«ӨЛЕҢ
ӨРНЕГІ» АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘЖІРИБЕСІ
Есбергенова
Мереке Оңдашқызы,
қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі,
Маңғыстау
облысы Түпқараған ауданы
Сайын
Шапағатов атындағы жалпы білім беретін
мектеп КММ
Қазақ
әдебиеті – ұлттың рухани қазынасы.
Әдебиет пәнін оқытуда басты мақсат –
оқушыны көркем мәтінді түсінуге, оны
жүрекпен қабылдауға және сөз өнерін
сезінуге баулу. Қазіргі заман талабына
сай тұлға тәрбиелеу үшін дәстүрлі оқыту
әдістерімен қатар шығармашылыққа
жетелейтін жаңа формалар қажет. Осы
тұрғыдан алғанда, «Өлең өрнегі» авторлық
бағдарламасы оқушылардың әдебиетке
деген сүйіспеншілігін оятып, олардың
көркемсөз оқу мәдениетін қалыптастыруды
көздейді.
Бағдарлама идеясы – өлеңнің
көркемдік қуатын, ырғақ пен эмоция
үйлесімін сезіне отырып, оқушының рухани
әлемін байыту. Бұл бағдарлама менің
педагогикалық тәжірибем мен поэзияға
деген жеке қызығушылығымның нәтижесінде
дүниеге келді.
Бағдарламаның
өзектілігі
Қазіргі
қоғамда сөз мәдениеті мен сөйлеу
мәдениетінің төмендеуі байқалады. Сол
себепті мектеп қабырғасында әдебиет
пәнін оқыту тек мәтінді талдаумен
шектелмей, оның эстетикалық әсерін,
көркемдік қуатын сезінуге бағытталуы
тиіс. «Өлең өрнегі» бағдарламасы осы
бағытта жүйелі жұмыс жүргізудің тиімді
жолдарын ұсынады.
Бағдарлама 5–11
сынып оқушыларына арналған элективті
курс ретінде бекітіліп, педагогикалық
кеңес шешімімен қолдау тапты. Ол
оқушылардың шығармашылық, көркемдік
және коммуникативтік қабілеттерін
дамытуға бағытталған.
Мақсаты
мен міндеттері
Бағдарламаның
басты мақсаты – оқушылардың көркемсөз
оқу мәдениетін қалыптастыру, әдеби
шығармаларға деген қызығушылығын
арттыру және мәнерлеп оқудың қыр-сырын
үйрету.
Міндеттері:
Өлеңді
мәнерлеп оқу арқылы оқушылардың тіл
байлығын дамыту;
Дауыс
ырғағын, тембрін, интонациясын меңгерту;
Сахна
мәдениеті мен сөйлеу техникасын
жетілдіру;
Поэзия
арқылы эстетикалық тәрбие беру;
Шығармашылық
ойлау мен сөз шеберлігін дамыту;
Көркем
мәтінді талдау арқылы ұлттық құндылықтарды
сезіндіру.
Үйірме
мазмұны мен әдістемелік ерекшелігі
«Өлең
өрнегі» бағдарламасы оқушылардың
қабілетіне қарай дараланып оқытуды
көздейді. Сабақтар барысында практикалық,
шығармашылық және сахналық жұмыстар
үйлестіріледі. Оқушылардың өзіндік
ізденісін дамыту үшін түрлі әдіс-тәсілдер
қолданылады: «Көркемдік сезіну», «Авторды
түсіну», «Эмоциялық оқу», «Жанды поэзия»
сияқты тренингтер ұйымдастырылады.
Мәнерлеп
оқу кезінде дыбыстау мәдениеті,
артикуляция, дикция және тыныс алу
жаттығулары жүйелі түрде орындалады.
Сонымен қатар сахна мәдениеті мен дене
қимылын басқаруға арналған тапсырмалар
енгізілген. Әр сабақта оқушылар шығарманы
талдап, автор ойын тыңдаушыға жеткізудің
тәсілдерін тәжірибе жүзінде үйренеді.
Бағдарлама
мазмұны төрт негізгі бағыт бойынша
құрылған:
1) Көркемсөз оқу мәдениеті;
2)
Сөйлеу техникасы және дикция;
3)
Сахналық мәдениет және тыңдаушымен
байланыс;
4) Шығармашылық жұмыс – өз
туындысын жазу немесе поэзиялық
импровизация.
Сабақ
үлгісі
Мысалы,
«Өлең мен сезім үндестігі» атты сабақта
оқушылар белгілі бір ақынның өлеңін
оқып қана қоймай, оның астарындағы
сезімді, ойды және ырғақты талдайды.
Топтық жұмыс кезінде әр оқушы өз оқуының
ерекшелігін көрсетіп, тыңдаушылардан
кері байланыс алады. Осылайша, оқушылар
поэзияны тек оқушы емес, орындаушы
тұрғысынан сезінуді үйренеді.
Нәтижелер
мен тәжірибелік маңызы
Бағдарлама
іске асқан уақыт ішінде оқушылардың
әдебиетке деген қызығушылығы артты.
Көптеген қатысушылар аудандық, облыстық
және республикалық көркемсөз оқу
байқауларына қатысып, жүлделі орындарға
ие болды. Мектепте «Өлең өрнегі»
радиотолқыны ашылып, оқушылар өз
дауыстарымен өлеңдерді оқып, эфир арқылы
көпшілікке жеткізуде.
Бұл тәжірибе
оқушылардың сөйлеу мәдениетін
қалыптастырып, еркін сөйлеуге, тыңдаушы
алдында сенімді болуға үйретті. Сонымен
қатар, бағдарлама жас ақындардың
шығармашылық қабілетін ашуға жол ашпақ
– болашақта оқушылар өз өлеңдерін
жазып, мектептік және аудандық жинақтарға
жариялайды
Қорытынды
және ұсыныстар
«Өлең
өрнегі» авторлық бағдарламасы –
оқушылардың рухани және эстетикалық
дамуына ықпал ететін, шығармашылық
қабілетін ашуға бағытталған тиімді
педагогикалық жоба. Ол мұғалімнің кәсіби
шеберлігін арттырып қана қоймай, білім
беру үдерісіне жаңаша серпін береді.
Бағдарлама нәтижесінде оқушылардың
сөзге деген құрметі артып, ұлттық
әдебиетті тануға қызығушылығы нығая
түсті.
Болашақта бағдарлама аясында
көркемсөз оқу фестивалі мен «Жанды
поэзия» атты мектепішілік конкурс
өткізу жоспарланып отыр. Сонымен бірге
бұл бағдарлама әдістемелік құрал ретінде
өзге мектептерде де қолдануға лайық.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1.
Ахмет Байтұрсынұлы. Әдебиет танытқыш.
– Алматы: Ана тілі, 1991.
2.
Зейнолла Қабдолов. Сөз өнері. – Алматы:
Санат, 2002.
3.
Тұрсынбек Кәкішев. Қазақ әдебиеті
сынының тарихы. – Алматы: Білім, 1994.
4.
М. Әуезов. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана
тілі, 1991.
5.
С. Қирабаев. Әдебиет және дәуір. – Алматы:
Білім, 1999.
6.
Ә. Тәжібаев. Өмір және поэзия. – Алматы,
1981.
7.
Р. Нұрғалиев. Көркем сөздің құдіреті. –
Алматы: Жазушы, 1992.
8.
Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі.
– Алматы: Рауан, 1997.
9.
“Мәнерлеп оқу” үйірмесіне арналған
бағдарлама. – Облыстық әдістемелік
орталықтар жинақтарынан.
10.
adebiportal.kz
– Қазақ әдебиеті порталы.