Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ойыншықтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойыншықтарды сипаттап, атын дұрыс атауға, ұсақ қол маторикасын дамыту, асық туралы түсінік беру, түстерді ажырата білуді, оларды түстеріне қарай топтастыруға үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту, ұлттық ойын ойнау ережесін үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Билингвальды компанент: доп-мячь-boll [бол] Түрлі-түсті сақиналар, түрлі-түсті оюлы дорбалар, боялған асықтар, құлыншақ, қоржын, қонжық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған қызметі: Тіл дамыту

Мақсаты: Ойыншықтарды сипаттап, атын дұрыс атауға, ұсақ қол маторикасын дамыту, асық туралы түсінік беру, түстерді ажырата білуді, оларды түстеріне қарай топтастыруға үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту, ұлттық ойын ойнау ережесін үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Билингвальды компанент: доп-мячь-boll [бол]

Көрнекіліктер: түрлі-түсті сақиналар, түрлі-түсті оюлы дорбалар, боялған асықтар, құлыншақ, қоржын, қонжық

Оқу қызметі барысы:

  1. Ұйымдастырушылық

Тәрбиеші. Балалар бүгін ерекше күн, бізге көп қонақтар келіпті, оқу іс-әрекетін бастамас бұрын қонақтармен амандасып алайық.

/Балалар жарты шеңбер жасап тұрады/

Сәлемдесу. Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп апайды қарашы.

Бәріне біз ізетпен

Иіліп сәлем береміз.

Тәрбиеші. Балалар орнымызға отырайық.

Ұйымдастыру кезеңдері

Тосын сый. Балалар орнына отырған кезде есік қағылып ішке құлыншақ кіреді, ортаға бір бала шығып құлыншақты сипап, ол жайла тақпақ айтып береді.

Құлын –құлын, құлыншақ,

Желкілдейді тұлымшақ.

Маңдайында жұлдызы,

Құйрығында құндызы.

Тәрбиеші. Балалар құлыншақ өзімен бірге көп сыйлықтар алып келіпті. (тәрбиеші ішіндегі асықтарды шашып алады). Балалар қараңдаршы қоржынның ішінен төрт түсті асықтар шашылып қалды, енді міне ішінде төрт түсті оюланған дорба бар.

«Асықты түсіне қарай дорбаға сал» ойыны.

Мақсаты: асық туралы түсінік беру, түсін ажыратуға, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиеші: Балалар, енді қоржынның екінші жағын қарайық, қыздарға тапсырма мына суреттегі комзолдардың түстерін ажыратып, дұрыс атаған қыздарымызға сондай түсті әдемі сақиналар.

Тәрбиеші. Ал, енді балалар бүгін біз М.Әлімбаев Атамыздың «Ойыншықтар» өленің жаттаймыз.

Бізде де бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ,

Ойыншықтар тыңдайды,

Айтқанынан шықпайды.

Ал, қозымен құлыншақ,

Ұйықта десең ұқпайды.

Сергіту сәті: «Қонжық» слайдтың көрсету арқылы орындайды.

Тәрбиеші. Балалар мынау қандай ойыншық?

Балалар. Ол - доп.

Тәрбиеші. Доп неден жасалған.

Балалар. Доп резеңкеден жасалған.

Тәрбиеші. Ал мынау қандай ойыншық?

Балалар. Ол ойыншық домбыра.

Тәрбиеші. Дұрыс айтасыңдар, ол неден жасалған.

Балалар. Домбыра ағаштан жасалған.

Тәрбиеші. Балалар ойыншық сынса, ол бізге қауіпті, қолымызды т.б. жерімізді жарақаттап алуымыз мүмкін сондықтан сыңған ойыншықтармен ойнауға болмайды.

Рефлекциялық-түзетушілік.

Қортындылау. Балалар бүгін бізге сыйлықтар әкелген құлыншаққа не дейміз.

Балалар. Рахмет.

Тәрбиеші. Балалар қане шеңберге тұрып төмендегі өлең жолдарын айтайық.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенші күн жақсы,

Сау –саламат болайық.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
365
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12