Ұлтымның рухты
ерлері.
Қазақ қазақ
болғалы
Талай мәрте
сорлады
Басынан қайғы
арылмай
Қасірет бұлты
торлады.
Анталаған
жаулары
Намысты таптап
қорлады
Сондада халқым
жасымай
Рухын сақтап
қорғады
Туып өскен елі
үшін
Атамекен жері
үшін
Қан майданда
Алашты
Тәңірім өзі
қолдады.
Сын сағаттар
туғанда
Ат үстінде күн
кешкен
Елімнің талай
ерлері
Өтті өмірден
дүркіреп
Елі үшін түсті
майданға
Жай оғындай
атылып
Намысын жауға
бермеді.
Басын қосып үш
жүздің
Бірлікке жұртын
шақырған
Ер Абылай
айбынды
Арыстандай
ақырған.
Жауына тиіп
жасындай
Қалмақтың қанын
сапырған.
Соңына ерген
ерлері
Қаракерей
Қабанбай
Қанжығалы
Бөгенбай
Шапырашты
Наурызбай
Уақтан шыққан ер
Баян
Батырлығы елге
аян
Абылайға қосшы
боп
Алаш атты елі
үшін
Ұлтарақтай жері
үшін
Соғыспен күнін
атырған
Соғыспен таңын
атырған.
Ұлан байтақ
даланы
Қорғап өткен ер
еді
Есімі ұрпақ
есінде
Сақталып мәңгі
келеді
Тайсалып жаудан
таймаған
Бес қаруын
сайлаған
Ата дұшпан
бастарын
Қанжығаға
байлаған
Жауды көрсе
түнеріп
Зығырданы
қайнаған
Қарсы келген
дұшпанын
Қарт бурадай
шайнаған.
Еңселі ер
Махамбет
Арыстан шыққан ер
еді
Ұрпағы оны
мәңгілік
Қастерлеумен
келеді.
Теңдігі үшін
елінің
Айқайлап ұран
шақырған
Ер басына күн
туып
Етікпен су
кешкенде
Азаттықтың ақ
туын
Тік ұстаған
жықпаған.
Кешегі өткен хан
Кене
Жаудан қорқып
бұқпаған
Көрсе де талай
азапты
Кешсе де қорлық
мазақты
Күресті еркін етем
деп
Туған халқы
қазақты
Сын сағаттар
болғанда
Қасына әскер
жинаған
Аласапыран
айқаста
Арманда кеткен қайран
ер
Кешегі хан
Кененің
Мәртебесін
көтеріп
Халқы бүгін
сыйлаған.
Абылайдың ақ
жолын
Мұрат етіп
жалғаған
Азаттық пен
теңдікті
Мақсаты етіп
таңдаған
Нұрсұлтандай ер
ағам.
Бойдағы күш
жігерін
Туған елге
арнаған
Қайраты мен
ақылмен
Қиялдарға
самғаған
Жігері жасып
талмаған
Болашаққа жол
бастап
Ел үмітін
жалғаған
Әлемге елін
танытып
Дара туған
баршадан
Татулық пен
бірлікті
Ту етіп көкке
көтерген.
Өзінің ерлік
ісімен
Қызықтырған
әлемді
Көркейткен Отан
даласын
Ақылың асқақ
данасың.
Бөлеген мейірім
шуаққа
Барша адамзат
баласын
Алашымның
бағына
Артық туған Нұр
аға
Сен аман бол
әрқашан
Туған елге
панасың
Сені көкке
көтерер
Ардақтап халқың
Алашың
Ерлерім бар
осындай
Еңселі сайдың
тасындай
Қиын қыстау
күндерде
Жол тапқан саспай
тосылмай
Көк байрағым
аспанда
Желбірейді
мәңгілік
Бейбіт дархан
даламда
Атар әрбір таң
күліп
Ел қорғаған
ерлермен
Даналардың
есімін
Ұрпақтары
қастерлеп
Шырқауда бүгін
ән-қылып.
Ақмола
облысы
Аршалы
ауданы
Сарыоба орта
мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің
мұғалімі Жұмай
Ауғанбайұлы.