жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ОЖСБ жоспары
«Б Е К І Т Е М І Н»
Ахмет Байтұрсынұлы
атындағы гимназия
директоры :___________ Д.К. Нұрбалтаев
2018 - 2019 оқу жылында 4 «В» сынып оқушыларының ОЖСБ-ға дайындық жұмыстарын жандандыру мақсатында жасақталған іс-шаралар жоспары.
Мақсаты: Оқушыларды ОЖСБ -ға сапалы дайындауды қамтамасыз ету.
Міндеттері:
1. Сабақ барысында, сабақтан тыс уақытта ОЖСБ -ға жүйелі дайындықты ұйымдастыру.
2. Жеке сапалы мониторинг негізінде түзету жұмысын өткізу, оқу жетістіктерін мониторингілеу.
3. Оқушылардың білім сапасын арттыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру.
4.Ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
|
№ |
Жұмыстың мазмұны |
Мерзімі |
Жауапты |
|
1. |
2018-2019 оқу жылына ОЖСБ-ға жылдық жоспарын құрып, бекіту. |
04.09.18 |
Айдарбекова Г. |
|
2 |
Оқушыларға, ата-аналарға ОЖСБ туралы мәлімет беру, ережесімен таныстыру |
07.09.18 |
Айдарбекова Г. |
|
3 |
Мектеп психологы оқушылармен арнайы тренингтер өткізу, психологиялық тұрғыдан дайындау. |
11.09.18 |
Айдарбекова Г. Мектеп психологы |
|
4 |
Математика,әдебиеттік оқу пәндерінен қосымша сабақтар өткізу. |
14.09.18 |
Айдарбекова Г. |
|
5 |
Дүниетану,қазақ тілі пәндерінен қосымша сабақтар өткізу. |
17.09.18 |
Айдарбекова Г. |
|
6 |
Жауап парағымен жұмыс жасау |
21.09.18 |
Айдарбекова Г. |
|
7 |
Математика,әдебиеттік оқу пәндерінен тест тапсырмаларын алу |
02.10.18 |
Айдарбекова Г. |
|
8 |
Қазақ тілі, дүниетану пәндерінен тест тапсырмаларын алу |
5.10.18 |
Айдарбекова Г. |
|
9 |
Мониторингтік сараптама жасау, тест тапсырмаларына талдау жасау |
9.10.18 |
Айдарбекова Г. |
|
10 |
Төмен балл жинаған оқушылармен жеке жұмыс жасау.Психологиялық көмек көрсету |
17. 10 18 |
Айдарбекова Г. Мектеп психологы |
|
11 |
Оқушылардан алынған тесттердің мониторинг көрсеткіштері туралы ата-аналарға мәлімет беру. |
26.10.18 |
Айдарбекова Г. |
|
12 |
Математика,әдебиеттік оқу пәндерінен қосымша сабақтар өткізу, тест алу |
9.11.18 |
Айдарбекова Г. |
|
13 |
Дүниетану,қазақ тілі пәндерінен қосымша сабақтар өткізу, тест алу |
16.11.18 |
Айдарбекова Г. |
|
14 |
Тест орталығынан алынған тест тапсырмаларын алу |
23.11-28.11.18 |
Айдарбекова Г. |
|
15 |
Алынған тест тапсырмаларын талдау,мониторинг жасау |
12.12.18 |
Айдарбекова Г. |
|
16 |
Оқушылардың ұпай санын арттыруға бағытталған жұмыстар , психологиялық тренингтер жүргізу |
17.12.18 |
Айдарбекова Г. |
|
17 |
Оқушылардан алынған тесттердің мониторинг көрсеткіштері туралы ата-аналарға мәлімет беру. |
21.12.18 |
Айдарбекова Г. |
|
18 |
Математика,әдебиеттік оқу пәндерінен қосымша сабақтар өткізу, тест алу |
11.01.19 |
Айдарбекова Г. |
|
19 |
Дүниетану,қазақ тілі пәндерінен қосымша сабақтар өткізу, тест алу |
15.01.19 |
Айдарбекова Г. |
|
20 |
Тест орталығынан алынған тест тапсырмаларын алу |
23.1-01-05.02.19 |
Айдарбекова Г. |
|
21 |
Алынған тест тапсырмаларын талдау,мониторинг жасау |
14.02.19 |
Айдарбекова Г. Мектеп психологы |
|
22 |
Оқушылардан алынған тесттердің мониторинг көрсеткіштерін туралы ата-аналарға мәлімет беру. |
19.02.19 |
Айдарбекова Г. |
|
23 |
Әр пән бойынша оқушылардан тест алу Психологиялық жұмысты ұйымдастыру |
26.02-02.03.19 |
Айдарбекова Г. |
|
24 |
Тест тапсырмаларын талдау, оқушы жетістіктеріне мониторинг жасау |
05.03.19 |
Айдарбекова Г. |
|
25 |
Оқушылардан алынған тесттердің мониторинг көрсеткіштері туралы ата-аналарға мәлімет беру. |
15.03.19 |
Айдарбекова Г. |
|
26 |
Тест орталығынан алынған тест тапсырмаларын оқушылардан алу Психологиялық көмек көрсету |
05.04-12.04.19 |
Айдарбекова Г. Мектеп психологы |
|
27 |
Тест тапсырмаларын талдау, оқушы жетістіктеріне мониторинг жасау.Жауап парағымен жұмыс жасау. |
24.04.19 |
Айдарбекова Г. |
|
28 |
Оқушылдарды ОЖСБ өткізу кезіндегі ережемен таныстыру, қатыстыру. |
26.04.19 |
Айдарбекова Г. |
|
29 |
Жыл бойы алынған тест тапсырмаларын талқылау |
07.05-13.05.19 |
Айдарбекова Г. |
|
30. |
ОЖСБ қорытындысына есеп беру |
17.05.19 |
Сынып жетекшісі Айдарбекова Г. |
4 «В» сынып жетекшісі: Айдарбекова Г.А.
Жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау
Білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.
ОЖСБ-ның мақсаты:
- бастауыш мектепте - оқу жетістіктерін мониторингтеу;
- негізгі мектепте - оқу жетістіктерін мониторингтеу және оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау.
ОЖСБ-ның міндеттері:
1) білім сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандарттары талаптарына сәйкестігін айқындау;
2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;
3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады.
ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында бланкілік немесе компьютерді түрде жүргізіледі.
ОЖСБ тестіленушілер білім алып жатқан білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.
Тестілеу оқыту тілінде тапсырылады.
Тестілеу тапсырмалары жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламалардың шеңберінен шықпайды. Тест тапсырмалары бойынша толығырақ мұнда таныса аласыз.
ОЖСБ 4 пен 9 сыныптарда өткізіледі:
- 4-сыныптарда 2 пән бойынша жүргізіледі және оның тізбесін жыл сайын уәкілетті орган айқындайды. Тестілеуге 1 сағат 10 минут (70 минут) уақыт беріледі.
- 9-сыныптарда 2 пән: қазақ тілі және басқа жалпы білім беру пәндері бойынша жүргізіледі, оның тізбесін жыл сайын уәкілетті орган айқындайды. Тестілеуге 2 сағат 10 минут (130 минут) уақыт беріледі.
ОЖСБ нәтижелері білім беру ұйымдарының назарына тестілеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде жеткізіледі.
ОЖСБ-ның нәтижелерін өңдеу Ұлттық тестілеу орталығының филиалдарында жүргізіледі.
2018-2019 жылғы оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындық
Орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (ОЖСБ) дайындық кезінде пәндер бойынша тест спецификацияларын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқу үрдісінде пайдалануға ұсынған оқулықтарын басшылыққа алу керек. Себебі, ОЖСБ-да жүргізілетін кешенді тестілеудегі тапсырмалар саны мен мазмұны, тестілеуге бөлінетін уақыт әр пән бойынша тесттің спецификациясына сәйкес айқындалады.
Тест спецификациясы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен жалпы білім беретін пәндері бойынша оқу бағдарламасына, оқулықтарға сай әзірленеді.
Тест спецификациясы тест жоспары мен тестілеу рәсімі туралы толық мәлімет берілген құжат. Ол төмендегідей элементтерді қамтиды: тест мақсаты, міндеттері, тест тапсырмалар мазмұны сипаттамасы (тапсырманың нені тексеретіндігі), тест тапсырмасының орындалуының орташа уақыты, тапсырмалар саны, тапсырма формасы, жеке тапсырмалардың және жалпы жұмыстың бағалануы.
Спецификация Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен оқу бағдарламасының, емтихандар форматының өзгеруіне байланысты жаңартылады.
2016 жылдан бастап ОЖСБ форматы өзгерді. Осыған орай қайта бекітілген тест спецификацияларына сәйкес ОЖСБ тест тапсырмаларының құрылымы төмендегідей болды.
4 сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:
- әр пән бойынша 15 бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы;
- оқу сауаттылығын бағалауға арналған 2 мәтін, әрбір мәтінге 3 тест тапсырмасы.
9 сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:
- қазақ тілі пәнінен – 20 бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы. Оның ішінде оқу сауаттылығын бағалауға арналған 1 мәтін, мәтінмен жұмыс істеуге арналған 5 тест тапсырмасы;
- басқа пәндерден – 40 тест тапсырмасы. Оның ішінде 25 – бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы, 15 – бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы.
Тест тапсырмаларының бағалануы:
- бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы – әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл;
- бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы – дұрыс жауаптың бәрін таңдағанда 2 балл, бір қате жіберілсе (дұрыс жауаптың 1-уі табылмаса немесе 1 дұрыс емес жауап таңдалса) 1 балл, екі немесе одан да көп қате 0 балл.
Тесттің түрлері:
1. Толықтыруды қажет ететін тестілер;
2. Еске салушы тестілер, тест сұрағына қандай да бір факті, заң мағынасы, ережелер болады. Мұндай нақты қойылған сұраққа бір жақты жауапты білу тексеріледі;
3. Балама жауаптары бар тесті;
4. Таңдамалы тест. Бірнеше жауаптардың ішінен дұрыс берілуі таңдалады.;
5. Сәйкестілік тесті. (салыстыру) тапсырма екі бағанадағы бір – бірімен мағынасы сәйкес элементтерді табу керек;
6. Қосымшалық тест. Қазақ тілінің жалғамалы ерекшелігін оқушы меңгереді ме, әлде жоқ па деген сұраққа жауап іздегенде қолданылатын тест түрі;
7. Жұмбақтық тест. Тілдегі сөздерді олардың мағынасын, қолдану аясын жете білуімен байланысты оқушының мүмкіндігін білдіреді.
8. Өлшемдік тест. Оқушының білім дәрежесін тексеру үшін жүргізіледі.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген