жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өлеңдер жинағы
Жолдас Фаризаның өлеңдер жинағы
Қазақтың қызғалдағы
Сарқылмаған бойынан ар ибасы,
Ақиқат еді ұстанған қағидасы.
Аспаннан жарық жұлдыз ағып түсті,
Өтті өмірден қазақтың Фаризасы…
Ескі көздің бірі еді көрген көпті,
Өлеңімен өмірді өрген епті.
Өкіндіріп өзінің туған елін,
Кешегі Мұқаң ата жолымен кетті.
Жаңа ғасыр,жыр ғасыр-мына ғасыр
Қонақтар әлі өмір санаға сыр.
Кетсе дағы ақының бақилық боп,
Артында қалды жыры ұлан асыр.
Ақын жыры асады-ау құздан әрі,
Кеміте айтар көре алмай қызғанғаны.
Қиылды тамырынан мәңгілікке,
Қазақтың құмда өскен қызғалдағы!
Махамбет Өтемісұлына арнау
Болмысы ерекше бір жаратылған,
Табылар поэзия қанатынан,
Әрі батыр,әрі күйші,әрі ақын,
Махамбет-алып жүрек,дара тұлға.
Тайсалмай жеңе білген бар азапты,
Кеудесінде ұраны бар:«тек азаттық!»
Махамбет-семсер жүрек,ұлы тұлға,
Батыры есте қалған әр қазақтың.
Жырлаған ел азабын,ел мұратын,
Жырларында жалын тұрар тек сұрапыл.
Әдебиетте көрнекті із қалдырған,
Туар мекен Махамбеттей ірі ақын!
Бірдей сілтеп найзаменен қаламды,
Халқы үшін ерлік еткен табанды.
Мәңгі қалған ұрпағының есінде,
Қайтпас қайсар таң қалдырған даламды.
Алып жырың тұлғасындай батырдың,
Онда мұқият,асқақ арман жатыр мұң.
Қол бұлғайды поэзия еліне,
Жан тербетер өлең жыры ақынның.
Өлеңдері мекен еткен мыңдарды,
Сен кетсеңде,мәңгілікке жыр қалды.
Кей жырыңнан нұрлы әлемге шомылсам,
Кейде арманшыл көңілімді мұң шалды.
Кетсеңдағы құрығында ажалдың,
Талай жандар саған арнау жазарлық
Мақтанамын бар жұртқа қазақта
Болғанына дәл өзіңдей атамның!
Қазағым
Керей мен Жəнібегім батырларым,
Абай атам данышпан,ақылманым,
Абылай хан баһадүр, батыр бабам,
Қазаққа емес, əлемге аты мəлім.
Бауыржан өр мінезді адал əрі,
Оны халық батыр деп бағалады,
Тегі асыл ең жүйрік қызыл жебе,
Тұрар батыр қазақтың дара бағы.
Алашорда айбыным, жанашырым,
Баға жетпес байлығым,бар асылым,
Сіздерге тартып туған ұрпақтарың,
Жолын жалғап келеді бабасының.
Нұрсұлтан-тұңғыш патшам, дара тұлғам,
Нұр сепкен алтын қыран қанатынан,
Бодандықта қанша жыл өмір сүріп,
Тəуелсіз боп қайтадан жаратылған.
Бойда жігер,қуатың барында,
Өрге қара,қиындыққа алынба!
Елді қорғап қалған батыр бабаңның,
Тасып тұрған қуаты бар қанында.
Ұясына батқан күнде қызарып,
Арайланып атқан əппақ таңыңда,
Тəңірімнің тартқан сыйы,сондықтан,
Алға,лаула, талма, мәңгі жалында!
Мен Қазақстандықпын!
Барлық есік ашық деймін,
Өз елімде мен үшін.
Ата-бабам қорғап қалған,
Ұрпақтары, елі үшін.
Тəуелсіздік төрімізде,
Желбірейді туымыз.
Қазақпын деп мақтанады,
Қызымыз бен ұлымыз.
Еңсемізді тік ұстап,
Мақтанатын кез келді.
Қазақстан таң қалдырды,
Туысқан, дос, өзге елді.
Елу елдің қатарына,
Жетеміз деп сенемін.
Жастар адал Отанына,
Көркейтетін өз елін.
Туған жерім-Қазақстан!
Өскен елім- Қазақстан!
Əн жырым да- Қазақстан!
Байлығым да- Қазақстан!
Елімнің бекзаттары
Қазақтың аз емес қой қасқалары,
Олар жайлы жазылар дастан əлі.
Ұлыларды ешқашан ұмытпайық,
Ұлылық, Ұлылардан басталады.
Абайдың қара сөзі əрқашан да,
Қадамыңды оң жолға бастар əлі.
Көк аспанды айналдырып шарықтауда,
Қалдаяқов Шәмшісінің асқақ əні.
Бекзат десе Қазақтың жанарынан,
Еріксіз ағыл-тегіл жас тамады.
Қажымұқан атамыз біздер үшін,
Тұлғасы таудан биік асқаралы.
Əбу-насыр атамыз білім іздеп,
Ешбір тыным таппады қос табаны.
Мұқағали жырларын сұлу дерсің,
Қазақ үшін қашанда, рас, бағалы.
Осындай тұлғалардың арқасында,
Елімнің берік болсын тас қамалы!
"Өзі өлсе де сөздері өлмейтінін,
Əттең түсіне алмай жүр жастары əлі!
Желтоқсан ызғары
Ілесіп жетегінде жалған ардың,
Осылай тізбегімен жалғанар күн.
Кешегі Желтоқсанда құрбан болған,
Боздақтарды шынымен бағалар кім?
Еңсемді биіктеткен өзгелерден,
Тәуелсіздік қастерлі дара бағым.
Бостандықты аңсаумен, армандаумен,
Қаншама қаза болды бабаларым.
Бүгінде төрде отырған ағалар бар,
Өлшеп қойған әуелден шамаларын.
«Желтоқсанға» өтірік қатысқан боп,
Көтерер әлсін-әлсін жағаларын.
«Ербол, Ләззат, Сәбира, Қайраттарым»,
Елдің жүгін көтерген қара нарым.
Тәуелсіздік жолында құрбан болып,
Байлады шүберекке адал арын.
«Қырандар білген жоқ қой өздері өлсе,
Орнында самғайтыны қарғалардың».
Майдангерлер
Бұл дала қасіретке тұнып тұрған,
Санасы бар адам ғасыр ұқтырған.
Кешегі қан майданда ерлеріміз,
Ел үшін кетпеппе еді болып құрбан.
«Болат» сынды ер жүрек азаматтар,
Қатарына солдаттардың толықтырған.
«Салтанаттай» аяулы аруына,
Отанын сүйетінін шын ұқтырған.
Қаршама ерлеріміз бақи болды,
Есімдері бұл күнде ұмыт болған.
Мен оларды өлдіге санамаймын,
Кетсе де жастайынан болып құрбан.
Өйткені батырлардың жүрегі бар,
Жер астында «Отан» деп соғып тұрған!
Туған жер
Туған жер тұғырың биік.
Тым сұлу, тұрпаттысың!
Еш жермен теңей алмай,
Аңсап сені жырға қостым.
Жайқалған шалшын, көк жайлауың,
Аяқ басса, шыға алмайтын шың тауларың.
Мен жұтқан құшыларланып ауаң қандай?!
Мөп-мөлдір тереңнен түбі көрінген суларың.
Еске алып туған жерді,өскен елді,
Қара балақ доспенен серуендерді.
Балықтай шоршып, сан мәрте суға түскен,
Сыртындағы ауылдың көп көлдері.
Күз
Алтын түстес жапырағы,
Көңілім толқындайтын шарқ ұрады.
Қоңыр күздің қоп-қоңыр кеші міне,
Туған күнімді тойлауға шақырады.
Күз.Жапырақтай сарғаяда,
Самғайды көңілімнің шалқай əні.
Көктем өтті,жаз өтті,күзде келді,
Өзгерген жоқ мендегі хəл баяғы.
Күз.Құлазиды бақтар мынау,
Жапырақтар табанға тапталдың-ау,
Жырымды айтамын деп байқамастан,
Мерекемді ішімнен ақтардым-ау.
Күз.Алтын түстес жапырағы,
Көңілім толқын болып шарқ ұрады.
Күздің желі бір сәтте де дамыл таппай,
Тау желкесін кеміріп алқынады.
Сол таудың басындағы аппақ арман,
Мені өзіне үнемі шақырады.
Өмірімнің мәні
Өлең жаздым бүгінде, кешеде де,
«Біреу өлең жазасың , десе неге?»
Жауабы: дертім өлең, сертім өлең,
Тағдыр солай жазыпты пешенеме.
Тағдыр өлең жазыпты маңдайыма,
Содан шығар берілем сәл уайымға.
Жұбатқандай болады сосын бәрі,
«Жараспайтын қылық деп асыл қызға».
Тағдыр өлең жазыпты маңдайға бұл,
Ақындықтың салмағы қандай ауыр.
Мәз боламын мен жазған жырым жайлы-
Ести қалсам жыл сөз қандай да бір.
Өлең жаздым бүгінде, кешеде де,
Өлең деген жабысты кесел неге?
Ұлылардың жалғайын Ұлы жолын,
Өлең жазса тағдырым пешенеме!
Достық
Достықпенен бірлігіміз жарасқан,
Әркез біздің төбемізде көк аспан.
Қуғын - сүргін өмірді біз көрмейміз,
Жері үшін бауырларымен таласқан.
Ынтымақ өмірде біз күн кешеміз!
Жасымыздан түрлі ұлтпен біз тілдесеміз.
Тату - тәтті күндерді арман етіп,
Достығымыз нығаярын біз білеміз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген