Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


"Интердент" жоғарымедициналықколледжі

Құжаттаматәртібі

ҚТ-СМЖ-003.4-2024

Әдістемелікқызметтібасқару

Оқу әдістемелік кешен

Басылым 4




«КАРАЛДЫ және БЕКІТІЛДІ» Әдістемелік кеңестің отырысында хаттама № _____ «___» ____________2025жДиректордың ОӘЖ орынбасары ______ Каукеев К.К.










1 сабақтың жоспары


Тақырыбы: Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

Пәні: «Ішкі аурулар»

Мамандығы:Емдеу ісі

Курс:3

Семестр:6

Сағат саны:1


Жалпы еңбек сыйымдылығы барлығы сағат/кредит :

Теориялық сабақтар – 36

Теориялықсабақтар – 108










«ҚАРАЛДЫ» және «ҰСЫНЫЛДЫ»

«ЕІ арнайы пәндер» бірлестігі

ЦМК отырысында хаттама № _____

«___» ___________ 2025ж

ЦӘК меңгерушісі: ______ Ақмурзаев А.С.



Алматы қ 2025ж.

Теориялық сабақ

Тақырыбы:Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

Сабақ түрі:аудиториялық

  1. Сабақтыңмақсаты:

Білімділік:

Cтуденттердің интелектуалдық және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру және Жалпы патология,психология негізері және коммуникативті дағдылар,ішкі аурулар пропедевтикасы хирургия,педиатрия пәндерінен білімдерін тереңдету.Қауiпті жағдайлары бар емделушiлердiң мәселелерiнiң дербес шешiмi дәрiгерге дейінгі жедел көмектi iске асыру кезінде диагностикалық сұрақтарын, нәтижелі болжамалы диагноз қоюын, науқастарды тексеруін, баға беруін, әртүрлі инновациялық технологияларды қолдана отырып,командада шұғыл көмек көрсетуді меңгеруге үйрену. Шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда медициналық көмек көрсету бойынша мейіргерлік іс-әрекетінің алгоритмін қолдануды ,мейіргерлікмінез-құлықты және клиникалық ойлауды меңгеру.

Дамытушылық:

Ойлау қабілеттерін,есте сақтау, эмоциялар, байқау, тәуелсіздік, моральдық, психологиялық қабілеттерін дамыту. Мәселенің сұрақтарын қою және тұжырымдау, оларға жауап іздеу, талдау дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік:

Студенттер өздерінің жеке тұлға екенін сезіну,өз денсаулығына және айналасындағылардың денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға дағдылану. Науқастардың кейбір жағдайда өмірлері медицина қызметкерлерінің алдында тұратынын жүректерімен, сана – сезімімен түсінуі. Осыған байланысты жедел және жоғары сапалы көмек көрсету біздің мамандығымыздың жауапкершілігіне жататынын ойларына терең ұялатып, кең көлемде білім алуға бағыттау. Адамгершілік, жанашырлыққа бейімдеп, білім алушылардың оқу барысында ұқыптылық, іскерлік, тиянақтылық, әдептілік қасеттерін қалыптастыру.



2. Сабақтың өзектілігі және себептілігі: Обьективтік тексеру әдістері: қарау, пальпация, перкуссия, аускультация.

3. Сабақты жабдықтау:

1.ОӘК;

2.мультимедиалық құрал;

3.тесттер,

4.ситуациялық есептер;

5.презентация.

Оқыту әдісі: түсіндірмелі-иллюстрациялық сөздік, белсенді, практикалық.

  • Пәнаралық байланыстар:Жалпы патология,психология негізері және коммуникативті дағдылар,ішкі аурулар пропедевтикасы хирургия,педиатрия

Пайдаланылатын материалдар:

  • 1.«Ішкі аурулар», 2 том Б.Қалмурзина – Алматы 2005 ж.

  • 2. «Ішкі аурулар диагностикасының негізгі тәсілдері» Т.Сейсенбеков – Қарағанды, 1999 ж.

  • 3. «Ішкі аурулар пропедевтикасы» К.Мұратбекова, Көкшетау 2006 ж.





Сабақтың ұзақтығы: 50 мин

Сабақтың әдісі: аралас.

Сабақ өту хронологиялық кестесі:

1

Ұйымдастыру кезеңі

5 минут

2

Үй тапсырмасын тексеру

5минут

3

Тақырыптың өзектілігі

10минут

4

Жаңа тақырып өту кезеңі

10минут

5

Білім алушылардың өз бетінше жұмысы

10минут

6

Сабақты қорытындылау

5минут

7

Үйге тапсырма беру

5минут


Тақырыбы: Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

Сабақ барысы

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) – тыныс жолдарының дистальді бөлігінің, өкпе паренхимасының зақымдалуымен жəне эмфизема қалыптасуымен жүретін біріншілік созылмалы қабынбалық ауру; ол қайтымды немесе жартылай қайтымды бронхылық обструкцияның дамуымен байланысты ауа ағымының шектелуімен мінезделеді. Тыныс жолдары өтімділігінің төмендеуі үдемелі мінезде жəне өкпенің шаң немесе түтінге, темекіге, атмосфералық ауаның ластануына қабынбалық жауабымен байланысты.

 

Жіктемесі:
 

Cтадия 0. ӨСОА қауп стадиясы – созылмалы жөтел жəне қақырықтың түсуі; өкпе функциялары қалыпта.

Стадия I. Жеңіл ӨСОА – айқын емес (жеңіл) бронхообструкция (ОФВ1/ЖЕЛ < 70%, но ОФВ1 80 % қалыпты мəннен) жəне бірақ барлық жағдайда созылмалы жөтел, қақырықтың түсуі болмауы мүмкін.

 

Сстадия II. ӨСОА ауыр дəрежесі – бронхообструкцияның үдеуі (50% ОФВ1<80 % қалыпты мəннен) жəне симптомдардың үдеуі, физикалық жүктемеде ентікпе дамиды.
 

Стадия III. Ауыр ӨСОА – бронхообструкцияныі əрі қарай үдеуі (30% ОФВ1<50 % қалыпты мəннен), өмір сапасына əсер ететін, ентікпенің үдеуі жəне жиі асқынулар.
 

Стадия IV. Аса ауыр ӨСОА – ауыр бронхообструкция (ОФВ1<30 % қалыпты мəннен) немесе созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігі.

Қауіп-қатерлі факторлар
Темекі тарту ӨСОА аса маңызды қауіп қатерлі факторлары болып табылады. Əрі қарай жұмыс орнындағы тозаңдар мен химикаттар (тітіркендіргіш заттар, булар, буланулар), органикалық отындардың жануынан бөлмелердегі ауаның ластануы, қоршаған ауаның ластануы, пассивті темекі тарту, ерте бала жастағы тыныс алу жолдарының инфекциялары, генетикалық бейімділік (темекі тартпайтын 40 жастан кішілерде ауруды альфа1-антитрипсин тапшылығымен байланыстырады).

Диагностика критерилері
 

Шағымдар мен анамнез:

- созылмалы жөтел (күн сайын, жиірек күні бойы жалғасады; сирек жағдайда түнде);

- созылмалы қақырық түсу (кез келген созылмалы қақырық түсу ОСОА көрсету мүмкін);

- жіті бронхиттер (көп рет қайталамалы);

- ентікпе (Үдемелі. Тұрақты түрде физикалық жүктеме, тыныс алу жолдарының инфекциясы кезінде);

- қауіп қатерлі факторларға көрсететін анамнез.

 

Физикалық тексеру:

- форсирленген патологиялық ұзарған тыныс алу соңында аускультация кезінде тыныс жолдарының обструкциясымен шартталған құрғақ сырылдарды тыңдауға болады;

- өкпе эмфиземасы бар науқастарда көкірек клеткасы бөшке тəрізді формада болады, аускультация кезінде əлсіздеген тыныс, ал перкуссия кезінде қораптық дыбыс анықталады;

- гипоксемия кезінде цианоз пайда болады.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.
 

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1. Терапевт консультациясы.

2. Қанның жалпы анализі.

3. Зəрдің жалпы анализі.

4. Микрореакция.

5. Қақырықтың жалпы анализі.

6. Флюорография.

7. Сыртқы тыныс алу функцияларын зерттеу.
 

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

1. Қақырық цитологиясы.

2. БК ға қақырықты зерттеу.

3. Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын талдау.

4. Кеуде клеткалары ағзаларының рентгенографиясы.

5. Фибробронхоскопия.

6. Пульмонолог консультациясы.

7. Отоларинголог консультациясы.

8. Қанның газдық құрамы.

Лабораторлық зерттеулер: эритроциттер санының жəне гемоглобин деңгейінің артуына бейімділік, əсіресе тыныс алу жеткіліксіздігі кезінде.

 

ӨСОА диагнозы спирометриямен расталуы қажет:

- ОФВ1 үдемелі төмендеуі;

- өкпенің форсирленген өмірлік көлемі (ФЖЕЛ) - (FVC);

- 1 секундта дем алудың форсирленген көлемі (ОФВ1) - (FEV1);

Қатынастар есептеледі ОФВ1/ФЖЕЛ (FEV1/FVC).

Дифференциалды диагноз

                                                     СОА жəне БД негізгі дифференциалдық-диагностикалық критерилері

Белгілер

СОА

БД

Аллергия

Тəн емес

Тəн

Жөтел

Тұрақты, түрлі тиімдікте

Ұстаматəрізді

Ентікпе

Тұрақты, бірден

айқындықсыз

Эспитраторлық ентікпе

ұстамалары

ОФВ тəуліктік өзгеруі

Қалыптағыдан 10% аз

Қалыптағыдан 15% көп

Бронхиалды обструкция

Қайтымдылық тəн емес,

өкпе функциясының үдемелі

нашарлауы

Қайтымдылық тəн, өкпе

функциясының үдемелі

нашарлауы

Қан эозинофилиясы
жəне қақырық

Тəн емес

Тəн

Емдеу тактикасы: аурудың үдеу қарқынын төмендету басты болып табылады.


Ем мақсаты: бронхиалды обструкцияға жəне тыныс алу жеткіліксіздігіне алып келетін аурудың үдеу қарқынын төмендету.
 

Дəрі-дəрмексіз ем:

Бірінші жəне аса əрекетті əдіс болып темекі тартуды тастау табылады. Темекі зияны туралы кез келген консультациялар, тиімді жəне əр қабылдауда айтылуы қажет. СБ емдеуде бронхтық теректің дренаждық функциясын жақсартуға жəне тыныс алу мускулатурасына бағытталған емдік тыныстық гимнастика маңызды орын алады. Мұнымен қоса физиотерапиялық əдістер мен тыныс алу мускулатурасының массажы белгілі мəнге ие.

 

Дəрі-дəрмектік ем:

Басым жағдайда ингаляция түріндегі бронхилиттік заттар, ӨСОА негізгі симптоматикалық емі болып табылады:

- «қажет жағдайда», уақытша жəне нашарлаған симптомдарды жою үшін, жəне тұрақты түрде – персистирлеуші симптомдарды азайту жəне профилактикасы үшін тағайындалады;

- түрлі топтағы бронхолитиктер арасындағы таңдау жəне олардың комбинациясы қолда бар дəрілік затарға байланысты;

- қысқа əсердегі бронх кеңейткіш препараттармен емдеу, ұзақ əсерлі бронходилятаторлармен емнен гөрі тиімді, бірақ қымбат;

- түрлі маханизмдегі жəне ұзақтықтағы дəрілер комбинациясы бронхтың кеңею дəрежесін арттырады;

- теофиллин ӨСОА кезінде тиімді; бірақ оның потенциалды уытты əсерімен байланысты, қолда бар болса ингаляциялық бронходилататорлар қолданылады.
 

Ингаляциялық кортикостероидтар келесі емделушілер үшін қолданылады - қалыпты мəннен ОФВ1<50% жəне қайталамалы асқынуларда (мысалы, соңғы 3 жылда 3 рет).
 

Ингаляциялық кортикостероидтармен ұзақ уақыт емдеу тиянақты таңдалған топтағы емделушілерде симптомдарды жеңілдетеді, ОФВ1 үдемелі төмендеуін азайтпайды. ӨСОА барлық кезеңдерінде қажет: қауіпті факторларды жою, тұмауға қарсы вакцинамен жыл сайынға егу жəне қажет болса қысқа əсердегі броходилятаторлар. Жеңіл кезеңінде (1 стадия) жəне аурудың клиникалық көріністері болмаған кезде науқас тұрақты дəрілік терапияға зəру.


Интермиттирлеуші симптомдармен науқастарға ингаляциялық бета 2 - агонисттер немесе қысқа əсердегі М-холинолитиктер бірі көрсетілген (сальбутамол - 200-400 мкг, фенотерол - 200-400 мкг), ипротропий бромиді 40 мкг, беродуал (фенотеролдың фиксирленген комбинациясы жəне ипротропий бромиді).
 

2-4 кезеңде бір немесе ұзақ əсердегі бронходилятаторлармен тұрақты ем қосылады (сальметерол-50 мкг немесе формотерол-12 мкг тəулігіне екі рет).
 

3-4 кезеңде ингаляциялық глюкокортикостероидтармен тұрақты ем көрсетілген (беклометазон дипропионат – тəулігіне 600-800 мкг, будесонид – тəулігіне 800-1600 мкг, немесе флутиказон пропионат– тəулігіне 250-1000 мкг). Жүйелік глюкокортикостероидтар тұрақты ем кезінде ұсынылмайды.
 

Муколитиктер (амброксол) тек қана тұтқыр қақырықпен науқастарға тағайындалады.
 

Антибактериалды терапияны антибиотикограмманы ескеріп іріңді қақырық болған кезде тағайындайды. Жаңа генерациядағы макролид препараттарына көңіл бөлінеді (спирамицин), амоксициллин+клавулан қышқылы (амоксиклав), муколитиктермен қоса клиндамицин (спирамицин 3 000 000 БІР х 2 рет, 5-7 күн, амоксиклав 625 мг х 2 рет, 7 күн, кларитромицин 250 мг х 2 рет, 5-7 күн, цефтриаксон 1,0 х 1-2 рет, 5 күн, метронидазол 100 мл в/і тамшылап).

Бактериологиялық зерттеудің нəтижесі бойынша, клиникалық тиімділік жəне шығарылған микрофлораға байланысты емге түзетулер енгізіледі (цефалоспориндер, фторхинолондар жəне басқалар).
 

СБ емдеуде бронхтық теректің дренаждық функциясын жақсартуға жəне тыныс алу мускулатурасына бағытталған емдік тыныстық гимнастика маңызды орын алады. Мұнымен қоса физиотерапиялық əдістер мен тыныс алу мускулатурасының массажы белгілі мəнге ие.

 

Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:

1. *Бекламетазон аэрозоль 200 доза.

2. *Ипратропия бромид аэрозоль 100 доза.

3. *Сальбутамол аэрозоль 100 мкг/доза; таблетка 2 мг, 4 мг; небулайзер үшін ерітінді 20 мл.

4. *Теофиллин таблетка 200 мг, 300 мг таблетка ретард 350 мг.

5. *Фенотерол аэрозоль 200 доза.

6. *Ипратропий бромиді 21 мкг+фенотерол гидробромиді 50 мкг.

7. *Амброксол таблетка 30 мг; сироп 30 мг/5 мл.

8. *Амоксициллин+клавулан қышқылы 625 мг.

9. *Азитромицин 500 мг.

10. *Метронидазол 100 мл, флакон.
 

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:

1. *Аминофиллин инъекция үшін ерітінді 2,4% 5 мл ампулада, 10 мл.

2. *Салметерол ингаляция үшін аэрозоль 25 мкг/доза.

3. *Флютиказон аэрозоль 120 доз.

4. *Кларитромицин 500 мг, табл.

5. *Спирамицин 3 млн. ЕД, табл.
 

Ем тиімділігінің индикаторлары: бронхылы обструкция жəне тыныс жеткіліксіздігіне алып келетін аурудың үдеу темпін төмендету.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Госпитализациялдауға көрсетімдер:

1. 3 күннен артық субфебрильді дене қызуы.

2. Бастапқы ОФВ1, ЖЕЛ, ФЖЕЛ, Тифнодан ФВД көрсеткіштерінің 10% төмендеуі.

3. Тыныс алу жеткіліксіздігінің үдеуі мен жүрек жеткіліксіздігінің белгілері.

Біріншілік профилактика: темекіден бас тарту.

Профилактикалық шаралар: рецидивке қарсы ем.


Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: терапевтте диспансерлік бақылауда болу.


I. Ұйымдастыру кезеңі.

А) оқытушының сәлемі, студенттердің сабаққа деген психологиялық көзқарасы.

Б) сабаққа қатысуды тексеру, журнал бойынша қатыспағандарды белгілеу.

B) студенттердің сыртқы келбетіне, аудиторияның сабаққа дайындығына назар аударады.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқытушы слайдтарда аурулар кестесін пайдалана отырып, фронтальды сауалнама және тест пен билет бойынша жазбаша сауалнама жүргізеді

III.Тақырыптың өзектілігі






IV. Жаңа тақырып өту кезеңі. Мультимедиялық дәріс.

https://ppt-online.org/448109

https://kazmedic.org/archives/1269

https://stan.kz/gastrit-degenimiz-ne-zhane-oni-kalay-emdeydi-345934/


V. Білім алушылардың өз бетінше жұмысы.

Сабақ бойынша рефлексия

«Өзіме хат». Хат жазу дағдысын дамытуға септігін тигізіп, оқушының өзіндік талдау жасауына ықпал етеді. Сабақта не өткені туралы өз-өзіне хат жазу тапсырылады, оқушы жазбаша түрде талдау жасайды.


VI. Сабақтықорытындылау.

Сабақты қорытындылау кезінде оқытушы сабақ барысында топтың қызметін бағалайды, көзге түскен студенттерді атап өтеді, үздік жауаптарға түсініктеме береді, сабақты қорытындылайды.

Сабақ соңында мұғалім үй тапсырмасын береді.

VII. Үй тапсырмасы:Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

Әдебиет: Қалимұрзина, Б.- Ішкі аурулар 1 том



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.04.2025
179
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі