жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ойыншықтар әлемінде"
«ОЙЫНШЫҚТАР ӘЛЕМІ»
Автор: Калжанова Халима Камаловна
Тақырыбы: «ОЙЫНШЫҚТАР ӘЛЕМІ»
Жұмыс орыны: «Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі» ММ «Балбұлақ» мектепке дейіңгі ұйымы МКҚК
Мақсаты: Тәрбиеленушілерге ойын арқылы тәлім тәрбие беру, ой- өрістерін дамыту, шыдамдылыққа, еңбексүйгіштікке, шығармашылыққа баулу.
Білімділік: Ойыншықтарды танып білу арқылы балардың ой- өрісін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру, домбыра, киіз үйді танытып білу арқылы рухани жаңғырту.
Мектепке дейінгі ұйымдарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы идеяларын жүзеге асыру аясында республикамызда көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр, соның бірі быйылғы «Жеті ойыншық» атауы бойынша ұйымдастырылған авторлық жоба. Жобаның авторы: Сакен Қасықбайұлы Болысов. Жобаның ғылыми жетекшісі: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымының кондидаты Фатима Ниязбекқызы Жұмабекова. «Жеті ойыншық» кәзіргі заман талабына сай жасалған, ата- бабаларымыз пайдаланған ұмыт болып бара жатқан киіз үй, домбыра, аса таяқ, сылдырмақ, жетіген, сыбызғы сияқты ойыншықтар. «Жеті ойыншық» балалардың шеберлігін шыңдауға, ойлау қабілетін дамытуға көмектесетін көрнекті құралдар, соның бірі керемет домбыра, керемет үй деп аталатын- ағаштан жасалған құрастырмалы киіз үй. Қазақ халқы даналары айтқандай «Нағыз қазақ- қазақ емес, Нағыз қазақ –домбыра». Домбыра аспабы тек қазақ халқында ғана пайда болған аспап, сондықтан мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілерге осы аспаптың құрылымымен таныстырып, ұлттық құндылықтарды ерте жастан бойларына сіңдіріп тәрбиелесек онда балаларымыз елін, жерін сүйетін нағыз патриот болып өседі, баланың болашағы жарқын, санасы сәулелі, көңілі кіршіксіз, жаны нәзік, сезімтал болатыны анық.
«Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері саналып келе жатқан тақ- тақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс...» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай ұлттық ойыншықтар – халық шығармасының асыл қазынасы, өз халқының ұлттық мәдени мұраларымен таныстырудың қайнар көзі.
«Жеті ойыншық» авторлық жобасы бойынша, «Рухани жаңғыру бала шақтан» оқу жабдықтарын біздің балабақшамыздың тәрбиеленушілері арнайы жабдықталған бөлмеде және заттық дамыту бөлмелердегі ойын –тәрбие құралдарын пайдалануда. Балабақшамыздың тәрбиешілері мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің рухани құндылығын жаңғырту, дамыту үшін заманауи инновациялық әдістерді, жетілдірілген ұлттық ойыншықтарды қолдану арқылы ұйымдастырылған оқу қызметіне осы ойыншықтарды пайдаланады. Кәзіргі кезде тәрбие мәселесі өзекті, өзінің өткірлігі жағынан басты проблемалардың бірі. Елбасымыз өзінің жолдауында мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсару керектігін баса айтқан. «Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады»,- деп атап көрсеткен. Ұлт бесігінде тербетілген бала қоршаған ортаға сәби санамен, кәусар көңілмен қарайды.
Ұлттық ойыншықтар ойнай отырып, ойлануына, ой- өрісінің дамуына өзінің дидактикалық мүмкіндіктерімен ықпал ете алады. Оның негізгі қағидасы- қарапайымнан біртіндеп күрделіге қарай ауыса отырып, іс-әрекетті орындау. Ең басты талап баланың шығармашылық қабілетін арттыру және өздігінен әрекет етуге дағдыландыру.
«Жеті ойыншық» авторлық жобаның ұйымдастырушылары - Ұлттық тәрбие- ұлағат үлгісі екендігін назарға алып, заманауи инновациялық әдістерді, жетілдірілген ұлттық ойыншықтарды қолдану арқылы баланың жан-жақты дамуын ескере отырып, оиыншықтарды 7 аймаққа бөлген:
-
«Зияткерлік» - Сиқырлы сандар аймағы
-
«Ұлы дала ұланы» - Күнделікті өмірге қажетті дағдыларды қалыптастыру аймағы.
-
«Зерделі ұрпақ» - Сенсомоторикалық аймағы,
-
«Ұлы дала сазы» - Шығармашылықты дамыту аймағы,
-
«Ғажайыптар әлемі» - Жаратылыстану аймағы. (Экологикалық, қарапайым биологиялық, физикалық, химиялық түсініктер)
-
«Тіл – Қазына» - Тілдік дамыту аймағы.
-
«Ұлы дала ұлағаты» - Туған жер, тарих- этомәдениет аймағы.
Бұл жобаның негізгі мақсаты білім, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке –ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгертіп жатқан бүгінгі қоғамда лайықты өмір сүруге, жұмыс жасауға баланы ерте жастан дайындау.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың жеке және жалпы дамуын жүзеге асыруы, жетілуі үшін мектепке дейінгі білім және тәрбие беру мекемелері заманауи инновациялық әдістерді, жетілдірілген ұлттық ойыншықтарды қолдану арқылы баланы жан- жақты дамыуына, көрнекі құралдар мен ұлттық ойыншықтар пайдалану қажет. Балалардың әрекеттерін ұйымдастыруда арнайы кеңістік ретінде тәрбиешіге қызмет көрсетеді, тәрбиелеу үрдісіне ықпал етеді. Тәрбиешінің қызметі заттық- дамытушы ортаны және оның құралдарын пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі баланың өз бетінше оған табиғатынан тән қасиеттерін анықтауға және дамытуға көмектесу болып есептеледі. Сондықтан мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық белсенділігін өзіндік дамыту және білім алуы жүзеге асатын дамытушы ортаны ұйымдастыруға балабақшада ерекше көңіл бөледі.
Әрбір ойыншықтарды құрастыруға талпыну баланың өздігінен дербес әрекет ете отырып, белгілі бір деңгейге көтерілуіне мүмкіндік жасайды. Ойыншықтармен ойнату арқылы тәрбиеші балалардың ең маңызды іскерлік, дағдыларды қалыптастыратынына көз жеткізеді, олармен ойнағанда балаға кедергі келтірмей, өздігінен шешім қабылдауға, тапсырманы өзі орындай алатынына жағдай жасау керек. Ойыншықтарды пайдалану, құрастыру арқылы бала іс-әрекетке бейімделеді, шығармашылық қабілеті дамиды, артады. Баланың дүниетанымы кеңійеді, белгілі бір мақсатқа жетуіне көмектеседі, ойлау қабілетін арттырып, еңбек сүйгіштікке, білуге құмарлыққа, аңғарыппаздыққа , көркемдікке тәрбиелейді, өнерге деген құштарлығы ашылады. Балалардың сөздік қоры жаңа сөздермен молайады, ой-өрісі, қиялы дамыйды, зейіні шоғырланып, есте сақтау қабілеті қалыптасады. Сондай- ақ шыдамдылыққа, төзімділікке, мақсатқа жетуге талпынады, ерік, жігер қасиеттері және шығармашылық қабілеттері дамиды.
«Балалар сұлулық әлемінде, яғни ойын, ертегі, ән, сурет, қиял және шығармашылық әлемінде, өмір сүру керек. Бұл әлем баланы қоршап алуы қажет...» деп В.Сухомлинсий айтқандай мектепке дейінгі жастағы балалардың қалыпты дамып, жетілуі үшін қажетті дамытушы ортаны қалыптастыру қажет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген