Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Ойынның сценарийін жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
6-сынып информатика пәнінен Ойынның сценарийін дайындау тақырыбы бойынша ашық сабақ. Барлық педагогтарға қосымша көмек деп ойлаймын кез келген жеріне өзгеріс жасап өз сабақтарында пайдаланса болады деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

IV. Компьютерлік ойындарды жасау

Мектеп: «Атамекен орта мектебі» КММ

Сынып: 6 «Ә»

Мерзімі: 21.01.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Гайыпбергенова Тамара

Қатысқандар:

Қатыспаған:

Сабақтың тақырыбы:

Ойынның сценарийін жасау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.2.2 блок-схема түріндегі алгоритмді ұсыну.

Сабақтың мақсаты

Ойын сценарийінің, ойын нысандарының не екенін білу және олармен жұмыс істей алу. Ойынның басты және екінші деңгейлі кейіпкерлерін, қарсыластар мен ойын барысында кездесетін кедергілерді анықтап, олармен жұмыс істей алу. Практика жүзінде ойын сюжетін құрып, сценарий бойынша жүзеге асыра алу.

Күтілетін нәтиже (саралау бойынша)

1-меңгеру деңгейі . Барлық оқушы оқулықтағы «Жауап берейік» және «Себебін анықтайық» қадамдары тапсырмаларын орындай алады. Ақпараттарды біледі және олардың мән-мағынасын түсінеді (өнімсіз деңгей)

2-меңгеру деңгейі. Оқушылардың көпшілігі оқулықтағы «Талдап салыстырайық» және «Дәптерге орындайық» қадамдары тапсырмаларын орындай алады (өнімді деңгей). Білімдерін тереңдетеді және жүйелейді.

3-меңгеру деңгейі. Кейбір оқушылар алған теориялық білімдерін: 1) практикада бекітеді («Компьютерде орындайық» қадамында); 2) Алған білімі мен қалыптасқан білігін өмірде кездесетін жағдаяттарды шешуге пайдаланады («Ой бөлісейік» қадамында). Тақырыпты толық меңгеру үшін «Үйде орындайық» тапсырмасын орындайды.

Құндылықтарға баулу

Іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтастыққа баулу.

Алдыңғы білім

Оқулықтағы «Естеріңе түсіріңдер» айдарында берілген тапсырмалар.

Қолданылатын әдістер

«Бес саусақ», «Сұрақ бізден-жауап сізден», «Кім жылдам?», «Саяхат жасайық».

Ресурстар

Оқулық, оқушының жеке дәптері, Мұғалім кітабы, компьютерлер, маркерлер, бағалау парақтары.

Нәтижені бағалау

1-меңгеру деңгейі-«қанағаттанарлық»; 1 және 2-меңгеру деңгейлері-«жақсы»; 1,2 және 3-меңгеру деңгейлері-«өте жақсы».

Кезеңдер, жұмыс түрлері жәнне сабақтың барысы:мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

І кезең. Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру сәті



















Оқушылармен амандасу. Сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Бес саусақ» тренингін ұйымдастыру. Оқушылар қолдарын жоғары көтереді. Саусақтарын біртіндеп бүктеп, тілек айтады (үш рет қайталайды):

Бас бармақ-Бүгінгі

Балан үйрек-сабақта

Ортан терек-көтеріңкі

Шылдыр шүмек-көңіл күй

Кішкентай бөбек-тілеймін!

Сурет қиындыларын құрастыру арқылы оқушылар екі топқа бөлініп, топ басшыларын сайлайды, топтың атауын таңдайды. Топтың аты тақырыптың кілттік сөздерімен аттас болғаны тиімді (мұғалім көмектеседі). Мұғалім топтарға бағалау парақтарын таратып, бағалау критерийлерімен таныстырады.


Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні

Өзін-өзі бағалау

«Үй тапсырмасы »

«Сұрақ бізден-жауап сізден»

«Кім жылдам?»

Постер мен жұмыс

«Компьютерде орындайық»

«Саяхат жасайық»
















2.Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қою.

  • Компьютерлік ойын дегеніміз не?

  • Компьютерлік ойынды құру қандай кезеңдерден тұрады?

  • Жанр дегеніміз не?

  • Қарым-қатынас ойындары қандай әрекеттердің орындалуын қажет етеді?

  • Әрекет ойындарында ойын нысандарының қандай әрекеттері қарастырылған?

  • Басқару ойындарының негізгі әрекеттері қандай?

3.Жаңа тақырыпты меңгеруге оқушылардың қызығушылығын ояту үшін проблемалық жағдаят туғызу.

Мұғалім оқулықтағы «Естеріңе түсіріңдер» айдарының тапсырмаларын және өткен тақырыптар бойынша басқа да қосымша тапсырмаларды оқушылармен бірге талқылау арқылы осы сабақпен логикалық көпір құрады.

«Естеріңе түсіріңдер» айдарының тапсырмалары:

  • Компьютерлік ойындарды әзірлеудің қандай кезеңдерін білесіңдер?

  • Ойынды жобалау деген не?

  • Спрайттар деген не және оларды қалай құрады?

Сұрақтарды талқылау барысында «Сұрақ бізден-жауап сізден» әдісі қолданылады: Оқушылар сұрақтарға жауап береді, жауаптарын талқылайды, ой бөліседі. Мұғалім оларды тыңдап, жауаптарын түзетеді, толықтырады. Ауызша марапаттайды немесе ескертулер айтып, кеңес береді. Оқушылар мұғалімнің жетелеуші сұрақтарының көмегімен сабақтың мақсатын өздері анықтап, келесі кезеңге көшеді.

ІІ кезең. Сабақтың ортасы тақырыпты өз бетімен меңгеру

Топтық жұмыс







Топтардың постерге дайындалуы



Топтардың постер қорғауы

  1. Сабақтың басында бөлінген екі топтың әрқайсысы жеребе бойынша бір-бірден «Жауап берейік», «Себебін анықтайық», қадамдарының тапсырмаларын бөліп алады да, «Кім жылдам?» әдісі арқылы жауап береді. Мұғалім оларды тыңдап, жауаптарын түзетеді, толықтырады.


  1. «Дәптерге орындайық» тапсырмасы.

Жанрлардың түрін анықта және төменде келтірілген әрекеттерді көрсетілген жанрлар бойынша топтастыр.

Жауабы:

Сапарбек


Ойын сценарийін жасау

Shape1

Ойын нысандары

Айнұр




Дұрыс/Бұрыс жауап





Басты кейіпкер қаладағы көрікті орындардың бірінен екіншісіне ауысып отырады.


Shape2

Әр бір жаңа орын ойынның бір деңгейін білдіреді. Ойын 6 деңгейден тұрады.



Ойын сюжеті



Келесі ойын деңгейіне өту үшін Сапарбек қойылған сұраққа дұрыс жауап беруі керек. Қойылған сұрақ осы Астананың көрікті орындарының тарихына қатысты болады. Сапарбек сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда «Жарайсың! Жауап дұрыс!» мәтіндегі хабарлама пайда болады да, ол келесі деңгейге өте алады. Егер берілген жауап дұрыс болмаса, онда «Жауап дұрыс емес. Тағы да байқап көр!» мәтініндегі хабарлама пайда болады.









Сергіту сәті

Мұғалім сергіту жаттығуларын ұйымдастырады.

Бекіту жұмыстары. «Компьютерде орындайық»

  1. Оқушылар дискідегі тапсырмаларды орындайды (жеке жұмыс)

  2. «Саяхат жасайық» әдісі арқылы оқушылар, 10-сызбада көрсетілген саяхат жоспары арқылы сюжет қоюы керек. (топтық жұмыс). Мұғалім жетелеуші рөлін атқарады.

Астананың теміржол вокзалы



Shape3

Атамекен этномемориалды кешені

р


Shape4


«Думан» ойын-сауық орталығы



Shape5

Хан Шатыр



Shape6

Бәйтерек монументі



Shape7

Ақорда


Shape8


Бейбітшілік және келісім сарайы




ІІІ кезең. Сабақтың соңы

Кері байланыс

Бекіту жұмыстарының нәтижесін оқушылар өздері бағалайды. Оларға мағынасы түрлі түсті қағаздар таратылады. Әр оқушы сабақты қай деңгейде түсінгеніне сәйкес түсті қағазды таңдайды, оны түсті қағаздың мәнін бағалау парағындағы «Компьютерде орындайық» бағанына жазып қояды. Топ басшысы бағалау парағының дұрыс толтырылуын қадағалайды.

Жасыл

Жақсы түсіндім

Тақтада:

таза

флипчарт

Сары

Әлі де көмек керек

Қызыл

Маған қосымша дайындалу кажет

Мұғалім толтырылған бағалау парақтарын жинап алады. Сабақтың қорытындысын шығарып, нәтижесін өзінің жеке сынып журналына тіркейді. Сабақ соңында мұғалім белсенді оқушылардың атын атап, ауызша мадақтайды.

Қорытынды:

Мұғалім тақырыпты зерттеуді қорытындылайды және мына көрсеткіштерді жеке журналына белгілейді:

  • 2 балл («қанағаттанарлық») алған оқушылардың саны-1-деңгейді меңгерді;

  • 4 балл («жақсы») алған оқушылардың саны-1 және 2-деңгейлерді меңгерді;

  • 6 балл («өте жақсы») жинап, тақырыпты толығымен игерген оқушылардың саны- 1,2 және 3-деңгейлерді меңгерді.

Үй тапсырмасы

Мұғалім үй тапсырмасын орындау туралы түсініктеме, ұсыныстар береді.

  1. Қалауы бойынша бүгінгі сабақтың тапсырмаларын аяқтап, оқулықта «Шығармашылық тапсырма», «Үйде орындайық» айдарында берілген тапсырманы орындау.

  2. §19 мазмұны бойынша келесі сабақта өтетін презентацияға дайындалу. Оқулық, Интернет, қосымша әдебиеттерді басшылыққа алу.



Мұғалімнің рефлекциясы (жеке журналына жазылады), Сұрақтарға жауап беріңіз: Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? ________________________________________

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? ____________________________________

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?____________________________________

Келесі сабақтарды жоспарлағанда нені ескересіз?_________________________________________

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақ жайында өз ойыңызды жазыңыз: Мен осы сабақтың барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет? ______________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________











































Жауаптары:

Жауап берейік:

  1. Ойын сценарийі дегеніміз не? Ойынның сценарийі - бұл ойын жүзеге асырылатын ережелер жиынтығы.

  2. Ойын нысандары дегеніміз не? Олар қандай рөлдер атқарады? Барлық сценарий негізіне өзіндік қайталанбас қасиеттері бар, қандай да бір нақты рөлді немесе әрекетті орындайтын ойын нысандары жатады.

Ойын нысандары:

  • Ойынның басты кейіпкері

  • Компьютерлік қарсыластар

  • Екінші деңгейлі кейіпкерлер

  • Сыйақылар

  • Қозғалмалы нысандар

  • Декорациялар және т.б.

Себебін анықтайық:

  1. Ойын сценарийі неліктен кез келген ойынның шығармашылық бөлігі болып есептеледі? Ойынның сценарийін құру-бұл кез келген ойынның маңызды шығармашылық бөлігі болып табылады. Ойындар көптеген жағдайларда графикасының сапасы бойынша бағаланып жатады. Дегенмен ойын тек сапалы ғана емес, мүмкіндіктері әртүрлі және қызықты болған сайын оның танымалдылығы арта түседі.

  2. Компьютерлік ойында ойын деңгейлері не үшін қажет? Ойындар көп жағдайда бірнеше жеке деңгейден тұрады, олардың арасындағы ауысулар сюжет бойынша орындалады. Әрбір жеке деңгейде ойын нысандары, қамалдар, қабырғалар, платформалар, декорациялар мен сахналар орналастырылады. Деңгейлер барлық жанрдағы ойындарда құрылады.





Жауаптары:

Жауап берейік:

  1. Ойын сценарийі дегеніміз не? Ойынның сценарийі - бұл ойын жүзеге асырылатын ережелер жиынтығы.

  2. Ойын нысандары дегеніміз не? Олар қандай рөлдер атқарады? Барлық сценарий негізіне өзіндік қайталанбас қасиеттері бар, қандай да бір нақты рөлді немесе әрекетті орындайтын ойын нысандары жатады.

Ойын нысандары:

  • Ойынның басты кейіпкері

  • Компьютерлік қарсыластар

  • Екінші деңгейлі кейіпкерлер

  • Сыйақылар

  • Қозғалмалы нысандар

  • Декорациялар және т.б.

Себебін анықтайық:

  1. Ойын сценарийі неліктен кез келген ойынның шығармашылық бөлігі болып есептеледі? Ойынның сценарийін құру-бұл кез келген ойынның маңызды шығармашылық бөлігі болып табылады. Ойындар көптеген жағдайларда графикасының сапасы бойынша бағаланып жатады. Дегенмен ойын тек сапалы ғана емес, мүмкіндіктері әртүрлі және қызықты болған сайын оның танымалдылығы арта түседі.

  2. Компьютерлік ойында ойын деңгейлері не үшін қажет? Ойындар көп жағдайда бірнеше жеке деңгейден тұрады, олардың арасындағы ауысулар сюжет бойынша орындалады. Әрбір жеке деңгейде ойын нысандары, қамалдар, қабырғалар, платформалар, декорациялар мен сахналар орналастырылады. Деңгейлер барлық жанрдағы ойындарда құрылады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
5275
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12