400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

өлең

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы







№

ФИО

Сыныбы

Мектебі

Байқау аты

Жетекшісі

Жетекшісінің телефоны, эл. почтасы

1

Тұрарбек Мерей

6 «А»

Ақшұқыр мектеп-лицейі

«Тәуелсіз елім-тірегім» (өлеңдер)

Байекеева Рысгул Биргалиевна

Ris7979@mail.ru







ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ – ТІРЕГІМ



Тәуелсіз елім – тірегім,

Мақтаныш етіп жүремін.

Асылдар туған елімнен,

Елімнің ұстар тірегін.



Тәуелсіз – елім тірегім,

Таусылмайды жігерім.

Қуанышты күнім көп,

Қартаймас менің реңім



Тәуелсіз – елім тірегім,

Мәңгілік өмір сүремін.

Тарихты айтсам, егер де,

Шырқап салар жыр едің...



Тәуелсіз елім – тірегім,

Соғып тұрған жүрегім.

Тыныш болса, заманым,

Осы менің тілегім.

Тұрарбек Мерей

6 «А»-сынып оқушысы

Ақшұқыр мектеп-лицейі



ТӘУЕЛСІЗДІГІМ-ТҰҒЫРЫМ

Тәуелсіздігім-тұғырым,

Алашым менің, асылым,

Ұзақ болсын ғұмырың.

Тәуелсіздігім-тұраным,

Желбіресін көк туың,

Шырқалсын әнұраның!

Тәуелсіздігім-тұрағым,

Асқақтай берсін, Астанам!

Әуелей берсін, жыр-әнің!

Тәуелсіздігім-байлығым,

Ұрпақтарың көбейіп,

Көрмесін тек қайғы-мұң.

Тәуелсіздігім-асылым

Аман болсын ерлерім,

Жылатпасыншы ғашығын.

Тәуелсіздігім-кеңдігім.

Бірлікте, бейбітшілікте,

Сақтасын жұртым елдігін.

Тәуелсіздігім-ауылым,

Қасиетті кең далам,

Ата-бабам, қауымым.

Тәуелсіздігім-алғаным,

Бергені бізге Алланың,

Аман сақтасын қалғанын.

Тәуелсіздігім-ақ таңым,

Жарқырайды аспаным

Көріп тұрмыз ғой, мінекей,

Азаттық күні атқанын.



Тәуелсіздігім-ұраным!

Қазағымның тәуелсіздік ұраны,

Мақтаныш боп жүрегімде тұрады.

Ұзақ болсын қазағымның ғұмыры,

Тыныш болсын тұрып жатқан тұрағы!



Қазағымның тәуелсіздік ұраны,

Шырқалады мәңгілікке жыр, әні.

Ел іргесін ерлеріміз нық ұстап,

Елін қорғар, жерін қорғар қырағы.



Қазағымның тәуелсіздік ұраны,

Тарихымда тұнып жатыр сыр әлі.

Ізденімпаз ұрпақтарым көбейіп,

Бақытына қол жеткізген ұланы.



Қазағымның тәуелсіздік ұраны,

Қалықтайды көк туында қыраны,

Жақсылыққа жетелейді біздерді,

Президентім жақсы істерді қылады.

Тұрарбек Мерей

Ақшұқыр мектеп-лицейінің

6 «А»-сынып оқушысы




«МЕНІҢ ЕЛІМ - МӘҢГІЛІК ЕЛ»


Елім менің, биік тұр, асқар әлі,

Мақтанышпен айтамын Астананы.

Достық, бірлік, ынтымақ әуендері,

Шырқалады әлемге асқақ әні.


Елім менің, «Бәйтерекпен» мақтанады,

«Хан Шатырды» айтады, шаттанады,

Есілдің жағасында-биік үйлер,

Шабытымды шақырып, ақтарады.


Елім менің, төл теңгесін айқындады,

Рәміздерім елдігімді айбындады.

Тәңірім қуат болып әрқашанда,

Берекем мен байлығымнан айырмады.


Елім менің, аса бер, елене бер,

Елбасым, алғыстарға бөлене бер,

Теңеліп мықты елдермен терезелер,

Керелер, керегелер кеңейе бер!


Елім менің, кең байтақ өрістерің,

Табиғатың сан алуан келісті еді,

Ағаштарың өсіп тұр, егістерің,

Мәуелеген пісіп тұр жемістерің.


Елім менің, «Болашаққа» сенімім бар,

Ұстазым бар, білімді серігім бар,

Ұрпақтар ізденімпаз алып жатыр,

Шет елдердің беретін білімін бар.


Елім менің, ғарышқа да ұшып жатыр,

Бағындырып жұлдыздарды құшып жатыр,

Ғалымдардың зерттеулері дәлелденіп,

Жаңалығын баршаға қосып жатыр.


Елім менің - керемет, мәңгілік ел,

Естіледі жырларым жаңғырып жер.

Елімде бейбітшілік заман болсын!

Елім, жұртым, әрқашан аман болсын!

Тұрарбек Мерей

Ақшұқыр мектеп-лицейінің

6«А»-сынып оқушысы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
618
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі