайды. Қалған балалар оның жауабынын дұрыстығын тексереді. Жуан-жіңішке, ұзын-қысқа өлшемдері бойынша жұмыс осылайша жүргізіледі.


«Қуыршақ қонаққа дайындалуда»

Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: ұзындығы, жуандығы, түсі әртүрлі ленталар.

Ойынның мазмұны: Қуыршақ қонаққа барады, киімін киюге, шашына бантик таңдауға көмектесуді ұсыну. Көп бантиктердің арасынан ұзындығы бірдей екі бантикті табу керек. Әдемі бантиктермен қуыршақтың шашын әсемдеу.


«Тапсырманы орында»

Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді.


«Қай қолымда көп»

Ойынның мақсаты: аз және көп заттарды ажиратуға, салыстыруға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: әртүрлі ұсақ заттар–моншақтар, түймелер

Ойынның мазмұны: ортаға бір баланы шақырып, оң және сол қолына көп және аз заттарды ұстатады. Бала алдымен көз мөлшерімен қай қолда зат көп, қай қолында аз зат бар екенін анықтайы. Одан кейін заттарды қатарымен қойып, қай қатарда көп, қай қатарда аз зат тұрғанын салыстырады.


«Сипаттамасы бойынша тап»

Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа ұғымдарын бекіту.

Ойынның құрал-жабдықтары: жануарлардың, құстардың ойыншығы.

Ойынның мазмұны: балалар аю, түлкі, қасқыр, қоянның ойыншықтарын қарастырады. Әр ойыншықты анықтап атын атайды. Ойнаушылардың біреуі бөлмеден шығып кетеді, басқа ойнаушылар ойыншық туралы жұмбақ құрастырады. Жұмбақ құрастырғаннан кейін жұмбақты шешетін баланы шақырады.


«Көп және біреу»

Ойынның мақсаты: көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: көп және бір зат бейнеленген суреттер.

Ойынның мазмұны: балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды.


«Түрлі-түсті жолақтар»

Ойынның мақсаты: түстерді атауға, салыстыруға жаттықтыру; берілген тапсырманы орындауға ынталандыру; достық қарым-қатынастарын тәрбиелеу.

Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға желімделген әртүрлі жолақшалар.

Ойынның мазмұны: балаларға жолақшаларды көрсету, түстерін атау. Берілген жолақшаның түсі бойынша үстелдің үстіндегі дәл осындай жолақшаны табу.


«Ұзын және қысқа»

Ойынның мақсаты: өлшемдердің қасиеттерін қабылдауға үйрету; тапсырманы орындауға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: ұзын және қысқа жолақшалар.

Ойынның мазмұны: балаларға ұзын және қысқа жолақшаны көрсету. Өлшемін анықтау. Жолақшаларды таратып беру. Үстелдің үстіндегі жолақшалардың ішінен ұқсас жолақшаны табуға тапсырма беру.


«Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта» 

Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.

 Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар. 
Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді. 


«Сипаттамасы бойынша тап»

 Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа ұғымдарын бекіту.

 Ойынның құрал-жабдықтары: жануарлардың, құстардың ойыншығы. 
Ойынның мазмұны: балалар аю, түлкі, қасқыр, қоянның ойыншықтарын қарастырады. Әр ойыншықты анықтап атын атайды. Ойнаушылардың біреуі бөлмеден шығып кетеді, басқа ойнаушылар ойыншық туралы жұмбақ құрастырады. Жұмбақ құрастырғаннан кейін жұмбақты шешетін баланы шақырады. 

«Көп және біреу»

Ойынның мақсаты: көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: көп және бір зат бейнеленген суреттер. 
Ойынның мазмұны: балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды.


«Суреттерді орналастыр»

Ойынның мақсаты: заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: тор көз салынған қағаз беттері, әртүрлі суреттер.

Ойынның мазмұны: Балалар берілген суреттерді әр бағанмен жолға олардың бірі ғана келетіндей етіп, шаршы тор көздерге орналастырады. 

«Танып ал да, атын ата»

Ойынның мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер. 
Ойынның мазмұны: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады. 

«Ойыншықты тап» 

Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.

 Көрнекілік: Топтағы ойыншықтар.

 Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады. 

«Автобус» 
Мақсаты: Санның құрамын пысықтау.

Көрнекілік: Сандық карточкалар.

Барысы: Алаңға бормен тікбұрыш /автобус/ сызылған. Екі бала бақылаушылар болып, бетіне «5»цифры жазылған үлкен карточканы ұстап тұрады. «Автобусқа» сандық карточкаларында бейнеленген дөңгелектердің қосындысы 
5 болатын /жол ақысы/ балалар ғана жұптасып отырады.Ойын басталды дегеннен кейін әрбір бала өз сыңарын іздеп табуға тырысады /2 және 3, 3 және 25, 1 және 4, 4 және 1/. Жұптар бірінен соң бірі сапқа тұрады, «автобусқа» кіреді, өздерінің сандық карточкаларын көрсетеді, ал «бақылаушылар» жұптардың дұрыс таңдалуын тексереді. 

«Сан құрастыр» 

Мақсаты: Санның құрамын пысықтау.

Көрнекілік: Суретті карточкалар. 

Барысы: Тәрбиеші бетіне бір сан, мысылы «6» саны жазылған карточканы көрсетеді. Әрбір бала қосындысы «6» санын құрайтын екі сандық карточкаы көрсетуі тиіс. 
Мысалы: бір карточкада 5 дөңгелек, екіншісінде–1 дөңгелек, біреуінде–3, екіншісінде-3 шаршы және с.с. 


«Шырпыны үстелден көтер»

Мақсаты: Балалардың әдемі жазып, қылқаламды дұрыс ұстауы үшін қолдың саусақтарын ептілікке үйрету.

Көрнекті құралдар: Сіріңке қораптары.

Ойын мазмұны: Педагог балаларға саусақтың көмегімен сіріңке қорабын көтеруді ұсынады. 5 сіріңке қорабы үстелдің ұстінде жатады. Алдымен бірінші қорапты екі бас бармақпен көтеру талап етіледі. Осыдан кейін екінші қорапты екі сұқ саусақтың, үшінші екі ортаңғы бесінші екі шынашақтың көмегімен көтереді.

Кімде-кім қорапты түсіріп алса, ойыннан шығады.

Барлық талаптарды орындаған бала жеңіске жетеді.


«Балықшы» ойыны

Мақсаты: Алған білімдерін тиянақтау. Ойынға түгел қамти отырып, қызығушылығын арттыруға көңіл бөлу. Одан кейін таныс дыбыстарды есте сақтау үшін сол дыбыс басталатын нәрселердің суретін көрсетіп, оны балалардың өздері де салып, қай дыбыстан басталатынын қайталау.

Ойынның шарты: балалар аквариумнен магниттік кубиктерді қармақпен аулап алады да, кубиктегі қандай әріп, қандай дыбыс екенін тауып, сол әріпке сөйлем құрап әңгімелеу қажет.




ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР


«Бейнені құрастыр»

Ойын мақсаты: Берілген геометриялық пішіндердің өз орнын тауып, белгілі бір бейне құрастыруға үйрету

Ойын шарты: Әр түрлі пішінді бейнелерді алып өз қалаулары бойынша бейнені құрастады.


«Гүлдерді жина»

Ойын мақсаты: Балаларды түстері бойынша әр түрлі гүлді жинап, қанша гүл жинағанын санап айтып беруге үйрету. Түстерді ажырата білу қабілеттерін арттыру.Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу.

Ойын шарты: 2-3 баладан шығарып жарыс түрінде өткізу.


«Гүлдер»

Ойын мақсаты: Бөлме гүлдері мен дала гүлдерін ажыратып, олардың атауын атауға үйрету. Табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін ояту.

Ойын шарты: Әр түрлі бөлме гүлдері мен дала гүлдерінің суреттері таратылып беріледі. Сол гүлдердің атауын атап, әр қайсысын бөліп орналастырады. Гүлдерді қалай күтіп баптау керектігін айтады.


«Суреттерді ретімен қой»

Ойын мақсаты: Күн тәртібін ретімен қоюға, өздерінің күнделікті күн тәртібін дұрыс орындауға тәрбиелеу.

Ойын барысы: Күн тәртібі бойынша суреттерді ретімен орналастырады.



«Жәндіктер»

Ойын мақсаты: Берілген жәндіктердің түрін, дене бітімін ажыратып, атауын айтуға үйрету. Олардың қоректену, қай мезгілде тіршілік ететіні жөнінде әңгімелеп айтып беруге ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Ойын шарты: Әр балаға жәндіктердің суреттері таратылып беріледі, сол жәндіктің атын атайды, дене құрылымын айтады. Олардың қай мезгілде тіршілік ететінін. Немен қоректенетінін әңгімелейді. Олар туралы жұмбақтар жасырады немесе тақпақтар айтып береді.


«Бұл қай уақыт?»

Ойын шарты: Күн мен түннің суреттерін кезек-кезек көрсетіп бір-бірінен сұрайды. Бастаушы «күн» дегенде тұрады, «түн» дегенде отырады.



«Дәл осындай пішінді тап»

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер.

Ойынның мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.


«Үйдің есігін жабайық»

Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері.

Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.



«Вагондарға дөңгелек таңдау»

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер.

Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады.


«Үй құрылысының ретін көрсет»

Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.

Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.

«Бет орамалға лайық жамауларды табу»

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардың үлгісі, әртүрлі пішіндер.

Мазмұны: Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру. Алдарындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну.


« Жұбын тап»

Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту. Құрал-жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан геометриялық пішіндердің суреттері.

Мазмұны: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.



«Әдемі кілемшелер»

Ойынның мақсаты: бөліктерден кілемше жасауға үйрету; қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ойынның құрал-жабдықтары: қағаздан жасалған кілемшелер, геометриялық пішіндер.

Ойынның мазмұны: Балалар геометриялық пішіндерді берілген кілемшелердің үстіне қойып, құрақ құрайды.


«Таныс пішіндер доминосы»

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: пішіндер бейнеленген суреттер.

Ойынның мазмұны: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.


«Гараждар»

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; жағымды көңіл-күйлерін қамтамасыз ету.

Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша суреті бар рульдер, дәл сондай суреті бар гараждар.

Ойынның мазмұны: Балалар жүргізуші болады. Қолдарына суреті бар рульдерді таратып беру. Белгі бойынша балалар көліктерін жүргізіп ойнайды. «Көліктеріңді гараждарыңа апарып қойыңдар» - деген кезде, рульдегі суретіне ұқсас суреті бар гараждың жанына барып тұра қалады.


«Өз үйіңді тап»

Ойынның мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: түрлі-түсті дөңгелектер.

Ойынның мазмұны: Балаларға түрлі-тісті дөңгелектер тарату, түсін атау. Үйлерін көрсету. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлерге тұра қалады.


«Зейінді бол»

Мақсаты: Күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, төртбұрышты, шеңберді көрсете білу.

Көрнекілік: Геометриялық пішіндер кескінделген суреттер /5–сурет/.

Барысы: Тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші /екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы/ суретті нұсқап, балаларға мынадай сұрақ қояды: Суреттен қандай таныс пішінді көресіңдер? Әрбір суретте өзара ұқсас неше пішін бар?

Есептеу кезінде аз қателескен қатар ұтып шығады.


«Мынау қай пішін?»

Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.

Көрнекілік: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі.

Барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.


«Кім зейінді?»

Мақсаты: Белгілі геометриялық пішіндерден әртүрлі нәрселер құрастыру.

Көрнекілік: Сіріңке қорабында таратпа геометриялық пішіндер.

Барысы: Тәрбиеші төмендегі бейнелерді геометриялық пішіндерден алып бейнелер құрайды. Жылдам болған бала мадақталады.


«Қандай пішін шықты?»

Мақсаты: Таяқшалардан таныс геометриялық пішіндер құрастыра білу.

Көрнекілік: Әрбір балаға 10 данадан санағыш таяқшалары

Барысы: Тәрбиеші балаларға үш таяқша алып, олардан пішін құрастыруды ұсынады. Қандай пішін шықты? Енді төрт таяқша алып, пішін құрастыру ұсынылады.

Қандай пішін шықты? Тәрбиеші тағы да бір таяқша алып, оны шаршының, төртбұрыштың үстіне қоюды ұсынады. Қандай пішін шықты?


«Біркелкі пішіндерді сана»

Мақсаты: Пішіндерді танып, топтастыра білуге үйрету. Ойлау қабілетін, қол қимылын жаттықтыру.

Көрнекілік: Геометриялық пішіндер суреттері бар, таратпа суреттер. (15 дана)

Барысы: Әр балаға пішіндер суреттері бар, суреттер таратылып беріледі. Суреттерден біркелкі пішіндерді санап атау.




«Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр»

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос торларды сәйкес пішіндермен толтырту. Көрнекілік: Әр балаға жеткілікті таратпа суреттер.

Барысы: Балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр.


«Қандай пішін жетіспейді?»

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді атай білуге үйрету. Қай пішін жетіспейтінін тапқызу.

Көрнекілік: Геометриялық пішіндер. (Қораптан алу)

Барысы: Тақтаға геометриялық пішіндер қойылады. Балаларға көздеріңді жұмыңдар деп, бір пішінді алып қояды. Балалар қай пішін жетіспейтінін табады.


«Пішіндерді боя»

Мақсаты: Түстерді тани білуге үйрету. Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілік: Геометриялық пішіндер

Барысы: Балаларды ұйымдастырып, оларға ақ бет қағаздағы пішіндердің суреттері таратылып беріледі. Бұл суреттегі пішіндер боялмаған. Тәрбиеші балаларға тақтаға боялған пішіндерді ұсынады. Балалардың міндеті сол тақтадағы түстеріне қарап алдарындағы пішіндерді сондай түспен бояйды. Мұндай ойын балалардың түсінулерін және шапшаңдықтарын шыңдайды.



КЕҢІСТІККЕ АРНАЛҒАН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР


«Кеңістік»

Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер.

Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді.


«Жоғарыда-төменде»

Ойынның мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: құстардың, жануарлардың суреттері.

Ойынның мазмұны: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді.


«Оң және сол»

Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді.


«Суреттерді орналастыр»

Ойынның мақсаты: заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: тор көз салынған қағаз беттері, әртүрлі суреттер.

Ойынның мазмұны: Балалар берілген суреттерді әр бағанмен жолға олардың бірі ғана келетіндей етіп, шаршы тор көздерге орналастырады.


«Танып ал да, атын ата»

Ойынның мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның құрал-жабдықтары: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер.

Ойынның мазмұны: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады.


«Тәулік бөліктері »

Ойынның мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру.

Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер

Ойынның мазмұны: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды.


«Сипаттамасы бойынша тап»

Мақсаты: Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.

Көрнекілік: Топтағы жануарлар бейнелейтін ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншықтар қояды. Әрбір ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден шығарып, ойыншықтар туралы жұмбақтар құрастырады, м: «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық-бұл қай аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады. Егер ол жұмбақ дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады.



«Қалай жүріп, нені тапқың келеді?»

Мақсаты: Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту.

Көрнекілік: Кез-келген ойыншықтар немесе суреттері.

Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына-машина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді: «алдыңда қуыршақ, оң жағында машина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың келеді?»

«Доппен ойнау»

Мақсаты: «Жоғары-төменде», «астында-үстінде», «сол жақта-оң жақта» ұғымдарын бекіту.

Көрнекілік: доп.

Ойынның мазмұны: 1-вариант. Балалар екі командаға бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады.

«Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала /әр командадан/ бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, «доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады.

2-вариант: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында «доп оң жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. «Доп сол жақта» деген бұйрық бойынша доп сол жаққа беріледі. Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады.


«Ойыншықты тап»

Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.

Көрнекілік: Топтағы ойыншық.

Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады.


«Жоғарыда–төменде, биік-аласа»

Мақсаты: жоғары- өмен, биік-аласа ұғымдарын пысықтау.

Көрнекілік: Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген сюжетті суретті плакат тақтада. Қорапта ұшақтың, құстар түрлері, балық түрлері, аңдар түрлері қатырма қағаздан жасалған.

Барысы: Тақтаға бір бала шақырып қораптағы бір бейнені алып, атын атап, орынын анықтап сюжетті суретке іледі. Мысалы: Ұшақ жоғарыда-аспанда ұшады, балық төменде-су ішінде жүзеді, - деп сипаттап айту керек.




«ДЕНСАУЛЫҚ» САЛАСЫ


«Шабандоз» ойыны       
Ойынға қатысушы екі шабандоз бала,оамал ұстайтын қыз бала керек.Басқа балалар өлеңін айтып тұрады.
      Шабандоздар келеді,
      Астында аты желеді.
      Шауып келе жатып,
      Орамалды іледі, -деген кезде қыз бала орамалды тастап жібереді.Қай шабандоз орамалды бірінші алса,сол жеңген болады.

«Төбетей» ойыны        
Балалар шеңбер бойымен отырады.Бір бала қолына төбетейін ұстап айналып жүреді де, кез келген бір баланың артына тастап,қаша жөнеледі.Ал төбетей түскен бала оны қуады.Төбетейді тастаған бала оның орнына отыру керек. Отырып үлгермесе айыбын (өз өнермен) төлейді.
                Шеңбер құрып отырайық,
                Төбетейді күтейік.
             Түсіп қалса төбетей,
                Иесін қуып жетейік.


.«Қоянға сәбіз бер » ойыны

Екі қоян орындықта отырады.3м қашықтықта тұрған екі баланың көзін орамалмен байлап,қолдарына сәбіз ұстатады. Балалар сәбізді қоянның аузына апарып салу керек. Көзі байланған балалар қоянның аузын таба алмай күлкілі жағдайға ұшырайды.Ойын қызықты өтеді.

Жасырынбақ

Ойын, әдетте, жазды күндері ай жарығында, шөптесін алаңдарда, ал күндіз қора-қопсысы мол жерде, яғни жасыратын жері бар алаңдарда ойналады.

Ойнаушылар көмбеге жиналғаннан кейін, саусақ санау әдісімен кезекшіні, яғни жасырынатын ойыншыларды іздеп тауып көмбеге әкелушіні тағайындайды. Осыдан кейін ойын басқарушы кезекшінің көзін басып тұрып дауыстап елу рет санайды да, қоя береді. Осы кезде ойнаушылар жасырынып үлгерулері керек. Кезекші жасырынған ойыншыларды іздеуге кіріседі. Жасырынған ойыншыларды ол іздей жүріп көмбе маңынан алыстамауы керек. Себебі, кезекші бірінші жасырынған ойыншыны көрген бетте көмбеге ойыншыдан бұрын келіп хабарлайтын болады. Егер кезекшінің көзіне бірінші түскен ойыншы көмбеге кезекшіден бұрын келсе, онда кезекші өзінің қызметін екінші рет қайталайды. Бұл жерде кезекші ұтылмас үшін, бірінші көрген ойыншының атын атап, мәселен, Бекбай деп дауыстап көмбеге қарай жүгіруі керек. Содан кейін асықпай басқаларын іздей бастайды. Тағы бір ескеретін жай: кезекші ойыншыны көрмейінше, атын атап дауыстамайынша, ойыншылардың өз бетінше көмбеге кетулеріне болмайды.


Біздің денсаулығымыз үшін не керек?

Мақсаты: балалардың денсаулыққа қажетті заттар туралы білімдерін бекіту, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Құрал: доп.

Ойын барысы: педагог балаларды дөңгелете тұрғызып, денсаулықты сақтауға қажетті заттарды естеріне түсіруін сұрайды. Содан кейін педагог допты кезекпен балаларға лақтырады, ал балалар қажетті заттарды атап, допты педагогқа қайтарады. Ал шатасқан баланың орнына басқалары жауап береді.

Тілек шоғы

Мақсаты: балаларды жағымсыз сезімдерден арылту, жақсылық жасауға үйрету.

Ойын барысы: балалар дөңгелене тұрады, әрқайсысының қолында гүл. Педагог өзі бастап сәлемдеседі, балалар қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, педагогтің, өзіне бір құшақ гүл- «Тілек шоғы» болып оралады. Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық, жасасаң, ол өзіңе қайтып оралады деген қорытынды жасалады.

Шуақты күн

Мақсаты: ойын арқылы балаларды ойынды әртүрлі ережелерді сақтауға үйрену.

Ойын барысы: балалар өздеріне таныс ережелерді сақтап, гүлді бір-біріне ұсынып, ол педагогқа гүл шоғы боп оралады. Оны «Шуақты күн» деп атайды. Шуақты күн терезеге түсіп тұр. Барлық балалар ұйымдасқан түрде далаға шығып, шеңбер құрып, қол ұстасып, көршілеріне мейірлене қарап, бір-біріне жақсы лебіз, жылы тілектерін білдіреді.

«Денсаулығы мықты бүлдіршіндер»

Ойын мектепке дейіңгі жастағы балаларды салауатты және ширақты өмір сүруге үйретеді. Ойын балалардың көңілін дене шынықтырумен айналысу, шынығу, дұрыс және уақытылы тамақтану, денені тіке ұстау, күн тәртібін сақтауға аударады.

Бұл ойында суреттер мен тақпақтарды балабақша топтарындағы дене шынықтыру сабақтарында дидактикалық материал ретінде пайдалануға болады.

Ойын ережесі: ойын бастамақ бұрын карталарды үзік-үзік сызықтармен қиыңыз.

  1. 2 және одан да көп балалар ойынға қатысуға болады. Жүргізуші жағдайлар бейнеленген карталарды қатысушыға тең бөледі жәнетақпақтарды оқып береді. Ойнаушылар тақпақтың мазмұны бойынша өздерінің картасын танып, балалардың немен айналысып жатқанын және оның олардың денсаулықтарына ықпалын айтып берулері тиіс. Дұрыс жауап үшін қатысушы тақпақ жазылған картаны жүлдеге алады.

  2. Карталар мен тақпақтар қатысушыларға тең бөлініп беріледі. Балалар кезекпен тақпақтарын оқиды. Кімде сол жағдайды мазмұндайтын карта бар, ссол тақпақты өзіне алады. Кім алғашқы болып өзінің карталарын түгел жабады, сол жүлдегер.

  3. Жүргізуші балаларға картаны көрсетеді. Балалар бейнеленген жағдайдың бала денсаулығы үшін пайдалылығын түсіндірулері тиіс. Кім дұрыс және толық картаны бейнелеп береді, сол жүлдегер.

Түс перизаты

Мақсаты: түскі ұйқыға деген жағымды түсінік қалыптастыру.

Құрал: сиқырлы таяқша.

Ойын барысы: бұл ойында Түс перизаты ұйықтауы қиын балаларды таңдайды. Сиқырлы таяқшасын қолына алып, бөлмені аралап жүріп таяғын заттарға тигізіп ұйықтатады. Міне, үстел, кітап сөресі де ұйықтап қалды.

Түс перизаты төсекке жатып, сиқырлы таяқшамен өзін түртеді: «Мен де ұйықтаймын»

Жыл мезгілдері

Мақсаты: суретте бейнеленген негізгі белгілері бойынша әр жыл мезгілі жайлы түсініктерін бекіту. Балаларды жыл мезгілдерінің ретін дұрыс көрсететін сөздерді қолдана отырып, талқылай білуге баулу.

Құралдар: жыл мезгілдерінің суреттері және түрлі-түсті төрт қима қағаз.

Ойын барысы: балалар жыл мезгілдеріне сәйкес түстерді шеңберге тізбектеп, ретімен жүйелі құрастырады. Оған қатысты суреттерді қажетті орнына орналастырулары тиіс.

«Аққу қаздар» ойыны

Ойынға қатысушы балалардың біреуі «қасқыр», екіншісі «құс бағушы» болады. Қалған балалардың бәрі «аққу-қаздардың» рөлін орйнайды. Балаларға үлкен алаңға шығады. Алаңнаң оң жағында құс бағушы мен аққа-қаздар тұратын жер сызықпен белгіленеді. Сол жақта қасқыр жасырынады. Ойын басталғанда құс бағушы аққу-қаздарды далаға шығарып жібереді. Аққу-қаздар сызықтан асып,алаңның ортасында жайылып жүреді. Қасқыр әзірше қозғалмай отырады. Біраз уақыттан кейін құс бағушы қаздарды шақырады:

-Қаздар, қаздар, қаңқылда!

Қулар, қулар, сұңқылда!

Тойдыңдарма ма далада?

-Иә,иә,иә!

-Қып астында қасқыр бар,

Үйге қарай қашыңдар!

Осы соңғы сөз айтылған кезде ғана қасқыр қаздарды қуалауға ұмтылады. Аққу-қаздар үйге, сызықпен белгіленген жерге қашады. Қасқыр оларды ұстауға тырысады. Ұсталғандар ойыннан шығып қалады.


«Ұшты-ұшты» ойыны

Бұл ойынды үй ішінде де, далада да ойнай беруге болады. Ойынға қатысушы балалар бастаушының сөзін тыңдап отыруы шарт. Ұшатын нәрсе айтылса, қатысушылар қолдарын жоғары көтереді де, ұшпайтын нәрсе айтылса, қозғалмай отырады. Қателескен бала тақпақ айтады немесе ән салады.

Бастаушы ойынды былай жүргізеді.

-ұшты-ұшты, сұңқар ұшты! (қол көтеріледі).

-ұшты-ұшты, тұлпар ұшты! (қол көтерілмейді).

-ұшты-ұшты, қарға ұшты!

-ұшты-ұшты, арба ұшты!

-ұшты-ұшты, үйрек ұшты!

-ұшты-ұшты, бүйрек ұшты!

Жаңылыспаған ойыншы жеңеді.

«Ақсүйек» ойыны   
Балалар шеңбер жасап тұрып өлең айтады да көздерін жұмады.Сол кезде тәрбиеші қолындағы ақсүйекті алысқа лақтырып жібереді.Балалар көздерін ашып,ақсүйекті іздеп тауып алады.

Шеңбер құрып тұрайық,
   Көзімізді жұмайық.
  Лақтырылған «ақсүйекті»
   Іздеп тауып алайық.

«Теңге алу» ойыны
Шабандоздар сөреде дайындалып тұрады. Сөре мен мәренің арасында теңгелер шашылып жатады.Шабандоздар теңгені жинап алып,мәреге жету керек.Кім мәреге бірінші жетсе,сол жеңіске жетеді.
   Шабандоздар -жігіттер,
   Шапқан бойы сөреден,
   Теңгені алып,төгіп тер,
   Бір ақ шығар мәреден.
   Ойында бұл тәсіл көп,
     Кім мол алса теңгені-
     Ептілігі басым боп,
    Сол жігіттің жеңгені.


Ойын-пантомима

  • Мен айтатын әрекеттерді қимыл-қозғалыспен көрсетуді ұсынамын:

  • гүлдер шешек атты;

  • аралар бал жинауға ұшып кетті;

  • жел соқты-ағаштар шайқалды;

  • бұлттың ар жағынан күн күлімдеді;

  • шөпте шегірткелер секіреді;

  • өрмекші өрмегін тоқиды;

  • құстар бұтақтан бұтаққа секіріп,ән салады.


«Күн, ауа және су» ойыны

Тәрбиеші балаларға бой сергіту ұсынады.

Күн мен ауа және су (қолдарымызды жоғары көтереміз)

Бәрімізге керек пе? (алдыға қарай иілеміз)

Иә,иә,иә! (қол соғамыз)

Күн жылыну үшін бе? (отырамыз)

Иә,иә,иә! (қол соғамыз)

Су шынығу үшін бе? (қолдарымызы жан-жаққа сермейміз)

Иә,иә,иә! (қол соғамыз)

Денеңде күш арта ма?

Иә,иә,иә!

Сиқырлы таяқ

Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келеді де, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойнаушыларды бірден бастап түгел нөмірлеп шығады. Ойынның шарты бойынша ойын жүргізуші қолындағы таяғын шеңбердің ортасында тік ұстап тұрады да, бір нөмірді атап, таяқты қоя береді. Аталған нөмір таяқты жерге құлатпай ұстап қалуы керек, ал таяқты ұстай алмай құлатып алса, онда айып тартады, яғни көптің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Ойынға қатысушылардың бәрі бір-бір реттен міндетті түрде ойнап шығулары керек, ал одан әрі ойынды жалғастыру-жалғастырмау ойнаушылардың өз еркінде. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын қызықты өтеді.


Сақина жасыру

Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен: «сақинам кімде?» - деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады.


«Жақсы-жаман».

Педагог балаға доптвы лақтырып, «тісті тазалау», «алманы жумай жеу», т.с.с. сөздер айтады. Бала оларға «жақсы» немесе «жаман» деп баға беріп, допты қайтарады.

Педагог балалардан далада ойнағанды, секіргенді, жүгіргенді ұнататындары туралы сұрайты. Бала құлап, жарақат алған кезде қана ағады. Осы кезде не істеу керек?


Үнді еліне қалай жүреді?

Мақсаты: балаларды дене бітімін таза ұстауға баулу.

Құралдар: үнді картасы, кокос жаңғағы, құмыра, моншақтар, білезік, жібек мойынорағыш, кітаптар.

Ойын барысы: балалар орындықтарда дөңгелене отырады. Ортасында глобус, үнді еленің картасы, кокос жаңғағы, әдемі құмыра, моншақтар, білезік, жібек мойынорағыш қойылады. Педагог балаларға үнді елінің өмірі бейнеленген суреттерді таратады. Бұл суреттерді маңдайларына гүлді нүкте жапсырылған балалар кілем үстіне отырып қарастыру ұсынылады. Педагог суретін үнді картасына қойып, оны қолымен ұстап, шеңбер бойымен жүреді. Балаларға да өз таңдауы бойынша заттарды (кітап, қорапша, т.с.с.) басына қойып жүру ұсынылады. Шеңбер бойымен жүріп өткен балалар заттарды ортаға қойып, өз орындарына отырады.



«ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» САЛАСЫ


Қара да, қайтала

Мақсаты: балаларды адамдардың түрлі қалыптағы бейнелері сызылған қағаздар (аяқтары бірге, оң қолы төмен, сол қолы жанына созылған т.с.с.)

Ойын барысы: педагог балаларға ойын барысын түсіндіреді. Әуен ырғағына қарай балалар топ бөлмесінде билейді. Әуен тоқтаған кезде сызбаға лайықты қимыл әрекеттерді қайталап тұра қалады.


Егер...не болар еді?

Мақсаты: қарапайым себепті байланыстар мен қарым-қатынастарды таба білуге үйрету.

Құралдар: заттық түрлі суреттер.

Ойын барысы: «Егер...не болар еді» ойынында қоршаған ортаның (күн, ауа, су) қарым-қатынасы туралы жұмбақтар жасырылады.

«Егер күн болмаса, не болар еді?» (Үнемі қараңғы, қорқынышты болады,...)

«Егер су болмаса, не болар еді?» (Шөптер қурайды, қатты шөлдейміз, т.с.с.)

«Егер ауа болмаса, не болар еді?» (Тыныс ала алмаймыз, т.б.)




Суретіне қарап тиісті құралдарды жина.

Мақсаты: дәрігер Салауат пен Орман дәрігері (Айболит) құралдарының атын атап, жіктеу, салыстыра білу дағдыларын дамыту.

Құралдар: дәрігер Салауат пен Орман дәрігерінің суреті салынған екі бірдей қорапша және оларға қажетті құралдардың суреті (спортқа және емделуге қажетті құралдар)

Ойын барысы: 1-бөлім. Бала жұмыс үстелінде қорапшаларды әкеліп, ішіндегі заттарды тізбектеп қояды. Олар өздеріне таныс заттарды атауы тиіс, егер атын білмесе педагог көмектеседі. 2-бөлім. Бала қораптағы заттардың атын біледі. Оны үстелге әкеліп, ішіндегі құралдарды ретсіз қояды. Заттардың атын атап, дәрігер Салауат пен Орман дәрігерінің қорапшаларына тиістілерін жинайды.


Әуенді тап

Маған теледидардан көрсетілетін «Әуенді тап» бағдарламасы өте ұнайды. Біз де «Әуенді тап» ойыны ойнайық. Мен өзіммен зырылдауықты алып келдім. Оны айналдырып, тыңдаған әуендерімізді табатын боламыз.

«Тасбақа мен арыстан» мультфильмінен ән ойнайды:

  • Бұл ән қайдан естідіңдер?

  • Қалай ойлайсыңдар, тасбақа неге соншалықты бақытты? (Балалардың жауаптары)

Келесі әнді үнтаспадан балаларға арналған қазақша ән тыңдалып, ондағы бақытты көңіл-күй сезімі туралы әңгімелеседі.


Бақыт дәмі

  • Бәріміз бірігіп бақыт дәмін пісірейік!

  • Бақыт дәмі тәтті болу ұшін не қосу керек?

  • Оған кішкене қуаныш, мейірім, денсаулық, ойын-сауық және үш қасық күлкі қосуға болады.

Балалар өлеңді сәйкес келетін қимылдармен көрсетеді.

Бәріміз бірге тұрып ап,

Иледік біздер қамырды.

Мамамыз ұшін бірақ та,

Ұмыттық нені салуды?

Қуаныш!

Шаттықпен қамыр иледік,

Қуаныш оған қосылды.

Папамыз үшін бірақ та,

Ұмыттық нені салуды?

Сәттілік!

Мейірмен қамыр тәтті боп,

Бал күлкіні қосамыз.

Ісіміз сонда сәтті боп,

Бақыттың дәмін тосамыз.

Тәрбиеші дайын қамырды алуына болады. Барлық бала шеңберге тұрып оны илейді, әрқайсысы «қуаныш»-мейіз, «сәттілік»-жаңғақ, «мейірім»-қант, «күлкі»-бал т.б. қосады. Заттарды қосып болған соң қамырды асханаға пісіруге жіберуге болады.

-Міне, біз осындай керемет «бақыт дәмін» дайындадық!

Балалар, дәміміз піскенше, біз әңгіме тыңдайық. Ол отбасы бақытының құпиясын ашады.


Жүректі жұбату.

  • Балалар менің қолыма қараңдаршы. Бұл не? (Тәрбиеші балаларға жұмсақ ойыншық көрсетеді). Кішкентай «жүрек». Ол жылап тұрған тәріщді (құлағына тосады)

  • Саған не боды, Кішкентай «жүрек»? Менің құлағыма айтшы. (тәрбиеші ойыншықты құлағына жақындатады)

  • Балалар! Кішкентай «жүрек» адасып кетіпті. Ол үйінің қайда екенін білмейді. Ең аяныштысы-ол махаббаттың не екенін білмейді екен. Қандай аянышты. Не істейміз, Кішкентай «жүрекке» қалай көмектесеміз? (Балалардың ойлары)

  • Әрқайсың Кішкентай «жүректі» аялы сөздермен жұбатып көріңдерші(балалар ойыншықты шеңбер бойымен бір-біріне береді)

  • Жылама, Кішкентай «жүрек», мұңайма. Сен енді жалғыз емессің. Бізбен бірге қал. Біздің топта өмір сүр, бізді қуантып жүр. Ал біз сені жақсы көріп, қуанатын боламыз.

Сиқырлы пошта

Поштаның сиқырлы деп аталу себебі, ол тек махаббат, мейірім жұбату сөздері бар хаттарды ғана жеткізуге көмектеседі.

  • Сендер сондай сөздерді білесіңдер ме?(балалардың ойлары)

  • Махабат сөздерін біз жақындарымыз бен туыстарымызға, достарымызға айтамыз. Сиқырлы пошта арқылы хат жіберу үшін, белгілі бір жолменөту керек.

Балалар екі топқа бөлініп, 12-16аттам қашықтықта бір-біріне қарап тұрады.

Ойынның шарттары: мейірімді сөз айтып қана қадам жасауға болады. Мысалы: «Әйгерім, сен мейірімдісің!», «Қуаныш, сен қамқоршылсың!», «Серік, сен елгезексің!» Әдемісің! Көңілдісің! Т.с.с.


Менің отбасым ең...

Тәрбиеші балаларға доппен ойнауға ұсынады.

Қолымды тұрған добымды,

Балаларға берем көңілді.

Отбасы жайлы өрелі,

Әңгіме айтып береді.

-Балалар! Мен сендерге доп лақтырамын, сендер оны қағып алып, өз отбасыларың туралы жақсы сөздер айтып, маған қайта лақтырасыңдар. Мысалы:

Менің отбасым ең мейірімді,

Менің отбасым ең көңілді.

Менің отбасым ең спортшы,

Менің отбасым ең тату.

Менің отбасым ең сүйікті,

Менің отбасым ең қамқоршы,

Менің отбасым ең еңбексүйгіш.


Досымның жанында

Еденге бормен сызылған екі шеңбер орналасқан. Балалар екі топқа бөлінеді. Тәрбиешінің белгісімен балалар тездетіп өздерің шеңбер үйлеріне кіре қалу керек. Барлығы сыйып, тез жиналған топ жеңген болып табылады.


Күнмен сұхбат

Телефон шырылдайды. Тәрбиеші телефон тұтқасын көтереді:

-Алло! Сәлеметсіздер ме! Бұл кім?

-Бұл-мен, сендердің жақсы достарың-Күнмін. Күн сайын сендердің терезелеріне қарап, көңілді, бақытты балаларды көремін. Мен олармен қатты танысқым келеді, қандай екенін білгім келеді.

-Жылы сөздерің үшін размет саған, Күн. Балалар өздері, өздерін қалай жақсы көретіндері туралы саған қуана-қуана айтып береді. Ал сен ше, Күн, өзіңді жақсы көресің бе?

-Өзі туралы Күнге кім айтып бергісі келеді?

Балалар телефон тұтқасынан кезектесіп, Күнге өздері туралы айтады. Ұялып, кідіріп қалған балаларға тәрбиеші көмектеседі.

Тәрбиеші Күннің атынан:

-Рахмет, балалар! Сендердің өздерің туралы үлкен құрметпен әңгімелегендерің де маған өте ұнады, яғни сендер өздеріңді жақсы көріп, сыйлайды екенсіңдер!

-Иә, күн,біздің балалар өздерін де, өзгелерді де құрметтейді!


Кім жылдам?

Мақсаты: отбасы мүшелерін ажыратып, оларды дұрыс атай білуге машықтандыру. Балалардың сөздіек қорын байыту.

Көрнекіліктер: отбасы мүшелері суреттері, балалар суреттері, киім бетперделері

Ойын шарты: отбасы мүшелерін үлкенінен кішісіне қарай ататып, ретімен орналастырады. Балалар ат қоюдан жарысады. Өз топтарындағы балалардың аттарын жылдам атауға үйренеді. Өздерінің достарын атайды.


Дастарқан мәзірі

Мақсаты: балаларды тағамдардың жалпы және жеке атауын ажыратып атай білуге үйрену. Дастарқан мәзірін жасауда қажетті заттарды айтқызу арқылы сөздік қорын байыту.

Көрнекіліктер: дастарқан, оған қажетті заттар, тағам түрлері.

Ойын шарты: балаларды топқа бөліп таңертеңгі және түскі асқа қажетті тағамдарды айтқызып, дастарқан мәзірін жасауды жарыс түрінде жүргізу. Балалар жастарқан мәзірін даярлау кезінде, тағам туралы білетіндерін айтып отырады. Тағамдарды қажет үстелге орналастырады.


Орнын тап

Мақсаты: балаларға өз бөлмесіне қажетті мүліктердің аттарын айтқызып, суреттерін таба білуге үйрету. Өз бөлмесіндегі мүліктерді ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: бөлме, үй мүліктерінің суреттері.

Ойын шарты: балалар үй мүліктерінің ішінен өз бөлмесіне қажетті заттарды ажыратып, орналастырады. Үй мүліктерінің атауларын айтады. Оларға байланысты білетін өлеңдерін айтады. Кітап, сағат, диван, үстел, компьютер, орындық, аквариум, ойыншық машина, кілем төсегіш, қуыршақ, төсек.


Мамандықтың бәрі жақсы

Мақсаты: балаларды әр түрлі мамандықпен таныстыру. Еңбекті құрметтеуге дағдыландыру, өз еліне пайдалы бола білуге тәрбиелеу.

Ойын шарты: суреттер тақтаға ілінеді. Балалар өздері қалаған мамандықтарын таңдап алып, сол мамандық және оның пайдасы туралы әңгімелейді.


Балабақша

Мақсаты: балабақша қызметкерлерін және оларға қажетті құралдарды лұрыс атап, ажырата білуге үйрету.

Көрнекіліктер: тәрбиеші, дәрігер, аспазшыға керекті құрал-жабдықтардың атын атап, топтастырады. Мысалы: тәрбиешіге кітап, қалам, дәптер керек.


Сән ательесі

Мақсаты: балаларды суреттен көрген киімдердің атын атап, киімдер мен ұлттық киімдерді ажыратып, топтастыруға, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу.

Көрнекілік: жаңаша киімдер, ұлттық киімдер, хатқалта.

Ойын шарты: хатқалтаға салынған әртүрлі киімдердің үлгілері балаларға таратылып беріледі. Балалар киімдер және ұлттық киімдердің атын атап, оларды қашан, қайда киюге болатынын айтады. Ол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрайды.



Сөйлемді жалғастыр

Мақсаты: балаларды берілген тапсырманы мұқият тыңдап орындауға, сөйлемді жалғастыра білуге, сөйлемнің неше сөзден құралғанын айтуға үйреніп, тапқырлыққа баулу.

Ойын шарты: бір бала сөйлемнің басын бастайды, сөйлемді балалар аяқтау керек.

Мысалы: бақшада ойыншықтар... менің үйде... мен бақшаға... ойынды тапқырлыққа байланысты өзгертіп отырып өзгертуге болады. Сөйлемді балалар өздері бастап, өздері аяқтайды. Ойын соңында бір сөйлемнің неше сөзден тұратынын талдайды.


Телефон

Мақсаты: естіген сөзді екінші балаға бұлжытпай жеткізуге дағдыландыру, диалогты сөйлеуді жетілдіру арқылы сөздік қорын молайту.

Көрнекіліктер: телефон.

Ойын шарты: телефон арқылы естіген сөзді басқа балаға жеткізесіңдер. Айтылған сөзді құлаққа ешкім естімейтіндей етіп айтуымыз керек. Егер телефон үзіліп қалса, телефонды үзген бала айыбын төлейді. Мысалы: мақал, өлең, т.б. білгенін айтуға болады.

Телефон арқылы екі бала:

-Алло! Сәлеметсің бе, Асқар?

-Иә, Сәлеметсің бе? Бұл кім екен?

-Мен Айгүлмін. Не істеп жатырсың?

-Мен ойыншықтарды жинап жатырмын.


Мен атаған нәрсені көрсет

Мақсаты: балалар адам қолымен не жасалған және табиғаттың адамға не беретіні туралы білімдерін бекітіп, жүйеге келтіру. Тірі және өлі табиғат туралы түсінік қалыптастыру.

Ойын шарты: балаларға карточкалар таратылады. Олардың міндеті-адам қолымен жасалған заттар бейнеленген қалған карточкаларды іріктеу. Табиғи нысандар бейнеленген қалған карточкаларды балалар екі топқа бөледі. Өлі және тірі табиғат. Сонан кейін қайсының қай топқа жататынын табады.


Қай зат неден жасалған?

Мақсаты: балаларды заттардың неден жасалғанына қарай жіктеуге, өнімнің қандай жануардан алынғанын ажырата білуге үйрету.

Ойын шарты: мұғалім ағаштан, металдан, қығыздан жасалған бұйымдарды көрсетеді. Жүргізуші бір затты атай отырып, допты лақтырады. Допты ұстаған бала бірден жауап беруі керек. Мысалы: қарындаш-ағаштан жасалған, сүт-сиырдан алынады және т.б. Жауап бермеген бала допты еденге бір ұрады да, жүргізушіге береді.


Менің мекенім, менің отбасым

Мақсаты: жануарлар мен олардың балалар туралы, олар мекендейтін жерлер туралы білімдерін нығайту.

Ойын шарты: Жануарлар отбасын біріктіріп, олардың үйін атау. Балаларға жануарлардың суреті бар үлкен карточкалар және олардың кішкентай балалары бейнеленген шағын карточкалар беріледі. Барлық үлкен карточкалар араластырылады да, «аңның балаларына» өзінің отбасын тауып, ата-анасының кім екенін және үйі қайда екенін айту тапсырылады.

-қоян, көжек; қасқыр, шулан бөлтірік; түлкі, түлкішек, жаутаң; кірпі, ұрғашы кірпі, кірпінің баласы; аю, кірекей, қонжық; тиін, ұрғашы тиін, тиіннің баласы; тышқан мен балалары.

-ат,байтал, құлын; қой, саулық қой, қозы; ешкі, теке, лақ; бұқа, сиыр, бұзау; шошқа, торай; қораз, тауық, балапан, қаз, ата қаз,қаздың балапаны; ит, кәндек, күшік.


Менің үйім қайда?

Мақсаты: балалар акварум тұрғындары мен сутоғандарын жіктеп, аттарын атауға үйрету.

Ойын шарты: топ бөлмелерінің әр жерлеріндегі үстелдерге карточкалар қойылады. Балалар 6 топқа бөлінеді (ең көбі балықтар). Жүргізушінің белгісі бойынша балалар бөлмеге кіріп, сәйкес карточкаларды таңдап алады, содан кейін топ болып, бас қосады. Олар жинаған суреттерді қойып, әр топ өз жануарына немесе өсімдігіне «үй» таңдайды (аквариум немесе су тоғаны). Тәрбиеші баға береді. Балаларға аквариум мен су тоғанының ұқсас және айырмашылық белгілерін атау ұсынылады.


Кім неге бейім?

Мақсаты: балаларды жануарлардың табиғат аясындағы өмірге бейімделу ерекшеліктермен таныстыру.

Ойын шарты: балалар сурет бөлшектерінің қай жануарларға тиесілі екенін анықтайды да, карточка бөлшектерін біріктіреді (бүртіттің тұмсығы, бүркіттің тырнақтары, құндыздың құйрығы, құндыздың тістері және т.б.). суреттер бойынша балалар жануарлардың дене мүшелерінің қайсысы неге бейімділігін айтады. Карточканың екінші жағынан балалар әр жануардың толық екі бейнесін табады. Егер жұптар дұрыс құрастырылса, бейне сәйкес келеді.

Тәрбиеші барлық жануарларды көрсетіп, атайды және дене мүшелерімен қай бөлігі неге бейімделгенін, табиғатта тіршілік ету үшін неге көмегі тиетінін әңгімелейді. Ойынға қатысушылар 2 топқа бөлінеді. Әр топ жануардың жарты бөлігінің суретін алады. Олар екінші бөлікті табуы тиіс. Оны тауып құрастырғаннан кейін ғана карточканың екінші бетіндегі жануардың толық бейнесіне қарауға болады.


Кім қандай?

Мақсаты: балаларды жәндіктердің сыртқы кейпіне, дағдыларына, мекеніне, қозғалыс тәсіліне анықтама беркге ынталандыру.

Ойын шарты: кім? Не? Қандай? деген сұраққа жауап беру керек. Тәрбиеші жәндікке анықтама бере отырып, оның сыртқы кейпінің ерекшеліктері, қозғалыс тәсілдері туралы айта отырып, үлгі көрсетеді. Бірінші кезеңде иллюстрациялық материал қолдануға болады.



Бұл ненің құйрығы?

Мақсаты: балалардың үй жануарларының сыртқы кейпінің ерекшеліктері, олардың дене мүшелерінің жеке бөлігі: құйрықтарының көмегімен тіршілік ететін ортаға бейімделу ерекшеліктері туралы бейімін нақтылау.

Ойын барысы: құйрықтардың қай жануарға тиесілі екенін анықтау, олардың сыртқы келбетін бейнелеу, құйрықтардың қандай көмегі бар екенін айту.

Тәрбиеші әрбір жануардың құйрығы туралы әңгіме үлгісін ұсынады, оның жануар үшін маңызы туралы мәлімет береді. Балалар карточка таңдап алады. Оны мұқият қарап алып, не бейнеленгенін табады. Сонан кейін карточкадағы суреттің жұбын іздейді (жануардың бет пішіні және құйрығы). Бір бала жануардың құйрығы туралы әңгімелейді, ал оның қасындағы бала оның жануар үшін қалай қызмет ететінін айтады.


Гүл шоғын құрастыр

Мақсаты: бақшада, далада, орманда өсетін гүлдерді дұрыс тауып, аттарын есте сақтауға үйрету.

Ойын шарты: тәрбиеші балалармен орманға, баққа, шалғын далаға «топсеруен» жүргізеді. Онда балаларды түрлі гүлдермен таныстырады. Бағбанның, көбелектің, Дәрігер Айболит орманнан гүл жинауды (өйткені олардың дәрілік қасиеттері бар) өтінеді. Гүлдердің суреттері араластырылады да, балаларға үлестіріліп беріледі. Олар кейіпкерлерге кезекпен келіп өз гүлдерін ұсынады. Мұғаліммен өзге балалар сыйлыққа баға береді.

«Дүкен». Кейіпкерлер, егер балалар гүлді дұрыс атаса және гүлге анықтама бере алса, оларға гүл сатады.

«Гүл шоғына не артық?». Дала, бақ және орман гүлдерінен құрастырылған гүл шоқтарын тексеру ұсынылады. Артық гүл алынып тасталады.


Сыйлықтарды тарату

Балаларға арналған көптеген ойындар фанттарды сатып алу көздейді. Фант дегеніміз балалардан жинап алынған әртүрлі ойыншықтар, киімдер, әшекейлер: бантиктер, шаш қыстырғыштар, т.т. Заттарды былай ойынға салады:

Ойынның ескі үлгісі – Жүргізуші ортаға отырады. Қалған ойыншылар оны айналып отырады. Жүргізуші: «Мен қазір бір затты көрсетемін, сол заттың иесі менің айтқанымды бейнелеуі керек. Мысалы, сен айна боласың, ал сен қүлегеш адамсың, ал сен сатушысың, т.т. Барлық заттар таратылып болғаннан кейін заттардың иелері жүргізушінің айтқанын бейнелейді, яғни, сол айтылған түсінікке тән қимылдарды орындайды. Мысалы, «айна» барлық балаларды айналып, олардың қимылдарын қайталайды. «Күлегеш адам» балаларды күлдіруі керек, ал «сатушы» заттарды сатып, оның ақысы ретінде қолына ұрып немесе бетінен сүйеді.

Ойынның қазіргі нұсқасы – балалардан жинап алған заттар бас киім, корапша немесе сөмкеге салынады, ал балалар өздерінің арасынан бір әзілқой ойыншыны таңдап алып, оның айтқанын орындаулары керек. Таңдап алынған бала теріс қарап тұрады, ойыншының біреуі: «Мына заттың иесі не істеуі керек?» деп сұрайды.

Тапсырмалар әзіл-шыны аралас болғаны дұрыс: әтеш болып айқалау, бақа болып бақылдау, бір аяқпен 10 рет секіру, жаңылтпашты айту, ескерткішті бейнелеу, т.т. Осылайша ойын бір шағын концертке айналуы мүмкін: біреуі билейді, біреуі өлең немесе тақпақ айтады, біреуі «Мама кір жуып жатыр» немесе «Папа ас әзірлеп жатыр» сияқты пантомима көрсетеді.

Бұл жерде ойынның қызықты болуы ойынды басқарушы ересек адамның тапқырлығы мен өнертапқыштығына байланысты. Балалардың жас ерекшеліктерін ескерген жөн болады, кішкентайларға тапсырманың жеңіл түрлерін беру керек.

Егер ойыншы тапсырма беруге қиналса, ересек адам оған құлағына сыбырлап көмек беруі мүмкін, алайда көмек затты көрсетіп қойғаннан кейін емес, оны көрсетпей тұрып болғаны жөн. Заттарды сату кезінде берілген тапсырманы орындамау, ренжімеу сияқты ойын ережелері қатаң сақталуы тиіс.


Жорамалшы құмыра

Жеребе арқылы жорамалшы құмыра мен жүргізуші таңдалынады. Құмыраның басына орамал жауып ортаға отырғызады. Жүргізуші құмырадан жасырып қалған ойыншыларға атаулар береді: гүл, құс, т.т. деп. Содан кейін жүргізуші құмыраның қасына барып, ойыншылардың берген есімдері бойынша шақырады. Шақырылған бала құмыраның қасына келіп оны қолымен ұрып орнына қайтып барғаннан кейін шапалақтайды. Жүргізуші құмыраның басындағы орамалды алып, оны кім ұрғанын тауып ал дейді. Құмыра кім ұрғанын тапса, сол ойыншы оның орнына келіп отырады, таппаса, ойын жалғаса береді.


Қуыршақты емдеу

(ойынды мейірбикенің қатысумен өткізген дұрыс)

Мақсаты: балаларды жарақатты дұрыс емдеуге үйрету, олардың алғашқы жәрдем көрсетуге қажетті заттар туралы білімдерін бекіту.

Құралдар: қуыршақ, алғашқы жәрдем көрсетуге қажетті заттар.

Ойын барысы: әр бала алдына қуыршақты алып, емдей бастайды. Емдеу кезінде қажетті заттарды пайдаланып, оны атап және дұрыс емдеу жолын айтады:

-жарақатты жуу;

-таза сүрткішпен құрғату;

-айналасындағы теріні йод ерітіндісімен сүрту;

-қажеттілігіне қарай дәкемен орап таңу.




Әр заттың өз орны бар.

Мақсаты: әр заттың қажеттілігі, өзінің атқаратын қызметі және кеңістіктегі орны жайлы түсініктерін бекіту, балалардың заттарға деген ұқыптылығын, қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Құралдар: киім-кешек, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, жеке бас гигиенасын сақтауға арналған заттар.

Ойын барысы: педагог балаларды тқрт топқа бөліп, қораптағы заттарды қарастырады. Содан кейін балалар заттарды өзінің қызметіне, қажеттілігіне қарай топтастырып, бөліп алып, тиісті өз орындарына орналастыру қажет.

Педагог балалардың заттарды мұқият, ұқыптылықпен жинауын қадағалайды.


Сиқырлы аяқ-киім киіп мен, татуласамын достармен

Тәрбиеші барлық балаларға сиқырлы аяқ-киімді киіп көріп, мына сиқырлы сөздерді айтуды ұсынады: «Сиқырлы аяқ-киім киіп мен, татуласамын достармен».

-Енді, егер сендер біреумен ұрсысып қалсаңдар, осы сөздерді айта аласыңдар: «Сиқырлы аяқ-киім киіп мен, татуласамын Олжаспен»

Шығармашылық тапсырма:

  • Балалар,альбомнан Қонжық пен Түлкінің суретін бояңдар. Қорытындылайық:

  • -Балалар! Біз бүгін қонжықты қалай татуласуға болатынтығына үйреттік. Біз татуласа білеміз және оған өзгелерді үйрете аламыз.


Паравоз ойыны

Бұл ойын баланы отбасы құрамымен, сондай-ақ заттар арасындағы логикалық байланыстарды анықтауды үйретеді. Ойын қолды ұсақ қозғауыш күшін, баланың зейін, еске сақтау, логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін, қиялын дамытады.

Ойын мақсаты: отбасы құрамы туралы түсінікті бекіту.

Ойынға дайындық: ойынға-отбасы мүшелерінің, әртүрлі заттар бейнеленген суреттер керек. Вагондардан паровоз құрастырыңыз. 1, 2 - варианттар үшін отбасы мүшелері бейнеленген суреттер жеткілікті. 1-вариант. Ата-ана немесе тәрбиеші отбасы мүшелерінің суреттерін көрсете отырып, балаларға отбасының кімнене құралатынын, олардың бір-біріне қатысы туралы әңгімелейді. Отбасында ең үлкендері ата мен әже, олар папа мен мамаға әке мен шеше, папа мен мама қыздар мен балаларға әке мен шеше, қыз бала оларға қызы, ер бала ұлы болып есептеледі. Қыз бала ұл балаға қарындасы немесе апасы (жасы үлкен болса), ал ұл бала қыз балаға ағасы (жасы үлкен болса) немесе інісі (жасы кіші болса) болып есептеледі. Олар ата мен әжеге немере болады.

Балаларға:

  • Отбасы кімнен тұрады? Балаларды отбасында қалай атайды?

  • Поезды кім жүргізеді? (Машинист)

  • Папа мен мама кім болып жұмыс істейді? Ата кім болып істейді? (Машинист)

Отбас қайда бара жатыр?-деп сұрақ қоюға болады. Ата-ана немесе тәрбиеші отбасының мүшесі туралы тақпақ айтады, ал бүлдіршін ол бейнеленген суретті вагонға салады.

2-вариант. Ата-ана немесе тәрбиеші балаға «оң», «сол», «арасында» түсініктерін беріп, «Вагонға маманы папаның сол жағына отырғыз» , «Әжені папа мен маманың арасына отырғыз», «Қарындасын ағасының сол жағына отырғыз» деп тапсырма береді. Бала олардың орындарын алмастырады, ал ересек оған: кім кімнің сол, оң жағында, арасында отыр деп сұрақ қояды. Ересектеу бараларға вагонда отырғандарды санау, тек ересектерді сана, тек балаларды сана деп тапсырма беруге болады.


Жұптарды құрастыр

1-3 бала және жүргізуші ойнайды. Ойын үшін түрлі заттар бейнеленген суреттер столдың үстіне жайылады. Жүргізуші балаларға бір-бірімен логикалық байланысы бар заттарды таңдауды ұсынады: бас киім –пальто (киім), сурет-шамадан (төртбұрышты), жаңбыр-қолшатыр (жаңбыр жауғанда қолшатыр ұстайды), банан-мойынорағыш (сары түстері сәйкес келеді). Ойын жарыс түрінде өтеді-кім көбірек жұп сурет жинайды, сол жеңеді. Ойынды қиындату: балаларға 3 немесе одан да көп бір-бірімен логикалық байланысқан суреттерді (мысалы: әже-жіп-мойынорағыш) тауып, ол бойынша әңгіме құрастыр деп тапсырма беру.


Жалған жұмбақтар

Педагогтың мақсаты: балалардың логикалық ойлауын, зеректігін, зейінін және тапқырлығын дамыту.

Балалардың мақсаты: зейін қоя тыңдап тәрбиешінің берген жұмбақтарын шешу.

Педагог пен баланың өзара әрекеттестігі: Балалар жұмбақ шешуге өте құмар болады. Тәрбиеші балаларға жауабы өзінің ішінде тұрған жұмбақтарды шешуге береді. Мысалы: «Бір үй тұр. Оның бір шатыры жалпақ, екіншісі өте еңкіш. Шатырдың ортасында ұя бар. Ұя тесік. Ұяға қораз жұмыртқалапты. Жұмыртқа қай жаққа қарай домалайды?» «Далада бір нәрсе тұр. Қасынан бір кемпір өтіп бара жатып, оған қарап: «Мыстан кемпір»,-деді. Солдат кетіп бара жатып, оған қарап: «Генерал»,-деді. Бір қыз өтіп бара жатып қарады да: «Василиса ару»,-деді. Ол не нәрсе? (Айна)

Егер балаларға щсы тектес жұмбақтар шештіретін болсақ, онда олар алдағы уақытта «тұзаққа» оп-оңайтүсе қоймайды, зейін қоя тыңдап отырып, жауабын тез беретін болады. Өздері үлкен ләззат алып, кейін таныс достарына осы жұмбақтарды шештіріп, олар сасып қалғанда күліп рахаттанады.


Болашақта кім кім болады?

Педагогтың мақсаты: баланың диалектикалық ойлауын дамыту.

Балалардың мақсаты: белгілі бір құбылыстар мен заттардың қалай өзгеретіні, кім болатыны жайлы тәрбиешінің сұрақтарына жауап беру.

Материал: әр балаға 5 карточкадан тұратын жиынтық беріледі. Әр карточкада бір заттың схемалық кескіні, немесе геометриялық дене салынған балалар суретті аяғына дейін салатындай орын қалдырған. Карточкалардың барлығы бірдей. Балаларға түрлі-түсті қарындаштар беріледі.

Педагог пен баланың өзара әрекеттестігі: тәрбиеші балаларға материалды таратын болған соң, карточкадағы әр денені кез келген суретке айналдыруға болатындығын айтады. Ол үшін дене суретін аяқтап салу керек. Егер балаларға тапсырманы орындау қиынға соқса, тәрбиеші балаларда жоқ басқа бір денені салып көрсетеді. Мысалы: төртбұрышты денені пойыз вагонына, конвертке, үйге және т.б. айналдыруға болады.

Тапсырма орындалғаннан кейін барлығы бірігіп отырып ең тартымды, ерекше және соны нұсқаларды іріктеп алады.


Адам бейнесін құрастыр.

Мақсаты: адамның дене мүшелері туралы білімдерін бекіту, салыстыра білуге үйрету.

Құралдар: адамның дене мүшелерінің суреттері салынған хатқалта.

Ойын барысы: балалар үстелдің айналасынла отырады, оларға адамның дене мүшесінің суреттері қиылып салынған хатқалта таратылып беріледі.

Педагогтың арнайы белгісі бойынша балалар бөлшектерден адам денесін құрастырады.

Педагог балаларға адам денесінің оң жіне сол бөліктері болатынын түсіндіріп, тапсырманы орындаған кезде мұқият болу керектігін ескертеді.




«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» САЛАСЫ


Заттың жандануы

Мақсаты: баланың қиял-елесін дамыту.

Ойын барысы: балалардың пайдаланатын заттарды туралы ертегілер, әңгімелер айта отырып, оларды тамақтандыру және бір нәрсені әстету жеңілірек болады. Мысалы: бала орындықта дұрыс отырмайды, аяғын үнемі қозғап отырады. Мұндай жағдайда орындық туралы ертегі айтуға болады. «Бір күні бір орындық төрт аяғымен шапқылап, трамвайдың соңынан жүгіріпті. Ол өте асығыс еді. Кенет оның бәр аяғы түсіп қалады да, құлайды. Сол кезде өтіп бара жатқан бір кісі орындықты көтеріп алып, аяғын орнына салып береді. «Сенің аяғыңды кім сындырды?» -деп сұрайды ол. «Қожайыным ғой»,-дейді ол. Балалар, қалай ойлайсыңдар, аяғы сынық орындық тағы қандай жағдайға тап болар еді? Ал ол орындықта отырған адам ше?

Осылай, балалармен бірлесе отырып, кез-келген затқа «жан кіргізіп», түрлі ертегі-әңгіме құрастыруға болады.


Тапшы,не шықты!

Мақсаты: баланың ойлау саналығы мен алғырлығын дамыту.

Ойын барысы: бұл ойынға балалар түгел қатысады. Олардың біреуі суретті бастап салады (әр бала тек бір сызық қана жүргізе алады). Келесі бала оның не екенін айтып, өзі де бір сызық жүргізеді. Келесі бала бастап салынған суретті өзінше басқа нәрсеге ұқсатса, соны атайды да, суретті соған ұқсату үшін сызық сызады. Осылайша ойлаушылардан бірі суретті өзінше өзгертуге шамасы келгенше ойын жалғаса береді. Кім соңғы өзгерісті енгізсе,сол ұтып шығады.


Сөздер тізбегі

Мақсаты: балалардың логикалық ойлауын дамыту.

Ойын барысы: тәрбиеші балаларға сөзден ұзын пойыз жасауды ұсынады. Әр сөз-бір вагон. Сөздер вагон сиақты бір-бірімен байланысты болуы керек. Олай болса, әр сөз өзінен кейін келетін сөзді тартып отыруы керек.

Тәрбиеші: қыс-қандай?(вагонды қояды-қыс)

Балалар: қарлы, суық (2 вагон қояды)

Тәрбиеші: одан да суық не болады?

Балалар: балмұздақ, мұз, қар, жел (әр сөзге 1 вагоннан қойып отырады)

Тәрбиеші: (соңғы сөзді тиек етеді). Ал жел қандай?


Ғажайып өзгертулер.

Мақсаты: балалардың шығармашылық ойлауы мен қиялын дамыту.

Ойын барысы: тәрбиеші материалды балалармен бірлесе отырып таңдап алады. Оларға қарап не елестетуге болатынын ойласуды ұсынады. Мысалы: түрлі ұзындықтағы 2 жолақ туралы анасы мен баласы, мысық пен қыз, итпен қыдырып жүрген аға деп айтуға болады. Балалар суретін салады. Даяр болған кезде барлығы бірлесіп талқылап, ортақ бір ертегі немесе әңгіме құрастырады.

Бұрын кім болған?

Мақсаты: баланың диалектикалық ойлауын дамыту.

Ойын барысы: бұл ойында балалар өздері қандай өзгерістері болғанын айтады. Олар: бұған дейін кім (не) болды? Деген сұраққа жауап береді. Балапан жұмыртқа болды, ат-құлын, ата-бала, қолтырауын-жұмыртқа, сиыр-бұзау, емен-жаңғақ, балық-уылдырық, алма ағашы-тұқым, көбелек-құрт, нан-ұн, мұғалім-оқушы т.б.


Жағадағы тастар

Мақсаты: балалардың қиял-елесін дамыту.

Ойын барысы: тәрбиеші балаларға суретті көрсетіп, онда сиқырлы жағалаудың суреті салынғанын айтады. «Бұл жермен бір сиқыршы өтіпті, және жағадаға барлық нәрсені тасқа айналдырып жіберіпті. Қалай ойлайсыңдар, балалар, бұл жағалауды нелер және кімдер болған?» балалар әр тас туралы оның кімге, немесе неге ұқсайтынын айтады. Тастардың алуан түрлі нәрсеге: допқа, балыққа, құсқа, адамға, шелекке т.б. ұқсас болуы мүмкін.


Егер де...

Мақсаты: балалардың логикасын дамыту.

Ойын барысы: балалар шеңбер құрып отырады.

Тәрбиеші: «Егер де...» деп бір баланың қасында келеді. Ол сөйлемнің жалғасын тәрбиешінің құлағына сыбырлап айтады. Содан кейін тәрбиеші «...онда...» деп басқа бір балаға жақындайды. Сқйлемнің аяғын ол да тәрбиешінің құлағына сыбырлап айтады. Осыдан соң тәрбиеші сөйлемді түгел дауыстап айтады. Мысалы: сөйлем жобамен былай болап шығуы мүмкін: «Егер де мен ойыншық сатып алсам, онда оны жеп қояр едім». Ойын жалғаса береді.


Көңіл күйді танып біл

Мақсаты: бет әлпетпен көңіл күйді ажырата білуді бекіту.

Ойын барысы: тәрбиеші сулы ортада тіршілік ететін жануарлар мен түрлі балықтар бейнеленген түрлі-түсті плакатты құрастыруды ұсынады. Педагог сулы ортаны мекендеушілердің көпшілігінің аяқтары болмайтынына назар аудартады. Аяқтары олардың жүзуіне көмектесетін ескекаяққа, қармауышқа және қанаттарға айналған. Барлық балалардың және суқоймаларын мекендеушілердің денелері сүйір пішінді болады, бұл олардың суда жылдам қозғалуына мүмкіндік береді.

Балалар аквариумды бақылағандарынан, көрген хабарларынан, ересектер оқып берген әңгімелер мен ертегілерінен байқағандарын әңгімелейді, плакатты қарап шығуда өз әсерлерімен бөліседі.


Кім көбірек айтады?

Мақсаты: бақылауды және өз ойын жеткізуді үйрету.

Ойын барысы: балалар параққа сурет үшін шаблонболатын екі-үш жапырақ орналастырады. Олар сурет дәптерлерінің ыңғайлы жағын таңдайды да, жапырақтардың жиегімен үзік сызықтармен жүргізіп шығады. Үзік сызықтарды тұтас қисық сызықтарға айналдырып шығады. Иректерін, тесіктерін салады. Талшықтары мен кесінділерін салады. Бояйды. Алдымен ашық, үстінен қоңыр бояулармен жүргізеді. Әрбір жапырақ, адамдар тәрізді, жеке-дара. Бірдей екі жапырақ болмайды, байқағыш адам жапырақтың қайталанбайтынын байқайды.


Сипатта да айтып бер

Мақсаты: жануардың сипаттық ерекшеліктерін байқауды және көрсетуді үйрету, жұмбақтарды шешу.

Ойын барысы: плакатты қарап үй жануарлары немесе жабайы аңдар бейнеленгенін анықтайды. Мысалы: Аю үлкен, қоңыр, ал кірпі кішкентай сұр және тікенегі бар.



Аралас ертегілер.

Мақсаты: балалардың қиял-елесін дамыту.

Материал: әртүрлі ертегі кейіпкерлерінің суреттері салынған «морфологиялық» жәшік.

Ойын барысы: тәрбиеші балаларға әртүрлі ертегілердің кейіпкерлерінен жаңа ертегі құрастыруды ұсынады. Кейіпкерлердің басынан өткен оқиғалар араласып, бір-бірімен үйлесіп, жаңа ертегі шығады. Морфологиялық жәшікті пайдаланып құрастырса, ертегі қызық болады. Кейіпкерлерді балалар өздері таңдап алады. Мысалы: жәшікте берілген кейіпкерлердің барлығын бірден алып бір сюжет құрастыруға да болады. Немесе кейіпкерлерді ертегіні құрастыру барысында біртіндеп алуға болады. Балалар өз ертегілерін сурет салып көрсетуге болады.


Ертегінің сюжетін өзгертеміз.

Мақсаты: балалардың қиял-елесін дамыту.

Ойын барысы: балаларға қонаққа Алдаркөсе келеді. Ол қырылып келе жатқанын, жолда қайыршыларды, жылқышыларды және керемет халық шеберлерін кездестіргенін айтады. Қолындағы аяққабы тесіліп қалғанын, балалардан жаңа аяққап жасап беруін сұрайды. Тәрбиеші балалардың назарын Алдаркөсенің әңгімесіндегі кейбір сөздерге аударады. Киіз үй-оның ішінде не болады? (тұскиіз, текемет, ыдыс-аяқ т.б.) Осыдан кейін балалар Алдаркөсеге аяққап жасауға кіріседі.

Аяққапқа өрнекті қалай орналастыру неден бастау керектігін, яғни өрнекті ортасына салып, кейін шетін әшекейлеу керек екенін анықтайды. Қандай бояумен бояу керектігін белгілейді. Орындап болған соң барлығы бірлесе отырып, ең әдемісін Алдаркөсеге сыйлайды.


Ең көңілді, күлкілі жағдай.

Мақсаты: балалардың қиял-елесін, ойлау саналығын дамыту.

Материал: сурет салатын қағаз, қарындаштар, фломастерлар, бояулар.

Ойын барысы: тәрбиеші балаларға ең көңілді, күлкілі нәрсенің суретін салуды ұсынады. Балалар суретті салып болғаннан кейін, барлығы бірігіп қарап, ең көңілді, күлкілі деген суреттерді таңдап алып, көрмеге қояды.


Кім кімсіз бола алмайды?

Мақсаты: баланың алғырлығы мен ойлау шапшаңдығын дамыту, қарама-қарсы мағыналарды анықтай білуге үйрету.

Материал: суреттер, мұғалім, дәрігер, шофер, сатушы, өрт сөндіруші, құрылысшы, суретші, теледидар жөндеуші, бұлтты күн, қыс, ауру, оқушы, өрт, жолаушы, сатып алушы, құрылыс, сурет, теледидар, ашық күн, жаз.

Ойын барысы: тәрбиеші балаларға бір суретті көрсетеді. Мысалы: мұғалім. Және оларға сұрақ қояды: «Мұғалім кімсіз жұмыс істей алмайды? Әрине оқушысыз» әр жұп суретке осылай талдау жасалып отырады.


Суретшіге көмектесеміз

Мақсаты: балалардың қиял-елесін дамыту.

Материал: адамның схемалық бейнесі салынған үлкен ақ қағаз, фломастерлер, немесе қарындаштар.

Ойын барысы: тәрбиеші балаларға схеманы көрсетіп, суретші аяғына дейін салып үлгермегенін айтады. Тәрбиеші балаларға жүйелі түрде сұрақтар қойып отырады. Ең қызықты, дұрыс жауап берген балалар өздігінен схеманы толықтырып салады. Мысалы: «Бұнла кімнің суреті салынады, ер бала ма, әлде қыз ба? Көзінің, шашының түсі қандай? Қалай киінген? Қолында не бар? және т.б. Осылай схема біртіндеп суретке айналады.Сурет дайын болғанда, соладам жайында балалар қызықты әңгіме құрастырады.


«Көңілді Алдаркөсе» ойыны

Мақсаты: балалардың қиялын,алғырлығын дамыту.

Балалардың мақсаты: Алдаркөсенің дорбасында не бар екенін табу.

Материал: қолында дорбасы бар Алдаркөсенің суреті. Суретке сәйкестендіріп қойып көруге болатындай, бірнеше дорбаларың бейнесі. Дорбалардың әртүрлі заттарға ұқсауы мүмкін: доп,саңырауқұлақ,қозы,қоян және т.б. және белгісіз бір формадағы дорба.



Балық, құс, аң

Мақсаты: баланың алғырлығы мен диалектикалық ойлауын дамыту.

Ойын барысы: тәрбиеші әр баланы көрсетіп: «Балық, құс, аң, балық, құс...» деп санамақтүрінде айтады. Санамақ кімге барып тоқтаса сол бала шапшаң түрде бір аңды, құсты, немесе балықты атайды. Жоғарыдағы жағдайда құсты атайды. Егер берген жауабы дұрыс болса, ойын жалғаса береді. Ал берілген жауап дұрыс болмаса, немесе бала ұзақ ойланып қалса, ол ойыннан шығып, жүргізушіге бір затын қалдырады. Ойын тек бір бала қалғанша жалғасады. Одан кейін жүргізуші, яғни тәрбиеші мен қалған бала екеуі әр заттың егесі өз затын қайтарып алу үшін не істеуі керек екенін шешеді (қораз болып шақырады, билеп береді, қоян блып секіреді, өлең айтады т.б.) Бұл ойынды әртүрлі нұсқада өткізуге болады. Мысалы: гүл, ағаш, жемістердің атын атап, т.с.с.


Сиқырлы айна

Мақсаты: балардың шығармашылық ойлауын дамыту.

Материал: «сиқырлы» айна.

Ойын барысы: ойын серуенге шыққан кезде далада өткізіледі. Тірбиеші балаларға «айнаны» көрсетіп, лайықты объект таңдап алады. «Балалар менің қолымда «сиқырлы» айна бар. мұның көмегімен қараған заттың қандай болып өзгеретінін айқындауға болады. Мысалы, қараңдаршы:мынау-құрылыс. Бұл келешекте тұрғын үй болады. Ал мына қар суға айналады. Бүршік неге айналады? Дұрас, жапыраққа айналады екен.» ойын осылай жалғаса береді. Бұл ойын барысында өзгерістерді ғана тауып қоймай, заттың, құбылыстың қарама-қарсы күйін де атап көрсету қажет.



Шыныдан жасалған адам

Мақсаты: балалардың шығармашылық ойын, қиял-елесін дамыту.

Ойын барысы: таныс немесе ойдан шығарылған кейіпкердің өзіне тән ерекшеліктерінен логикалық түрде оның басынан кешірген оқиғаларды ойлап шығаруға болады. Әңгіменің немесе ертегінің кейіпкерлері ретінде материалдан жасалған адамды алуға болады. Ол түрлі әрекеттер жасайды, қозғалады, достар табады, әртүрлі оқиғалардың себепкері болып, кезкейсоқтықтарға ұшырауы мүмкін. Балалармен әңгімелесіп болып, тәрбиеші оларға сұрақ қояды: «Ал енді өздеріңді осы шыны адамның орнына қойып көріңдерші! Сендер бәрі де шыныдан жасалған елге тап болдыңдар. Ал шыны қандай болады балалар? Енді осыны көз алдымызға елестетіп көрейікші.


Ертегіні керісінше айтайық

Мақсаты: балалардың елестетуін және ойлау саналығын дамыту.

Ойын барысы: тәрбиеші балалармен бірге жақсы таныс ертегіні еске түсіріп, оның кейіпкерлерінің мінез-құлықтарын өзгерту жөнінде ұсыныс жасайды (жағымды мінез-құлықты жағымсызға және керісінше). Мұндай жағдайда кейіпкерлердің мінез-құлықтарды, ір-әрекеттері, жалпы ертегінің сюжеті қалай болып өзгеретінін айтып беруді сұрайды. Мысалы: мынадай ұсыныстар жасайды.

1.Қатты ашуланған сиқыршы кейіпкерлерді сиқырлап тастады...

2.Мейірімді кейіпкерлердің жүрегіне бір түйір мұз тастап, ол қаныпезер адамға айналды, ал қатал кейіпкер жүрегіне аяныш сезімі ұялап, мейірімді адам болды.






ҚОРШАҒАН ОРТА. ЭКОЛОГИЯ ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР


«Табиғат құбылыстарын ажыратып,

олардың қасиеттерін ата»


Мақсаты: Пішініне қарап, қар мен жаңбырды ажырата білу, табиғат құбылыстары жөніндегі білімдерін бекіту /қатты, жұмсақ, ериді, буға айналады/

Керекті құралдар: Қар мен жаңбырды бейнелейтін суреттер.

Ойын барысы: балаларға қар мен жаңбырдың суреттерін көрсетіп. оларды бір-бірінен ажыратып айту тапсырылады. Білімдерін анықтау барысында осы құбылыстардың қасиеттерін айтып берулері керек.

2. «Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ата»

Мақсаты: Үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы білімдерін бекіту. Тез ойлау қабілетін, зейінін тәрбиелеу, белсенділігін арттыру.

Ойын шарты: орман мен қораның , жануарлар суреттері. Жүргізушінің белгісі бойынша балалар жануарлар бейнеленген үлестірмелі карточкаларды картадағы салынған сурет мазмұнына қарай бос тор көздерге орналастырады. Кім бос тор көздерді толтырып, жануарларды дұрыс атаса, сол жеңіске жетеді. Ойыншылыр карталармен алмасып, ойынды одан әрі жалғастырады.


«Бұл қандай құс?»

Мақсаты: белгілі ерекшеліктеріне қарай құстарды суреттеуге үйрету және оларды ажырата білу.

Ойынның барысы: Жүргізушіқұстардың суреттерін балаларға көрсетіп, әрқайсысының ерекшелігін суреттеп беруді ұсынады. Балалар бұл құстардың ерекшеліктерін суреттеп, аттарын атайды.

Мысалы: Бұл құстарды тағы қалай атауға болады? Олардың қандай пайдасы бар? /тоқылдақ-орман дәрігері, қарлығаш-адамның досы/.


«Бұл қай кезде болады?»

Мақсаты: балалардың жыл мезгілдеріне байланысты білімдерін анықтау және әрі қарай дамыту.

Ойын шарты: жауап берген балаға сақина беріледі.Жүргізушінің сұрағына қарай жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін атау.

Ойын барысы: Жүргізішінің қойған сұрақтарына балалар ойланып, дұрыс жауап береді. Сұрақ: қай кезде сары, қызыл жапырақтар көп болады?

Қай кезде жеміс-жидектер жиналады?Жыл мезгіліне байланысты: көктем деймін де, сақинаныӘйкерімге беремін, Әйкерім тез ойланып, көктемде не болатынын айтады.Сақинаны қасындағы балаға береді.Ол да көктемнің бір белгісін атайды. Осылайша ойын жалғаса береді.


«Жақсы және жаман істерді тауып көр»

Мақсаты: жаман әдеттен аулақ болуға, көргенін ажыратып, әңгімелей білуге үйрету. Балаларберілген суреттердің мазмұнына сәйкес жаман, жақсы істерді ажыратады және ол неге жаман,жақсы іс-әрекеттер екенін түсіндіреді.

Көрнекі құралдар: жақсы және жаман істерді бейнелейтін мазмұнды суреттер.

Ойын барысы: Ағаш бұтағын сындырып жатқан баланың әрекетін бейнелейтін сурет. Ағаштағы құстың ұясын бұзған баланың іс-әрекетіндегі сурет. Құстарға ұя жасап жатқан баланың суреті.

Гүлдерге су құйған қыз баланың суреті.Ағаш бұтағына қонған құсты рагаткамен атқалы жатқан баланың әрекетін бейнелейтін сурет. Жайлауда қошақанға емізікпен сүт беріп тұрған баланың іс-әрекетін бейнелейтін сурет.


«Бөлме өсімдіктері мен дәрілік өсімдіктерді ажырат»

Мақсаты: бөлмеде өсетін өсімдіктер мен дәрілік өсімдіктерді бір-бірінен ажырата білу, қандай мақсатта өсірілетінін анықтау.


Көрнекі құралдар: бөлме өсімдіктері мен дәрілік өсімдіктердің суреттері.

Ойын барысы: Балаларға бөлме өсімдіктері мен дәрілік өсімдіктер аралас суреттер беріледі. Тәрбиеші балалардан бөлме өсімдігін көрсетуін, екінші бала дәрілік өсімдікті көрсетуін сұрайды. Балалар көрсетеді. Қай өсімдік қандай мақсатпен өсірілетінін сұрайды. Ойын осылайша жалғаса береді.


«Құстар»

Мақсаты: құстарды топтастырып,аттарын атау.

Керекті құралдар: Қыстап қалатын және ұшып кететін құстардың суреттері.

Ойын шарты: Белгі бойынша құстарды екі топқа топтастыру.

Ойын барысы: Ойыншылар «Жыл құстары», «Ұшып кететін құстар» болып екі топқа бөлінеді. Үстел үстінде құстардың суреттері араласып жатады, жүргізушінің белгісі бойынша, балалар өз топтарының атына сәйкес құстарды топтастырып, аттарын атайды. Бір құсты екі рет атауға болмайды. Жаңылысқан бала, ойын соңында айыбын құс туралы өлең, тақпақ, жұмбақ айту арқылы өтейді.


«Тамшының жыл мезгіліндегі саяхаты»

Мақсаты: Судың жыл мезгілдеріне байланысты қасиеттері туралы түсінік беру. Сөздік қорларын молайту. (Бу, сұйық, қатты)

Керекті құралдар: Судың жылдың төрт мезгіліне байланысты қасиеттерін бейнелейтін мазмұнды суреттер.

Ойын барысы: Тәрбиеші қыс мезгіліне байланысты судың қасиетін түсіндіріп өтнді. Табиғат құбылыстарына байланысты судың қандай күйде болатынын айтады. (Мұз, қар, жаңбыр, бұршақ) Тақтаға жылдың төрт мезгілін іліп қойып,бір ойыншыны шақырады. «Мұз» дегенде ойыншы соған сәйкес жыл мезгілін көрсетеді.




«Негеш деген балаға араналған хат»

Мақсаты: Жылдың күз мезшілі жайлы түсініктерін бекіту. Ойларын қысқаша түсінікті жеткізе білуге үйрету.

Керекті құралдар: Балабақшаның мекен-жайы жазылған хат салғыш, сұрақтар жазылған кішкене карточкалар

Ойынның барысы: Жүргізуші: Ал, балалар, мен сендерге Негештің сұрақтарын таратып беремін. Таратылған карточкалар бойынша әр балаға сұрақтарын таратып беремін. Таратылған карточкалар бойынша әр балаға сұрақтарды түсіндіреді. Балалардың жауаптарын өзі толықтырады.


Күз белгілерін ата.

  1. Күз мезгілінде қанша ай бар? Олар қалай аталады?

  2. Күзде күн суытқанда қандай құстар жылы жаққа ұшып кетеді?

  3. Қандай құстар ұшпай қалып қояды? Сендер оларға қандай көмек жасайсыңдар?

  4. Күзде адамдар қандай еңбекпен айналысады?

  5. Неліктен «Жомарт күз» деп атаймыз?

  6. Күз мезгіліне байланысты қандай өлең-тақпақ білесің?

  7. Күзден кейін қандай жыл мезгілі келеді? Күзден бұрын ше?

  8. Балалардың жауаптары келесі күнгі серуенде Негешке жолданады.


«Жақсы және жаман істерді тауып көр»

Мақсаты: Жаман әдеттен аулақ болуға, көргенін ажыратып, әңгімелей білуге үйрету. Балалар берілген суреттердің мазмұнына сәйкес жаман, жақсы істерді ажыратады және ол неге жаман, неге жақсы іс-әрекеттер екенін

түсіндіреді.

Көрнекі құралдар: Жақсы және жаман істерді бейнелейтін іс-әрекеттерден көрініс беретін мазмұнды суреттер

Ойын барысы:

  1. Ағаш бұтағын сындырып жатқан баланың әрекетін бейнелейтін сурет.

  2. Ағаштағы құстың ұясын бұзған баланың іс-әрекеттегі суреті.

  3. Әкесімен ағаш отырғызып жүрген баланың әрекетін бейнелейтін сурет.

  4. Құстарға ұя жасап ағашқа іліп жатқан баланың әрекетін бейнелейтін сурет.

  5. Гүлдерге су құйып, қамқорлық жасаған қыздың әрекетін бейнелейтін суоет.

  6. Ағаш бұтағына қонған торғайды рогаткамен атқалы жатқан баланың әрекетін бейнелейтін сурет.

  7. Далада өсіп, айналаға көрік, сән берген гүлдерді бейберекет жұлып жүрген баланың іс-әрекетін бейнелейтін сурет.

  8. Жайлауда қошақанға емізікпен сүт беріп тұрған баланың іс-әректін бейнелейтін сурет.


«Не қайда өседі?»

Мақсаты: Балалардың өсімдіктер жайында білімдерін бекіту, заттар арасындағы кеңістік байланыстарын анықтау дағдысын дамыту, өсу орнына қарай өсімдіктерді топтастыру.

Балалардың өз бетінше ойлау қабілетін және белсенділігін дамыту.

Ойынның шарты: Бақ пен бақша салынған үлкен суреттердегі бос тор көздерге жеміс-жидектерді дұрыс орналастыру.

Ойынның барысы: Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бір топта бақтың суреті салынған, екінші топта бақшаның суреті салынған сурет болады. Суреттер арасында бос торкөздер бар. Қобдишада үлестірмелі карточкалар жатады. Жүргізушінің белгісі бойынша балалар қобдишадағы үлестірмелі карточкаларды жарыса отырып, тор көздерге орналастырады. Олардың атауын атайды


«Жапырағына қарай ажырат»

Мақсаты: Ұқсас белгісіне қарай жапырақтарды таба білуге жаттықтыру. Балалардың сөздік қорын толықтыру, есту, қабылдау қабілетін дамыту.

Көрнекі құралдар: Әр түрлі жапырақтар

Ойынның шарты: жапырақтарды салыстыру, қай ағаштың жапырағы екенін табу. Жаңылмай тапқан бала жеңіске жетеді.

Ойынның барысы: Жүргізуші серуен кезінде балалармен аулада өсіп тұрған ағаштардың жапырақтарын жинайды. Өзіне әрбір ағаштың бір-бір жапырағын алады. Балалар жарты шеңбер жасап, жүргізушінің жанына тұрады. Жүргізуші ауладағы ағаштардың атын сұрайды. Әр ағаштың қасына барып, аттарын атайды. Жүргізуші қарағайдың жапырағын басқа ағаштардың жапырағымен салыстыруды сұрайды. Балалардың жауабын қарап оның ине секілді екенін анықтауға болады. Қайыңның жапырағын салыстыра отырып, оның жүрекшеге ұқсайтынын анықтайды. Жүргізуші қолындағы жапырақтарды балаларға бір-бірден таратып береді де. Өзіне бірнешеуін қалдырады. Өзіндегі бір жапырақты көрсетіп, балалардан сондай жапырақты табуын талап етеді. Білімдерін бекіту мақсатында балалардағы жапырақтарды бір-бірімен ауыстырып ойнауға болады.


«Бізде былай, ал сіздерде ше?»

Мақсаты: Балаларға кеш сөзінің мағынасын түсіндіру. Кешке үлкендер жұмыстан, балалар бақшадан келеді. Отбасы мүшелері үйде жиналады. Отбасының бірігіп ұйымдастырған жұмысына, әңгіме, ойындарына баланы қатымтыруға үйрету.Отбасы мүшелеріне адал, қамқорлық сезімдерін қалыптастыру.

Ойынның барысы: Жүргізуші «Біздерде былай, ал сіздерде ше?» деген қызықты ойынды балаларға ұсынады.

Жүргізуші: Кеше кеште ұлым менен: Апа, құс балапандарына қандай сүт береді, құста сүт болмайды емес пе деп сұрады? Ал мен: жұрттың бәріне мәлім бір құс бар, ол-кәдімгі көгершін, ол балапандарын ақ сүтімен асырайды деп жауап бердім.Біздерде осындай болды, ал сіздерде ше?

Бала: Менің күшігім кешке жоғалып кетті, мен қатты өкіндім. Кешке әкем келіп, аяқ киімін шешіп, үйге киетін жеңіл киімін алып жатып, күліп жіберді. Сөйтсе оның аяқ киімінің ішінде мысығым ұйықтап жатыр екен. Бізде осылай, ал сіздерде ше?

Ойын осылай жалғаса береді.



«Бұл қай уақыт?»

Ойын шарты: Күн мен түннің суреттерін кезек-кезек көрсетіп бір-бірінен сұрайды. Бастаушы «күн» дегенде тұрады, «түн» дегенде отырады.


«Қайсысы қайда тіршілік етеді?»

Үй жануарлары мен дала жануарларын ажырата білуге үйрету. Олардың тіршілік ететін ортасы мен немен қоректенетіні жөнінде әңгімелету


«Бұл қай кезде болады?»

Ойын шарты: Балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік беру. Олардың әр жыл мезгілдерін бір-бірінен ажыратып, суреттердегі жыл мезгілдері бейнеленген өзгерістер туралы әңгімелеп айтып беруге жаттықтыру.


«Жеміс – жидектер»

Ойын мақсаты: Балалардың жеміс-жидектердің атын атай ала ма? Бір-бірінен ажырата ала ма, соны тексеру. Балалардың қолмен ұстап, ажырату, көзбен көріп тану, иісінен ажырату қабілетін дамыту. Мына сөздерді қолдану: піскен, піспеген, тұздалған, тұздалмаған, қысқа, дөңгелек, сопақ.


«Зоологиялық домино»

Дидактикалық мақсаты: Балалардың жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін бекіту; ұғымталдыққа, зейінқоюшылыққа баулу.

Ойын ережелері: Кімде-кім өз карточкаларын бірінші болып қойса, сол жеңімпаз болады. Жүрісті жіберіп алмай, карточканы дер кезінде қойып, мұқият бол.

Ойынның барысы: карточкаларда жабайы және үй хайуанаттары бейнеленген. Ойынға төрт адам қатысады. Карточкалардың сурет жағы теріс қаратып қойылады. Балалар алты карточкадан санап алады. Сонан соң мұғалім ойын ережелерін түсіндіреді: бір-бірінің қасына тек бірдей суретті карточканы қоюға болады. Егер карточка жоқ болса, онда ол адам өзінің жүрісін жібереді. Егер ойынға қатысушылардың біреуі карточкасыз қалса онда ол жеңген болып саналады. Әрі қарай ойынша карточкаларды араластырып, басқа карточкалар ала отырып, жалғастыу керек.

«Ботаникалық лото» ойыны да осы қағида бойынша жүргізіледі. Ойын барысында балалардың өсімдіктер жөніндегі білімдері игеріліп, жүйеге келтіріледі.


«Қайда не өседі?»

Дидактикалық мақсаты: балалардың өсімдіктер жөніндегі білімдерін бекіту; затардың арасында кеңістік байланыстарын қоя білу дағдыларын дамыту; өсімдіктердің өсетін жерлеріне баланысты топтастыру, белсенділіктерін және өздігінен ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойын ережелері: орман, егістік, бау-бақша бейнеленген үлкен карталардағы бос тор көздегі кім өсімдіктердің суреттерімен жылдам толықтыратыны бойынша жарысу.

Ойынның барысы: ойынға қатысушылардың әрқайсысына түрлі пейзаждар салынған үлкен карта таратып беру; кішкене карточкалар қорапта жатады. Жүргізуші белгі бергенде балалар үлкен карточкалардағы суреттерге сәйкес келетін кішкентай карточкаларды табады. Бос тор көздерді жылдам жауып, өсімдіктерді дұрыс атаған бала женеді.

Бұл ойында дәндердің, саңырауқұлақтардың атаулары қиындық келтіретіндіктен, балаларды олармен сабақ кезінде, топсеруенге барған кездерде алдын ала таныстыру қажет. Балалар карталарын ауыстырып, кішкене карточкаларды қосып отыруы керек.


«Табиғат және адам»

Дидактикалық мақсаты: Адам қолымен не жасалғаны және табиғат адамға не беретіні туралы балалардың білімдерін бекітіп, жүйелеу.

Ойын ережелері: Допты қағып алғаннан кеін жауап беруге болады. Затта атаған адам допты екіншісіне лақтыралы. Сөзді есіне түсіре алмағаны өз жүрісін жібереді, ол допты еденге бір ұрып алады да қайта лақтырады.

Ойынның барысы: тәрбиеші балалармен әңгімелесу барысында айналамыздағы заттардың адам қолынан шыққаны немесе табиғатта сол күйінде кездесетіні, оларды адамдардың пайдалануы туралы балалардың білімдерін шындайды. Мәселен, орман, мұнай, газ, көмір табиғатта сол күйінде болады, ал үйлерді, зауыттарды, көліа құралдарын адам жасайды. «Адам қандай заттарды жасаған?» - деп, мұғалім сұрақ қойып, ойынға қатысушылардың біріне бір затты береді (немесе доп лақтырады). Балалардың бірнеше жауабынан кейін ол жаңа сұрақ қояды: (табиғат нені жаратқан?). Ойын барысында мұғалім балалармен адамзат табиғатты адамдар жақсы өмір сүру үшін пайдаланатыны, сонымен қатыр орманды өрттен қорғап, су тоғандарын, өзендер мен көлдерді тазартып, құстар мен жануарларды күзетіп, табиғатты аялайтыны туралы қысқа әңгіме өткізеді.


«Дәннен тәтті нанға дейін»

Дидактикалық мақсаты: балалардың нанның қалай жасалатыны туралы білімдерін бекітіп, жүйелеу; егіншілерді құрметтеуге баулу; смөздік қорларын жаңдандыру: тұқып сепкіш, тырма, элеватор, комбайн.

Ойын ережелері: Кішкентай карточкаларды таңдап алып, жүргізушінің белгісінен кейін олармен тор көздерді жабу. Ойынға қатысушылар «дән», «бидай», және «тәтті нан» болып үш бригадаға бөлінеді. Олар диқандарға көмектесіп жатқан машиналар бейнеленген қажетті карточкаларды жылдам таңдап алып, өз егістігіндегі бос тор көздерді толтырып жарысады.

Ойынның барысы: ойын басталғанға дейін балалар егістікті, нанды қарастырады, балалармен нанның дәннен бастап тәтті нанға дейін қандай жолдан өтетіні, барлық адамда нан болу үшін қаншама көп адам еңбек ететінің туралы қысқаша әңгіме жүргізіледі. Диқандарға трактор, комбайн сияқты машиналар; тұқып сепкіш, қар түргіш, тырма сияқты механизмдер көмектеседі.

  • Қазір біз сендермен машиналар қалай аталатының, қай кезде қандай машина жұмыс істейтінің еске түсіретін ойын ойнаймыз. Мына суреттерге қараңдар.

Мұғалім үш суретті көрсетеді: ерте көктемдегі егістік, жаздағы және күздегі егістік. Балалар суреттегі жыл мезгілдерін қалай анықтағандарына түсінік береді.

  • Қазір үш бригадаға бөлінеміз. Оларды «Дән», «Бидай» және «Тәтті нан» деп атаймыз (әр бригадада екі-үш адамнан болады). Көктемдегі егіс бейнеленген сурет «Дән» бригадасына, жазғы егістік «Бидай» бригадасына, күзгі егістік «Тәтті нан» бригадасына беріледі. Үстел үстінде диқандарға көмектесетін түрлі машиналардың суреттері бар. Сендер осы жыл мезгіліне қажеттілерін таңдап аласыңдар.

Ойынға жарыстың қажетті суретті кім жылдам таңдап алатыны жөніндегі элементті енгізуге болады. Тапсырманы қиындату үшін картиналарды араластырғанда, еңбектің бұл түріне пайдаланбайтын бульдозер, көтергіш кран сияқты техника құралдары суреттерін қосып жіберуге болады.

Жеңген бригада ұпай алады. Ойын соңында ұпайлар саналып, жеңімпаздар анықталады. Бұл ойын балалар сөз және сөйлеммен танысқаннан кейін жүргізіледі.


«Аңшы»

Дидактикалық мақсаты: балаларды жануарларды, балықтарды, құстарды және т.б. жіктеп, аттарын атау дағдысына жаттықтыру.

Ойын ережелері: келесі тор көзге аңнын атын атағаннан кейін өтуге болады. Орманға барар жолдағы тор көздер нешеу болса, сонша аңнын атын атай отырып орманға жеткен бала жеңімпаз, жақсы аңшы болады. Есіне түсіре алмағандар кейін қайтады.

Ойынның барысы: ауланың немесе алаңның бір шетіндегі бос орында ойыншылар тобы тұрады. Бұл – үй. Үйдің бірнеше шақырым жерде белгі қойылып, сызық жүргізілген. Ол түрлі аңдарға толы орман. Орманға ойыншылардың бірі аңшы болып атанады. Орнында тұрып, ол: «Мен орманға аңға барамын, мен аулайтын жануар ол - ...», деп бір адым алға аттайды да, «қоян», екінші адым аттап, «аю», үшінші адым аттап, «қасқыр», төртінші адым аттап «түлкі», бесінші адым аттап «борсық» деп атайды. Аңшы әр аттаған сайын аңнын бірін айтады. Бір аңды екі рет айтуға болмайды. Құстарды да атауға болмайды, егер құс аулау ойыны ойналса, тек құстарды ғана атау керек.

Үйден орманға дейін әр қадам сайын жаңа аңды атай отырып жеткен бала жеңімпаз болып саналады. Жолда қалғандар кері оралып, орнына басқа ойыншы аңға шығады. Жолы болмаған аңшыға тағы бір рет аңға баруға мүмкіндік беруге болады. Бәлкім осы жолы аңшының жолы болар.

Ескерту: осы ойын ережесі бойынша «Балықшы» ойының жүргізуге болады. Балықшы: «Балық аулауға барып, ... шортан, мөңке балық, алабұға ұстаймын» және т.б.


«Қателесіп қалма»

Дидактикалық мақсаты: жылдам ойлау қабілеттерін дамыту, балалардың күннің әр түрлі мезгілінде не істейтіні туралы біліктерін айту.

Ойын ережелері: Текшелердің бірін алып, күннің белгілі бір уақытында істелетін қандай да бір әрекетті атау керек, сонан кейін күннің кез келген мезгілін атап текшені екәінші адамға беру керек.

Ойынның барысы: тәрбиеші күннің түрлі мезгілі туралы білімдерін бекіте отырып, балалармен әңгіме жүргізеді. Балалар таңертең, күндіз, кешкісін, түнде не істейтіндерін есіне түсіреді, сонан кейін тәрбиеші ойынды ұсынады:

  • Балалар, қане былай істейік. Мен күннің бір мезгілін атаймын, ал сендер сол кезде не істейтіндерінді еске түсіресіндер. Мысалы, мен таңертең дейм, сендер қандай іс-қимылдарды атайсыңдар?

Балалар еске түсіреді: оянамыз, амандасамыз, жуынамыз, тіс тазалаймыз, таранамыз.

Бірақ ойын кезінде мен текше берген бала ғана жауап береді және тек бір әрекетті ғана атайды (балабақшаға барамын немесе гимнастика жасаймын және т.б.). Әрекетті атаған соң ол текшені өзге ойыншыға береді. Әрекетті атай алмаған бала текшені үстелге бір ұрады да әрі қарай береді, сонда ол жеңілген болып саналады.


«Дымбілмеске көмектесейік»

Дидактикалық мақсаты: бір жылдағы айлардың, аптадағы күндердің орналасу жүйелілігі туралы білімдерін бекіту. Жылдағы айлар , аптадағы бұрынғы және кейінгі күндер туралы білімдерін бекіту. Балаларды бір-бірін тыңдай білуге үйрету. Дымбілмеске деген мейірімділіктерін қалыптастыру.

Ойын ережесі: Дымбілмес есінде сақтап қалатындай етіп, айлардың, күндердің орналасу тәртібін мүдірмей айтып беру керек.

Ойынның барысы: тәрбиеші көңілді, ақкөңіл дымбілмес деген бала туралы әңгімелейді: «Дымбілмес өзі бәрін білемін деп ойлайды. Ол өзі сондай мақтаншақ! Ең бірінші сыныпқа келген кезде тәрбиеші былай деп сұрады: «аптанын күндерін ретімен айтып бере аласын ба?» Дымбілмес күліп жібереді де: «Әрине, білемін...» деді. Сосын бастап кетті: Жексенбі – көңіл көтеру күні. Сосын сәрсенбі – ол ештене емес. Сенбі – қыдырғын келеді. Міне, болды!»деді. Дымбілмес жауабына өзі риза болды. Ал сендер қалай ойлайсындар, ол дұрыс жауап берді ме?

Тәрбиеші: оған көмектесу керек. Дүйсенбіден бастап, аптаның күндерін ретімен айтып шығайық. Балалар ретімен атап шығады. Егер кімде-кім шатасып қалса, балалар өздерінің жолдастарына көмектесіп, күннің ретін қайталап айтады.

Дымбілместен қатайлап сұрағанда тағы да бәрін шатастырып алды. Қандай ұмытшақ! Ал сендер айтып беріндерші (балалар жауап береді).

Дымбілместен жылда неше ай бар екенін, қай ай қайсы айдан кейін келетінің, қайсысы бұрын, қайсысы кейін болғаны жөнінде сұрақтар қойылады. Ол шатысады, балалар көмектеседі. Ойын осылай жалғаса береді.





«Үлкен емтихан»

Дидактикалық мақсаты: уақыт туралы түсініктерін тексеру және бекіту. Назар аударуды және тез жауап беруді қалыптастыру.

Ойын ережесі: сұрақты зейін қойып тындап, допты алған кезде тез және дұрыс жауап беру керек.

Ойынның барысы: тәрбиеші: әр түрлі ойындардан сендер уақыттың ұзақтығы. Жыл уақыттарының ауысу тұрақтылығы, апта күндерінің және айлардың атаулары, қазіргі, өткен, келешек уақыттар туралы білдіндер. Бүгін бізде «үлкен емтихан» ойыны болады. Емтиханда тәрбиеші сұрақ қояды, ал бала жауап береді. Шеңберге тұрасыңдар. Мен допты кімге лақтырсам, сол жауап береді. Мысалы: мен таңертең деймін. Әрі қарай қалай? Таңертеңнен кейін не түседі? (күн) содан кейін? (Кеш. Түн). Ал таң, күн, кеш, түн дегенді бір сөзбен қалай атаймыз? Кімге доп барса сол жауап беру керек. Жауапқа бағаны мен айтамын: өте жақсы, жақсы, жаман емес, өте жаман. Ал сендер кім қанша, қандай баға алғанын өздерін санандар.

Қыс, одан кейін не?

Көктем, одан кейін не?

Жаз, одан кейін не?

Күз, одан кейін не?

Қыс, одан кейін не?

Көктем, одан кейін не?

Жаз, одан кейін не?

Күз, одан кейін не?

Қыс, көктем, жаз, күз бұл нелер? (Жыл мезгілдері).

Аптада қанша күн бар?

Бірінші, екінші т.б. қайсысы?

Бір жылда неше ай бар?

Жаз айларын ата?

Күз айларын ата?

Қыс айларын ата?

Көктем айларын ата?

Қыс қай айдан басталып, қай айдан аяқталады? Көктем ше? Жаз ше? Күз ше?

Ал енді сендер өздерін бір-біріне сұрақ қойып, допты лақтырындар.


«Сағаттар еліне саяхат»

Дидактикалық мақсаты: Балаларды сағатты ойлап шығарға дейін адамдардың уақытты қалай білгенімен таныстыру. Мәскеудегі ең үлкен және сенімді сағат қандай, сағаттарды қайда жасайды, сағатпен уақытты қалай біледі, адам өзінің көмекшісі сағатқа қалай қарау керек екені туралы айту.

Ойын іс-әрекеті: сағаттар еліне қиялмен саяхатқа шығу.

Ойын құралдары: Кремльдің мұнарасындағы сағаттың суреті бар плакат. Қала көшелерінде, вокзалдарда, бейнелеген сағаттардың суреттері. Әр түрлі көлемдегі қолсағаттар. Ішінде хаты бар хатқалта.

Ойынның барысы: тәрбиеші: сағаттар еліне сахатқа аттанамыз. Бірінші аялдама «адамдар сағат жоқ кезде уақытты қалай білген?» деп аталады.

  • Сендер қалай ойлайсындар?

  • Адамдар күнге қарап білген. Күн ұясынан шыққан кезде ертеңгілік уақыт басталады, күн шақырайып төбеге келген кезде түскі уақыт, күн батып, қараңғы түсе бастағанда кеш, ал қараңғы түскен кезде түн болады.

Тәрбиеші: адамдар әтештің үш рет «Ку-ка-ре-ку» деп айқайлайтының байқайды: түн ортасында, түн ауған кезде, таңертең.

Адамдар бұрын уақытты осылай біліп отыратын, қазір ше?

Балалар. Сағат арқылы.

Тәрбиеші. Біздің екінші аялдамамыз – Мәскеудегі Кремль маңы (плакатты көрсетеді). Биік Спасск мұнарасынан біз алтын тілді үлкен сағатты көреміз. Олар көп жылдар бойы уақытты көрсетеді.Тәулік сайын сағат 6-00де барлық қалаларда, ауылдарда адамдар радиодан кремль куранттарының соққаның және «қайырлы таң!» деген сөзді естиді. Бәрі таң атқанын біледі. Түңгі сағат 12-00 де сағат қоңырау тағы естіледі. Яғни, түн мезгілінің болғанын білдіреді. Бұл – уақытты ең дәл көрсететін сағат.

Үшінші аялдама – сағат шығаратын зауыт. Мұнда көшелерге, аялдама бекеттеріне, мектептерге арнап әр түрлі сағаттар жасалады. Үйлерде де әр түрлі сағаттар бар. Балабақшадағы сағатты көрсету. Келесі аялдама – зауытта еңбек ететін адамдар (суретті көрсету). Содан кейін сағаттар тіліне назар аудару. Уақытты сағатқа қарап білуді үйренеміз.


«Мен атаған нәрсені көрсет»

Дидактикалық мақсаты: балалардың адам қолымен не жасалғаны және табиғаттың адамға не беретіні туралы білімдерін бекіту. Тірі және өлі табиғат туралы түсінігін қалыптастыру.

Ойын ережелері: балаларға карточкалар таратылады. Олардың міндеті – адам қолымен жасаған заттар бейнеленген карточкаларды іріктеу. Табиғи нысандар бейнеленген қалған карточкаларды балалар екі топқа бөледі: өлі және тірі табиғат. Сонан кейін қайсының қай топқа жататынын табады.

Ойын барысы: тәрбиеші адам қолымен жасалған заттар бейнеленген карточкалары бар балаларды тақтаға шақырады: сонымен бірге тірі және өлі табиғат бейнеленген карточкалары бар балалар да тақтаға шығады. Орындарында қалған балалар достарына баға береді.


«Қай зат неден жасалған?»

Дидактикалық мақсаты: балаларды заттардың неден жасалғанына қарай жіктеуге, өнімнің қандай жануардан алынғанын ажырата білуге үйрету.

Ойын ережелері: допты ұстаған бала бірден жауап беруі керек. Жауап бермеген бала допты еденге бір ұрады да жүргізушіге береді.

Ойын барысы: тәрбиеші ағаштан, металлдан, қағаздан жасалған бұйымдарды көрсетеді. Ірімшік, шұжық, нан, сүт, жұмыртқаның суреттерін көрсетеді. Жүргізуші бір заттың атын атай отырып, допты лақтырады. Оны ұстаған бала жауап береді. Мәселен: қарындаш – ағаштан жасалған, сүт – сиырдан алынады және т.б.


«Менің мекенім, менің отбасым»

Дидактикалық мақсаты: жануарлар мен олардың балалары туралы, олар мекендейтін жерлер туралы білімдерін нығайту.

Ойын ережелері: жануарлар отбасын біріктіріп, олардың үйін атау.

Ойын барысы: балаларға жануарлар суреті бар үлкен карточкалар және олардың кішкентай балалары бейнеленген шағын карточкалары беріледі. Карточкалар араластырылады да, аңнын балаларына өзінің отбасын тауып, ата-анасы кім екенін және үйі қайда екені тапсырылады.

  • Қоян, қөжек; қасқыр, шулан, бөлтірік; түлкі, түлкішек, жаутан; кірпі, ұрғашы кірпі, кірпінің баласы; аю, кірекей, қонжық; тиін, ұрғашы тиін, тиіннің баласы; тышқан мен балалары.

  • Ат, байтал, құлын; қой, саулық қой, қозы; ешкі, теке, лақ; бұқа, сиыр, бұзау; шошқа, торай; қораз, тауық, балапан; қаз, ата қаз, қаздың балапаны; ит, кандек, күшік.


«Менің үйім қайда?»

Дидактикалық мақсаты: балалардың аквариум тұрғындаы мен су тоғандарын жіктеп, аттарын атауға үйрету.

Ойын ережелері: өз тобына арналған тапсырмаға сәйкес келетін суреттерді таңдап алу: балықтар, жәндіктер, құстар, жануарлар, су өсімдіктері.

Ойын барысы: үстелдерге карточкалар қойылады. Балалар алты топқа бөлінеді (ең көбі - балықтар). Жүргізушінің белгісі бойынша балалар бөлмеге кіріп сәйкес карточкаларды таңдап алады, сонан кейін топ болып, бас қосады. Олар жинаған суреттерді қойып, әр топ өз жануарына немесе өсімдігіне үй таңдайды (аквариум немесе су тоғаны). Тәрбиеші баға береді. Балаларға аквариум мен су тоғанының ұқсас және айырмашылық белгілерін атау ұсынылады.





«Кім неге бейім?»

Дидактикалық мақсаты: балаларды жануарлардың табиғат аясындағы өмірге бейімделу ерекшеліктерімен таныстыру.

Ойын ережелері: балалар сурет бөлшектерінің қай жануарларға тиесілі екенін анықтайды да, карточка бөлшектерін біріктіреді (бүркіттің тұмсығы, бүркіттің тырнақтары, құндыздың құйрығы, құндыздың тістері т.б.). Суреттер бойынша жануарлардың дене мүшелері нің қайсысы неге бейімделгендігін айтады. Карточканың екінші жағынан әр жануардың толық екі бейнесін табады. Егер жұптар дұрыс құрастырылса, бейне сәйкес келеді.

Ойын барысы: тәрбиеші барлық жануарларды көрсетіп, атайды. Және дене мүшелерінің қай бөлігі неге бейімделгендігін, табиғатта тіршілік ету үшін неге көмегі тиетіні әңгімелейді. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ жануардың жарты бөлігінің суретін алады. Олар екінші бөлікті табуы тиіс.


«Кім қандай?»

Дидактикалық мақсаты: балаларды жәндіктердің сыртқы кейпіне, дағдыларына, мекеніне, қозғалыс тәсіліне анықтама беруге ынталандыру.

Ойын ережелері: Кім? Не? Қандай? деген сұрақтарға нақты жауап беру керек.

Ойын барысы: тәрбиеші жәндікке анықтама бере отырып, оның сыртқы кейпінің ерекшеліктері, қозғалыс тәсілдері туралы айта отырып, үлгі көрсетеді.


«Бұл ненің құйрығы?»

Дидактикалық мақсаты: үй жануарларының сыртқы кейпінің ерекшеліктері, олардың дене мүшелерінің жеке бөлігі: құйрықтарының көмегіментіршілік ететін ортаға бейімделу ерекшеліктері туралы білімдерін нақтылау.

Ойын ережелері: құйрықтардың қай жануарларға тиесілі екенін анықтау, олардың сыртқы келбетін бейнелеу, құйрықтардың қандай көмегі бар екенін айту.

Ойын барысы: тәрбиеші әр бір жануардың құйрығы туралы әңгіме ұсынады, оның жануар үшін маңызы туралы мәлімет береді. Балалар карточка таңдап алады. Оны мұқият қарап алып, не бейнеленгенін табады. Содан кейін карточкадағы суреттің жұбын іздейді (жануардың бет-пішіні және құйрығы).


«Гүл шоғын құрастыр»

Дидактикалық мақсаты: бақшада, далада, орманда өсетін гүлдерді дұрыс тауып, аттарын есте сақтауға үйрету.

Ойын ережелері: гүлдің кімге арналғаның, қайда өсетінің және қалай аталатының көрсету.

Ойын барысы: тәрбиеші балалармен орманға, баққа, шалғын далаға топ серуен жүргізеді. Онда балаларды түрлі гүлдермен таныстырады. Бағбанның, көбелектің, Дәрігер Айболиттің суреттері қойылады.

Бағбан бақтан, көбелек шалғын даладан, Дәрігер Айболит орманнан гүл жинауды (өйткені олардың дәрілік қасиеттері бар) өтінеді. Гүлдердің суреттері араластырылады да, балаларға үлестіріліп беріледі. Олар кейіпкерлерге кезекпен келіп өз гүлдерін ұсынады. Тәрбиеші мен өзге балалар сыйлықтарға баға береді.


1«Экологиялық пирамида»

Дидактикалық мақсаты: балаларды логикалық ойлай білуге, әр сатыны таңдауын негіздей отырып, экологиялық пирамида құрастыруға үйрету. Табиғаттағы барлық нысандардың өзара байланысын көре білуге баулу.

Ойын ережелері: «Экологиялық пирамида» құрудың тәртібі. 6 текше қолданылады, олардың төрт жағында суреттер бейнеленген, бесіншісі мен алтыншысында – «Экологиялық пирамида» деген жазу бар.

Ойын барысы: тәрбиеші балаларға текшенің тірі және өлі табиғат бейнеленген беттерін көрсетеді.

Бірінші беті – күн, жер, дәндер, тышқан, жылан, қаршыға.

Екінші беті – күн, жер, гүл, көбелек, шымшық, жапалақ.

Үшінші беті – күн, су тоғаны және балдырлар, су жәндіктері, бақа мен балық, кірпі.

Төртінші беті – күн, жер, шөп, орман, қасқыр, түлкілер.

Пирамида құрастырғаннан кейін тәрбиеші балаларға әр сатының өз маңызы бар екенің айтады. Балалармен оқиғаларды ойын ретінде жүргізе отырып, пирамиданың жекелеген сатыларын алып тастау кезінде, табиғат нысанының кез келгенінің жойылуы табиғатты экологиялық апатқа ұшыратынына балалардың назарын аударады.


«Экологиялық тізбек»

Дидактикалық мақсаты: қоректік тізбектің буындары туралы түсініктемелер беру: тірі табиғат, өсімдіктер, улы өсімдіктер, жыртқыш аңдар. Табиғат заңымен таңыстыру: табиғатта жануарлар да, өсімдіктер де өз бетінше тіршілік ете алмайды.

Ойын ережелері: таңдауға негізделе отырып экологиялық тізбек құрастыру.

Ойын барысы: тәрбиеші алдымен қоректік тізбектің жекелеген буындарын қояды. Балаларға қай жануарға тізбек құратынын таңдауға көмектеседі. Карточканың теріс жағындағы цифрларға қарап, тізбек дұрыс құрастырылғанын тексереді.

Мысалы, жапырақ – құрт – шымшық – ителгі.

Дәндер – тышқан – аққұлақ – жапалақ.

Ағаш – балаңқұрт – тоқылда – жапалақ.

Ағаш – қоян – қасқыр


«Тез жауап бер»

Ойынның мақсаты: балаларды жіктеуге, салыстыруға, жалпылау жаттықтыру. Құстар, жәндіктер, балықтар, аңдар туралы білімдерін бекіту. Сан мен сын есімді зат есіммен сәйкестендіруге жаттықтыру.

Ойын материалдары: 1) 9 тор көзге бөлінген кесте. Әр тор көзде – аңдар мен тор көздердің бейнелері: бірінші қатарды – торқай, көгершін, тоқылдақ; екінші қатарда – ара, түлкі, шегіртке; үшінші қатарды – қасқыр, көбелек, суықторғай.

2) 9 тор көзі бар кесте. Бірінші қатарда – сиыр, бұлан, шағала; екіншісінде – мысық, жолбарыс, тауық; үшіншісінде – ит, түлкі, қаз.

3) 9 тор көзді кесте. Бірінші қатарда – арыстан, керік, бегемот; екіншісінде – ақ аю, солтүстік бұғысы, итбалық; үшіншісінде – қасқыр, бұғы, құндыз.

4) 9 тор көзді кесте. Бірінші қатарда – шортан, пингвин, морж; екіншісінде – дельфин, мөңке балық, алабұға; үшіншісінде – бірқазан, ккит, жайын.

5) Аңдар бейнеленген суреттер.

Ойынның барысы: тәрбиеші балалардың көз алдына кестені іліп, қарауды ұсынады және қойылған сұраққа тез жауап беруі тиіс. Дұрыс жауапқа ойыншы фишка алады.

1 кестеге сұрақтар

1) Бірінші қатарда бейнеленген суреттерді жалпы қалай атауға болады?

2) Кестеде барлығы неше құс (төрт). Оларды ата (торғай, көгершін, тоқылдақ, суықторғай)

3) Не артық? Аңдар ма, жәндіктер ме? (аңдар артық).

4) №3 кестеде бейнеленгендерді неше топқа бөлуге болады?

5) Үшінші бағандағы суреттерге қарандар (қатармен шатастырмау). Оларға не ортақ? (барлығы ұшады).

6) Бірінші, екінші бағандағы барлық аңдарды салыстыру. Қандай ортақ белгіні байқадындар? (әр бағанда құстар, аңдар, жәндіктер бейнеленген).

2 кестеге сұрақтар

1) Бірінші және екінші бағандағы аңдарды салыстыр. Оларды қандай топтарға бөлуге болады? (жабайы және үй жануарлары).

2) Бірінші және екінші бағандағы қандай аңдар бір-біріне ұқсас? (мысық-жолбарыс, түлкі-ит).

3) Үшінші бағанда бейнеленгендердің барлығын не деп атауға болады? (құстар).

4) Қай құстар артық? Үй құстары ма, әлде жабайы құстар ма?

5) Екінші, үшінші қатардағы аңдарды салыстыр. Оларға ортақ не байқадындар? (әр қатарда бір бірден үй құсы, бір бірден жабайы аң).

6) Кестеде бейнеленгендердің барлығына қарап қандай жануардың артық екенін айт. Үй жануарлары ма, жабайы аңдар ма? (теңдей).

3 кестеге сұрақтар

1) Қандай аңдар суда көп уақытын өткізеді? (бегемот, итбалық, құндыз).

2) Бірінші қатардағы аңдарға не ортақ? (бұл аңдар ыстық жерде өмір сүреді).

3) Екінші қатардағы аңдарға не ортақ? (бұл аңдар солтүстікте өмір сүреді).

4) Үшінші қатардағы аңдарға не ортақ? (бал аңдар орманда өмір сүреді).

5) Үшінші бағандағы аңдарға не ортақ? (уақыттың үштен бір бөлігін суда өткізеді).6) Қандай аңдар балықпен қоректенеді?

4 кестеге сұрақтар мен тапсырмалар

1) Балықтарды ата.

2) құстарды ата.

3) Не артық? Құстар ма, балықтар ма?

4) Барлық теңіз аңдарын атандар, ең ірісі қайсысы?

5) қай аң солтүстікті мекендейді?

6) Бірінші, екінші бағандағы аңдарды салыстыр. Оларға не ортақ? (Бір-бірден балық, бір-бірден құс, бір-бірден теңіз аңдары).

7) Бірінші және үшінші қатардағы аңдарды салыстыр. Оларға ортақ не байқадын? (бір балық, бір құстан).

8) Барлық аңдарға не ортақ? (Барлығы суда тіршілік етеді).

Сұрақтар

1) Бұл жануарлар қалай аталады?

2) Бұл топтарда не артық? Неге?


«Жұбын танда»

Дидактикалық мақсаты: күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар туралы білімдерін шындау.

Керекті құралдар: кағаздар (карточкалар) жинағы:

-сыпырғыш. Шаңсорғыш, шылапшын, кір жуғыш машина, ине, тігін машинасы, пеш, газ плитасы, арба, машина, қайық, кеме, есеп шот, компьютер, күн қуатты сағат және электр сағаты.

Балалар жұр карточкаларды таңдайды.

1) сыпырғыш-шаңсорғыш;

2) ине-тігін машинасы;

3) арба-көлік;

4) есеп шот-копьютер;

5) шылапшын-кір жуғыш машина;

6) пеш-газ плита;

7) қайық-кеме;

8) күн қуатты сағат-электронды сағат


«Тұрмыстық заттар адамдарға қалай көмек етеді?»

Дидактикалық мақсаты: күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар туралы білімдерін шыңдау.

Керекті құралдар: екі бөлікке бөлінген қиындылар жинағы: бір бөлігінде тұрмыстық зат, келесі бөлікте осы затты қолдануды қажет ететін жағдай бейнеленген.

Шаш – шаш құрғатқыш;

Кілем – шаңсорғыш;

Тәтті нан – араластырғыш;

Көйлек – тігін машинасы;

Ұйықтап жатқан бала – қоңыраулы сағат;

Кофе – кофе қайнатқыш;

Жазу үстелі – үстел шамы;

Түн – көше шамы;

Фотосурет – фотоаппарат.

Балалар тұрмыстағы заттардың адамдарға келтіретін пайдасын айтып береді.


«Сүйікті қаламызға саяхат»

Дидактикалық мақсаты: туып-өскен қаласы туралы білімдерін бекіту. Үлкендер еңбегі, автокөліктер.

Керекті құралдар: қаланың көрікті жерлері, үлкендер еңбегі, автокөліктер бейнеленген үлестермелі карточкалар.

Тәрбиеші балаларды үш топқа бөліп карточкалар таратады.

Балалар қолындағы карточкалар бойынша әңгіме құрастырады. Әңгімені мазмұнды айтқан топ жеңіске жетеді.топтар қағаздарын алмастырып, ойынды әрі қарай жалғастырады.




«Біздің көмекшілеріміз»

Дидактикалық мақсаты: балалардың адамдарға жәрдемі мол машиналар туралы білімдерін шыңдау. Машиналарды пайдаланатын орындарына қарай топтастыру.

Керекті құралдар: тұрмыстық заттар суреттері: араластырғыш, еттартқыш, шырынсыққыш, тоңазытқыш, шаңсорғыш, кір жуғыш машинасы, газ плитасы, үтік, автокөлік суреттері:автобус, троллейбус, трамвай, пойыз, ұшақ, кеме, қайық, катер, тікұшақ, басқа да қолданыстағы машиналар: бульдозер, экскаватор, көтергіш кран, қар тазалайтын машина.

Адамның еңбегін жеңілдететін түрлі машиналар бейнеленген суреттермен қысқаша әңгіме өткізу.


«Кімге не керек?»

Дидактикалық мақсаты: құрылысшы мамандығы туралы білімдерін жетілдіру.

Керекті құралдар: құрылысшы мамандықтары бейнеленген қиындылар: тас қалаушы, сырлаушы, шатыр жасаушы, ағаш шебері, электрик.

Құрал-саймандар бейнеленген қағаздар: бояғыш, лай батырмасы, ара, сүргі, балға, бұрағыш, тіртеуік.

Адамдар үй салғанда қолданатын құрал-саймандарды атандар. Олар: лай бастырмасы, сүргі, бояғыш, балға, кілт ағытқыш.

Кімге жұмыс үшін қандай саймандар қажет?


«Құралдарды ірікте»

Дидактикалық мақсаты: әрбір құралдың қандай заттардан жасалатыны жайлы білімдерін бекіту.

Керекті құралдар: ағаш, шыны, темір, тері, жүн, қағаз, резенке, пластмасса заттарынан жасалынған құралдар.

Үлестірмелі құралдар: балалар қолына әртүрлі заттар: тері, шыны, ағаш, пластмасса бөлігі жабыстырылған карточкалар беріледі. Тәрбиеші: мынау не? деп қолындағы карточканы көрсетеді (шелек). Ол неден жасалған? Пластмассадан. Кімге сәйкес келеді? (қолындағы карточкасында пластмасса қиындысы жабыстырылған бала қолын көтеріп көрсеті).


«Заттар өзі жайлы не дейді?»

Дидактикалық мақсаты: Заттардың атын білу, не үшін қажеттілігі және неден жасалғандығын ажырата білу дағдыларын дамыту.

Керекті құралдар: Әртүрлі материалдан жасалынған заттар.

Тәрбиеші балалармен бірге әртүрлі материалдардан жасалынған заттар түрлерін немесе заттық суреттерді көріп тамашалайды. Сосын барлық заттарды жинап алып, бір ғажайып қапшыққа салып қояды. Балалардың әрқайсысы қапшықтан біртіндеп алып, оның қажеттігі жайлы айтын айта отырып, толық сипаттама береді.


«Сен өз қалаңды білесің бе?»

Дидактикалық мақсаты: Өз қаласының көруге тұрарлық жерлері жайында білім қорын бекіту.

Керекті құралдар: Ақтөбе қаласының көруге тұрарлық жерлері бейнеленген иллюстрациялық үлестірмелі құралдар, текшелер (75 дана).

Әрбір балада өз қаласының көрікті жерлері бейнеленген үштен иллюстрациялық құралдары болады.

  • Абай ескеркіші кімде?

Егер бала дұрыс жауап беретін болса, тәрбиеші текше береді. Кімде-кім алдымен тауып бітсе сол жеңіске жетеді. Ең бастысы жылдамдықта емес, балалардың қателеспеуінде.


«Радио»

Дидактикалық мақсаты: Байқампаздыққа тәрбиелеу және сөздік қорларын дамыту.

  • Радиодан сөйлейтің адамды кім деп атайды? Дұрыс айтасын оны диктор дейді. Бүгін диктор біздің топтың балалары туралы айтады. Ол біздің ішіміздегі бір баланы сипаттайды, ал біз оның сөзінен бір баланы табуымыз керек. Алдымен мен диктор боламын.

  • Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Қыз бала жоғалды. Оның үстінде қызыл свитер, қара юбка, бұрымында ақ бантик. Ол өлеңді жақсы айтады және Айгүлмен дос. Бұл қызды кім біледі? Осылай тәрбиеші ойынды бастап, балаларға сипаттау үлгісін көрсетеді. Балалар өз топтарындағы қызды көрсетеді.

Жаңа дикторды санау арқылы таңдап алады. Егер диктор сипаттама беру кезінде дұрыс бермей, достарын таба алмай қалса айыппұл салынады.


«Кім не жасап жатыр?»

Дидактикалық мақсаты: мамандық түрлерінің атаулары туралы білімдерін бекіту.

Керекті құралдар: түрлі мамандық иелері: аспазшы, құрылысшы, слесарь, сатушы, мұғалім, кір жуушы, кітапханашы, сағат жөндеуші, етікші, тігінші бейнеленген суреттер. Тәрбиеші, аспазшы, слесарь, мұғалім, құрылысшы, сағат жөндеуші, етікті, тігінші бейнеленген суреттерді көрсетеді.Балалар осы адамдардың не істейтіні туралы айтып береді.


«Кім қайда жұмыс істейді?»

Дидактикалық мақсаты: мамандық түрлері туралы білімдерін бекіту. Қандай мамандық түрлері қалаға, қайсылары ауылға қажетті, ал қандай мамандықтар қалаға да, ауылға да керек екендігін түсіндіру.

Керекті құралдар: Түрлі мамандық иелерінің бейнесі бейнеленген суреттер.

Қала: станоктың қасында жұмыс істейтін жұмысшылар, тоқымашылар, жол ережесін реттеуші милиционер, суретші, ғарышкер, балерина.

Ауыл: қойшы, жылқышы, сауыншы. Тракторшы, комбайншы, жеміс өсіруші, мал өсіруші, құс өсіруші.

Қала және ауыл: мұғалім, тәрбиеші, дәрігер, сатушы, тігінші, кітапханашы.

Барлығы 25 дана.

Тәрбиеші балалардан өздері білетін мамандық аттарын атауларын сұрайды. Содан кейін көп қабатты үйдің, бір қабатты үй және үшіншісінде көп қабатты және бір қабатты үй бейнеленген суреттерді көрсетеді. Бұл суреттерді топ бөлмесінің әр жеріне қояды.

Балаларға түрлі мамандық иелері бейнеленген суреттерді үлестіреді. Балалар суреттерге қарап, қай маман қай жерде жұмыс істей алатының (ауылда ма, қалада ма) анықтап айтуы керек.


«Қателеспе»

Дидактикалық мақсаты: көліктердің жерде, ауада, суда жүретін көліктер болып жіктелетіні туралы білімдерін бекіту.

Керекті құралдар: доп.

Балалар бір сызық бойына тұрады. Тәрбиеші балаға кезекпен допты бере отырып, қандайда бір көлік түрінің атын атайды. Допты алған бала бұл көлік көліктің қандай түріне (суда, ауада және жерде жүретін) жататынын айтуы керек.

Егер де бала дұрыс жауап берсе, келесі сыныпқа өтеді, яғни бір адым алға аттайды. Ал егер қателесетін болса, «екінші жылға қалады», яғни орнында тұрады. Алғашқы болып төрт адым жасаған бала жеңіске жетеді.

Тапсырманы өзгертуге болады – тәрбиеші көлік түрінің атауын атайды, ал балалар осы көлік түріне жататын көліктің атын атайды.


«Менің кім болып жұмыс істейтінімді тап»

Дидактикалық мақсаты: Мамандықтар туралы білімдерін бекіту.

Керекті құралдыр: түрлі мамандық иелерінің бейнесі бейнеленген үлестірмелі суреттер (25 дана).

Тәрбиеші балалардан қандай мамандықтарды білетіндерін еске түсіруді сұрайды. Содан кейін әрбір балаға түрлі мамандық иелері бейнеленген суреттер үлестіріп береді.

Сендер өздеріннің суреттерінді мұқият қарап, бейнеленген мамандық туралы айтып беруге тырысып көріндер. Ал біз сендердің қайда және кім болып жұмыс істейтіндіктерінді тауып көрейік.





«Не артық?»

Дидактикалық мақсаты: балалардың Қазақстанның табиғаты және жануарлар әлемі туралы білімдерін бекіту.

Керекті құралдар: Қазақстанның табиғаты (таулары, далалары, шөлдері) суреттері, Солтүстіктің, Африканың табиғаты бейнеленген суреттер (25 дана). Қазақстанның және басқа елдердің жануарлары (піл, керік, ақ аю, морж, кенгуру) суреттері (75 дана)

Тәрбиеші пальмалар, жирафтар, пілдер суреттерін таңдап алады. Балаларға 4 суреттен ұсынылады. Оның біреуі Қазақстанға қатысы жоқ. Балалар ненің артық екенің және неге олай ойлайтындығын айту керек.























МАЗМҰНЫ



АЛҒЫСӨЗ

ОЙЫН – БАЛАЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ІС-ӘРЕКЕТІ

«ҚАТЫНАС» САЛАСЫНА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР

  • тіл дамытуға арналған ойындар;

  • дидактикалық ойындар;

«ТАНЫМ» САЛАСЫНА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР

  • сандық құрамды ажыратуға арналған ойындар;

  • геометриялық пішіндерге арналған ойындар;

  • өлшемдерге арналған ойындар;

  • кеңістікке арналған ойындар;

  • дидактикалық ойындар.

«ДЕНСАУЛЫҚ» САЛАСЫНА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР

«ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» САЛАСЫНА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР

«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» САЛАСЫНА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР

ҚОРШАҒАН ОРТА. ЭКОЛОГИЯ ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР


















ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Артемова Л.В. Дидактикалық ойындар. М., 1992.

  2. Богуславская З.М., Смирнова Е.О. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған дамыту ойындары. – М., 1991.

  3. Никитин Б.П. Дамытушы ойындар. – М., 1994.

  4. Эльконин Д. Психология игры. М., 1999.

  5. Сорокина А.И.Дидактические игры в детском саду

  6. Дьяченко О.М., Агаева Е.А., Чего на свете не бывает

  7. Никитин Ступени Б.П.творчества или развивающие игры

  8.  Михайлова З.А. Игровые занимательные задачи для дошкольников

  9. Виноградова, Н.А. Сюжетно-ролевые игры для старших дошкольников: Практическое пособие

  10. Недоспасова, В.А. Растём играя [Текст] /

  11. Абраменкова В.В. Игры и игрушки наших детей: забава или пагуба? Современный ребенок в игровой цивилизации. М., 1999.

  12. Абраменкова В.В. В мире детских игр // Воспитание школьников. 2000.№7. с.16-19.

  13. Выготский Л. С. Игра и ее роль в психическом развитии ребенка //Вопросы психологии. 1966. № 6. С. 62—76.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2018
3398
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі