400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Өлеңім өміріммен егіз бе едің?!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби кеш
Материалдың қысқаша нұсқасы



  1. ( сахна сыртынан оқиды) (слайд Мұқағали туралы)

Ақын ше....

Ақын келмеді, бос күтті төрде бір орын....

Сөз алып залда сөйледі,

Күмбірлеп төрден жыры оның.

(Музыка кетеді)

Өлсе де өлмейтіндей із қалдырған,

Сусындар талай ұрпақ жырларынан.

Өлеңіне өмірін өріп өткен,

Мұқағали өлмейді мәңгі тірі. Мұқағали Мақатаевтың 84 (сексен төрт жылдығына арналған «Өлеңім өміріммен егіз бе едің?!» атты мерекелік шараны ашық деп жариялаймыз.

2. «Бүгін менің туған күнім»

1– жүргізуші:

Қазақ поэзия әлеміне шетсіз – шексіз кеңістік пен көз сүрінген биіктен әкелген ақын. Кәусәр сезіммен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын.

2-жүргізуші:

Ендеше, бүгінгі поэзия кешіміз атымен танылып тұрғандай, Хан тәңірінң мұзбалағы атанып, өлең өлкесінде шашасына шаң жұқтырмаған дарын иесі, ақын Мұқағали Мақатаевтың поэзия кешіне қош келдіңіздер.


3.«Қарасаздың суреті. (өлең сыртында оқылады)

- Ән: «Үш меркі»-----------------------

* соғыс туралы видео кетеді.

  • Соғыс! Соғыс басталды!

  • Анасының бата беруі.

  • Әкесінің қоштасуы. (көрініс)

«Әке аманаты» өлең оқиды -------------------------

* соғыс туралы видео жіберу

  • «Анашым» -----------------------------

  • Ән : «Асыл әже» ---------------------------

4. (сырттан оқылады) (вставка керек)

«Поэзия!

Меніменен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе,

Неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім» - жырлаған Мұқағали ақын шыңдығында да поэзиямен егіз дүниеге келген сияқты.

Поэзия – адам жанын тебіренткен, айтылмай, бейнеленбей тыңдайтын өктем рухтың бейнесі. Ақынның өзге жұрттан артықшылығы бүкіл болмыс пен табиғатпен табысып, кез келген кісі әсерлене бермейтін құбылысқа тебіренетіні, кез келген кісі әсерлене бермейтін нәрседен әсерленетіні. Ендігі кезекте поэзия әлеміне саяхат жасасақ.

5. Вставка (поэзияға шолу)

Оқушылар өлең оқиды

  • Нені аңсаймын? - Асылназ, Аяжан

  • Мельник Анастасия

  • Логина

6. Аққуды қазақ ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады. Киелі құс төресін Мұқағалида көп жырға қосқан.

- «Аққу» биі ---------------------------------------------

7. Ия, махаббат әлемін Мұқағалидай жырлаған ақын кемде кем шығар. Ол нағыз махаббатты армандады. Ол махаббатқа бас иді.

Махаббат диалогі: ------------------------------------------------------------------

8. « Бақыт» әні -----------------------------------------------------------------------

9. Мақатаев айдын көлді шөлдеткен, асқар таудың тағдырымен тайталасқан жеңімпаз атанды. Ол шынымен жеңімпаз. Тырмыштап жазған әр өлеңі, тілі былдыр тартқан әр бөбектің қолында қазір. Мұқағали өміршең,оны елі ұмытқан емес,дәйім есіне алады.

Ақын атамызға арнау -------------------------------------------------------

Ақынға тағзым ----------------------------------------------------------------

Сарыжайлау әні :---------------------------------------------------------------

10. Аулақ,аулақ менің жанымнан

Қара уайым қара, шәлі жамылған,

Жазбын әлі гүлім жаңа жарылған

Бұлбұлымды ұшырғам жоқ бағымнан – деп жырлаған ақын. Жанын жаралаған, дерттен айықтыратын емді жырдан іздеген.

«Жоқ, дәрігер» өлең оқылады ------------------------------------------------------

Вставка жасау.- Пай-пай дүние -----------------------------------------------------

11 . жүргізуші

Жылдар өтер...... әлі не бір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлең құдіретін аспанға көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер.


-Ия. Өлең өлмейді. Ендеше өлеңді жазған ақында өлмейді Мұқағали Мақатаев көз жұмған жоқ!


12. «Есіңе мені алғайсың» әні ------------------------------------------------


Келесі сөз кезегін қадірлі қонақтарға беріледі.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.02.2019
548
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі