Тәуелсіз
Қазақстан.
Отыз жыл болды міне бізде
азаттық,
Бөтен елдің боданынан
босадық.
Ақтап алып, ата-баба
үмітін,
Қолда қазір көк ту менен
бостандық.
Желтоқсанның қанды, суық
күндері,
Қалың әскер қазағымды
қорлады.
Азаттықты талап еткен
жастарды,
Қарып түсті-ау желтоқсанның
ызғары.
Шашынан сүйреп
аруды,
Қазақ қызын
қорлады.
Кінәсіз жастар
сотталып,
Болашаққа балта
шабылды.
Өмірден күдер
үзіліп,
Тағдырға сенім
қалмады.
Шырылдаған ата-ана баласын
іздеп зарлады,
Тәуелсіздік жолында жанын
қиған жастарым.
Сәбира, Ләззат,
Қайраттар
Жанымызда
жаңғырып,
Жүректе мәңгі
қалады.