Ойыншықтар

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ойыншықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойыншықтар туралы мәлімет беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

____сабақ . Сабақтың тақырыбы:  Ойыншықтар

Мақсаты: Балаларға сүйікті ойыншықтары туралы әңгімелеу,Оларға сипаттама беру,ойыншықтарына таза,мұқият болуға үйрету.Сөздік қорын молайту,қабылдау есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ұқыптылыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу.Балаларға ойын ойнау арқылы ойыншықтардың неден, қандай заттардан жасалатыны жайында ұғым беру.

Тәрбиелік. Ойындар ойнату арқылы достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Түрлі – түсті ойыншықтар, слайд

Әдіс – тәсіл: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ – жауап, дидактикалық ойын

Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі

Сәлеметсіздер ме?

Сұрақ — жауап: Сүйікті ойыншықтарың бар ма ?

-Үйде қандай ойыншықтарың бар ?

Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер ?

Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

Балалар; жауап береді.

Психолог: Балалар , қандай ойыншықтар сатып әперді?

Балалар: Олар — ойыншықтар .

Психолог: Ойыншықтармен не істейді?

Балалар: Ойыншықтармен ойнайды .
Ойыншықтар резеңкеден, плассамасадан, матадан жасалады. Кішкене балаларды немен ойнатады? ең алғашқы ойыншығы-сылдырмақ. сылдырмақты жаңа туған балаларға арнап алады. Баланың ең алғашқы ойыншығы-сылдырмақ. Ежелгі Грецияда және Римде сылдырмақты жаңа туған балаға сыйлаған. Балалар соның куәсі болуға «Ойыншықтар әлеміне» саяхатқа барамыз ба ?


Қ/ойын: Топқа «Бұл ненің дыбысы» ойын /машина, ұшақ, сылдырмақ /


Немен барсақ болады? Мен сендерге көлік дыбыстарын жасырамын, егер тапсаңдар сол көлікпен барамыз.

Мынау ненің дауысы, дұрыс, дұрыс емес/ұшақ, машина, поез/Баллар сендер поезд даусын таптыңдар олай болса жылдам барамыз. Ал бәріміз пойызға отырайық.

Ал паравоз баста алға, Бәрімізді басқарда,Пыш-пыш біз кеттік,Жүрісті біз үдеттік,Гу-гу гуілде, қалып қойма бәрінде.

Балалар жолсерік билет терксереді . Балалар қайда барасыңдар? Ойыншықтар әлеміне барамыз. Олай болса билеттерін қайда ? Мен сендерге жұмбақ жасырамын, соған жауап берсендер «Ойыншықтар әлеміне» саяхаттаймыз.

Жұмбақ шешу.

Ойыншықтар әлеміне саяхат жасау.


Ежелгі ойыншықтарды саздан, ағаштан, ,сүйектен және металдардан жасаған.Ең алғашқы адамға ұқсайтын фигуралар, баланың қолына түскесін,әрине олар ойыншықтарға айналды. Ең алғашқы қуыршақтар әр түрлі заттардан күйдіріп жасалған. Техниканың дамыған заманында ойыншықтардың сапасы мен бет-бейнесі өзгерді. Дүкен сөрелеріндегі толып тұрған неше түрлі ойыншықтар көп. Қытай елінің ойыншықтарын бізге әкеліп сатады, арзан болғандықтан, барлық адамдар осындай ойыншықтар алады.Ал екіншіден ата-аналар балаларына алатын ойыншықтың сапасына көп көңіл аудармайды.. Қазақстанға ойыншықтар30 жуық елдерден әкелінеді.Ола зиянды түрлі аурулар туғызады. Қазір біздің елде де ойыншықтарды шығара бастады.Сапалы ойыншықтар әрине, қымбат тұрады.Үлкен еңбекпен жасап шығарады.


/Менің ойыншықтарым/ Ойыншықтармен амандасайық

Балалар мынаған қараңдаршы ,Мына аға апаны танисыңдар ма , өнер әлемінде ән айта сахнада жүріп қоймай , жұмысынан бөлек өздерінін жеке ойыншықтар шығаратын компаниясы бар. Жарайсыңдар. /бейнефилм көрсету/

Астанада «Қазақстанда жасалған» республикалық отандық ойыншықтар ,еліміздегі ойыншық өндіретін бірінші компания «Бал-бала» авторлық ойыншықтар желісін нарыққа шығарады, олардың прототиптері қазақ халық фольклорының кейіпкерлері Алдар көсе, Тазша бала, Ер Төстік және т.б. Ойыншықтар би билеп, қазақша ән айтады және сөйлейді.«Бал-бала» компаниясының басшысы Қыдырәлі Болманов . Жұмсақ ойыншықтар,олар қандай әсем , әдемі ойыншықтарға жан бітіріп сөйлетті.


Сергіту сәті:


Балалар, қараңдаршы қандай керемет әдемі ойыншықтар бар. Олай болса кәне, балалар ойыншықтармен сырласайық. Сендер қандай ойыншықтарды көріп тұрсындар айтындаршы.


Балалар: машина, ұшақ, доп, аю, қоян, қуыршақ, күшік , мысық. Ойыншықтар әр түрлі болады, Қатты, жұмсақ.

«Дидактикалық тапсырма» « Кім жылдам» сурет құрастыру./машина, доп, қуыршақты киіндіру/



Сабақты қорытындылау: сұрақ-жауап әдісі




























Сабақтың тақырыбы: «Дене мүшелерді тану»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.Зейін қойып тыңдау
2. Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды
3. Зейін қойып оқу
4.Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
Сабақтың мақсаттары: Дене мүшені тануға,ажыратуға үйрету. Олардың қызметі туралы түсінік беру.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
Мұғалім дене мүшелерін нұсқап көрсетеді, ал оқушылар сол дене мүшесін айту керек.

Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты:
• Дене мүшелердің атауларын есте сақтау;
• Дене мүшелерінің қызметін білу.
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту..
Адамның дене мүшелері
Бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, иық - адамның дене мүшелері. Мұны адамның қаңқасы дейді. Адамның бас мүшесінде шаш, бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіс, тіл, таңдай, т.б. мүшелер орналасқан. Адамдар баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен тамақтанады, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды.
Бұлардан басқа көзбен көруге болмайтын ағзалар да бар. Олар: асқазан, бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе, тамақ, іш.
Дене мүшелерін таза ұстау керек. Беті-қолды сабынмен жуып, тісті тіс щёткасымен тазалап отыру керек. Шашты сусабынмен жиі жуып, құлақтың ішін сабынды сумен жуып тұру керек. Денсаулықтың кепілі - тазалық.
Берілген сөз тіркестерді аяқтаңыз.
1. Адамдар баспен ....................
2. Көзбен ......................
3. Мұрынмен ..........................
4. Құлақпен ...........................
5. Ауызбен ..........................
6. Тілмен ..........................
7. Аяқпен ...........................
8. Қолмен .............................
СЕРГІТУ СӘТІ
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ......

- Карточкамен жұмыс: нұсқаулық бойынша өз дене мүшелерін көрсетуге,атап айтуға үйрету;
- Менің аяғым,сенің қолдарың;
-Имитация «аяқпен топ-топ-топ ,ал қолығмен соқ-соқ-соқ»
- Дене мүшелердің қызметі: көз көреді,құлақ естиді,аяқ жүреді,ауыз сөйлейді т.б.
- Домалақ пішінге көз,мұрын,құлақ жасауға үйрету

Қорытындылау: сұрақ-жауап




















____сабақ . Сабақтың тақырыбы:  Ойыншықтар

Мақсаты: Қабылдауды дамыту. Менің және сенің ұғымын қалыптастыру.
Тәрбиелік. Ойындар ойнату арқылы достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Түрлі – түсті ойыншықтар, слайд

Әдіс – тәсіл: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ – жауап, дидактикалық ойын

Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі

Сәлеметсіздер ме?

Сұрақ — жауап ; Сүйікті ойыншықтарың бар ма ?

-Үйде қандай ойыншықтарың бар ?

Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер ?

Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

Балалар; жауап береді.

Психолог: Балалар , қандай ойыншықтар сатып әперді?

Балалар: Олар — ойыншықтар .

Психолог: Ойыншықтармен не істейді?

Балалар: Ойыншықтармен ойнайды .

- Бұл «Мен»:
- Бұл «Сен»;
- Сен қайдасың,өзіңді көрсет;
- Суреттен өзіңді және отбасы мүшелерін көрсет;
- Бұл үйде кім тұрады;
-Мағана ұнамайды;
-Маған керек;
-Маған көмектесші;
-Бұл доп меніңкі,мына машина сеніңкі

«Ғажайып қоржын» ойын: Бұл не ?/бір- екі баланың көзін жұмып ойыншықтарды ажыратып айту./Ойыншықтар неден жасалады?


Сендерге саяхат ұнады ма?Ойыншықты қалай ұстау керек? Сондықтан күтіп, сыңдырмай ұстау керек.


Тіл ұстарту жаттығуы

Іші толған бөлменің,

Ойыншығым мол менің.

Босқа тізіп қоймайсың

келе ғой дос ойнайық.


Енді өздеріне ұнаған ойыншықтарын бар ма ? Сендер ойыншықтар туралы көп нәрсе білдіңдер,Ойыншықтар қандай болады? ойыншықтар туралы өлең, тақпақ айтыңдар, ойын ойнадындар.Ойыншықтарды сындырмай,ұқыпты ойнап, ойнап болған соң жинап қою керек. Балалар топтағы ойыншықтар ренжіп қалар, қайтайық. Сендерге көп- көп рахмет


Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: ойыншықтардың аттарын атауды.

Болу керек: көрнекіліктер, жасалу түрін , ойыншықтар.

Үйрену керек: ойыншықтарды ұқыпты ұстауды

Бірге ойнап жүремін.

Сабақты қорытындылау

Сұрақ-жауап әдісін қолдану




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2025
57
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі