жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ойыншықтар әлеміне саяхат" ашық сабағы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Айшагүл» ІІ – кіші тобы «17» сәуір 2013 о.ж
Білім беру саласы : Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру
Тақырыбы: Ойыншықтар әлеміне саяхат
Мақсаты: Балалардың өздерін қоршаған ойыншықтары туралы түсіндіру. Ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы сөздік қорын байыту және сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйрету. Геометриалық пішіндер туралы білімдерін бекіту және дидактикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой-өрісін дамыту. Ойын арқылы достыққа, ұйымшылдыққа , жақсы көңіл-күйді сезе білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Әңгіме түсіндіру, сұрақ-жауап, ойындар.
Көрнекі құралдар: Ойыншықтар, пішіндер, қоянды құрастыру, гүлдер.
Қостілдік компонент: Ойыншықтар әлеміне саяхат – путешествие в страну игрушек – travel the country of toys
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық
|
Жай әуенмен балалар топқа кіреді. -Балалар бүгін бізде ерекше күн, тобымызға қонақтар келген қане балалар амандасайық. -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Күн суық па жылы ма? -Дұрыс күн жылы енді сыртқа шығып ойнауға болады. -Балалар сендер үйде, балабақшада немен ойнайсыңдар? -Дұрыс ойыншықтармен ойнайсыңдар, балалар ойыншықтарды сындырмай күтіп ойнау керек. Балалар қане поездбен ойыншықтар әлеміне саяхатқа шығайық. -Балалар алдымен поездға қараңдаршы, поезд қандай? -Поездың неше вагоны бар? -Вагондардың пішіні қандай? Тақпақ «Поезд» Қане кімнің бойы ұзын Паровоз ол поездың, Қатар-қатар тұрайық Поезды біз құрайық. Өте жақсы балалар поезд туралы көп біледі екенсіңдер. -Балалар орнымызға жайғасып, көзімізді жұмып ойыншықтар әлеміне саяхатқа шығайық (поездың әуенімен саяхатқа шығамыз) |
Балалар үш тілде амандасады Көктем Жылы Ойыншықтармен ойнаймыз Тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдайды Балалар қуана келіседі Ұзын 4 вагоны бар(Үш тілде санау) Тіктөртбұрыш Руланның тақпағын бәрі тыңдады Балалар көздерін жұмып саяхатқа шықты |
|
Ұйымдастыру іздестіру |
-Балалар көзімізді ашамыз ойыншықтар әлеміне келдік. -Балалар қараңдаршы мынау не тұрған? -Балалар бұл жай сандық емес сиқырлы сандық екен, бұл сандықты ашу үшін мына кедергілерден өту керек. -Балалар мынау қандай жол жуан ба әлде жіңішкеме?, ал мынау қандай жол? –Балалар енді алдымыздағы жуан және жіңішке жолдардан өтуіміз керек, ол үшін қолдарыңдағы таяқшаларың жуан болса жуан жолдан, жіңішке болса жіңішке жолдан өтулерің керек. -Өте жақсы балалар, жарайсыңдар! -Балалар қараңдаршы сандық құлыптаулы екен сандықты ашу үшін құлыптың кілтін табуымыз керек. Д/о «Құлыптың кілтін табу» Шарты: Құлыпқа қажетті геометриялық пішінді тауып орналастыру. -Олжас сенің құлыпыңдағы кілттің пішіні қандай? -Түсі қандай? -Төртбұрышта неше бұрыш бар, қане санай қойшы -Өте жақсы,жарайсың -Жанеля сенің құлыпыңдағы кілттің пішіні қандай? -Түсі қандай? -Дөңгелекте неше бұрыш бар? -Диана сенің құлыпыңдағы кілттің пішіні қандай? -Түсі қандай? -Үшбұрышта неше бұрыш бар, қане санай қойшы -Өте жақсы балалар, жарайсыңдар сандық ашылды, қарайықшы сандықта не бар екен?! -Балалар мынау не? -Доптың түсі қандай? -Балалар мынау не? -Түсі қандай? -Қатты ма, жұмсақ па? -Мынау не? -Аю қатты ма, жұмсақ па? -Балалар мынау не? -Ыдыстар аз ба, көп пе? -Ал мынау не? -Кубик көп пе, ыдыстар көп пе? -Балалар мынау не? -Қуыршақтың шашы қандай? -Қуыршақтың көйлегі қандай? -Балалар қуыршақтың әдемі әні бар екен, қане бәріміз бірге айтайық Сергіту сәті: Апам үшін күнде мен Отын ағаш жарамын Су құямын гүлге де Дүкенге де барамын Сыпырамын үй үшін Жуам аяқ-табақты Жылай қалса бөпемді Жұбатамын ойнатып -Балалар қуыршақ бізге әдемі әнін алып келді, енді біз қуыршаққа сыйлық сыйлайық -Балалар тақтада не ілініп тұр? -Неше гүл ілініп тұр? -Бір гүлге тағы бір қостым сонда неше гүл болды? -Оған тағы бір гүл қостым,енді неше гүл болды? -Балалар енді салыстырайықшы қызыл гүл көппе әлде сары гүл көппе? -Сары гүл нешеу? -Қызыл гүл нешеу? -Өте жақсы балалар, жарайсыңдар бәрі н біледі екенсіңдер, гүлдерді қуыршаққа сыйлайық. -Балалар мынау не? -Балалар қоянның түсі қандай? -Қоян қатты ма, жұмсақ па? -Қоянның құлағы қандай? -Балалар қоян көңілсіз екен, қане қоянға Альмира тақпақ айтып берсін. Тақпақ «Қоян» Ұзын құлақ с р қоян Естіп қалып сыбдырды Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді -Балалар әліде қоянның көңілі көтерілмеген сияқты, қане қоянмен ойын ойнайық. Ойын «Досыңды тап» Шарты: Әуенмен билеп жүріп , ән тоқтағанда досымен шеңбердің ішіне тұра қалады. -Балалар қоянның көңілі көтерілген сияқты, қоян әрдайым көңілді болу үшін достар құрастырып берейік. Құрастыру: Қоян суретінің қиылған бөлшектерін құрастыру. -Өте жақсы балалар, бәрін біледі екенсіңдер қоянда сендерге риза болды. -Балалар сандыққа жетер жолдағы кедергіден өттік, құлыпты аштық, қуыршақпен ән айттық гүл сыйладық, қоянмен ойын ойнап қояндар құрастырып бердік. Мына сандықтың ішінде бізге арналған сыйлықтар бар екен. -Ал, балалар ойыншықтарымызды алып поездбен топқа қайтпас бұрын қонақтармен қоштасып алайық. Осымен бүгінгі ҰОІӘ аяқталды. Сау болыңдар! Досвидания! Good bye! |
Балалар көздерін ашады Сандық Тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдайды Жуан-толстый Жіңішке-тонкий Тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдайды Балалардың назары сандықта Д/о шартын мұқият тыңдайды Төртбұрыш-прямоугольник Жасыл-зеленый-yellow 1,2,3,4 Дөңгелек-круглый Қызыл-красный-red Бұрыш жоқ Ұшбұрыш Көк-синий-blu 1,2,3 Доп Қызыл Машина Сары Қатты Аю Жұмсақ Ыдыстар Көп Кубиктар Ыдыстар Қуыршақ-кукла Ұзын, түсі сары Қысқа, түсі қызыл Тәрбиешімен бірге іс-қимылдарды қайталайды Гүл-цветы-flower Біреу Екеу Үш гүл болды Сары гүл көп Екеу Біреу Қоян-заяц-rabbit Ақ Жұмсақ Ұзын Бекзат тақпақ айтады Балалар ойынға белсене қатысады Балалар қуана келіседі Балалар қызыға құрастырды Балаларда риза болды Тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдайды. Балалар үш тілде қоштасады |
|
Рефлексивті түзетушілік |
ҰО іс-әрекетін сұрақ қою арқылы қорытындылаймын |
Балалар ҰОІӘ не белсене қатысты |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Ойыншықтарды сипаттауды біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Санауды, салыстыруды, ажыратуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Шапшаңдыққа, тез құрастыруға, дос болуға.
Тәрбиеші:Табимбаева Н.Ж
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген