Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ойыншықтардың құрамындағы химиялық элементтердің бала денсаулығыны әсері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Алматы қаласының Әкімшілігі
«Интердент» жоғарғы медициналық колледжі
ҚАЛАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЕҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРДЫҢ КОНКУРСЫ
Секция: химия
Тақырыбы: Ойыншықтардың құрамындағы химиялық элементтердің бала денсаулығына әсері
Жоба авторының аты-жөні: Қырманшиева Қарлыға
Топ 304
Курс 3
Мамандығы «Емдеу ісі»
Ғылыми жетекшісі: Жоғары санатты химия пәнінің оқытушысы
Рахметжанова Гулдариға Молдахметовна
Алматы – 2021
Ойыншықтардың құрамындағы химиялық элементтердің бала денсаулығына әсері
Ойыншық – баланың жұбанышы, қуанышы. Құрастырмалы кубиктер бала сана-сезімінің, миының жетілуіне әсер етеді. Аң-құстардың бейнелері жан-жағындағы тіршілік әлемімен жақынырақ таныс болуына өз ықпалын тигізеді. Сондықтан балалар ойыншығына үлкен көңіл бөлінуі керек. Бағасы арзан ойыншықтардың сапасы балалардың көзіне, жүйке жүйесіне, тыныс жолдарына, иммунитетін төмендететіні, денсаулығына зиянды екені белгілі болып отыр. Анықталған ойыншықтардың құрамындағы зиянды заттарға: мырыш, қорғасын, фенол, формальдегид жатады.
Бірақ бала тұрмақ, ересектің де үрейін алатын вампир-қанішерлер, өрмекші адам, сұрықсыз Шрек, Спанч Боб сынды түр-сипаты келіссіз бейнелер қазақ баласына қандай өнеге береді? Олардың орнына өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды сипаттайтын киіз үйлеріміз бен музыкалық аспаптарымыз, қала берді, қиял-ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері де балаларымызға өте қолайлы ойыншық болары сөзсіз. Базар мен дүкен сөрелерін аралау барысында ұлттық ойыншықтарға да іздеу салып көрдік. Бірақ бірлі- жарымды киіз үй мен домбыра сынды аспаптарды кездестірдік. Оның бірде - бірі ойыншық ретінде жасалмаған. Тек кәдесыйға ғана арналған. .[6]
Рас, бүгінгі ата-ананың көпшілігі «бала заманға сай тәрбие алуы тиіс» деп есептейді. Бірақ ұлтының ұлы мұрасын білмей өскен ұрпақ ертең дүбәра болады. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың « Болашаққа бағдар -Рухани жаңғыру» бағдарламасында атап көрсеткендей:
«Ұлттық салт - дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» - дегендей.[11]
Психолог мамандар «қыздарымыз құшақтап жүрген көк көзді, сары-жасыл, көк-ақ шашты қуыршақтар бала психологиясына кері әсерінің көп екендігін ескертеді. Тіпті сұлулығында бір міні жоқ «барбилерге» қарап өсіп келе жатқан қыздарымыз өз тұрпатын кем санауы оларды үлкен күйзеліске де ұшырататынын» айтып, дабыл қағуда. Міне, Қытайдың қаңсыған ойыншықтарын қазақ баласына таңсық етеміз деп жүріп, болашақ ұрпақты айықпас дертке ұшыратып алмайық. .[6]
Болашағымыз – өсіп келе жатқан сәбилердің ойыншықтарының сапасының баланың денсаулығы мен дамуына әсері, отандық ойыншықтарымыздың әлі күнге дейін қолданыс таба алмауы төңірегіндегі мәселелер. Ал «ойыншық не үшін қажет»? - деген сұрақ туындайды. Ойыншық - баланы жан-жақты тәрбиелеу мақсатында пайдаланады. Баланың дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі, белгілі бір мақсаттағы, ойластырылған әрекетке үйретеді, қиялын дамытып, еңбек сүйіспеншілігін, техникаға қызығушылығын, білуге құмарлығын, аңғарғыштығын қалыптастырады, көркемдікке, талғампаздыққа тәрбиелейді, өнерге ынталандырады.
Әр түрлі ойынға белсенді қатынасу баланың жігерін ұштап, өз күшіне сенімін арттырады.
Ойын мен ойыншық – ажырағысыз ұғымдар. Ойыншық – балалардың ойыны үшін арнайы жасалған зат. Бірақ бұл нағыз заттың кішірейтілген көшірмесі емес, барынша көркемдеп жинақталған сол заттың шартты бейнесі. Түрінің айқындығы, икемділігі, бояуының ашық және шартты болуы – осының бәрі баланы ойынға қызықтырып, онымен ойнауға ықыласын туғызады. Ойыншық – бала қуанышының қайнар көзі. .[1]
А.С. Макаренконың анықтамасы бойынша, ойыншық ойынның материалдық негізі болып табылады. Ойын барысында бала өз ойын, сезімін іске асырады, демек, бала қандай ойыншықты қолына алып, нендей ойынды ойнаса, оның ойлаған ойын, іс-әрекетін іске асыруы cоған байланысты болады. .[2]
Ойыншық – ұрпақ бойына ұлттық ерекшеліктерді сіңіруде таптырмас құрал. Осы орайда балалар ойнап жүрген ойыншықтардың қауіпсіздігі мен берер пайдасын зерттеу. Е.А. Флеринаның жасаған классификациясына сәйкес түрлермен көрсетілген. Ойыншық – моторлы ойыншық, сюжетті ойыншық, техникалық және құрылыс материалдары ойыншықтары, дидактикалық ойыншық, қызықты ойыншықтар, музыкалық және театр көріністері ойыншықтары болып бөлінген. Осы орайда балалар ойнап жүрген ойыншықтардың қауіпсіздігі мен берер пайдасын зерттеу. Табиғи материалдан ойыншықтар жасау. [7]
Өзіміздің, қазақ тарихына сүйенсек . Қойдың ортан жілігінің жамбас ұясына кіретін жұмыр басын шорт қиып, ортасын теседі. Сол тесікке ұшқат, емен, тобылғы тәрізді қатты ағаштың төменгі жағын үшкірлеп, жоғарғы жағын сәл қырлай жонып өткіп, тегіс тақтаның, әйнектің бетіне шиырып жіберсе, көп уақытқа шейін тоқтамай зымырап айналып тұратын «зымырауық» деген ойыншық болған . [5]
Міне, осындай т.б. көптеген мәліметтерді көрсетуге болады. Сол замандарда - ақ адамдар баланың сана-сезімінің жетілуіне, танымдық процестерінің дамуына, денсаулығының мықты болуына ойыншықтың ықпалының зор екенін аңғара білген. Атамыз қазақ та «Баланың ойнағанына қара, қазанның қайнағанына қара» дейді. Текке айтпаған болар?
Жақында ақпарат көздері дабыл қаққан Қытайдан келетін «Барби» қуыршағының құрамында кадмий мен қорғасын 20-25 есе, ал «Кастрол» деп аталатын мотоциклде 6 есе көп және үрмелі шарларда зиянды заттардың мөлшерден тыс екендігі айтылған еді. Өткен жылдың қорытындысында 15 тонна Қытай ойыншықтары «сапасыз, талапқа сай емес» деп қайтарылғанымен, (кедендік бекеттерден) астыртын өтіп жатқандары еселеп көбейіп келеді. Оның сап тыйылуына ешкім кепілдік бере алмайды және тығырықтан шығудың жолы да емес екендігі мәлім. Ол үшін оның орнын отандық өніммен алмастыратын уақыт жетті деп ойлаймын. Өйткені, әлем ғалымдарының зерттеуіне сүйенсек, бала ойыншығына мөлшерден көп салынған қорғасын тікелей жүйке жүйесіне әсер етсе, біртіндеп жиналған қорғасын бауырға жиналып, түрлі созылмалы ауруларға әкеліп соғу қаупін төндіріп, ол кейін жүрекке де өтеді екен. Ал негізінен резеңкеден жасалған ойыншықтарда рұқсат етілетін мөлшерден жоғары деңгейде кездесетін формальдегид, фенол деген химиялық заттар бірінші кезекте баланың тыныс алу жолдарына зақымын тигізеді, яғни, тітіркендіріп, аллергия береді. Бұдан кейін бала есінен танып, талма ауруына (судорги) шалдығуы да мүмкін деген деректер тіркелген.[9]
Қай-қайсымыз болмасын, кез-келген ата-ана балаға түрлі-түсті бояулармен көмкеріліп, әдеміленген ойыншықтарды алып беруге құштар. Бірақ, сол қызылды-жасылды ойыншықтар баланың көзін ауыртып, тыныс алу жолдарына кері әсер ететінін біле де бермейді. Ал сәбилеріміз ойыншықты ауызға салуға құштар. Сол сәтте бояудың құрамындағы зиянды, улы заттар ішкі ағзаларға түсіп, асқазан, ішек жолдарын ауруға ұшыратуы мүмкін. Себебі, Қытайдан алып келген ойыншықтардың құрамында формальдегид әдеттегіден 10-15 есеге дейін көп болады екен. Бояудың құрамында оған қоса фенол, қорғасын элементтері де көп кездеседі екен. Ойыншықтардың көбі поливинихлоридтен жасалады, сонымен қатар олардың құрамында басқа да химиялық ингредиенттер болады. Мұндай ойыншықтардың құрамындағы зиянды заттардан бала иммунитеті әлсіреп, ауруға бейімділігі артады. Тағы бір «әттеген-айы», олар сапасы жағынан да сын көтермейді.[8]
Базарға, дүкенге бара қалсаң Қытайдың толып тұрған ойыншықтарына тап боласың. Олардың жанынан өткенде өткір иістері мүңкіп, басыңды ауыртады. Еліміздегі арзан бағадағы ойыншықтар балалар денсаулығына қауіпті болса, қауіпсіз ойыншықтардың бағасы тым жоғары.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050 : Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ » Қазақстан Халқына арналған Жолдауымен егеменді дамудағы Қазақстандық мол тәжірибесі негізінде барлық елді біріктіретін және ел болашағының негізін қалайтын басты құндылықтар құрылды – деп айтты. Осыны негізге ала отырып зерттеу жұмысымның нәтижесін айқындауыма болады. [10]
Жоғарыда аталған мәліметтерді мынадай зерттеу әдістері арқылы жинақтадым. Олар, сұхбат, салыстыру, әдебиеттер және тарихи мәліметтермен танысу, табиғи материалмен жұмыс арқылы.Ал зерттеу материалы ретінде сатылымдағы және балалар ойнап жүрген ойыншықтар. Мен бұл мәліметтердіэлектрондық сауалнама жүргізу негізінде алдым.
Елбасымыз биылғы жолдаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасында әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытты айтқан болатын. Соның бірегейі – бәсекелік қабілет. Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықты бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін – деген. Міне, осы бағдарламаны насихаттау және орындаудағы басты қадамын болып табылады. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелік қабілетімен айқындалауы сөзсіз.
Денсаулығына еш зияны жоқ, сапалы, барлық ата-аналардың мүмкіндігіне лайықты, табиғи материалдардан ойыншықтар жасауды насихаттау.
Болашақта ағамыз Қыдырәлі сияқты, өз ұлтымыздың ойыншық жасау өнеркәсібін дамытуға өз үлесімді қоса отырып, денсаулығына еш зияны жоқ, сапалы, барлық ата-аналардың мүмкіндігіне лайықты, табиғи материалдардан ойыншықтар жасап, елімнің сәбилерінің қуанышына бөленгім келеді.
Ұсыныстар:
1. Отандық ойыншық жасау үшін үкімет тарапынан үлкен қолдау қажет;
2.ТМД елдеріндегі ойыншық жасау технологиясын үйренуге арнайы маман даярлау;
3.Сол мамандарды ұлттық нақыштағы сапалы ойыншық жасау шеберлігін дамыту;
4.Ойыншық жасау үшін, ең бірінші ойыншық түрін анықтап, үлгісін беретін топ немесе кеңес құру керек. Сол кеңес мынадай мамандар болуы керек деп ойлаймын. Дизайнер , арнайы химиялық сапасын бақылайтын маман, технолог, кеңес беретін үнемі балалармен жұмыс жасаған тәрбиеші, психолог. Осы мамандар нақты дұрыс шешім қабылдап, болғаннан соң өндіріс жұмысты жалғастырады.
-
Шаңырақ энцклопедия Алматы 1990 ж. 434-435 бб.
-
Батурина Е.Г. Балабақшадағы тәрбие программасына арналған ойындар жинағы. Алматы 1981 ж. 211-215бб.
-
Менджерицкая Д.В. Воспитание детей в игре Москва 1979 ж.
-
Лисова К. История возникновения игрушки. Москва, 2009 ж.
-
Дәркембай Шоқпарұлы. Сүйектерге жан бітсе. Алматы 1993ж. 4-5 бб.
-
Дүйсенбайқызы Анар. Ана тілі. Алматы № 24 маусым
2010 ж1-3 бб.
-
Ә. Құдайбергенова. Жұлдыздар отбасы. Алматы №1 қаңтар 2001 ж. 7-14 бб.
-
Баян Жаңабаева. Алатау газеті. Алматы. маусым 2011 ж. 4 б.
-
Справочник для родителей. Алматы №5-6 2008 ж 16-17 бб.
-
https://baribar.kz/student/640/qazaqstan-2050-strategiyasy-qalyptasq/