400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

өлең "Менің ағам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағасы бар адамдарға арнау ретінде қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің ағам



Үлгі тұтар ағам менің сырласым,

Қиын кезде досым және мұңдасым.

Ішкі сырды бөлісетін қашанда,

Ағам менің адал,нағыз жолдасым.



Ағасы бар адамдар шаттанады,

Ағасымен қашанда мақтанады.

Ізін басар інісі барлығына,

Ағамыз да қуанып, мастанады.



«Жақсы аға, алғыр іні» сөз мақалы,

Қазағым түсінеді сөз мақамды.

Аға сыйлар ұрпағымыз көп болғай,

Таң қалдырар ісіменен жер-жаһанды.



Жақсы аға - орман, жақсы – іні қорған,

Сол орманға бақыт құсы келіп қонған.

Отбасымда біздің бақыт – ағамыз,

Бәрімізге тірек, көмек, пана болған.

Менің ағам мақтанышым, бақытым,

Адал дос пен бойымдағы жақұтым.

Ұзақ өмір, зор денсаулық тілерім,

Шарықтай бер көк аспанда ақ құсым!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
964
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі